Халықтың саны және ұдайы өсуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 20:28, реферат

Краткое описание

Демография ғылымы нені зерттейді? Демография (грек. Demos-халық, grapho- жазу) – халықтану ұғымы туралы ұғым. Демография ғылымы тұтастай Жер шарында, жекелеген мемлекеттер мен елдерде, адамдар қауымдастықтарында адамдардың ұрпақ алмасу және өсу заңдылықтарын, тұрғындардың жылжуын, көбеюін, тууы мен өлуін, елді мекендерде орналасуын, отбасын құруын, бала өсіріп тәрбиелеу жағдайларына, жасына, жынысына қарай бөлінуін, және басқада түрлі әлеуметтік топтарда жүріп жататын өзге үдерістерді зерттейді. Қоғамдық ғылымдар тобына енетін, қазір тез дамып келе жатқан демография – салыстырмалы жас ғылым.

Прикрепленные файлы: 1 файл

демогр дагдарыс.docx

— 53.00 Кб (Скачать документ)

Адам санының өсуi өнiмнiң жетiспеушiлiгiне алып келдi. 1949 жылы құрылғаннан кейiн  ҚХР қысқа мерзiмде негiзгi ауыл шаруашылық өнiмдерiн шығаратын жетекшi елдер қатарына келiп қосылды. Дегенмен жан басына шаққандағы ауыл шаруашылық өнiмдерi көлемiнiң өсiмi тым аз көрсеткiштi бiлдiредi, оның себебi қайтадан халық санының көптiгiне келiп тiреледi. Шығарылған астықтың көп бөлiгi адам тамағына кететiндi, мал шаруашылығында мәселелер тудырады. Келешекте халық саны өсiмiнiң қазiргi қарқынына қарағанда (жылына 17 млн. адамға көбейедi), аталған көрсеткiштер одан да бетер төмендейдi, себебi халықтың астыққа сұранысы өседi. Ал астық өндiру үшiн қажеттi егiстiктi жерлердiң аздығы ендi бiр га жерден мүмкiндiгiнше көбiрек өнiм жинау, яғни егiстiк өнiмдiлiгi мәселесiн алға шығарады. Дегенмен бұл мәселе шешiмiнiң де тиiмдiлiгi шектеулi.

Демографиялық өсiмнiң салдарынан табиғи ресурстардың жетiспеушiлiгi туындады. Қытайдағы ауыз су қоры 2 миллион 640 миллиард м3 құрайды да, су қоры бойынша әлемде Бразилия, бұрынғы КСРО, Канада мен АҚШ-тан кейiн 5-шi орынды алады. Бiрақ жан басына шаққандағы келетiн су қоры бойынша Қытай 110-шы орыннан бiрақ шығады. Қазiргi таңда Қытайда бiр адам жылына шамамен 18,14 м3, (қалада 36,25 м3, ауылда 14,57 м3) су жаратады. Болашақта құрылыстың көбейiп, қала тұрғындары үлесiнiң өсуiнен ауыз суының пайдаланылуы да артады. Ауыл шаруашылығына кететiн шығындар өте көп. 

Халық санының өсiмiмен бiрге энергия көзiне деген сұраныс та артуда. Шамамен есептегенде, 900 миллионға жуық шаруалар энергияның табиғи көздерiн (оның iшiнде шамамен 300 миллионы орман ресурстарын) пайдаланады. Екiншi жағынан алып қарағанда, егiстiктi жерлердi ұлғайтудың бiрден-бiр жолы - орман-тоғайларды кесу. Осылайша, ҚХР орнағаннан кейiн орманды жерлердiң азайтылуы жылына 14674 га ауданды құрайды. Орманды жерлер 55,7% үлесiнен 30% үлесiне дейiн төмендедi. Бұл үрдiстер көптеген экологиялық зардаптарға әкелiп соқты. Соңғы 10 жылда орманды жерлер үлесi 23,1%-ға қысқартылды. Сонымен қатар халық саны көбейiп, өндiрiстiң даму қарқыны артты. Және бiр айтарлығы, Эология мен айналадағы ортаның ластануы күшейдi. Халықтың өсiмi үрдiсiнiң үздiксiз жүруi айналадағы ортаға ауырлық келтiредi. Қазiрдiң өзiнде Қытайдың кейбiр аумақтарындағы тұрғындардың саны өз шегiне жеткендiгi көрiнедi. Ал, кейбiр жерлерде тұрғындар саны «экономикалық жүйе шыдамдылығы» шегiнен асып түстi. Экономикалық апаттардың iшiнде жер эрозиясы ең ауыр апаттар қатарына жатады. Бүгiнгi таңда Қытайдың жер эрозиясына ұшыраған территориясы 1,6 млн. км 2, яғни бүкiл территорияның 6/1 бөлiгiн құрайды. Жылына шөл далаларға айналатын жер көлемi 2100 км2 құрайды. Олардың жалпы саны 1,5 миллионға жеттi.

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Халықтың саны және ұдайы өсуі