Гидросфера туралы түсінік және оның маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2014 в 20:44, реферат

Краткое описание

Тіршіліктің көзі-су болып табылады.Адам баласы сусыз өмір сүре алмайды.Сусыз адамның, жануар және өсімдіктердің тіршілігі мүмкін болмас еді, себебі өсімдіктер мен жануарлардың басым көпшілігі судан тұрады. Сонымен қатар, тіршілік үшін қажетті температура диапозоны 0-ден 100∙С, бұл сұйық күйдегі судың температуралық шектеріне сәйкес келеді. Көптеген тіршілік иелері үшін су тіршілік ортасы болып табылады. Осылайша, судың ең басты ерекшелігі ондағы тіршіліктің мүмкінділігі болып табылады.

Содержание

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1. Гидросфера туралы түсінік және оның маңызы.
2.2. Су қорларын пайдалану.
2.3. Су қорларының ластануы,оның себептері.
2.4. Су ресурстарын қорғау және ластануының алдын-алу шаралары.
ІII.Қорытынды.
IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

экология срс.doc

— 60.00 Кб (Скачать документ)

 Орта Азия мен Қазақстан  жерлері суға кедей деп есептеледі. Ал көне замандарда бұл жерлердің көп бөлігін су басып жатқандығы белгілі. Оңтүстік теңіз ғайып болғаннан кейін оның орнында қазақ жерінде үш су айдыны қалды. Олар: Каспий, Арал, Балқаш. Каспий мұхиттармен жалғасып жатпағанмен оның Волга, Терек, Жайық, Сулақ, Самура сияқты жан-жақтан толықтырып тұратын өзендері көп. Каспийге құятын өзендер электр қуатын алуға бөгеліп, төңірегіндегі алқаптарды қолдан суғарып игеруге кіріскеннен кейін сырттай келетін су көлемі кеміп кетті. 1961 жылдың өзінде Каспий деңгейі230 смтөмен түскен. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы құрғақ шөл даланың ортасында ірі көлдердің бірі — Балқаш көлі орналасқан. Су бетініңкөлемі 19 мыңшаршы километр. Бұлкөлдіңхалықшаруашылықмәніетекүшті. Осы көларкылыреспубликамыздатаукен металлургия өндірістерідамыды. Көлжағалауларындабалықжәнекәсіптікаңаулаушаруашылықтарыжетілді. 1950 жылданбастапүздіксізжүргізілгенбақылаукөлсуыныңминералдануының аса өзгермегенінкөрсетті.

 

Су ластануының алдын-алу шаралары.

1)Шаруашылық және ауыз  су ретінде пайдаланатын су тоғандарына құятын ағындардағы суды былғаушы зиянды заттардың шептік мөлшері арнайы ережемен белгіленген және онда зиянды заттар тізімінде 400- ден аса атау тіркелген.

2)Өндірістік мақсатта  пайдаланылатын судың өзі жұмыс  істеушілерге зиянсыз, құрал-жабдықтардың жемірілуін, олардың түбіне тұз тұруын туғызбайтындар жәнеөнім сапасына кері әсер етпейтіндей болуы тиіс.ауыл шаруашылығы алқаптарын суғаруға жұмсалатын су өсімдікке зиянсыз және өнім,түсім мен топырақ сапасын нашарлатпайтын болуы тиіс.

3)Су қоймалары да әр түрлі мақсатта қолданылатындықтан, оларды былғанудан сақтау шараларын негіздеу үшін зияндылық дегеннің, өзі не екені, оның қандай дәрежелері, белгісі бар екенін анықтап алу керек болады. «Жерүсті суларын төгін сулармен былғанудан сақтауережелері» бойынша судың былғнубелгісіне оның дәм арқылыбілінетін қасиеттерінің өзгеруі құрамында адамға, жан-жануарларға, құсқа, балыққа, жемдік және кәсіптік ағзалар зиянды заттардың болуын жатқызады. Сондай-ақ су ағзаларының қалыпты өмір сүру жағдайын күрт өзгертуі мүмкіндіктен, судың қызуыда қалыпты өмір сүру жағдайын күрт өзгертуі мүмкіндіктен судың қызуыда бақылауда болуы тиіс.

 Соңғы жайт бүкіл  әлемдік денсаулық сақтау ұйымының  нұсқауында да арнайы көрсетіледі, онда «егер су, оның құрамын  немесе түбінің бедерін өзгерту салдарынан су пайдаланудың кез келген түрінің бірі үшін жарамсыздық танытса, оны былғанған деп есептеу керек» деп жариялаған.

 

Қорытынды

 Жалпы мемлекеттік  тұрғыдан алып қарағанда, еліміздің  су шаруашылығы мәселелері көп  жағдайда әлем қауымдастығымен бірлесіп, ауқымды әрі кешенді тұрғыдан шешім қабылдауды талап етеді. Бүгінгідей су ресурстарының тапшылығы өсіп отырған және әлемдегі климаттың жаппай өзгеруі жағдайында елді сумен қамтамасыз етуді арттыру ісіне бассейн аралық және бассейн ішілік ағысты қайта бөлу және соған сәйкес оларды тиімді пайдалану жолымен ғана жетуге болады. Осыған орай, экономика саласының одан әрі дамуы елдің су ресурстарын реттеу және басқару стратегиясының дұрыс таңдалуына тікелей байланысты.

 Жылына бір адамға 1,0 мың текше метр су ресурсы жұмсалатын елдер мен өңірлер – су ресурстары тапшы елдерге; 1,0 және 1,7 мың текше метр аралығындағылар – су жетіспейтін елдерге жатқызылады; ал 1,7 мың текше метрден жоғары көлемде су жұмсай алатын елдер жеткілікті су ресурстары бар елдер болып саналады.Егер Еуропада су тапшылығы мәселесі жоқ болса, Орталық Азияда су тұтынуды азайту мәселесі аса күрделі сипатта тұр, өңірдегі су ресурстарының көлеміне әсер етіп отырған климаттың өзгеруі бұл проблеманың мүшкіл халін одан сайын қиындата түседі. Соңғы 50 жылда елді мекендерді су ресурстарымен қамтамасыз ету 3,5 есе азайып кетті.

 Сондықтан, өңірдегі су  қауіпсіздігі мәселесі әлеуметтік  қауіпсіздік мәселесіне айналуда, бұл өз кезегінде өңірде гуманитарлық  апаттың өршуіне себеп болуы  мүмкін. Осыған байланысты, су ресурстарын басқару міндеттерін күшейтуге стратегиялық қажеттілік пайда болады, бұл БҰҰ-ның Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы конвенциясында расталып отыр, аталған құжат Үкіметтің иығына халықты сапалы сумен қамтамасыз ету міндетін жүктейді.

 Гидрографиялық ерекшелігі, су ресурстарын қалыптастырудың  және пайдаланудың динамикалығы, елдің мемлекетаралық және халықаралық  міндеттері экономиканың әрбір  даму кезеңінде уақыттың өзгерісіне  бірдей әсер ете алатын су  шаруашылығы бойынша өкілетті орган Қазақстан Республикасының Су ресурстарын қорғауды және пайдалануды реттеу жөніндегі агенттігін құруын қажет етеді.

 

Қолданылғанәдебиеттертізімі.

1. Оспанова Г.С, Бозшатаева  Г.Т «Экология»

2. Оқулық – Алматы: Экономика 2002 ж.

3. Бродский А.К «Жалпыэкологияныңқысқаша курсы».Оқуқұралы – Алматы: Ғылым 1997 ж.

4. Мұқаұлы С, Үпішев Е. «Табиғаттыпайдалануэкономикасы». Оқуқұралы  – Алматы: Экономика 1999 ж.

5. Сағымбаев Ғ. «Экология  негіздері». Оқулық Алматы Республикалықбаспакабинеті 1995 ж.


Информация о работе Гидросфера туралы түсінік және оның маңызы