Экология пәні, бағыттары мен міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2013 в 10:37, доклад

Краткое описание

Әлеуметтану пәнінің байланыс, қатынастар жиынтығы «әлеуметтік» қоғамның біртұтас жүйесін құрайтын нақтылы ұғымдарға кіреді. Олар әрбір объектіде, құбылыста, процесте ерекше ұйымдастырылған белгілі бір әлеуметтік жүйе ретінде болады. Ал, әлеуметтану пәнінің қалыптасуы объектінің қасиеті мен зерттеушінің алдына қойған мәселелерінің мақсаты мен сипатына, оның ғылыми білімінің деңгейіне және өз дүние – танымында қолданатын құрал-тәсілдеріне байланысты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

1- Әлеуметтанудың пәні, орны, кызметтері.docx

— 15.76 Кб (Скачать документ)

Әлеуметтанудың  пәні, орны, кызметтері

Әлеуметтану пәнінің байланыс, қатынастар жиынтығы «әлеуметтік» қоғамның біртұтас жүйесін  құрайтын нақтылы ұғымдарға кіреді. Олар әрбір объектіде, құбылыста, процесте ерекше ұйымдастырылған белгілі  бір әлеуметтік жүйе ретінде болады. Ал, әлеуметтану пәнінің қалыптасуы объектінің қасиеті мен зерттеушінің алдына қойған мәселелерінің мақсаты  мен сипатына, оның ғылыми білімінің  деңгейіне және өз дүние – танымында  қолданатын құрал-тәсілдеріне байланысты. Зерттеу пәні әр уақытта зерттеу  объектісін қажет етеді, бірақ, оған кірмейді, онымен тең емес,өйткені бір ғана әлеуметтік объект өмірдің алуан түрлі мәселелерін шешу үшін зерттелуі мүмкін. Осыған орай әлеуметтанудың пәні зерттелетін объектінің шекарасын белгілейді. Сондықтан әлеумттану пәнінің басты міндеті - әлеуметтік жүйелерді типологизациялау (яғни, ортақ белгілеріне қарай жіктеу, топтау – А.И.), әрбір әлеуметтік объектінің байланысы мен қатынастарын заңдар деңгейінде зерттеу – бұл заңдылықтардың әрбір әлеуметтік жүйесін басқару, оның тәртібін реттеу, оның іс-әрекет, қызмет ету тетіктерін анықтау болып табылады. Сонымен, әлеуметтік - әлеуметтік байланыс пен қатынастарды ұйымдастырудың негізгі бастамасы ретінде болса, ал, әлеуметтік заңдылықтар бұлардың мәні мен мазмұнын түсінудің негізі болып есептеледі.

«Әлеуметтік»  деген ұғымға ғылыми терең анықтама, түсінік берген К.Маркс пен Ф. Энгельс болды. Олар қоғамды, ондағы үдірістер мен қатынастарды зерттегенде  екі ұғымды қолданды. Бірі – «қоғамдық» , екіншісі – «әлеуметтік», Маркс  пен Энгельс қоғамның әр салаларының  байланысы туралы әңгіме еткенде  «қоғамдық», «қоғадық қатынастар» ұғымдарын, ал, адамдардың бір-бірімен қатынастарының табиғатын, мазмұны мен мәнін, олардың  қоғамдағы жағдайын, ондағы оның алатын орнын, рөлін меңзегенде «әлеуметтік» ұғымын кең қолданып, осыған, сәйкес  «Әлеуметтік қатынастар» ұғымы  туралы айтқан.

Маркс пен  Энгельс еңбектерінде кейде «әлеуметтік» ұғымы «азаматтық» ұғымымен алмастырылған. «Азаматтық » деген ұғымды олар қоғамдағы  адамдардың белгілі бір байланыс пен қатынастарын зерттеуде қолданып отырған.

Батыс елдерінде  Маркс пен Энгельстің жолын ұстаушылар «қоғамдық»,  «әлеуметтік», «азаматтық»  ұғымдарын одан әрі шатыстырды. Бұл  жерде біз  «әлеуметтік» ұғымының мазмұнын терең түсінуіміз керек.

«Әлеуметтік»  дегеніміз, нақтылы қоғамдағы қоғамдық жиынтығы. Бұл қатынастардың жиынтығы жеке тұлғалар мен олардың белгілі  бір тобының белгілі бір кеңістікте, уақытта іс - әрекеттерінде атқарған қызметтерінде байқалады.

Қандай  да бір қоғамдық қатынастардың жүйесі  (мысалы, экономикалық, саяси, т.б.) әр уақытта  адамдардың өзара қарым – қатынасынан  және  қоғамға қатынасынан көрінеді. Сондықтан әрбір қоғамдық жүйенің  әлеуметтік жағы болады.

«Әлеуметтік құрылым». Бұл өндірістегі  қоғамдық еңбектің бөлінуінің реттелген  жүйесі және осыған сәйкес меншікке, билікке, басқаруға, қоғамдағы адамдардың құқық  және міндеттеріне қатынастарының жүйесі.

 

 «Қоғамдық сана». Бұл қоғамның  рухани құрылымның жиынтығы. Қоғамдық  сана әруақытта тікелей немесе  күрделі болып, қоғамдық сипатта  болады. Яғни, ол жалпы қоғамға  тән қасиет.  «Әлеуметтік топ» - бұл қоғамның құрылымы, оның  жікке бөлінуі, әлеуметтік теңсіздік;  «тұлға» - бұл адамның әлеуметтік  сапасы, оның мәні. Әлеуметтану тұлғаны  талдап, зерттегенде әр түрлі  ұғымдарды қолданады.

 

Әлеуметтік құндылық. Бұлар қоғамдық қатынастарды, мұң-мұқтажды, талап-тілектерді анықтайтын тұлғалық құнды нұсқаулар. Бұлар адамдардың тәртібінің іштей  реттелуі, басқарылуы арқылы белгіленеді.

 

«Әлеуметтік нормалар» (ережелер) қоғамда  қалыптасып, реттеліп отыратын ережелердің  жиынтығы.

 

Тұлғалық ынта, көңіл, назар, ықылас, қалау, тілек, т.б. – бұлар адамдардың әлеуметтік белсенділіктердің қозғаушы күштері (стимулдері); «әлеуметтік рөл»,яғни атқарылатын қызмет; «әлеуметтік  статус» - адамның қоғамдағы орны мен жағдайы, т.б.


Информация о работе Экология пәні, бағыттары мен міндеттері