Биосфераның құрылымы және оның шегі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июля 2015 в 16:15, реферат

Краткое описание

Біздің ғасыр – техникалық, ғылымның барынша өркендеген заманы. Алуан түрлі механизмдер мен машиналар заманы екені белгілі. Қисапсыз көп техниканы қолына ұстаған қазіргі кездегі адамзат баласының биосфера компоненттерін (жер, су, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесін) жер бетінен мүлдем жойып жіберуге мүмкіншілігі жетеді. Сондықтан да биосфера компоненттерін қорғау проблемаларын алға қойып отыр.

Содержание

1. КІРІСПЕ
2. Биосфераның химиялық құрамы
3. Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

1 СРС.doc

— 52.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем

Тілдері  Университеті

 

 

 

 

Экология және тұрақты даму пәнінен

 

Тақырыбы: Биосфераның құрылымы және оның шегі.

 

                                 

                                                                                                     

                                                           Орындаған:

                                       Тексерген:

 

 

 

 

Алматы, 2012 жыл

 

 

МАЗМҰНЫ

 

  1. КІРІСПЕ
  2. Биосфераның химиялық құрамы
  3. Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

          Біздің ғасыр – техникалық, ғылымның  барынша өркендеген заманы. Алуан  түрлі механизмдер мен машиналар  заманы екені белгілі. Қисапсыз  көп техниканы қолына ұстаған қазіргі кездегі адамзат баласының биосфера компоненттерін (жер, су, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесін) жер бетінен мүлдем жойып жіберуге мүмкіншілігі жетеді. Сондықтан да биосфера компоненттерін қорғау проблемаларын алға қойып отыр.                                     

          Биосфера ортасында өмір сүре отырып, адамзат баласы, оның байлықтарын пайдаланудың көптеген жасырын табиғи сырларын ашып, оларды тіршілік өміріне пайдалана білді. Ол табиғи байлық  қорларын меңгеруді жетілдіріп, биосферадағы экологиялық – биологиялық тепе – теңдік механизмін дұрыс ұққан сайын биосфераға және оның байлықтарына жанашырлықпен қарау қажеттілігі идеясын ұсынып отыр.

          Адамзат баласы қаншама жасампаз  болса, ол соншама өзгертуші де.     Биосфера байлығын қорғау жөніндегі жұмыстар қысқа мерзімді жұмыстар емес, жүйелі түрде, комплекс жүргізілетін, ұзақ мерзімдік, халық шаруашылығының барлық саласын қамтитын мемлекеттік зор маңызы бар проблемаларға айналып отыр. Өйткені, қорыта келгенде биосфера компоненттерін қорғау қазақ елінің тұрмысы мен әл-ауқатының артуына, денсаулығының мықты болуына, айналаны қоршаған ортаның жақсара түсуіне, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының барлық салаларының өркендеуіне және т.б. жағдай жасайды.

            Биосфераның табиғи компоненттерін қорғау идеясы, әсіресе мектеп оқушыларының, студенттердің, болашақ оқытушылардың күнделікті өмірінен, оқу тәрбие үрдісінен лайықты орын алуға тиіс. Бұл іске мектеп мұғалімдеріне, ата-аналарға, халық ағарту қызметкерлеріне пәрменді жұмыс жүргізуге, бұл жұмыстың түрлерін жетілдіре түсуге тура келеді.

            Биосфера және оның химиялық – биологиялық құбылыстары болашақ оқытушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы ролі зор екені жүргізген ғылыми – зерттеу жұмыстарының қорытындылары толығымен дәлелденді.

 

Биосфераның химиялық құрамы

          Сырттай қарағанда тірі организмдер мен өлі табиғат ресурстарында үлкен айырмашылық бар ғой деп ойлайсыз. Зерттеп қараған кезде олардың бірінсіз – бірінің тіршілігі жоқ екенін көрсетеді. Қайта олар бір-бірімен жан-жақты және тығыз байланыста болатыны анықталды. Айналаны қоршаған өлі атмосфераның ресурсынсыз өмір сүре алмайды, себебі ол айналаны қоршаған ортаға да терең экологиялық және биологиялық өзгерістер енгізеді. Тірі ағзалар (өсімдіктер қалдықтары, жан-жануарлардың өліктері және тағы басқа органикалық қалдықтар) топырақтың қара шірігін құраушы, тіпті топырақтың негізін құрайтын негізгі фактор болып есептелінеді. Топырақ өлі дене емес. Ол тіршілік ортасы. Жерді қоршаған атмосфера, бір жағынан, тіршілік ортасы болса, екіншіден, оның қазіргі физикалық құрамы тірі ағзалардың әрекеті арқылы пайда болған.

           Жер бетін мекендейтін бүкіл тірі организмдердің жиынтығы өмір сүретін ортасымен қосыла отырып, өзгеше қабат биосфераны құрайды.

           Биосфера – грекше биос – өмір және тіршілік, «Sphaira» (сфера) шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың жан-жануарлардың, өсімдіктердің және басқа тірі организмдердің тіршілік ететін ортасы деген мағына береді.

            Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Австрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 градустан – 50 градусқа дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.

           Биосфера негізінен 3 қабаттан құралады: Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.

            Атмосфера – жер шарын түгелдей орап тұрады. Ол гректің «atmos» - бу,  «sphairi» (сфера) сөзінен шыққан. Оның қалыңдығы 100 километрге дейін жетеді. Атмосфераның негізгі құрамында оттегі (20, 95 %), яғни 1,5.1015 тонна аргон (1,28 %), азот (75,50 %), яғни 3,8.1012   тонна және басқадай газдар кездеседі.

            Атмосфера негізінен – тропосфера, стратосфера және ионосфера қабаттары  болып үшке бөлінеді.

           Тропосфера – грекше «tropos» (тропос) – бұрылысы, «sphaira» (сфера) – шар. Қазақша өзгермелі қабат деген мағынаны береді. Ол атмосфераның жер бетіне тікелей жайласқан төменгі тығыз қабаты. Оның орташа биіктігі 10-12 километрге дейін жетеді.

           Стратосфера – латынша «stratum» - (төсем), «sphaira» (сфера) – шар, теңіз деңгейінен 9-11 км жоғары жататын атмосфера қабаты. Мұнда ылғал жоқ. Бұлт та болмайды. Ал температура 30 километрге дейін бір қалыпты болады да, бірақ биіктік артқан сайын 30 – 35 километрден әрі қарай температура төмендей береді. 20 – 25 километр биіктікте озон мол кездеседі. Ол күннің әсірекүлгін сәулелерін өте көп сіңіреді. Өйтпеген жағдайда тірі организмдер түгелімен қырылып қалар еді.

             Ионосфера – гректің «ion» қозғалғыш қабат деген сөзінен алынған. Оның қалыңдығы 800 километрге дейін жетеді. Бұл орта тропосфера сияқты көбінесе оттегі мен азоттан құралады.

            Ионосферада газдардың тек жекелеген  молекулалары, иондары мен атомдары ғана кездеседі. Олардың тығыздығы жер бетіне таяу қабаттағы ауаның тығыздығынан миллион есе кем келеді. Спутниктер мен ракеталардың көмегімен жүргізілетін зерттеулердің нәтижелері ауаның жоғары шекарасы жер бетінен 20 мың километр биіктікке дейін тарайтынын анықтады.

            Көпке дейін ғалымдар ауаның массасын білмей келді. Ауаның массасы 5,27.1015   тонна, яғни 5 мың триллион тонна. Осы көрсетілген мөлшерге сәйкес мынадай құбылысты мысалға келтіре кетейін: Ауа – адамның алақанына 150 килограмм салмақпен әсер етеді. Ол барлық денеге 15 тоннадан артық күш түсіреді. Шын мәнінде адамдар осыншама салмақтың басып тұрғанын сезбейді. Өйткені адамның денесі ауаның қысымына үйреніп кеткен. Бұл – табиғи құбылыс. Ауа қысымы сәл ғана азайса біздің көңіл күйіміз төмендеп, тамыр соғу жиілейді, әлсіздік пайда болады. Сезім мүшелерінің қызметі нашарлайды және т.б. қолайсыз құбылыстар туады.

             Ауа күн сәулесінен келетін жарықты шашыратып, реттеп отырады. Егер ауа қабаты болмаса сөйлеген сөзді де, шырқап салған ән де, ағаштың сыбдырын, желдің ызыңын, құстардың дыбысын да біз ести алмаған болар едік.

             Гидросфера – табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден,өзендерден) құралады. Бұлар құрлықтың 70 процентін алып жатыр. Гидросфераның көлемі 400 миллион шаршы километр.

             Литосфера – Жердің қатты қабаты. Ол екі қабаттан құралған. Үстіңгі қабаты граниттен, оның қалыңдығы 10 километрден 40 километрге дейін жетеді. Ал астыңғысы базальттан тұрады. Қалыңдығы 30-80 километрдей. Минералды қабаттардан басқа, Жерді тағы бір ерекше қабат – биосфера қоршап тұрады. Ол тірі организмдер тараған аймақтардың бәрін қамтиды. Биосфераның пайда болуымен бірге, Жер бетінде тірі организмдер өсіп-өніп, сыртқы қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасады. Биосфера теңіз деңгейінен бастап, тау жоталарының шыңдарына дейін бүкіл құрғақ жерді алып жатыр. Өсімдіктер әлемі мен жан-жануарлар дүниесінің кейбір түрлері Жердің ең биік нүктесіне дейін таралған. Мысалы, шау қарға дейтін дала құсының бір түрі Эверстің, Гималай тауының басында 8 километрге жететін шыңдарда тіршілік етеді. Сол Жер оның атам заманнан бергі табиғи мекені.

              Атмосферадағы биосфераның жоғары шегі 20 километр биіктікке дейін жетеді. Онда микробтардың споралары кездеседі. Бактериялар атмосфераның озон қабатында да өсіп – өнеді. Озон қабаты 20-25 километр биіктікте кездеседі. Ол Жерді қоршаған экран сияқты. Адам баласына, жануарлар дүниесіне зиян келтіретін космостық және күннің әсірекүлгін сәулелерінің осы озон қабаты тұтып қалады. Биосферада мол кездесетін микроорганизмдер жер бетінен 50-70 метрге дейінгі биіктікке ғана тарайды.

               Литосферадағы биосфераның төменгі шегі 2000-3000 метрге дейін тереңдікке жетеді. Олар анаэробты бактериялар. Жердің 6-8 метр төменгі қабатында микроорганизмдер мол болады. Гидросферадағы биосфераның шегі 11 километрге дейінгі тереңдікке жетеді. Тынық мұхиттың терең қойнауы 11 километрден асатынын білеміз. Теңіз жануарлары және өсімдіктері үшін су өте қолайлы орта. Ол таза, мөлдір болғандықтан күн сәулесі оның 200 метр тереңдігіне дейін тарайды. Бұдан кейінгі судың қабаттарын мәңгілік қараңғылық басып тұрады. Мұндай қабаттарда да тіршілік ететін организмдер болады.

 

 

                     Пайдаланған әдебиеттер

 

 

1.   Бейсенбаева А. С. Экология, Алматы, Ғылым, - 2001

 

2.   Бродский А. К. Жалпы  экологияның қысқаша курсы, Алматы - 1998

 

3.   Жатқанбаев Ж. Ж. Экология негіздері, Алматы–2003

 

4.   Одум Ю. Экология 2 том. Мир – 1986

 

5.   Соғымбаев Г. Экология  және экономика, Алматы-1997

 


Информация о работе Биосфераның құрылымы және оның шегі