Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2013 в 19:46, реферат
Биосфера ұғымы - ғылымға кездейсоқ берілген. 100 жылдан астам уақыт бұрын, 1875 ж Австриялық биолог Эдуард өзінің Альпі тауларының шығу тарихы туралы кітабының ең жалпылама тарауында жер шарының әр түрлі қабаттарының жолында баяндаған кезде осы терминді алғаш рет қолданды. Бірақ бұл үстіртін айтылған сөз ғылыми ойдың дамуында айтарлықтай роль атқара алған жоқ. 1926 жылы орыс минералогы Вернадскийдің екінші лекциясы жарыққа шықты. Сол лекцияда ол Зюзстың еңбегінен кейін 50 жылдан соң біз осы күнге шейін мойындап жүрген биосфера концепциясын тұжырымдады. Биосфера ретінде Вернадский жер қыртысының бүкіл геологиялық тарихы бойында тірі организмдер әсеріне ұшыраған барлық қабаттарды түсіндірді.
І. Биосфера ұғымы. II. Биосфераның құрылысы.
2.1. Атмосфера.
2.2. Гидросфера.
2.3. Литосфера.
ІIІ. Биосфераның пайда болуы.
3.1. Биосферадағы тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар. ІV. Биосфераның ерекшеліктері. V. Биосферадағы алғашқы шегіністер. VI. Пайдаланған әдебиеттер.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Педагогика және психология кафедрасы
5В010300 ТОП-113
Тақырыбы: Биосфераның құрылысы мен қызметі.
Тексерген: Жанетов Б.Ж.
Жоспар:
І. Биосфера ұғымы.
2.1. Атмосфера.
2.2. Гидросфера.
2.3. Литосфера.
ІIІ. Биосфераның пайда болуы.
3.1. Биосферадағы тіршіліктің
пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар. ІV. Биосфераның ерекшеліктері.
І. Биосфера ұғымы.
Биосфера
ұғымы - ғылымға кездейсоқ берілген. 100
жылдан астам уақыт бұрын, 1875 ж Австриялық
биолог Эдуард өзінің Альпі тауларының
шығу тарихы туралы кітабының ең жалпылама
тарауында жер шарының әр түрлі қабаттарының
жолында баяндаған кезде осы терминді
алғаш рет қолданды. Бірақ бұл үстіртін
айтылған сөз ғылыми ойдың дамуында айтарлықтай
роль атқара алған жоқ. 1926 жылы орыс минералогы
Вернадскийдің екінші лекциясы жарыққа
шықты. Сол лекцияда ол Зюзстың еңбегінен
кейін 50 жылдан соң біз осы күнге шейін
мойындап жүрген биосфера концепциясын
тұжырымдады. Биосфера ретінде Вернадский
жер қыртысының бүкіл геологиялық тарихы
бойында тірі организмдер әсеріне ұшыраған
барлық қабаттарды түсіндірді.
Соңғы жылдары көптеген
ғалымдардың (Д.Ж. Катин және т.б.) биосфера
жер бетінің қазіргі кездегі организмдердің
тіршілігінің ықпалындағы бөлігі ретінде
қарастырылып, биосфера ұғымын таратып
жүр. Көптеген ғылыми терминдер әртүрлі
жағдайлар бірде кеңірек, бірде тарылу
мағынасында қолданып жүр.
Айнала қоршаған орта өлі атмосфераның
реттелуінсіз өмір сүре алмайды. Себебі
ол айнала қоршаған ортаға терең экологиялық
және биологиялық өзгерістер енгізді.
Жер бетінде мекендейтін өмір сүру ортасымен
қоса отырып, өзгеше қабатты биосфера
құрайды. Вернадский биосфера тіршілігі
үрдісін жан-жақты зерттей келе, биохимиялық
элементтердің бір тобын тірі ағзаларға,
екіншісін биогенді заттарға, үшіншісін
биоталар сирек кездеседі деп бірнеше
категорияларға бөлген. Биогенді заттарға
күкірт, сутегі, оттегі, азот және фтор
жатады. Ол тірі биохимик бір жағынан минеролог
болып табылады.
Биосферадағы
барлық тіршіліктің қозғаушы күші – күн
сәулесі. Вернадский биосфераны зат немесе
энергия айналуының тұрақты өсіп-дамуының
үрдісі адамзат баласының ролін ерекше
көңіл аударған. Вернадскийдің дәлелдеуінше,
адамзат баласы теңдесі жоқ уақытты биосфера
қуатты күш. Академик Вернадскийдің өзінің
1940 жылы жазған еңбегінде: «Болашақта
планетаның дамуына тіршілік адамзат
баласының ақыл-ойымен парасатына байланысты
өсіп-дамуы және тәуелді болуы. Ең бастысы
– адамзат баласының саналы ақыл-ойы нәтижесіне
байланысты болуының тағдыры шешіледі»
- деп айтқан. Шынына келетін болсақ, қазір
де биосфераның тағдыр-тұрақтылығы әрбір
адамзат баласының қорлында. Ол ешбір
дәйектік сөзді қажет етпейтін ұлы қағида.
II. Биосфера құрылысы.
Грекше «bios» - өмір және
тіршілік, «сфера» - шар деген мағынаны
білдіреді. Яғни қоршаған орта деген сөзден
алынған. Өсімдіктердің және басқа да
тіршілік ететін ортасы деген мағынаны
береді. Бұл терминді алған рет австиялық
атақты геолог 1875 жылы Э. Зюс ғылымға енгізді.Биосфера – ерекше биос - өмір
және тіршілік, «Sphaira» (сфера) шар, қоршаған
орта деген сөздерінен алынған, яғни жер
шарындағы адамзаттың жан-жануарлардың,
өсімдіктердің және басқа тірі организмдердің
тіршілік ететін ортасы деген мағына береді.
Осы ілім бойынша,
биосфера +50 %-дан – 50 % -ға дейін температурасы
болатын термодинамикалық қабат болып
саналады.Биосфера негізінен үш қабаттан
құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі),
гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.
2.1. Атмосфера.
Атмосфера жер шарын түгелден
орап тұрады. Ол гректің «atmos» - бу, «sphairi»
(сфера) сөзінен шыққан. Оның қалыңдығы
100 км-ге дейін жетеді. Атмосфераның негізгі
құрамында оттегі (20,95 %), яғни 1,5 * 1015 тонна
аргон (1,28 %), азот (75,50 %), яғни 3,8 * 1012 тонна
және басқадай газдар кездеседі. Атмосфера
негізінен – тропосфера, стротосфера
және иопосфера қабаттары болып үшке бөлінеді.
Тропосфера – грекше «tropos»
(тропос) – бұрылысы, «sphaira» (сфера) – шар.
Өзгермелі қабат деген мағына береді.
Жер бетіне тікелей жайласқан төменгі
тығыз қабаты. Орташа биіктігі 10 * 12 км-ге
жетеді.
Стротосфера – латынша «stratum»
- төсем, тағы сондай сияқты теңіз деңгейінен
9-11 км жоғары жататын атмосфера қабаты.
Иопосфера – гректің «ion» - қозғалғыш
қабат деген сөзінен алынған. Қалыңдығы
800 км-ге жетеді.
2.2. Гидросфера.
Гидросфера – табиғи су қоймаларынан
(мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден,
өзендерден) құралады. Бұл құрлықтың 70
% алып жатыр. Гидросфераның көлемі 400 млн
шаршы км.
2.3. Литосфера.
Литосфера – жердің
қатты қабаты. Ол екі қабаттан құралған.
Үстіңгі қабаты граниттен, оның қалыңдығы
10 км-ден 40 км-ге дейін жетеді. Ал астыңғысы
базольттан тұрады. Қалыңдығы 30-80 км. Жоғарыда
айтылғандай минералды қабаттардан басқа,
жерді ерекше тағы бір қабат – биосфера
қоршап тұрады. Ол тірі органимдер тараған
аймақтардың бәрін қамтиды. Биосфераның
пайда болуымен бірге, жер бетінде тірі
организмдер өсіп-өніп, сыртқы қоршаған
ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасады.
Биосфера теңіз деңгейінен бастап, тау
жоталарының шыңдарына дейін бүкіл құрғақ
жерді алып жатыр.
Атмосферадағы биосфераның
жоғары шегі 20 км биіктікке дейін жетеді.
Онда микробтардың споралары (өршігіш
тұқымы) кездеседі. Бактериялар атмосфералардың
азон қабатында да өсіп-өнеді. Биосферада
мол кездесетін микроорганизмдер жер
бетінен 50-70 метрге дейінгі биіктікке
ғана тарайды.
Литосферадағы биосфераның
төменгі шегі 2000 – 3000 м-ге дейін тереңдікке
жетеді. Олар онаэробта бактериялар. Гидросферадағы
биосфераның шегі 11 км-ге дейінгі тереңдікке
жетеді. Теңіз жануарлары және өсімдіктері
(қызыл, жасыл, қоңыр балдырлар) үшін су
өте қолайлы орта. Таза, мөлдір болғандықтан
күн сәулесі оның 200 метр тереңдігіне дейін
тарайды. Бұдан кейінгі судың қабаттарын
мәңгілік қараңғылық басып тұрады. Мұндай
қабаттарда да тіршілік ететін организмдер
болады.
III. Биосфераның пайда
болуы.
Биосфера бірден
пайда болған жоқ. Ол өте көне заманнан
бері қарай күні бүгінге дейін біртіндеп
дамып келеді. Биосфераның ертеден бері
қарай құралып келе жатқанын дәлелдейтін
палеонтологиялық материалдар қарапайым
тірі организмдердің қалдықтары жер қыртысының
әрбір қабаттарынан табылады. Осы қабаттарға
сүйене отырып, ғалымдар биосфераның негізгі
пайда болу жолдарын аықтады.
Биосфераның
ең бірінші заманы Архей деп аталады. Бұл
кезде биосфера қандай жағдайда дамығаны
және қандай тірі организмдер болғаны
туралы ешқандай деректер жоқ.
Протерозой
эрасы – биосфераның екінші дәуірі боп
есептеледі. Бұл заман 700 млн жыл бойына
созылған. Протерозойда тірі организмнің
қарапайым түрлері тіршілік еткен. Олардың
сол дәуірд тасқа жабысқан қалдықтары
әртүрлі тау жыныстарынан қазіргі кезде
де байқалады.
Биосфераның
Палеозой эрасы немесе ертедегі тіршілік
кезеңі. Бұл дәуір шамамен алғанда бұдан
570 млн жыл бұрын басталып, 300 млн жылға
созылған. Бұл эра кембрий, ордовик, силур,
девон, карбон және пермь дәуірлері болып
бірнешеге бөлінеді.
Кембрий дәуірінде
барлық өсімдіктер теңіз суларына өскен.
Олар көк жасыл балдырлар болатын.
Силур кезеңінде
өсімдіктер құрлыққа біртіндеп шыға бастап,
дами түсті.
Девонның аяқ
кезінде бұлардан басқа қырықбуындылар,
плаундар және папоротниктер қаулап өсе
бастады. Өсімдіктер құрлыққа шыққаннан
кейін фотосинтездің ықпалымен атмосфералық
ауаның химиялық құрамы өзгеріп, құрлық
жануарларының дамуына жағдай туды, өйткені
фотосинтез процесі арқылы ауада оттегі
көбейе түсті.
Тас көмір дәуірі
(карбон) жылы және ылғалды болды. Мұның
өзі құрлық өсімдіктерінің қаулап өсуіне
мүмкіншілік жасады. Әсіресе сәнді орман
ағаштарының көлемі үлкен аймақтарды
қамтыды. Бұл дәуірдегі өсімдіктер негізінен
плаундар, қырықбуындар және папоротниктер
болды. Бұлар псилофиттен таралып, тас
көмір дәуірінің басында солардың орнын
түгелімен басты.
Пермь дәуірінің бас кезіндегі
өсімдіктерде тас көмір дәуіріндегі өсімдіктерге
ұқсас көптеген белгілер болды. Бірақ
пермь дәуірінің ортасында жер бетіндегі
өсімдіктерге кенет өзгеріс кірді. Ағаш
тәрізді плаундар, каламиттер, папоротниктер
мүлдем жойылып кетті. Бұлардың орнына
жалаңаш тұқымды өсімдіктердің тұқымынан
өсіп шыққан қылқандылар, цикада тәрізділер
және шикгалар өсе бастады.
Мезозой эрасы
немесе орта тіршілік кезеңі бұдан 135 млн
жыл бұрын басталып, 115 млн жылдан астам
уақытқа дейін созылған. Үш дәуірге бөледі:
триас, юра, бор.
Триаста тау
құрылу процестері баяуланды. Бұл эраның
құрлық өсімдіктері біркелкі болды.
Юра дәуірі
жылы болды. Теңіз жағалауларындағы ормандарда
папоротник, қырықбуындылар,жалаңаш тұқымдылар
– гинасомер, қылқан жапырақтылар қаулап
өсіп, дами түсті.
Мезозой эрасындағы,
әсіресе соңғы кезінде – бор дәуіоінде,
қазіргі флора қалыптасыдан бұрын, жер
бетіндегі органикалық тіршілікке үлкен
өзгеріс енді. Осы кезде теңіз сулары азайып,
құрғақ жерлер көбейе бастады. Бор дәуірінің
аяғында Шығыс Азия мен Америкадағы Анд
аймақтары жоғары көтеріле түсті. Бор
дәуірінде климат кенет өзгеріп кеткен.
Профессор М.И. Голенкин бұл өзгеріс жерге
түсетін күн сәулесінің интенсивті болуымен
байланысты деп жорамалдайды.
Ауа райының бір мезгілде кенет
өзгеруі өсімдіктер эволюциясында жаңа
ароморфоз пайда болуына себеп болды.
Бұларда көптеген жаңа прогрессивті белгілер
жетіле түсті. Мәселен, аналықтың, сондай-ақ
жеміс дамитын жотынның болуы, қосарлы
ұрықтану, гүлдің пайда болуы және тағы
басқа.
Кайназой эрасы бұдан 70 млн
жыл бұрын басталған. Осы уақыттан бері
барлық эралар бойынша қазіргі кезден
флораның қалыптасу процесі жүрді. Кайнозой
эрасы екі дәуірге бөлінеді. Ол үштік және
төрттік кезеңдер.
Үштік дәуірде
тау құрылу процесі дами түсті. Жер бетіндегі
ең биік Альпы-Гималай таулары пайда болды.
Осы кезде Қара теңіз бен Жер Орта теңіздері
оқшауланып өз алдына бөлініп қалған.
Төрттік дәуір
жер бетінде тіршілік дамуының ақырғы
және ең қысқа дәуірі болып саналады. Ұзақтығы
1 млн жылдай ғана болды. Бұл дәуірге тән
жағдай – сол суық кезеңдер және мұз дәуірі
жылы ылғалды ауа райымен алмасып отырғаны
байқалады. Өйткені өсімдік әлемі мен
жер қыртысының даму процесі біркелкі
емес. Мұздар жер бетін басқан кезде жылылықты
сүйетін өсімдіктер оңтүстікке қарай
ығысып кетті. Бірте-бірте ауа райы жылынып,
өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдайлар
туды.
3.1. Биосферадағы
тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі
көзқарастар.
Тірі организмнің
анорганикалық материядан пайда болуы
жайында тікелей экспериментті түрде
алынған материал болмағандықтан мұны
шешу ғалымдарға оңай түскен жоқ. Идеалистер
ең алдымен діни ұғымдарды таратуға ұмтылды.
Тірі организмдер құдайдың құдіретімен
пайда болды деген терминді ұсынды. Өсімдіктерді,
жан-жануарларды, адамдарды өлі инертті
заттардан қазіргі біздің көріп жүргеніміздей
толық бейнелі түрінде құдай жаратты деп
соқты. Грек оқымыстысы Аристотель де
тірі организм өзінен-өзі кенеттен пайда
болады дегеннен саяды. Адамзат құрттар,
молюскалар немесе шіріген заттардан
пайда болды деп түсіндірді. Бірақ Франческо
Редидің жүргізген зерттеу жұмыстары,
тірі организм өзінен-өзі кенеттен пайда
болды деген ұғымды жоққа шығарды. Ол жас
етті алып, оны стаканға салып, бетін дәкемен
жауып қойды. Ешбір тірі заттың пайда болғаны
болмайтынын дәлелдеп шықты.
Луи Пастер
бактериялардың өршитін тұқымынан микроорганиздер
дамитынын бірден білді. Сонымен тірі
организм ешқашан да өзінен-өзі дамымайтыны
белгілі болды.
Ф. Энгельс:
«Табиғат диалектикасында» материалистік
тұрғыдан тіршіліктің пайда болуының
жалпы сипатын берді. Материал еш уақытта
да тыныштық қалыпта болайтынын, ол үнемі
қозғалыста болып, дамып отыратынын айтты.
Материя өзінң дамуында әр уақытта жаңа
күрделі түрге көшеді деп қорытынды жасады
ол.
ІV. Биосфераның ерекшеліктері.
Биосфера
– жер шарының осы бір айрықша қабығына
қарай ерекшеліктерге тән:
1. Биосферада сұйық күйдегі судың мөлшері
айтарлықтай көп.
2. Оған күн энергиясы тасқыны ықпал етеді.
3. Биосфера сұйық, қатты және газ күйіндегі
заттардың бөліну беттерінің болуы тән.
Жердегі энергия көзі
күн болғандықтан күллі тірі организмнің
жердің екінші қабығы литосфера мен гидросфераның
жоғарғы қабатында таралған. Жер қабатының
қай-қайсысы болмасын күн сәулесінің неғұрлым
жақсырақ өтіп, соғұрлым тірі организмдердің
олардың тереңірек қоныстары деуге болады.
Бірақ биосфера жарық беретін жерлермен
шектелмейді. Ауырлық күші арқылы энегия
ағыны одан да әрі таралады. Жарықтанған
қабат теңіз түбіне түйіршікті өлі және
тірі организмдердің үздіксіз түсіп жатуы
жатады.
Литосфераға тірі организмдер болмашы
тереңдікте ғана енеді. Олардың негізгі
бөлігі топырақтың жоғарғы қалыңдығы
ондаған см қабатында шоғырланған. Тек
бінен-сараңдары ғана неше иетрге немесе
ондаған жер қыртысындағы жарықтар құдықтардың,
шахталардың бұрғылау скважиналардың
бойымен жануарлар мен бактериялар әлдеқайда
көбірек 2,5-3 км дейінгі тереңдікте жетуі
мүмкін. Көбіне терең жер астында жататын
мұнайдың ерекше өзіне тән бактериялар
флорасы бар. Жарық болмаған жасыл өсімдіктер
литосфераның терең қабаттарына ене алмайды.
Тереңде жануарлар азық таба алмайды.
Сондай ақ литосфераны құраушы тау жыныстарының
механикалық қасиеттеріде олар да тіршіліктің
таралуына бөгет болады. Ақыр аяғында
жер қойнауына тереңдеген сайын температура
жоғарылап 3 км тереңдікте ол 1000С – дейін
жетеді. Демек жер бетінен 3 км астам тереңдікте
тірі организм күнелте алмайды.
Тірі организмдер литосфераның
бетінен атмосфера төменгі бірнеше см-ден
бірнеше метрге дейінгі биіктіктегі қабаттарға
таралады. Ал өсімдіктер өзінің жасыл
бөлік бастарын кейде ондаған метрге көтереді
насекомдар, жарғанаттар құстар атмосфераға
100деген метр тереңдеп енеді. Жоғары өрлеген
ауа ағындары жануарлар мен өсімдіктердің
дамылдаушы бірнеше шақырым биіктікке
көтерілуі мүмкін. Бірақ бүкіл тіршілік
ауада өтетін, яғни негізгі тіршілік ету
ортасы ретінде пайдалы өзгерістер әзірге
белгісіз.
Атмосфера мен литосферада
емес гидросфераның ең биік қабаттарына
дейін тіршілікке толы. Ғалымдардың зерттеуінше
құралдырға жете алған жерлердің барлығы
тірі организмдер болып табылады. Бұдан
организмдер таралуы үшін сұйық күйдегі
су жарықтан гөрі маңызды шектеуші фактор
болып табылады. Айталық әлемнің ең ыстық
шөлдері формальды түрлері биосферадан
тысқары жатыр. Бірақ іс жүзінде оларды
өзара биостарын аймақтар деп санауға
болады. Себебі ол жердегі тіршілік ағзаларында
бар. Мысалы, олар өсімдіктердің қалдықтарымен
қоректенеді. Насекомдар метоболизм нәтижесінде
пайда болған судың қанағат етуі.
Биосфераның әуеге қарай
өрістенуіне негізі сұйық күйдегі судың
тапшылығымен көмірқышқыл газдың фрациалық
қысымының төмендеуі шектейді. Таулы жерлерде
хлорофильді 6200 м жоғарғы биіктікте кейбір
жануарлар мысалы, өрмекшілер кездеседі.
Өрмекшілер айырқұйрықтылармен қоректенеді.
Ал олар өз кезеңінде жел ұшырып әкелген.
Өсімдіктер тозаңдануының түйіршіктермен
қанағаттанады. Биосфера биік таулы бөлігін
шөл аймақ – экологиялық аймақ деп атайды.
Биосфераның шектеуші
факторлары сұйық күйдегі с умен күн сәулесі
болса, тіршілік оптимумының орталардың
жанасу беттеріне сәйкес келеді. Фотосинтез
бойынша жүргізілген зерттеулер көп жағдайда
организмдер зат шығымын ең көп беретін
3 ортаны – қатты, сұйық және газды ортаны
бірдей пайдаланады. Апатты өсімдіктер
екенін көрсетті. Мысал ретінде кәдімгі
қамысты алуға болады. Оның суды соруын
сұйықтықтың су табылады. Тұрақты қысымды
жеңілдетеді. Тіршілік ұшін қажетті СО2
газын қамыс көздері сіңіруші беттер арқылы
өту жылдамдығы ең жоғары баратын газ
күйіндегі ортадан алады. О2-де судан алғаннан
гөрі ауадан алған оңай. Ақырында қалған
барлық элементтер шөгінді капилярлық
суындағы ерітінділерден сорып алу жеңілдеу
болады.
Биосфераның бастапқы өнімін анықтағаны
үшін көптеген әрекеттер жасалған. Жердің
орасан зор аймақтағы су және қоректік
заттар сияқты шектеуші факторлар салдарынан
өнімдер төмен алқаптар категориясына
жатады. Құрлықта ауданы бүкіл планета
бетінің 4/1 бөлігінің құрағанымен құрлықтар
өнімдері жалаудағы мұхит асты түседі.
Себебі мұхит суларының басым бөлігі шөлді
әлемдік мұхиттың әртүрлі аудандарының
бастапқы өнім мөлшері елеулі айырмашылықтар
бар. Солардың ішінде ең өнімдісі тропикалық
ормандардан кем түспейтін маржан рельефтері
мұхиттың ашық аймақтары өнімдері. Афвери
аймақтарымен жағдайы жақын аудандарға
ұарағанда, төмен және өнімдері шамалас.
Тірі аймақтар орташа өнімдер берілген
бағаларды талдау 100 м-ге дейін 200-ден 20
мыңға дейінгі аралығында өзгермейтін,
ал жердің жылдық жалпы өнімі 10 калонияға
жуық екенін көрсетеді. Биосфераның одан
әрі сақтануы үшін химиялық элементтер
айналуы тоқталмауы тиіс. Бұл процесте
жылу әртүрлі болуы тиіс. Бастапқы шығу
тегі атмосфераға көміртегі қосып организм,
яғни организм өзінің үзілу циклін ондаған
жыл ішінде аяқтайды.
V. Биосферадағы алғашқы
шегіністер.
Тіршіліктің биосферада
пайда болғанына ғалымдардың есебі бойынша
5-6 миллиардтай жыл өтті. Ұзақ созылған
бұл жылдар ішінде бір клеткалы қарапайым
организмдерден құрылысы да, түр өзгешілігі
де сан алуан өсімдіктер мен жануарлардың
таңғажайып түрлері пайда болды.
Биосфера тармақ жайған тіршілік
атырабына қожа болғандықтан иені жаратуға
асыққан жоқ. Ақыры ол да пайда болды. Оның
пайда болғанынан 1,5 млн жыл уақыт өтті.
Бұл кезде оның үлесіне биосфера жануар
әлемінің 4 миллионынан астам, өсімдіктердің
500 мыңнан астам түрлерін сый еткен.
Биосферада тіршілік
пайда болғаннан бері қалыптасқан соншама
бай түр иелерінің бәріне ортақ заң ережелері
тым қатал еді.
Адам өз биосферасына
сай қоғам құра бастағанына 10 мың жылдай
ғана темір мен пайдалы қазбалардың пайдалана
бастағанына 4-5 мың жыл өтті. Биосфераның
шексіз емес, шар тәріздес екенінің дәлелдегенінен
5 ғасыр, биосфералық өзгертуге техникалық
құралдардың пайдалана бастағанына 3-4
ғасырдай, реактивті двигательді игергеніне
40-50 жылдай уақыт, ол биосфераның планетасының
көлемін алыстан алақанға салып қарағанда
үлкен емес екендігі байқалды. Мұндай
құбылысты тек 1958 жылдан бері қарай біле
бастады. Бірінші рет жер бетінен ұзап
шыққан адамзат баласы бірінші рет Гагарин
Космоста «Біздің жеріміз қандай әсем»
- деп айқайлады. Әрине алыстан сұлу көрінген
жеріміз өз ортасында тым көркем. Бірақ
оның алғашқы көркі қайда ығысып барады?
Біздің өз қолымыздан өсірген ағаштар
мен мал түліктер, тас үйлер мен техникалық
алыптары қоршағанда біз бұрынғыдай боламыз
ба?
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Ж.Ж.
Жатқанбаев .«Экология негіздері». Алматы
2003 ж.
2. В.И.
Вернадский «Биосфера», М. 1967 ж.
5. Г. Оспанова, Г.Бозматаева. «Экология
негіздері».
6.Ә. Бейсенова,Ж.Шілдебаев,Г.