Иондаушы сәулелер. Олардың адам ағзасына әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 14:58, реферат

Краткое описание

Иондаушы сәулелердiң биологиялық әсерi және олардың адам өмiрiне қауiпсiз дозасы жөнiндегi мәселе Жер бетiнде иондаушы радиацияның табиғи фонының болуымен байланысты. Бұл радиация Жер бетiнде саналы өмiр қалыптаспай тұрып та болған. Бүкiл өмiр эволюциясы осы табиғи радиация фонында қалыптасты. Сондықтар табиғи фон деңгейiндегi радиация адам өмiрiне ешқандай қауiп тудырмайды. Радиацияның табиғи фоны бiр жағынан Жер қыртысындағы радиоактивтi элементтердiң ыдырауымен екiншi жағынан ғарыштан келетiн сәулелермен байланысты. Сонымен қатар радиация деңгейiнiң артуына ядролық жарылыстардың да әсерi мол.

Прикрепленные файлы: 1 файл

радиация.docx

— 28.24 Кб (Скачать документ)

ЕМІ:

Жүргізілетін шаралардың үш этапын ажыратады: 1) міндетті түрдегі  жұмыс орнындағы шаралар; 2) шұғыл  емдік және диагностикалық шаралар; 3) поликлиника мен стационардағы  толық диагностика мен емдік  шаралар.

Нуклидтердің сипатына байланысты радиоактивті заттардың шығуын тездететін заттар тңдалынады. Сонымен қатар  сұйықтықтардың айналымын жеделдету  арқылы(потогонды және зәр айдағыш  препараттар) нуклидтердің шығуын тездетуге  болады,  механикалық шығару(тазартатын клизмалар, адсорбенттер) қолданылады.

Қазіргі кездегі кеңінен  қолданылатын заттарға этилендиаминотетрауксус  және пентауксус қышқылдары және олардың  туындылары қолданылады: ферроцин, унитиол  және оксатиол. Трансуранды радионуклеидтермен  және  жер бетінде сирек кездесетін элементтерді шығару үшін пентацинді қолданады. Препаратты көк тамырға  баяу енгізеді, 5% ертіндіні 10 мл тәулігіне 2 реттен (20-40 иньекция) жалпы және радиометриялық зәр анализінің бақылауымен енгізеді.

Ағзаға радии, стронции түскен кезде ұсақ дисперсті барии сульфатын 50,0 г, натрии алгинатын 10-12 г/тәу. 200 мл сумен  ішке қабылдайды. Радиоактивті йодтағы  сәуленің күшін азайту үшін үлкен  адамға 7-14 күн бойы 250-300 мг тұрақты  йод немесе калий йодидті қолдану  керек.

Полонии ағзаға түскен кезде  анықталған тізбек бойынша шұғыл 5% ертінді түрінде оксатиолды тағайындаймыз. Алғашқы 4  тәулікте  препаратты 50 мг/кг  есебімен 2 рет, содан соң 2 күн үзілістен кейін дозасын 40 мг/кг төмендетемізде 3 күн қатар  алады, ал 12 күннен бастап осындай үзілістен  соң  - 35 мг/кг дейін төмендетеміз(3 күн).  Препаратты баяу, тамшылатып енгіземіз. Жанама әсерлеріне жүрек айну, қан  қысымының төмендеуі жатады, осы  кезде кофеин, супрастин, пипольфен  тағайындалады.

           Сәулелі аурулар кезіндегі жұмыс қабілетінің сараптамасы

             Дәрігерлік еңбек сараптамасының сұрақтары жалпы статусымен, бұрынғы және қазіргі кездегі жұмыс қабілетіне, сонымен қатар жалпы соматикалық және кәсіптік аурулар кезіндегі тексерілулерге және медидициналық қарауларға байланысты. ССА бойынша мүгедектікке ауыстыру көрсеткіштері өте шектелген.

Аурудың қалыптасуы кезіндегі  тексерілулер кезінде уақытша еңбекке  жарамсыздық парағы  беріледі, ал қорытындысында уақытша (3-6 ай) басқа  жұмысқа ауыстыру шешіледі.  Шешімді  стационарлық немесе поликлиникалық  емдеу орындарындағы ДБК қабылдайды.

Барлық жағдайларда 4 ай емнен  кейін  және еңбек қабілетін төмендететін  сәулелі зақымданулардың айқын  белгілері болған кезде науқасты ДЕСК жолдайды.

Жұмыс қабілетін тұрақты  төмендетеді: 1) тіндер мен ағзалардағы  терең трофикалық және склеротикалық  жергілікті өзгерістер, көру қабілетінің  төмендеулерімен катаракта, ампутациялық дефектілір және контрактура: 2) айқын  астенизация, орталық жүйке жүйесімен  тамырлардың органикалық зақымданулары: 3) анемия, қан түзудің компенсирленбеген  гипоплазиясы.

Мамандығы бойынша жұмыс  істеу қабілеті сақталған кезде 3 топтың мүгедектігі беріледі.

Алдын алу

            ССА алдын алу шараларына қатаң түрде жұмыс ережелері мен нормативтерді сақтау жатады. иондаушы сәулелер көзімен жұмыс істейтін адамдар міндетті түрде дәрігерлік  бақылауында болады.

Дұрыс дем алу және тамақтану, рационалды еңбек ету және сәулелену  мөлшерлерінің қалыпты нормадан аспауы алдын алу шаралардың міндетті бір бөлімі болып табылады.

 

                                               

 

 

 

 

 

 

                                                      

                                                                                                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қортынды

Иондаушы сәулелердiң биологиялық  әсерi және олардың адам өмiрiне қауiпсiз  дозасы жөнiндегi мәселе Жер бетiнде  иондаушы радиацияның табиғи фонының  болуымен байланысты. Бұл радиация Жер бетiнде саналы өмiр қалыптаспай  тұрып та болған. Бүкiл өмiр эволюциясы осы табиғи радиация фонында қалыптасты. Сондықтар табиғи фон деңгейiндегi радиация адам өмiрiне ешқандай қауiп  тудырмайды. Радиацияның табиғи фоны бiр жағынан Жер қыртысындағы радиоактивтi элементтердiң ыдырауымен екiншi жағынан ғарыштан келетiн сәулелермен  байланысты. Сонымен қатар радиация деңгейiнiң артуына ядролық жарылыстардың  да әсерi мол.

Кейбiр мамандық иелерi өз кәсiбiне байланысты табиғи фонға қосымша  сәуле әсерiне ұшырайды. Олар, мысалы, рентгенолог-дәрiгерлер, атом станцияларының қызметкерлерi, ғарышкерлер, ғалым-физиктер т.с.с. Сондықтан, сәулеленудiң адам өмiрiне қауiпсiз деңгейiн анықтау  қажет болатын. Оның мәнi бiр жыл  үшiн 50 мЗв-ға тең.

 

 

 

                                              Қолданылған әдебиеттер

 

 

  1. Орлов В.Н. «Руководство по электрокардиографии» - М.: «Медицина» 1983г. с.528
  2. Антонов В.Ф. и со авт. «Практикум по биофизике» М. ВЛАДОС 2001.
  3. Мурашко В.В. Струтынский А.В. «Электрокардиография:учебное пособие», М.: МЕДпрессинформ 2005 г., 320с.
  4. Антонов В.Ф.(редактор). Биофизика. Москва, 2000 г, 256 с.
  5. Мешков А.П. «Азбука клинической электрокардиографии» Н-Новгород 1998 г. 150с.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

 

Кіріспе

Негізгі бөлім

Иондаушы  сәулелер тарихы

Радиоактивтік сипаты

Радиоактивті  заттардың физикалық-биологиялық  қасиеттері

Радиоактивтi сәулелердiң  биологиялық әсерi. Биологиялық  қорғаныс

Радиоактивтіліктің  кәсіптік қолданылуы

Сәулелі аурулар кезіндегі жұмыс қабілетінің  сараптамасы

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Астана  медицина университеті»  АҚ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СӨЖ

Тақырыбы: Иондаушы сәулелер. Олардың адам ағзасына әсері

 

 

 

 

                                                                       Орындаған: Асқар А. 306-ҚДС

                                                                  Қабылдаған: Ерденова Г.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана

2013жыл


Информация о работе Иондаушы сәулелер. Олардың адам ағзасына әсері