Мазмұны
Кіріспе
Биосфера туралы ілім
Негізгі бөлім
1.Биоалуантүрлілікті қорғау туралы халық
аралық келісім.
1.1.Тропиктік ормандар – тамаша экожүйе.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Биосфера бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады.
Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі
кездерде биосфера геологиялық мағынада
да қолданылады. Биосфера- жердің тіршілік
қабаты. Географиялық қабық-литосфера,
гидросфера, атмосфера, биосфераның өзара
әрекеттесуі. Биосфераны ғылымға 1875ж Зюсс
енгізді. Бірақ биосфера және оның жер
бетінде жүріп жатқан процестері туралы
ілімнің негізін салған академик В.И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера
+50 %-дан – 50% -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат
болып саналады.
Биогеография-организмнің
географиялық таралу заңдылықтарын зерттейді.
Биоценоз-өсімдіктер мен жануарлардың
майда ағзалардың бірлестігі. Географиялық
қабық- жекелеген табиғат кешенінен тұрады.
Табиғат кешені-табиғат компоненттерінің
ұштасуы. Табиғат компоненттеріне топырақ,
өсімдік, жануар т.б жатады. Ең ірі табиғат
кешені-географиялық қабық немесе материктер
мен мұхиттар. Табиғат зонасы-температурасы,жауын-шашыны,
өсімдігі, жануары, топырағы өзара ұқсас
ірі табиғат кешені. Табиғат зонасы 2-ге
бөлінеді: Өтпелі зона-орманды тундра,
орманды дала, шөлейт, саванна. Тундра-субарктикалық
белдеуде-мүк пен қына басым өскен, топырағы
сазды, батпақты болып келеді. Орманды
тундра-мүк пен қына қисық бұталы ағаштар
өседі. Тайга-қылқан жапырақты орман зонасы,өсімдіктер:қарағай,
шырша, самырсын. Дала-шөп басқан ағашсыз
жазық жерлер. Шөлейт-дала мен шөлдің арасындағы
өтпелі зона. Саванна-әр жерінде жеке немесе
шоқ-шоқ бұталы ағаштар өсетін биік шөп
басқан табиғат зонасы. Табиғат зонасының
ауысып келуі климаттық белдеулермен
сәйкес келеді. Арктикалық климаттық белдеу-арктикалық
шөл мәңгі мұз басқан. Субэкваторлық климаттық
белдеу-саванна Тропиктік климаттық белдеу-шөл
Экваторлық климаттық белдеуде мәңгі
жасыл ылғалды экваторлық ормандар.
Биосфера — тірі азғалар өмір сүретін
жер қабаты. Жер бетінен 10—15 км биікке
көтерілгенге дейінгі және 2— 3 км құрғақтан
немесе мұхиттардың 10 км түбіне дейінгі
жерде азғалар тіршілік етеді.
Биосфера негізінен
үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.
Биосфераның бөлімдері:
Тропосфера
Гидросфера
Литосфера
Ноосфера
1.Биоалуантүрлілікті
қорғау туралы халық аралық келісім
Биологиялық алуан түрлілік конвенциясы — биологиялық алуан түрлілікті
сақтау жөніндегі халықаралық келісім.
1992 жылы 22 мамырда Найробиде өткен БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының
конференциясында қабылданды. 1993 жылы Конвенцияға
168 мемлекет (оның ішінде Қазақстан Республикасы) қол қойды. Конвенцияға қол
қоюшы мемлекеттер мынадай негізгі баптарды
орындауға міндеттенді:
әрбір мемлекет өз ресурстарын табиғат қорғау
саласындағы саясатының негізінде қолдана алады және
іс-әрекеттері өзге мемлекеттер мен өңірлердің
табиғатына зиян келтірмеуін қамтамасыз
етуге жауапты;
биологиялық алуан түрлілікті
сақтау және тұрақты әрі тиімді пайдалану
мақсатында басқа да ортақ мүддесі болған
жағдайда мүмкіндігіне байланысты бірігіп
іс-әрекет жасайды;
биологиялық алуан түрліліктің
құрамдарына, оны сақтауға және тұрақты
әрі тиімді пайдалануға кері ықпал ететін
немесе ықпал етуі мүмкін процестерге,
оның зардаптарына тұрақты бақылау (мониторинг) жүргізіледі;
биологиялық алуан түрлілікті
және оның құрамын анықтау, сақтау және
тұрақты, тиімді пайдалану шараларын іске
асыру мақсатында мамандарды оқыту және
даярлау бағдарламаларын дайындайды және
іске асырады,ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдау көрсетеді.
Қазақстан конвенцияға 1994 жылы ғана қосылды.
Қазақстанның экожүйесі ерекше. Мемлекет аумағында өсетін өсімдіктің
500-ге жуық түріне жоғалып кету қаупі төніп
тұр. Қазақстанда ұя тепкен құстардың
14 түрі жаһандық маңызы бар құстар болып табылады. Қазақстанда тіркелген омыртқалылардың 236
түрі Қызыл кітапқа енген. Республикада 2004-2015 жылдарға арналған Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі туралы концепцияция
қабылданған. Биоалуан түрлілікті сақтап
қалудың тиімді шарасы ерекше күзетілетін
табиғи аумақтар құру болып табылады.
Қазақстанда оның аумағы
13,5 млн. гектарды немесе барлық аумақтың
4,9 пайызын құрайды. Экологиялық тепе-теңдікті
сақтауға бұл жеткіліксіз. Әлемдікстандарт - 10 пайыз. Дамыту және орналастыру концепциясы
бойынша ерекше күзетілетін табиғи аумақтарды
17,5 млн. гектарға дейін арттыру көзделген.
Конвенция өзара қарым-қатынастағы
жақтар алдына үш негізгі мақсат қояды:
1. Биологиялық сан алуандықты тұрақты
пайдалану; 2. Оның құрамдас бөліктерін
тұрақты қолдану; 3. Генетикалық ресурстарды пайдалануға байланысты
пайданы ақиқатты түрде және тең негізде
алу.
ҚР міндеттемелері:
Биосаналуандықты сақтау бойынша
жүзеге асыру жоспарын және ұлттық стратегиясын
құру;
Жоспар шараларын қаржымен
қамтамасыздандыру;
Қорғау үшін обьектілерді анықтау;
Шаруашылықтың әсерінен биосаналуандыққа
қауіпті бағалау;
Биосаналуандығының ахуалына
мониторинг өткізу, проблема бойынша мәліметтер
банкін құру;
Генетикалық модифицирленген
ағзаларды бақылау;
Сирек және жоғалып жатқан түрлерді
қорғауды, заңды түрде бекіту;
Жоғалып жатқан түрлерді қайта
көбейту бойынша шараларды жүзеге асыру;
Тұрақты қолдану бойынша шаралар
қабылдау;
Биологиялық сан алуандық қоспалары;
Экологиялық білімді дамыту;
1.1.Тропиктік ормандар
– тамаша экожүйе
Тропиктік орман (гр. tropikas — өзгерген,
жаңа ) — субэкваторлық және тропиктік белдеулердің көп қабатты (4—5 қабат) ағаштар түзілісі.
Тропиктік орман өте ертеде пайда болған, өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің молдығымен ерекшеленеді
(0,25 га-да ағаштардың 200-ге дейін түрі кездеседі).
Онда олар шашырап таралады (бір түрдің
екі ағашы қатарынан сирек өседі). Тропик
тоғайда бұталар болмайды. Тропиктік ормандағы
биогеохимиялық циклдер түгелдей тұйық, сондықтан топырақ түзілу процесі жұқа жер беті қабатында және өте бәсең болады. Тропиктік ормандардың көпшілігі тропиктік ылғалды
ормандар.
Тропиктік ормандар климаты - жауын-шашыны жыл бойы біркелкі таралған, өте
жылы ылғалды тропик (экваторлық) климаты. Ауатемпературасының жылдық амплитудасы
1—6°С, ең салқын деген айдың температурасы
18°С-қа, жылдық жауын-шашыны 1500 мм-ге дейін
болады.Амазонканы, Орталық
Американың оңтүстігін, экваторлық Африканы, Мадагаскардың шығысын, Цейлонның, Малакканың оңтүстіктерін, Үнді-Малай топаралын,Жаңа Гвинея мен Филиппин аралдарын қамтиды.
Қорытынды
Биосфера — құрамы, құрылымы және энергетикасы,
негізінен, тірі ағзалардың қарекетімен
байланысты Жер қабығының (сферасының) бірі.
Биосфера ұғымы "географиялық
қабық" ұғымына жақын. Заттар мен энергия алмасуының курделі биохимиялық
циклондарымен өзара байланыстағы атмосфераның
жер беті бөлігін, гидросфераны және литосфераның үстіңгі бөлігін қамтиды.
Тіршіліктің
биосферада пайда болғанына ғалымдардың
есебі бойынша 5-6 миллиардтай жыл
өтті. Ұзақ созылған бұл жылдар
ішінде бір клеткалы қарапайым
ағзалардан құрылысы да, түр өзгешілігі
де сан алуан өсімдіктер мен
жануарлардың таңғажайып түрлері
пайда болды. Биосфера тармақ
жайған тіршілік атырабына қожа
болғандықтан иені жаратуға асыққан
жоқ. Ақыры ол да пайда болды.
Оның пайда болғанынан 1,5 млн жыл
уақыт өтті. Бұл кезде оның
үлесіне биосфера жануар әлемінің
4 миллионынан астам, өсімдіктердің
500 мыңнан астам түрлерін сый
еткен. Биосферада тіршілік пайда болғаннан бері қалыптасқан
соншама бай түр иелерінің бәріне ортақ
заң ережелері тым қатал еді.
Адам өз биосферасына
сай қоғам құра бастағанына 10
мың жылдай ғана темір мен
пайдалы қазбалардың пайдалана
бастағанына 4-5 мың жыл өтті. Биосфераның
шексіз емес, шар тәріздес екенінің
дәлелдегенінен 5 ғасыр, биосфералық
өзгертуге техникалық құралдардың
пайдалана бастағанына 3-4 ғасырдай,
реактивті двигательді игергеніне
40-50 жылдай уақыт, ол биосфераның
планетасының көлемін алыстан
алақанға салып қарағанда үлкен
емес екендігі байқалды. Мұндай
құбылысты тек 1958 жылдан бері
қарай біле бастады. Бірінші рет
жер бетінен ұзап шыққан адамзат
баласы бірінші рет ГагаринКосмоста «Біздің жеріміз қандай әсем»
- деп айқайлады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.А.К.Бродский. Жалпы экологияның
қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы,
Ғылым.1997ж.
2.Е.Мамбетказиев. Қ.Сыбанбеков. Табиғат
қорғау. Оқу құралы. Аматы Қайнар.1990ж.
3. Жамалбеков Е. Ү., Білдебаев Р. М. Жалпы
топырақтану және топырақ географиясы
мен экологиясы. А. Қазақ университеті
2001 ж.
Қосымша:
4.А.Б.Бигалиев, Е.У.Джамалбеков. Қазақстан
топырақ экологиясы. Алматы. 1998ж.