Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 23:12, реферат
Экология – биология ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып дамыған. Экологиялық зерттеулер өткен ғасырда Чарльз Дарвин еңбектерінде сипат алғанымен, «Экология» терминін ғылымға алғаш енгізген Э.Геккель (1866). Экология термині гректің ойкос- үй, тұрақ, мекен және логос- ғылым деген сөзінен шығған, тұрақ, мекен туралы ғылым – деген мағынаны білдіреді. Яғни, тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын, байланысын, айнала қоршаған ортасымен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін ғылым.
Экология – биология ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып дамыған. Экологиялық зерттеулер өткен ғасырда Чарльз Дарвин еңбектерінде сипат алғанымен, «Экология» терминін ғылымға алғаш енгізген Э.Геккель (1866). Экология термині гректің ойкос- үй, тұрақ, мекен және логос- ғылым деген сөзінен шығған, тұрақ, мекен туралы ғылым – деген мағынаны білдіреді. Яғни, тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын, байланысын, айнала қоршаған ортасымен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін ғылым.
Э.Геккельдің экология ғылымына берген
анықтамасына кейіннен көптеген толықтырулар
енгізіле отырып өзінің зерттеу аясын,
мазмұны мен мақсат- міндеттерін
кеңейте түсті.алғашқыда тек
Экология ғылымының қазіргі кездегі мазмұны өте күрделі. Дара организм (особь) мен орта, бейімделу, популяциялар арасындағы қарым-қатынастар, биоценоз, биоценологиялық зерттеулер биология ғылымымен ұштасып жатса, табиғи ортаның өзгерістері, жылу белдеулері мен географиялық белдеулері, топырақ құрамы, абиотикалық факторларға байланысты организмдердің бейімделуі географиялық зерттеулерге ұласады. Ал, антропогендік факторлар, экожүйелердің өзгерісі, биосфера шегіндегі климаттық ауытқулар ғаламдық экологиялық зерттеулерге итермелесе, адам, қоғам, табиғат арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу, бақылау және баға беру, оның айнала қоршаған ортамен байланысын зерттеу адам экологиясының үлесіне тимек. Бұдан біз экология ғылымының қазіргі заманғы мазмұнының күрделі әрі ауқымды екеніне көз жеткіземіз.
Экология- организмдердің арасында болатын(особтар, түр, түраралық, популяцияаралық, биоценоз, биогеоценозды) қарым-қатынастарды айнала қоршаған табиғи ортамен байланыстыра отырып зерттеумен қатар табиғаттағы өзгерістерді, құбылыстарды, табиғи заңдылықтарды, биосфера шегіндегі ғаламдық ауытқуларды адамның іс-әрекетімен үйлестіре отырып зерттейтін кешенді ғылымдар жиынтығы.
Ал, экология ғылымының ең басты
мақсаты-биосфера шегіндегі ғаламдық
проблемаларды бақылай отырып ондағы
тіршіліктің тұрақтылығын сақтау. Адам,
қоғам, табиғат арасындағы қарым-қатынастарды
үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын
тиімді пайдалануды адами-
Экология ғылымының зерттеу нысаны – биологиялық және географиялық микро және макро-экожүйелер мен оның уақыт пен кеңістікке қатысты тіршілік ырғағы.
Экология ғылымының негізгі зерттейтін мәселелері:
Экология- биология ғылымының негізінде
19 ғасырдың орта шенінде айқындала
бастағанымен, оның өз деңгейіне көтерілуі
19 ғасырдың аяғы мен 20ғасырдың басы болып
саналады. Десек те, алғашқы экологиялық
зерттеулердің элементтерін біз
көне дәір оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ,
Аристотель, Теофраст еңбектерінен көреміз.
Табиғат құбылыстарын зерттеушілер
өсімдікер мен жануарлар
Экология ғылымының
1 -кезең. Биоэкологиялық зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі. Бұл кезең 18 ғасырдың аяқ шенін қамтиды. Мәселен, К.Линней(1707-1788), Ж.Ламарк(1744-1825), А.Декандоль(1806-1893), П.С. Паллас (1741-1811), А.Гумбольд, К.Ф.Рулье, Н.А.Северцов, Н.А.Бекетов, Ч.Дарвин, К.Мебиус, Э.Геккель, Е.Варминг, В.В. Докучаев, т.б. табиғат зерттеуші биологтар, систематиктер, географтар өздерінің еңбектерінде экологиялық сипаттағы ғылыми зерттеулер жүргізіп, экология ғылымының дамуына өз үлестерін қосты. Осы тұстардағы жарық көрген Ж.Б.Ламарктың «Жануарлар мен өсімдіктер эволюциясы», А.Декандольдың «Ботаникалық география», К.Ф.Рульенің «Жануарлар экологиясы», А.Н.Бекетовтың «Өсімдіктер географиясы», Ч.Дарвиннің «Түрлердің шығу тегі», т.б. еңбектер экология ғылымының негізін қалаған еді. Ал, неміс зерттеушісі – дарвинист Э.Геккель 1866 жылы «Экология» терминін алғаш рет ғылымға енгізсе, Е.Варминг оны 1895 жылы ботаникаға енгізеді.
2-кезең. Экология ғылымының жеке ғылым ретінде
қалыптасу жіне даму кезеңі. Бұл кезең
Э.Геккель, Е.Варминг, К.Мебиус, т.б. шетелдік
табиғат зерттеушілерімен қатар орыс
ғалымдарының есімдерімен байланысты,
19 ғасырдың басы мен 20 ғасырдың 70-80 жылдарын
қамтиды. Атап айтқанда Мәскеу университетінің
ғалымдары Н.А.Северцов, М.А.Мензбир, Б.М.Житков,
Д.Н.Кашкаров, Н.П.Наумов, А.Н.Формозов,
Н.И.Калабухов, т.б. жан-жақты экологиялық
зерттеулер жүргізсе, сол сияқты Қазан
университетінде Н.Ф.Леваковский, С.И.Коржинский,
А.Я.Гордягин,Г.И.Панфильев,П.
Әсіресе, осы кездердегі Г.Ф. Морозовтың «Орман туралы ілімі », Д.Н.Кашкаровтың «Орта және бірлестіктер», «Жануарлар экологиясының негіздері», ағылшын А.Тенслидің «Экожүйелер туралы ілімі», орыс ботанигі В.Н.Сукачевтың «Биоценоз», т.б. ғалымдарының еңбектері экология ғылымының негізін қалаған болатын.бүдан экология ғылымы жеке ғылым деңгейіне көтеріліп, өзінің зерттеу салаларын, мақсат пен міндеттерін айқындай түсті.
3-кезең. Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология- бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық жағдайлар және проблемаларды қамтитын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай, экология ғылымының қолданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсуде. Экологияның жаңа салалары бойынша теориялың және практикалық зерттеулер жүргізілуде. Олардың қатарына: А.М.Гиляровтың «Популяциялы0 экология», М.Захарченконың «Экологияның қазіргі проблемалары», Н.Реймерстің «Экология», В.В.Глуховтың «Экологияның экономикалық негіздері», Ф.Мотузконың «Экология негіздері», С.Боголюбовтың «Экология және право» т.б. еңбектерді жатқызуға болады.
Соңғы жылдары экология ғылымының негізгі салаларының бірі- экологиялық педагогика(көпшілікке экологиялық білім мен тәрбие беру) адам экологиясы және халықтық экология «этноэкология» бағыттары дами түсуде. Бұл- бүгінгі өмір талабы. Өйткені биосферадағы тіршіліктің тұрақты сақталуы – адамның ақыл-ойына тікелей тәуелді екендігі анықтала түскен кез туды. Сондықтан 21 ғасыр адамзаттың ақыл-ойы кемелденген –нооэкология кезеңі болмақ. Өйткені, жер шарының бүгінгі тағдыры мен болашағы адам баласының ақыл-ойының деңгейіне тікелей қатысты.
Экология ғылымының негізгі мақсаты- биосфера тұрақтылығын сақтау үшін салауаттығына, білім дәрежесіне қарамастан барлық адамдардың экологиялық деңгейі, соны ұғынуы мен білім дәрежесінің жоғары болуына ықпал ету.
Экологиялық білім мен тәрбие берудің дүниежүзілік даму кезеңдеріне келсек, ең алдымен БҰҰ деңгейінде ұйымдастырылған (ЮНЕСКО) «Адам мен биосфера» атты бағдарлама қабылданды. Онда алғаш рет халықаралық деңгейде биосфера ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану туралы бағдарлама қабылданып, экологиялық сипат алды.
Пайдаланылған
әдебиеттер: Ә.С.Бейсенова,Ж.Б.Шілдебаев,
Г.З.
Реферат
Тақырыбы: «Экология пәні, мақсаты мен міндеттері. Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері »
Информация о работе Экология пәні, мақсаты мен міндеттері. Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері