Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2013 в 14:22, реферат
Өндірістік улар қатарына көп жағдайда, шикізаттық, аралық және өндірістің қалдық өнімдері жатады. Сондай-ақ қоспалар, қосалқы заттар да өндірістік улар қатарына жатқызылады. Мысалы, химиялық зауыттарда шикізат ретінде бензол, күкірт көміртегі, анилин, хлор және басқа да улы заттарды қолданады. Улардың әсер етуі жалпы резорбтивті немесе тікелей болуы мүмкін. Жалпы әсер етуі қанға удың сіңірілуі нәтижесінде пайда болады. Мұндағы жағдайда салыстырмалы таңдау жиі болады. Сол дене мүшесінің ерекше зақымдануы болады. Мысалы, марганецпен уланған нерв жүйесі, бензолмен уланған — қан айналым мүшелерін айтуға болады.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Өндірістік улардың классификациясы
2. Токсикология
3. Өндірістік зиянды заттармен күресу
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Өндірістік улардың классификациясы
2. Токсикология
3. Өндірістік зиянды заттармен күресу
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Өндірістік у — белгілі бір жағдайларда (мысалы жұмыс
аумағы ауасы үшін шекті-рауалы концентрациясынан
асып кеткен жағдайда), кәсіпорын қызметкерлерінің
улануын туындатуы мүмкін, өндірістің
бастапқы аралық, жанамалы немесе соңғы
өнімі болып саналатын у.
Химиялық заттардың жұмысшыларға әсері
түрлі кәсіптік салада жұмыс жасау кезінде
табиғи шикізатты өңдеу және алу, өндірістік
өнімдерді дайындау мен тасымалдауда,
транспортта жұмыс жасау барысында, ауылшаруашылығында
және басқа да еңбек ету аясында байқалады.
Әсіресе түрлі қоспалармен жұмыс жасау
химиялық өндірісте байқалады, шикізат
өнімдері, аралық қосылыстар жұмысшылардың
денсаулығына зиянды әсерін тигізбей
қоймайды. Бірақ өндірістің кейбір салаларында,
тау-кен, машина жасау, мұнай, жеңіл өнеркәсіпте
т.б өндірістік алқаптарда да жұмыс жасау
барысында, белгілі бір химиялық өңдеуден
химиялық заттар бөлінеді. Олар адам ағзасына
енуімен бірге тері қабатын зақымдап,
кәсіптік улану туғызуы мүмкін. Қазірде
7 млн. астам химиялық заттар түрі мәлім.
Оның 600 мыңдайы ғана кең көлемде қолданылуда.
Халықаралық нарықта жыл сайын 500-ден 1000-ға
дейін жаңа химиялық қоспалар мен қосылыстардың
түрлері шығарылуда. Еңбек ету барысында
адам ағзасына әсер етіп, оның жұмыс жасау
қабілетін төмендететін немесе денсаулығына
нұқсан келтіретін-химиялық заттардың
қатарына өндірістік немесе кәсіптік
улану жатады. Олар өндірістік улану немесе
токсиндік заттар, яғни, токсиканттар
деп аталады. «Өндірістік улану» ұғымына
да кең мағынада жұмсалатын термин «зиянды
зат» ұғымы. Зиянды заттар құрамында улар
да, фиброгенді негіздегі аэрозольдар
да кездеседі.
Өндірістік улар қатарына көп жағдайда,
шикізаттық, аралық және өндірістің қалдық
өнімдері жатады. Сондай-ақ қоспалар, қосалқы
заттар да өндірістік улар қатарына жатқызылады.
Мысалы, химиялық зауыттарда шикізат ретінде
бензол, күкірт көміртегі, анилин, хлор
және басқа да улы заттарды қолданады.
Улардың әсер етуі жалпы резорбтивті немесе
тікелей болуы мүмкін. Жалпы әсер етуі
қанға удың сіңірілуі нәтижесінде пайда
болады. Мұндағы жағдайда салыстырмалы
таңдау жиі болады. Сол дене мүшесінің
ерекше зақымдануы болады. Мысалы, марганецпен
уланған нерв жүйесі, бензолмен уланған
— қан айналым мүшелерін айтуға болады.
Тікелей әсер етуде удың тиген жерінде
ұлпаның зақымдануы, ісу, тері және шырышты
қабаттың іріңдеуі – әсіресе, қышқыл және
сілтілік ерітінділермен және бумен жұмыс
жасау барысында туындайды. Тікелей эсер
ету түрі нерв талшықтарының рефлекторлық
реакциялануы және ұлпа ыдырау барысындағы
өнімдерді сорып алуға қатысты жалпы құбылыстармен
сипатталады.
Негізгі бөлім
Токсикология (грекше toxіkon – у және logos – ілім) – медицинаның удың қасиеттерін, организмге тигізетін әсерін, улану салдарынан туатын өзгерістерді, уланған адамды емдеу әдістерін зерттейтін саласы. Токсикологияның бірнеше саласы бар. Мысалы:
§ әр түрлі жануарлар мен өсімдіктердің химиялық заттарға қайтаратын жауабының ерекшеліктерін салыстырмалы токсикология;
§ ауыл шаруашылығы жануарлары мен кәсіптік аңдардағы осындай ерекшеліктерді ветеринарлық токсикология зерттейді.
Қазіргі токсикологияда үш негізгі бағыттары бар:
- теориялық;
- профилактикалық (гигиеналық);
- клиникалық;
Теориялық токсикология — экзогенді
химиялық огенттермен осы жүйенің
араласу процесстері
Профилактикалық токсикология – адам айналасындағы өндірісті немесе өндірісті емес ортаның химиялық құрамының антропогенді және табиғи өзгеруі адамда химиялық этнология (химиялық аурулар) ауруларының пайда болуын ескертетін бағыттар.
Профилактикалық токсикология ҚО әртүрлі
химиялық қосылыстардың токсико-
Профилактикалық токсмкологияның зерттеу әдістері болып:
- жануарларға тәжірибе;
- химиялық агенттермен байланыс жасайтын адамдарды бақылау;
- клиникалық бақылау кезінде
адамдарда, агенттермен
Профилактикалық потология келесі түрлерге бөлінеді:
- коммуналды;
- тағамды;
- өндірісті;
- ауылшаруашылық;
- тұрмысты;
- косметикалық.
Профилактикалық потология экологиялық токсикология сияқты оны жекелендіріп және анық экологиялық профиль құрайды.
Клиникалық токсикология – адам мен оның ұрпақтары өндірісті және өндірісті емес жағдайларда химиялық заттармен байланысу кезінде пайда болатын жасырын және анық, созылмалы немесе өткір ауруларды зерттейді.
Оның құрылымы:
- созылмалы химиялық ауруларды зерттеу;
- өткір химиялық аурулар туралы оқу;
- нашақорлы токсикология;
- емдік токсикология;
- жасанды материалдардың адамға биологиялық әсерін зерттеу.
Өндірістік улар және олардың
классификациясы.
Халық шаруашылығында қолданылатын химиялық
заттардың саны көп. Олар былай жіктеледі:
Химиялық систематикасы:
- органикалық;
- бейорганикалық;
- элементті-органикалық.
Ағзаға әсер ету қасиеттері бойынша:
1) Тұншықтыратын:
- қарапайым тұншықтырғыш, демалатын ауадан
(азот, сутегі, гелий) оттегін қысу;
- химиялық әсер ету, жасуша мен қан арасында
газ алмасудың бұзылуы (СО, синилді қышқыл);
2) Тітіркендіргіш — өкпе немесе демалу
жолдарының сілемейлі қабықшасының тітіркенуі.
3) Жүйке-жүйе – паралиттік әсері - брон-хоспазм,
тұншықтыру, құрысу, сал болуға әкеледі
(хлорорганикалық инсектицидтер – хлорофос,
карбофос, никотин және т.б.)
4) Әртүрлі әсер ететін
5) Жалпы уытты әсері (
6) Психотропты әсері (психикалық белсенділіктің бұзылуы).
Зақымдануына байланысты:
- нейротропты;
- гепатотропты - – хлорлы көмірсутектер,
улы саңырауқұлақтар, фенол және альдегидтер.
- бүйректік – этиленгликоль ауыр металлының
қосылыстары, қымыздық қышқылы.
- кардиотоксикалық – бұл топқа көптеген
дәрілік препараттар, өсімдік уы, металл
тұздары (барий, калий, кобальт, кадмий).
- қан уы – анилин және оның қосылыстары,
нитриттер, мышьяк сутегі.
- Өкпелі – азот оксидтері, озон, фосген
және т.б.
Спецификалық әсеріне байланысты:
- аллергендер;
- тератогендер;
- мутагендер;
- супермутагендер;
- концерогендер (күшті, әлсіз, орташа).
Қауіптілігіне байланысты (класстар):
1- төтенше қауіпті (Be, Cd, Pb, Hg, Tl).
2- жоғары қауіпті (Sb, As, Ba,Se),
3- жай қауіпті (Cr, Ag, Al),
4- аз қауіпті (Cu, Fe, Mn, Zn, Ni, Ge, Sr, Rb, Cs).
Агрегатты күйіне байланысты:
- газ;
- бу;
- аэрозольдер.
Улыхимикаттар (пестицидтер):
- инсектицидтер;
- акарицидтер;
- гербицидтер;
- фунгицидтер.
Заттың улылығы мына қатынаспен есептеледі 1/DL50 и 1/CL50. DL50 мен CL50 токсиндік мәні төмен болған сайын токсиндік деңгейі жоғары болады.
1-кесте. Қауіптілік дәрежесі бойынша өндірістік зиянды заттардың классификациясы (ГОСТ 12.1.007–76)
Көрсеткіш |
Қауіптілік классы | |||
1 |
2 |
3 |
4 | |
Жұмыс орны ауасындағы зиянды заттардың ШРК, мг/м |
0,1 дейін |
0,1–1,0 |
1.1–10.0 |
10 аса |
Асқазанға түскендегі орташа өлім дозасы DL50, мг/кг |
15 дейін |
15–150 |
151–5000 |
5000 аса |
Теріге түскендегі орташа өлім дозасы DL50 мг/кг |
100 дейін |
100–500 |
501–2500 |
2500 аса |
Орташа өлім концентрациясы CL50 ауада, мг/м |
500 дейін |
500–5000 |
5001–50000 |
50000 аса |
Өткір әсер ету зонасы Zac |
6 дейін |
6–18 |
18,1–54 |
54 аса |
Созылмалы әсер ету зонасы Zch |
10 дейін |
10–5 |
4,9–2.5 |
2,5 дейін |
КВИО |
300 дейін |
300–30 |
29–3 |
3,0 дейін |
Өндірістік зиянды заттармен күресу.
Зиянды заттардан жұмысшыларды
қорғау үшін, егер өндірістік бөлмелердің
ауасына зиянды заттардың түсуін
толығымен жоюға болмайтын
Табиғи желдетуде ауа
алмасуы бөлмедегі ауа
Механикалық желдетуде ауаның алмасуы ауа арнасы жүйесі арқылы желдеткіштің көмегімен іске асырылады. Қызметінің қағидасы бойынша ол кірме ағындық желдету, сыртқа тарта желдету, кірме ағындық-сыртқа тарта желдетулер болуы мүмкін. Осы жағдайда ауа параметрлері мақсатты (бір бағытта) өзгеріп және реттеле алады.
Микроклиматтың оңтайлы параметрлері құрудың көзқарасынан ең дұрысы ауабаптағыш қондырғыларды пайдалану болып табылады. Ауаны баптау - өндірістік бөлмелердің жұмыстық аумағында тұрақты немесе автоматты іске асырылатын ауа ортасының берілген программасы бойынша өзгеріп отыратын ауаның параметрлерін құру және ұстап отыру болады.
Қолайсыз микроклимат болған жағдайда жеке қорғаныс құралы (ЖҚҚ) ретінде өндірістік киімдер – халат, комбинизон, резеңкелі алжапқыштар, шалбарды қолданады. Қолды улы заттардың, майдың, судың тері арқылы өтуіне кедергі жасайтын крем немесе пастаның көмегімен қорғайды. Тыныс органдарын қорғау үшін сүзгілейтін және оқшаулайтын аспаптар – респираторлар, сондай-ақ ауаны тазартатын шлангті противогаздарды пайдаланады.
Егер бөлменің көлемі бір жұмысшыға 20м3 кем болса, санитарлық нормаға сәйкес әр жұмысшыға 20м3/сағ және 30м3/сағ кем емес таза ауа беріліп отыру керек. Зиянды заттар жоқ болған кезде бір жұмысшыға 40м3 астам көлемді бөлмелерге берілетін ауаның саны есептелмейді.
Жұмыстық сумақтың ауасындағы зиянды заттардың құрамын әртүрлі тәсілдер арқылы жүйелі бақыланып отырады.
Өндірісте жұмыс процестері бөлмелерде, жұмыс орындарында жалпы санитарлық – гигиеналық талаптарға сай ауаның температурасын, ылғалдылығын және тазалығын микроклиматтық ГОСТ бойынша қабылдайды.
Метрологиялық талаптар бойынша әр өндірістің (мал және құс өндірістерінің, ұн, астық сақтау қоймаларының, мұздатқыш орындарының т.б. өндірістердің) талаптарға сай өз нормалары болады. Тек қана далада, таулардағы аймақтарда, жер асты жүргізілетін жұмыстардың стандартқа сай микроклиматы есептелінбейді.
Өндіріс аймағының ауасы әр мезгілге (сезонға) байланысты, жұмыстың түрлеріне байланысты қабылданады. Ол жердегі ауаның тазалығына, жұмыс баптарына, бөлмелердің жылылығына мән беріледі.
Өндірістегі 50-1002 жердің көлемі бойынша жұмыстың түрі жеңіл болса 120С, 100С – ауырлау жұмысқа, 80С - өте ауырлау жұмыстардың түрлеріне стандарттағы норма бойынша қабылданады. Әр мекемелерде, өндірістерде, цехтарда жұмыс атқарушы қызметкерлер және жұмысшылар адам организіміне кері әсерін тигізетін қандай зиянды заттардың болатынымен алдын-ала танысу керек. Бөлмеде зиянды, улы заттар басым болса, қорғаныс құрал-бұйымдарын талап етуге құқұлы.
Қорытынды
Сонымен, өндірістік у дегеніміз — белгілі
бір жағдайларда (мысалы жұмыс аумағы
ауасы үшін шекті-рауалы концентрациясынан
асып кеткен жағдайда), кәсіпорын қызметкерлерінің
улануын туындатуы мүмкін, өндірістің
бастапқы аралық, жанамалы немесе соңғы
өнімі болып саналатын у.
Өндірістік улар қатарына көп жағдайда,
шикізаттық, аралық және өндірістің қалдық
өнімдері жатады, сондай-ақ қоспалар, қосалқы
заттар да өндірістік улар қатарына жатқызылады.
Мысалы, химиялық зауыттарда шикізат ретінде
бензол, күкірт көміртегі, анилин, хлор
және басқа да улы заттарды қолданады.
Жалпы улы заттардың қасиеттеріне байланысты
түрлі классификациясы болады.
Улы химикаттар (пестицидтер) – адам денсаулығына
және экологияға зиян келтіретін микроорганизмдерден,
жануарлар және өсімдік түрлерімен күрес
жүргізуге арналған химиялық заттар. Олар
гербицидтер, инсектицидтер, фунгицидтер
және т.б. болып бөлінеді.
Гербицидтер арам шөптермен күресуге
арналған химиялық заттар. Олар феноксиқышқылдар,
бензойн қышқылының туындылары, динитроанилиндер
және көптеген гетероциклді қосылыстар.
Инсектицидтер зиянды жәндіктерге қарсы
қолданылатын химиялық препараттар. Инсектицидтерге
хлорорганикалық, фосфорорганикалық заттар,
сондай-ақ құрамында мышьяк және күкірті
бар заттар жатады.
Фунгицидтер өсімдіктердің саңырауқұлақтар
арқылы пайда болатын аурлармен күресуге
қолданылатын химиялық заттар. Фунгицидтер
ретінде әртүрлі антибиотиктер, сульфаниламидті
препараттар қолданылады.
Улардың әсер етуі жалпы резорбтивті немесе
тікелей болуы мүмкін. Жалпы әсер етуі
қанға удың сіңірілуі нәтижесінде пайда
болады. Мұндағы жағдайда салыстырмалы
таңдау жиі болады. Сол дене мүшесінің
ерекше зақымдануы болады. Мысалы, марганецпен
уланған нерв жүйесі, бензолмен уланған
— қан айналым мүшелерін айтуға болады.