Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2014 в 13:00, творческая работа
ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫ, Украинадағы Чернобыль атом электр станциясында, 1986 ж. сәуір айында АЭС-тің
4-энергоблогында апат болды. Чернобыль апатының нәтижесінде Украинаның елеулі аумағы мен Ресейдің Брянск және Калуга облыстарының аумағы радиоактивтік ластануға ұшырап, адамдар өміріне қауіп төнді. АЭС-тен радиусы
30 км. жерде тұратын халық басқа жерлерге көшірілді.
Чернобыль апаты.
Чернобыль апатының зардабы:
а) Чернобыль апатынан кейін пайда болған аурулар.
б) Радиацияның әсерінен туындайтын геном тұрақсыздығы .
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер
Глоссарий.
Чернобыль апаты
Кафедра: Педагогика және
психология
Экология және тұрақты даму
Тақырыбы: Антропагендік факторлар әсерінен туындайтын
“экологиялық аурулар”
Тапсырма: Чернобыль
апатынан кейінгі ауруларға
анықтама жинап оны сипаттау
Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері
университеті
Алматы 2013
Жоспар
а) Чернобыль апатынан кейін пайда болған аурулар.
б) Радиацияның әсерінен туындайтын геном тұрақсыздығы .
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер
Глоссарий.
Чернобыль апаты
ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫ, Украинадағы
Чернобыль атом электр
4-энергоблогында апат
болды. Чернобыль апатының
30 км. жерде тұратын
халық басқа жерлерге
1986 жылдың қараша айына
дейін апатқа ұшыраған блок
залалсыздандырылып, оғашталды.
5 миллион халық зардап
шекті. Оның зардабы
Сәуірдің 27-сі 1997жылы Дүниежүзілік
денсаулық сақтау ұйымы
Чернобыль АЭС-індегі апаттан Еуропаның оннан аса мемлекетінің 145 мың шаршы шақырым жері радиоактивті заттармен ластанып, миллиондаған халық зардап шекті.
Радиацияның адам ағзасына әсері қандай?
Мамандардың айтуынша, радиоактивтік сәуле адамның денесіне ешбір кедергісіз ене береді. Ал одан қорғаныс амалы мен ағзадан шығарып тастау жолын ғылым мен медицина әзірге таппай келеді. Сондықтан адам өзінің сәулеленгенін сезбейді. Радиация қуаты денеге енгенде ет пен тері ауырмайды. Ондайда бүкіл дененің жасушаларындағы атомдар қозғалады да, биохимиялық процестер өзгереді. Оның соңы ағзаның тұтастай жүйесі бұзылуына, ішкі органдардың істен шыға бастауына апарып соғады.
Ми, жыныс бездері, аш
ішек, сілекейлі жерлер, тамыр жүйесі,
ағзаның эндокриндік мү
Радиоактивті сәулеленген адам өмір бойы түрлі жұқпалы аурулардан, қоздырғыш таяқшалардан қорғанып жүруге мәжбүр. Себебі иммундық жүйенің жасушалары тез қырыла бастайды. Ақыры ағза жұқпалы ауруларға қарсы тұра алмай қалады. Радиация іштегі шарана мен жаңа туған нәрестенің иммундық жүйесін жойып жібереді.
Ғалымдар адам ағзасы шамамен 10 триллион жасушадан тұратынын айтады. Ағза сәулеленгенде миллион жасушаның қалпы айнып, оның әрбірі қатерлі ісікке душар болады. Ондай жасушалар саны жылдам көбейе бастайды. Нәтижесінде ісікке бой алдырған жасушалар артып, оның соңы аты жаман ауруға алып барады.
Иммундық жүйе адам ағзасына сәуле өткенде ғана емес, өзге де себептерден зардап шеге береді. Күнделікті өмірде адам өте аз мөлшерде болса да сәулелеленеді екен. Радиоактивті сәуле денеге ғарыштан, табанымыздың астындағы жерден, радио, теледидардан, компьютерден, сондай-ақ өндіріс орындарынан енеді.
Радиацияның әсерінен туындайтын геном тұрақсыздығы (РӘТГТ) – сәулелендіруден өткен жасушалар ұрпақтардағы көптеген генетикалық өзгерістердің de novo туындауы. Радиацияның әсерінен туындайтын геном тұрақсыздығы бірнеше ұрпақтарға беріледі, сондай-ақ, бастапқы ұрпақтар жасушаларында байқалатын генетикалық өзгерістер сәулелендіруден өткен жасушаларда пайда болған өзгерістерден ерекшеленуі мүмкін. Осы күнге дейін есептеліп келген, сәулелендіру кезінде жасушада пайда болатын жасушалардың қырылуы, мутациялар, хромосомалық аберрациялар және ісіктердің тасымалдануы сияқты, ДНҚ-ның алғашқы құрылымының қайтымсыз зақымдалуының нәтижесі болып табылатын, иондаушы радиацияның ағзаға кері әсерінен пайда болатын осындай биологиядық өзгерістер нәтижесі болып саналатын. Бірақ бұған қарама-қарсы нәтижелер алынған, сәулелендіруден кейін тірі қалған жасушалардың бір бөлігі түрі өзгерген ұрпақ беруі мүмкін, бұдан бірнеше ұрпақтар бойы жиілігі жоғары хромосомалық аберрациялар мен гендік мутациялар пайда болуы мүмкін, кейбір жағдайда апоптоз жолымен жасушалардың көптеп қырылуына әкеліп соғады және т.б. Бұл кешеуілді радиация әсерінің байқалуы радиация әсерінен туындайтын геном тұрақсыздығы (РӘТГТ) деген атпен мәлім. Геном тұрақсыздығының ең негізгі туындыларының бірі болып, генотоксикалық агенттердің әсерінен пайда болатын цитогенетикалық өзгерістер болып табылады.
Радиацияның әсерінен туындайтын геном тұрақсыздығы
Чернобыль апатының зардартары
Видео
Катаракта
Катаракта (гр. katarrhaktes – сарқырама) – көз бұршағының бұлдырап, қарауытып, ағаруымен сипатталатын көз ауруы. Катаракта кезінде сәуленің көз бұршағына өтуі қиындайды, көздің көру қабілеті кемиді. Катарактаның пайда болуы әр түрлі жағдайларға (қарттық, жарақаттану әсерінен, әр түрлі аурулардың асқынуы салдарынан, тағы басқа) байланысты. Жаңа басталған Катарактаның алдын алу үшін дәрі-дәрмекпен емдейді. Көз бұршағының қарауытуы үдей түскен жағдайда хирургиялық әдіспен емдеу қажет. Операция жасағаннан кейін, бұршағы сылынған көз жарық сәулесін сау көздей сындыра алмайды, сондықтан көздің көруі біраз кемиді; көздің көруі көзілдірік кигеннен кейін немесе көзге жасанды бұршақ салу арқылы қалпына келеді. Катарактамен ауыратын адам майлы және тұзды тамақ жемей, витаминдерге бай тағамдарды жегені дұрыс.
Алдын алу
Жаңа басталған Катарактаның алдын алу үшін дәрі-дәрмекпен емдейді. Көз бұршағының қарауытуы үдей түскен жағдайда хирургиялық әдіспен емдеу қажет. Операция жасағаннан кейін, бұршағы сылынған көз жарық сәулесін сау көздей сындыра алмайды, сондықтан көздің көруі біраз кемиді; көздің көруі көзілдірік кигеннен кейін немесе көзге жасанды бұршақ салу арқылы қалпына келеді. Катарактамен ауыратын адам майлы және тұзды тамақ жемей, витаминдерге бай тағамдарды жегені дұрыс.
Анемия (гр. αναιμία, қан аздығы) ауырған адамның қаны «сұйылып» кетеді, бұл аурудың сипаты ағза қан деңгейін қалыпқа келтіріп үлгергенше қанның азайып немесе жойыла бастауымен байланысты айқындалады. Үлкен жарақаттар алғанда, аузы ашылып кеткен асқазан жарасы, іш сүзегі (дизентерия) негізіндегі қанның тоқтамауы адамды анемия ауруына шалдықтыруы мүмкін. Қанның қызыл түйіршіктерін жойып жіберетін безгек (малярия) ауруы да анемия дертін қоздырушы болып табылады. Күнделікті тамақ рационында темір құрамдас заттардың болмауы да осы ауруды қоздырып, ушықтыра түседі.
Анемия
Анемияны емдеу және одан сақтану шаралары
Құрамы темірге бай тағамдармен тамақтаныңыз. Ет, балық және тауық еті құрамында темір мөлшері көп. Көкбұршақ, асбұршақ, жасымық (чечевица), қанық жасыл жапырақты көкөністерде де темір бар. Сондай-ақ асты темір қазан, құтыларға пісіргеннің пайдасы зор. Организмнің темірді сіңіріп қабылдауы үшін негізгі тағамға қоса көкөніс пен жеміс-жидек жеген дұрыс, кофе мен шәйді тамақтанып болғаннан соң ішу керек.
Анемияның қалыпты және ауыр түрімен ауырғанда темір қоспалы дәрі-дәрмек қабылдау қажет (темір сульфаты таблеткалары). Бұны, әсіресе, анемиямен зардап шегетін жүкті әйелдер ішуі керек. Анемияның барлық түрінде де темір сульфаты таблеткалары бауыр экстракты мен В12 витаминіне қарағанда анағұрлым пайдалырақ. Темір қоспалы дәріні әдетте ектіру арқылы емес, таблетка түрінде қабылдайды, өйткені ине салғызу қанша дегенмен қауіпті және әсер ету күші жағынан да ішетін дәріден артықшылығы жоқ
Егер анемия іш сүзегі (іштен қан өту) салдарынан нематода жұққаннан, безгек зардабынан пайда болса, онда адамды анемиямен ауыруға себеп болған осы аурулардан емдеу керек.
Анемия ауыр формаға
ауысып, ем қонбаған жағдайда
уақыт оздырмай дәрігерге
Әйелдер арасында анемиямен ауыратындары көп. Мұндай сырқатпен ауырған әйелдерде түсік тастау және босанған кезде қатты қансырау қаупі зор. Әйелдердің темір қоспасы көп тағамдарды мүмкіндігінше көбірек ішіп-жегені дурыс, әсіресе жүкті кезінде дұрыс, жақсы тамақтануға мән бергендері жөн. Жүктіліктің арасына 2-3 жыл уақыт салу әйелге күш жинап, денсаулығын нығайтып алуға мүмкіндік туғызады.
Даун синдромы
21-жұп хромосомадағы генетикалық материалдың толық (трисомия есебінен) немесе жартылай (транслокация есебінен) қосымша көшірмелерінің болуымен сипатталатын хромосомалық патология. Даун синдромы адамдардан басқа, маймылдар мен тышқандарда анықталған. Трисомия Трисомия – қалыпты жағдайдағы жұп хромосоманың орнына үш гомологтық хромосоманың болуы. Даун синдромымен балаларды көбіне жасы келген әйелдер босанады. Мұның нақты себебі белгісіз, бірақ анасының жұмыртқа жасушаларының жасына байланысты деген болжам бар. Трисомия мейоз кезінде хромосомалардың ажырамауы себебінен болады. Қарама-қарсы жыныстың гаметалары бір-бірімен қосылғанда эмбрионда әдеттегі 46 хромосома орнына 47 хромосома түзіледі. 21-хромосома трисомиясы 95 % жағдайда Даун синдромының себепшісі болып табылады. 88 % жағдайда трисомия аналық гаметалар ажырамауынан, ал 8 % жағдайда аталық гаметалар ажырамауы себебінен болады.
Тұқым қуалайтын аурулар
8 0-90 жылдарда
Аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі,ол әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психикалық ауруларда кездеседі,бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып,бала дамуына кері әсерін тигізеді.Бұл жағдайды ерте балалық аутизм (БЕА) синдромы дейді.Ол болса психикалық даму зақымдалуының бір нұсқасы ретінде қарастырылады.Сонымен қатар бала бойында аутизмнің кейбір клиникалық көріністері байқалса оны аутистикалық тұлғалық қасиеттер деп атайды.Нақты симптом ретінде 2-3 жасқа қарай қалыптасуы мүмкін.
Ең алғаш
аутизм деген терминді 1912 жылы швейцар
психиатрі Э.Блэхер ұсынған.Аутизм ауруын
бірінші ашып зерттеген америка психиатрі
– Лео Каннер. Балалық аутизмі әр түрлі
болады және зиятпен сөйлеу дамуының деңгейлері
әр түрлі болады.Л.Каннер бойынша ерте
балалық шақтағы аутизм синдромы келесі
үш көрсеткішті біріктіреді:аутистикалық
уайымдар,стеротипі,үйреншікті,
Аутизм
АЭС апатының салдарын жоюшыларға арналған ескерткіш. Чернобыль қаласы, Украина. 19 сәуір 2010 жыл.
Бүгін адамзат тарихындағы
ең сұмдық техногендік
Видео
Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан мыңдаған біздің отандастарымыздың ерлігі мен жігері болмаса, апаттың ауқымы одан да үлкен болуы ықтимал еді. Олар өмірлерін, денсаулықтарын пида етіп, өз борыштарын орындады, адамдарды радиацияның зиянды әсерінен қорғады, радиацияның әрі қарай таралуына тосқауыл болды. Апаттың ізін суытпай жасалған және одан кейінгі жылдары жүзеге асырылған төтенше шығынды шараларға қарамастан Чернобыль атом электростанциясы әлі күнге дейін Еуропаның кіндігіндегі әлеуетті қауіп ошағы болып қалуда. Алдағы уақытта да жаңашыл технологиялар негізінде осынау қатерді барынша азайту ісі — баршаға ортақ мүдде болып қала береді. Зардап шеккен аймақтар экологиялық инфрақұрылымның құлдырауымен, еңбек ресурстарының сыртқа кетуімен, демографиялық жағдайлармен байланысты аса күрделі проблемаларды бастарынан кешіруде. Чернобыль атом электр стансасындағы апаттан кейінгі қоршаған ортаның ахуалы халықтың өмір сүруін де шектеп отыр. Әсіресе, зардап шеккен аумақтарда тұрып жатқандардың, апат салдарын жоюға қатысқандардың денсаулықтары ерекше алаңдатуда. Зардап шеккен аймақтарды тұрақты дамыту және нақты экономикалық өркендету сияқты басты мақсаттар жаңа жобаларды, ғылыми негізделген шешімдерді, ауқымды материалдық шығындарды қажет етеді. Чернобыль апаты салдарының ауыр екендігін, оның әлі көптеген ұрпаққа әсер ететіндігін ұға отырып, апат салдарынан қаза болғандарға және денсаулықтарын жоғалтқандарға құрмет көрсете отырып, біз, яғни барша адамзат баласы апат салдарын барынша азайту үшін бар күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер
Глоссарий
Анемия (гр. αναιμία, қан аздығы) ауырған адамның қаны «сұйылып» кетеді, бұл аурудың сипаты ағза қан деңгейін қалыпқа келтіріп үлгергенше қанның азайып немесе жойыла бастауымен байланысты айқындалады.
Антропогендік ластану — адамның шаруашылық іс-әрекеті салдарынан болатын ластану; мұндайда табиғи ластанудың құрамы мен қарқындылығына оның тікелей де, жанама да ықпалы қосылады.
Радиацияның әсерінен туындайтын геном тұрақсыздығы (РӘТГТ) – сәулелендіруден өткен жасушалар ұрпақтардағы көптеген генетикалық өзгерістердің de novo туындауы. Геном(ағылшынша genome, грекше genos — шығу, тек) — хромосомалардың гаплоидты (сыңар) жиынтығында шоғырланған гендердің бірлестігі.