Ерекше қорғалатын аумақтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2014 в 18:51, реферат

Краткое описание

Қазақстан бойынша Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға: 10 мемлекеттік қорықтар, 10 мемлекеттік ұлттық саябақтар; 3 табиғи резерваттар; 49 табиғи қорықшалар, 127 геологиялық табиғи-қорықтық қор, 5 қорықтық аймақ, 6 ботаникалық және 3 зоологиялық бақтар, 26 мемлекеттік табиғат ескерткіштері, 2 ірі резерват (Семей, Ертіс орманы) бар. Бұлардың жалпы аум. 2 млн. га-дан астам. Бұл көрсеткіш республиканың жалпы жер аум-ның 8%-ына тең. Халықар. стандарт бойынша әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10 – 12%-ы Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бөлінуі тиіс. Мыс., мұндай көрсеткіш Германияда 31,5%, АҚШ-та 15,8%, Жапонияда 14%, т.б. 2008 ж. Дүниежүзілік мұралар комитетінің 32-сессиясының шешімімен ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік табиғи мұралар тізіміне, Орт.

Содержание

Кіріспе

Негізгі бөлім

А)Ерекше қорғалатын аумақтарға
сипаттама
Ә)Қазақстандағы алғашқы қорықтар
Б)Қоршаған ортадағы ерекше қорғалатын аумақтардың
алатын орны
Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

К.А.АУМАКТАР.doc

— 123.00 Кб (Скачать документ)

Зерттеу жұмыстары.Барсакелмеске ғылыми тұрғыда түбегейлі зерттеу ХІХ ғасырдың орта тұсына қарай басталды. Алғаш 1831 жылы орыс ғалымы Р. Левшин Арал теңізінде осындай аралдың бар екенін анықтап, картаға сызбасын түсіреді. Патша үкіметі 1848 жылы Арал теңізінің аумағын зерттеуге бірінші экспедиция шығарып, оған басшы етіп әскери теңізші Алексей Бутаковты тағайындайды. Сол жылғы мамырдың ортасында Ор бекінісінен шыққан керуен айдан аса мерзімде Арал теңізінің жағасына жетеді. Жаз ортасында теңізге бет қойған саяхатшылар әуелі Көкаралға аялдап, содан соң оның арғы жағындағы Барсакелмеске жүзіп барады. Осыдан кейін бұл жерге зерттеуші Л.Бергтің табаны тиеді. Міне, Барсакелместің ашылу тарихы осындай. Оның табанын түгел жасыл желек  жапқан. Тұщы суы бар көлдер көп. Мұндағы өсімдіктердің көпшілігі  басқа жерде мүлдем кездеспейді. Экспедиция жетекшісі аралда құстардың 200 түрі бар екенін жазады. Жыландар мен кесірткелер, шаяндар мен бүйілер өріп жүрген. Сексеуілді паналаған жайрандар мен ақбөкендер тіпті адамнан үрікпейтін болған. Сол кездері бұл жер шынында таңғажайып қойнау болғанға ұқсайды.Табиғи қоры  бүгінде құрылғанына    жетпіс   жылға жуық уақыт болған. Барсакелмес       мемлекеттік табиғи   қорығы     осындай  жаратқанның   өзі       жарқыратып  жасап  берген жалпақ жайуаттан жай тапқан. Қорықта бүгінде өсімдіктің 165 түрі өседі. Олардың арасында бұйырғын, жусан, адыраспан, рауғаш, итсигек, сексеуіл секілді сортаң шөптер бар. Жануарлар әлемінен құлан, ақбөкен, қарақұйрық, ор қоян сынды арал табиғатына бейім хайуанаттар түрлері кездеседі. Заманында еліміздің жазық даласында зыр қағып жүрген “қазақ құланы” деп аталған аң да болыпты. Оның ең соңғы тұяғы 1936 жылы оспадар оқтың құрбаны болғанға ұқсайды. Сосын 1953 жылдың қысында Түркіменстанның Бадхыз мемлекеттік қорығынан 14 құлан жеткізілді. Әкелінген жануарлар жаңа мекенді бірден жерсініп, ұрпақ жая бастады. Қорықта ұлы көш басталған 1982 жылға дейін олардың саны 300-ге жеткен екен. 

Өкінішке қарай, 1997-1999 жылдары Барсакелместің арал болудан  қалып, тұщы су көздерінің жоғалуы бұл  жануарлардың жарамдыларын түгел басқа  жақтарға жөнелтуге мәжбүр етті. Сол уақыттан бастап бұл жерден ұзын-саны 250 қаралы құлан көшіріліп әкетіліп, негізгі бөлігі Алматы маңындағы Алтынемел ұлттық паркіне жіберілсе, тағы бір тобы Маңғыстау маңындағы Үстірт жоталарына аттандырылды. Ал қорықтың өз басында алыс жолға шығуға жарамайтын, кәрі-құртаң елу шақты құлан алып қалынған еді. Аралдың шығыс бөлігінің үлкен материкпен жалғасып жатуы бір жағынан жазықсыз жануарлардың аман қалуына себепші болды. Ащы судың аранында қалған олар осы арқылы үлкен жерге шығып, өз нәпақаларын теріп жей алатын жағдайға жетті. Қорықтың директоры Мағжан Тұрсынбаевтың айтуынша, осы кезге дейін біраз киік пен қарақұйрық ішетін таза судың жоқтығынан қапысыз қырылып қалған екен. Екі араға өткел түскесін барып, бұл жерден 1500 киік пен 350 қарақұйрық сыртқа аман шығып үлгіріпті. Оқшау аралдағы ауыз судың тапшылығы, міне, аң-құстарды осындай халге дейін душар етті.Қазіргі таңда Барсакелместі  мемлекеттік табиғи қорық ретінде  сақтап қалудың барлық амалдары жасалуда. Атап айтқанда, еліміз Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы “Арал аймағына қолдау көрсету және дамыту шаралары туралы”  №1121 қаулысы арқылы бекітілген іс-шараларға  сәйкес құрғаған табанға өсімдіктен сүзгі орнатылуда. Мұнда құжаттың “Барсакелмес қорығындағы өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды зерттеу және талдау” деген 7-бабы негізге алынып, соған сәйкес жұмыстар атқарылуда.Енді Барсакелмес  қорығының бүгінгі бет-бейнесіне келсек, соңғы екі жылдан бері оның көлемі бұрынғысынан 10 есеге артты. Сөйтіп, осы кезге дейін 16 795 гектар жерді алып келген аумақ 160 795 гектарға ұлғайды. Бұл Үкіметтің 2005 жылғы 25 қарашадағы №1162 қаулысының негізінде мүмкін болды. Оған еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсынысы ықпал етті. Осылай қорық жері Қасқақұлан аралына дейін жалғасты. Жайылымның кеңейе түсуі өз кезегінде Барсакелмес аралында тұралап қалған жануарлардың көбею үдерісін жеделдетті. Қорықта 2005 жылғы қазан айында жүргізілген санақ аң-құстар дүниесінің динамикалық табиғи өсуін қанағаттанарлық деп тапты. Мекеменің штаттық кестесі ұлғайып, жаңадан көп құрал-жабдық, техника алынды. 

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ — ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың соңғы кезде ұйымдастырылып жүрген түріне — биосфералық қорықтар жатады. Биосфералық қорықтар дүние жүзіндегі кейбір ауқымды аймақтардың табиғатын қорғау және сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылады. Онда табиғат қорғау шаралары халықаралық деңгейде жүргізіледі. Мұндай қорықтар табиғаты онша өзгеріске ұшырамаған экожүйелерде ұйымдастырылып, табиғатта үздіксіз болып жататын өзгерістерге бақылау жасалынып талданады. Биосфералық қорықтардың аумағы бірнеше белдемдерге (ішкі, шекаралық және шаруашылық) бөлініп, ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Қазір дүние жүзінде 350-ге жуық биосфералық қорық ұйымдастырылған Қазақстандағы Қорғалжын және Наурызым қорықтарына биосфералық қорық мәртебесі берілген.Қорғалжын қорығыАқсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл және Батыс Алтай қорықтары таулы алқаптың табиғат байлығын қорғайды. Мысалы, Ақсу-Жабағылы қорығында сарыбауыр аяқсыз кесіртке, үнді жайрасы, Алматы қорығында орақтұмсық, ілбіс, т.б. қорғалады. Ал Алакөл қорығында қара мойнақ шағала, т.б. қорғауға алынған. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ — ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi. Ерекше қорғалатын аумақ — кеңістігінде бағалы табиғи немесе колдан жасалған (бағалы экожүйе, гейзерлер, бау- саябақ ескерткіштері, инженерлік құрылыстар, т.б.) немесе қоршаған ортаға қолайлы әсер ететін кеңістіктер (орман жолағы, көгерген аймақтар), аумақтар, акваториялар. Мұндай аумақтар тек заңмен ғана емес, арнайы бақылауда болып, адамдармен қорғалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

 

1)Н.Дәменов,А.Саданова «Экология және тұрақты даму» Алматы2010жыл;

 

2)Ә.Әметов, Ж.Қожантаева «Биология» Алматы2007жыл;

 

3)А.Оспанова «Экология негіздері » 2001жыл

 

4)Босшатаев  «Экология» 2005жыл

 


5)Ғаламтор

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Ерекше қорғалатын аумақтар