Екпе ағаштардың экологиялық рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 18:51, реферат

Краткое описание

Экология – биология ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып дамыған. Экологиялық зерттеулер өткен ғасырда Чарльз Дарвин еңбектерінде сипат алғанымен «экология» терминін ғылымға алғаш енгізген Э.Геккель 1866ж. Экология термині гректің «тұрақ, мекен туралы ғылымы» деген мағынаны білдіреді. Яғни, тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын, байланысын, айнала қоршаған ортасымен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін ғылым.

Прикрепленные файлы: 1 файл

экология.docx

— 19.53 Кб (Скачать документ)

Екпе ағаштардың экологиялық рөлі

Экология – биология ғылымының  бір саласы ретінде қалыптасып дамыған. Экологиялық зерттеулер өткен ғасырда  Чарльз Дарвин еңбектерінде сипат алғанымен  «экология» терминін ғылымға алғаш  енгізген Э.Геккель 1866ж. Экология термині  гректің «тұрақ, мекен туралы ғылымы»  деген мағынаны білдіреді. Яғни, тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын, байланысын, айнала қоршаған ортасымен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін ғылым.  
Э.Геккелдің экология ғылымына берген анықтамасына кейіннен көптеген толықтырулар енгізе отырып өзінің зерттеу аясын, мазмұны мен мақсат міндеттерін кеңейте түсті. Алғашқыда тек тірі организмдерге қатысты бағыт алған экология ғылымы қазыр өзінің зерттеу облыстарын дамыта отырып адамзат-қоғам-табиғат ортасындағы қарым-қатынастарды және биосфера шегіндегі ғаламдық өзгерістерді адамның іс-әрекетімен байланыстыра отырып зерттейтін комплексті ғылымға айналады. 
Экология ғылымының қазіргі кездегі мазмұны өте кұрделі. Дара организм мен орта, бейімделу, популяциялар арасындағы қарым-қатынастар, биоценоз, биоценологиялық зерттеулермен биология ғылымымен ұштасып жатса, табиғи ортаның өзгерістері, жылу белдеулері мен географиялық белдеулер, топырақ құрамы, абиотикалық факторларға байланысты организмдердің бейімделуі географиялық зерттеулерге ұласады.Ал, антропогенді факторлар, экожүйелердің өзгерәсә, биосфера шегіндегі климаттық ауытқулар ғаламдық экологиялық зерттеулерге әкелсе, адам-қоғам-табиғат арасындағы қарым-қатынастардызерттеу, бақылау және баға беру оның айнала қоршаған ортамен байланысын зерттеу адам экологиясының үлесіне тимек. Бұдан біз экология ғылымының қазіргі заманғы мазмұнының күрделі әрі ауқымды екеніне көз жеткіземіз.  
Экология – организмдердің арасында болатын қарым-қатынастарды айнала қоршаған табиғи ортамен байланыстыра отырып зерттеумен қатар табиғаттағы өзгерістерді, құбылыстарды, табиғи заңдылықтарды, биосфера шегіндегі ғаламдық ауытқуларды адамның іс-әрекетімен үйлестіре отырып зерттейтін комплексті ғылымдар жиынтығы.  
Ал, экология ғылымының ең басты мақсаты – биосфера шегіндегі ғаламдық проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау. Адам-қоғам-табиғат арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың адами-нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу. 
Экология ғылымының негізгі зерттейтін мәселелері: 
- организмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасы; 
- биоценоз, экожүйелердегі уақыт пен кеңістікке байланысты туындайтын өзгерістерді; 
- табиғат ресурстары оны тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздері; 
- адам-қоғам-табиғат арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу: 
- биосфера шегіндегі географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамсыздандыру; 
- биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтаудың ғаламдық нооэкологиялық деңгейге көтеру болып табылады. 
Алғашқы экологиялық зерттеулерді Эмпедокл, Гипппократ, Аристотель, Теофраст еңбектерінен көреміз.

Алаптардағы екпе ағаш өсіру  жұмыстары - су көздерін сарқылудан және ластанудан сақтау шараларының бірі.

Екпе ағаштардың негізгі рөлі жер үсті ағындысын жер асты жағдайына ауыстырумен сипатталады, нәтижеде грунт суларының деңгейі әжептәуір көтеріліп, су көздерінің тұрақты қоректенуіне жағдай жасалады. Қазіргі кезде орманды дала белдемінің ормандылығы 9,5% болып, өзендерінің қоректену көзінің 62%-ы жер үсті сулары, тек 38%-ы ғана жер асты сулары болып табылады. Егер бұл аймақтың ормандылығын 13%-ға жеткізіп, орман көшеттерінің тиімді отырғызуы қамтамасыз етілсе, онда өзендердің жер асты суларымен қоректенуін 97%-ға жеткізуге болады.

Алапты желден қорғауға арналған орман  белдеулері, әдетте, 2—3 қатар (жүйек) етіліп отырғызу жиі кездеседі, сондықтан да су реттеушілік функциясын толық атқарады. Әлсіз және орташа адырлы алаптарда орман белдеулерін егінжайлардың шекараларымен әрбір 400-450 м сайын отырғызады. Орман белдеулері болған жағдайда ағаштардың 17—20 биіктігіне тең аралықта желдің жылдамдығы 24% азайып, өсімдіктер мен топырақ бетінен буланатын ылғал — 17— 20%, транспирация — 14%, қардың ұшырылып кетуі — 12 есе, топырақтың I тоң қабаты — 2—3 есе кемиді. Осы кезде ауаның ылғалдылығы 2—3%, кейде 10— 12%-ға дейін көтеріледі. Қар еру мерзімі 10—12 күнге ұзарып, жер үсті жаңбыр ағындысы тоқтатылады. Жер асты суларының деңгейі 80—10 см-ге көтеріледі. Суайрық орман белдеулерін аса кыратты, адырлы алқаптарда, жер бедерінің ең биік нүктелері мен суайрықтарда орналастырады. Бұл белделер, әсіресе желдің күшін әлсіретуге үлкен ықпал етеді (белдеуге дейінгі аралықты ағаштардың 18 биіктігіне тең, ал белдеудің сыртқы жағында 30—40 биіктікке тең кашықтықтарда — жел 20% әлсірейді). Қар тоқтатудың тиімділітін 6 есе күшейтіп, кар еру процесін 13 тәулікке ұзартады.

 

 

 

 

 

Ұзатылған қызға тілек

Тамада кітабынан

Тілеуің тілеп тұрды аппақ,

Қимайды іштей ата – ана.

Қыз едің өскен бұлғақтап.

Аттайсың бөгде босаға. 

 

Әлпештеп басқан бауырға,

Кем көрмей ұлдан  шалқытып.

Ата – ана қалып ауылда,

Асықтың тұр деп жар күтіп. 

 

Анаңның жолын жалғадың,

Жат жұртқа кетіп барасың.

Сүюдің татып бал дәмін,

Жарыңмен тапқын жарасым. 

 

Бақыт бол барған жеріңе,

Жүзіне кірбің жуымай.

Береке қонсын төріңе,

Демесін жаман қылығы-ай.  

 

Қылығың түзде –  ержеттің,

Ие бол ақыл – тізгінге.

Гүлі бол  барған әулеттің,

Тастай бат, судай сіңген де. 

 

Тіршілік деген майдан бұл,

Өмірдің әлі сыны алда.

Жарыңмен бірге жайнағын

Ұқсағын асқақ шынарға!

 

 

 

 

                                       Астана қаласы Білім басқармасы

«Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжі»

 

 

«Өсімдікті қорғау және сақтау» пәнінен

Тәжірибелік іс –сана бойынша

Есеп 

1508000 «Орман шаруашылығы,  бақ-саябақ және ландшафт құрылысы»

 

                                                                                 

                                                                               Дайындаған: Төлеген А.

                                                                 Қабылдаған: Ермаханова Т.

 

 

 

 

 

                                              

                                           Астана 2013


Информация о работе Екпе ағаштардың экологиялық рөлі