Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 20:45, реферат
Эволюциялық ілім – тірі организмдердің эволюциялық дамуының себептері мен қозғаушы күштері, олардың механизмдері және жалпы заңдылықтары туралы ілім. Эволюциялық ілім биология ғылымының барлық салаларының жетістіктерін қорытындылай отырып, оның теориясы негізі болып саналады. Эволюциялық ілімнің дүниетанымдық көзқарастарды қалыптастырудағы маңызы зор.
1. Эволюциялық ілімнің дамуы, Дарвинге дейінгі кезең
2. Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы
3. Дарвиннің өзгергіштік формалары, заңдылықтары және себептері жайлы көзқарастары.
4. Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігін дәлелдеу
Коррелиятивтік немесе арақатынастық өзгергіштік дегеніміз –белгілі органның өзгеруімен байланысты басқа оргондардың өзгеруі. Кювье бұл коррелияциялар бастан бар, оны құдай жаратқан деп түсіндірген еді. Дарвин корреляция организмдердің тіршілік процесінде пайда болады, сол себепті бір оргондағы өзгеріс екінші оргонда өзгеріс тудырады деп дәлелдеді.
Коррелятивтік өзгеріс оргондардың құрылысында да және олардың функцияларында да байқалады. Шалшық су құстарының көбінде ұзын мойын мен ұзын сирақ арасында корреляция бар екендігін көреміз, яғни ұзын мойынды түрлердің аяқтары да ұзын болып келеді.
Компенсациялық өзгергіштіктің мәнісі бір оргондардың және олардың функцияларының дамуы басқа бір оргондарды тежеп, олардың жетілмей қалуына және редукциялануына себеп болады. Бұны тепе –теңдік принцпі (копенсация) деп атап, Жоффруа Сент –Илер осы заңдылық туралы жазған болатын. Компенсацияялық өзгергіштікке байланыысты екі белгілерде де кері коррелияця болады. Мысалы бір сортқа жататын копусталар әрі май жапырақты әрі көп тұқымды бола алмайды. Сиырды өте семірту мен қатар сүтті май беретіндей етуге жеткізу қиын.
Табиғи сұрыптау процесін зерттеу арқылы Дарвин түрлер тегінің монофилиялық теориясын құрды, оның мәнісі - өсімдіктердің немесе жануарлардың әрбір ірі тобы бір негізден таралған деп тану. Үй жануарларының тұқымдарын зерттеу, оларды қолда асырай бастағаннан бері едәуір іріленгендерін және бұл өзгерістер ұзақ уақыт бойы тұқым қуалай алатыындығын көрсетті.
Тұқым қуалаушылық организмнің өзгергіштік қабілеті сияқты, барлық оргаанизмдерге тән ортақ қасиет. Бұл ата тегінің белгілері, ұрпақтан- ұрпаққа берілу және сақталу қасиеті болып табылады. Тұқым қуалаушылық жынысты және вегетативтік көбеюде болады.
Қазіргі үй жануарларының барлық тұқымдары және мәдени өсімдіктердің барлық сорттары адам баласының творчестволық іс-әрекеттерімен, осы мақсатта ерекше әдіс қолдан сұрыптау әдісін қолдануының нәтижесінде пайда болады.
Белгілердің дивергенциясы – қолдан сұрыптаудың нәтижесі. Қолдан сұрыптау немесе табиғи сұрыптау нәтижесінде ата-тегі ортақ организмнің белгіілерінде айырмашылықтың пайда болуы дивергенция делінеді.
Әр бағытта жүргізілген методикалық сұрыптау белгілердің дивергенциясын тудыратындығы Дарвиннің кептерлер туралы берген мысалынан жақсы көрінеді.
Жануарлар тұқымдарының ерекшеліктері қорек және жаттығу жағдайларымен байланысты белгілі бағыттарды сұрыптау арқылы қалыптасты. Бұған тауық тұқымдарын шығару процесі дәлел болады. Тауықтың қазіргі тұқымдарының шыққан ата тегі жабайы банкив тауығы.
Оның мекен ететін ареалы солтүстік Индия, Молокко, Үнді-Қытай, Филиппин аралдары және Малай архипелагы. Ол ормандарда мекендейді; бұталардың астына топырақтан және бұтақтардан ұя жасап, 4-13 жұмыртқа салады. Банкив тауығы ықшам денелі (500-1250г) түсі өте құбылмалы ормандық құс, қолға тез үйренеді. Солтүстік Индияда осыдан 5000жыл бұрын асыранды тауықтар болған.
Селекцияның негізгі бес бағытына сәйкес қазіргі тауықтардың барлық тұқымдары мен топтарға бөлінеді; 1) таласқыш, 2) сәндік, 3) етті, 4) жұмыртқалағыш және 5) жалпы пайдалы.
Белгілер конвергенциясы – қолдан сұрыптаудың нәтижесі. Қолдан сұрыптаудың негізгі салдары бір жағынан дивергенция болса, ал бір қатар жағдайы оған қарама - қарсы нәтижеге соқтырады, яғни белгілер конвергенциясын ( жақындасуын) пайда етеді. Конвергенция – қолдан сұрыптаудың не табиғи сұрыптаудың нәтижесінде ата-тегі әр түрлі организмдерге ұқсас белгілер пайда болуы.
Жануарлар мен өсімдіктердің табиғи жағдайындағы өзгерткіштігі. Үй формаларындағыдай өте анық көріністі болмаса да, табиғи жағдайларда да организмдер емделу өзгерткіштер бар екендігі байқалды. Тірі организімнің кез –келген ұрпағындағы әрбір особында басқа особьтарынан біраз айырмасы болады. Осы жеке айырмашылықтардың өте үлкен мәні бар себебі олар көбіне тұқым қуалауды және бұл ұрпақтардан бірте –бірте жинақталып қорғалуы да мүмкін. Бұларда Дарвин тұсында “түрше” деген неғайбыл ат беріледі.
Тіршілік үшін күрес . Сөйтіп барлық
тірі организмдерде белгілі
Бірақ еш уақытта табиғатта
геометриялық прогресті көбею
болмайды . Шынында әр қашанда
организмдер шексіз көп ұрпақ
береді ал олардың тірі қанатында
аз болады . Бұл термиді Дарвин
кең, метаформалары түрде қолданады
‘тіршілік үшін күрес’ ол
дамып келе жатқан
Дарвин бірге мекендеуші организмдердің арасындағы қарым-қатынастың күрделілігі жайында көптеген мысалдар келтіреді.Өсімдіктердің өскіндерін әр түрлі жануарлар көптеп құртып отырады. Дарвиннің есебінше 0,5м 2 көлеміндегі жерде пайда болған 357 өскіннің 295-ін молюскалар мен насекомдар жойып жіберген .
Көптеген жағдайларда органикалық баспалдақтарда бір-бірінен алшақ жатқан өсімдіктер мен жануарлар бір-бірімен өзара тығыз жүйелі байланысқан қарым-қатынаста болады. Бұған ара тозаңдататын, қызыл жоңышқа мысал бола алады.Аралардың саны олардың ұяларын және балауызын талқандап, балын жеп кететін дала тышқандар санына бірсыпыра байланысты. Ньюманның мәліметі бойынша Англияда осындай себеппен түкті аралардың 2/3 қырылып кеткен. Ал тышқандар саны өзінің кезегімен мысықтар санына байланысты өзгереді. Сөйтіп, мұнда ұзын тізбек пайда болып, сол тізбектің барлық буыны белгілі дәрежеде бір-бірімен байланыста болады. Дамып келе жатқан организмдердің қоршаған ортасымен қарым-қатынасын талдай келгенде әрбір түрге , оның тіршілігінің әр кезеңде әсер етуші алуан түрлі кедергілердің ықпалы тиеді деген жалппы қорытынды шығады.
Табиғи сұрыптаудың мәнісі . Табиғи
сұрыптау жайында ілім –
Бұл процесс организмдермен оны
қоршап тұрған орта
Элиминация
ортаның әр түрлі факторына
байланысты . Табиғатта мұндай процесс
болатынына бақылау факторлары
дәлел болады. Осы кезде
құстарда болатын элиминация
себептері біршама толық
Бұл жөнінде бірқатар қызғылықты мынадай бақылаулар бар: топ құсқа жыртқыштар шабуыл жасағанда , ең алдымен олардың ішінен қандай да бір кемістігі бар құстар қолға түсіп жем болады. Швециядағы бақылаулар бойынша қырғи 50 шамалы бір топ торғайлардың ішінен бір көзі соқыр торғайды соқыр жағынан келіп ұстап алған.
Қолдан сұрыптау мен табиғи сұрыптау әрекетіндегі ұқсастық пен айырмашылықтар. Табиғи сұрыптаудың мәнісі қолдан сұрыптаумен салыстырғанда ғана өте айқын білінеді. Бұл екі процестегі ұқсастық олардың әрекеттерінің нәтижесінде жаңа органикалық формалар пайда болады:қолдан сұрыптау кезінде сорттар мен тұқымдар, ал табиғи сұрыптауда – түрлер түзіледі
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлигі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Филология факультеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Дарвиннің эволюциялық теориясы
Тексерген: Саматқызы И.
Астана 2014