Биосфера тұрақсыздығының шығыуындағы антропогендік фактордың әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2014 в 13:01, реферат

Краткое описание

1. Адам қоғамының қалыптасуындағы табиғаттың ролі
2. Табиғат пен қоғамның өзара әсерлесу тарихы
3. Өркениет типтеріне және оның дамуының сатыларына байланысты қоршаған ортаға дифференциалды антропогендік жүктеме

Прикрепленные файлы: 1 файл

биосфера.docx

— 44.39 Кб (Скачать документ)

Биосфера тұрақсыздығының шығыуындағы антропогендік фактордың әсері .

 

Мақсаты: Студенттерге өркениет типтері және оның дамуының сатыларына байланысты қоршаған ортаға дифференциалды антропогендік жүктеме, адам қоғамының қалыптасуындағы табиғаттың ролі, табиғат пен қоғамның өзара әсерлесу тарихы.: негізгі этаптары (биогенді, аграрлы, өндірістік, ақпараттық) жайлы білім беру.

 

Жоспары:

  1. Адам қоғамының қалыптасуындағы табиғаттың ролі
  2. Табиғат пен қоғамның өзара әсерлесу тарихы
  3. Өркениет типтеріне және оның дамуының сатыларына байланысты қоршаған ортаға дифференциалды антропогендік жүктеме

 

Негізгі түсініктер: антропогенді жүктеме, экожүйе флюктуациясы, биогенді, аграрлық, өндірістік, ақпараттық кезең.

 

Өркениет дамуының сатыларына байланысты қоршаған ортаға антропогенді жүктеме шамасы да артады. Антропогенді жүктеме –адамдардың және олардың шаруашылығының тұтас табиғатқа немесе оның жеке экологиялық құрамдас бөліктері мен элементтеріне тікелей және жанама әсер дәрежесі. Антропогенді жүктемеге экожүйеге кіретін түр популяциясының ресурстарын пайдалану, мал жаю, рекреациялық әсер ету, ластану т.б. жатады. Егер антропогенді жүктеме жылдан-жылға өзгеріп отырса, онда экожүйе флюктуациясына, ал экожүйеге тұрақты әсер етсе сукцессияға себеп болады. Антропогенді жүктеме экологиялық нормалау көмегімен қауіпсіз деңгейге дейін реттеліп отырады. Экологиялық нормалау нормативтермен бекітіледі. Экологиялық нормативтер дегеніміз- адамның өзін қоршаған табиғи ортаға рұқсат етілген шекті әсер етуінің ғылыми негізделіп, заңнамалық тұрғыда белгіленген шамасы.

Адам қоғамының қалыптасуындағы табиғаттың ролі

Жекелеген адамзат тіршілігінің дамуы (онтогенез) «жабулы» күйінде адамзат тегінің тарихын қайталайды (филогенез). Тұлғаның адамгершіліктік қалыптасуы процесінде табиғаттың басым күшінің рөлі адамдардың қол жеткізген, тәрбиеленген, дамыған әлеуметтік қасиеттеріне байланысты өзгеріп отырады.

Қоршаған ортаға индустриалды араласудың күшеюін ғылыми-техникалық және ақпараттық революциямен байланыстыруға болады. Ол табиғат ресурстарын шектен тыс өндіруден және қоршаған ортаның қоқыстармен жан-жақты ластануынан көрінеді.  Одан адамзат қоғамы үшін болжанбаған теріс құбылыстарға әкелетін биосферадағы қайтымсыз өзгерістердің қаупі туындайды.

«Табиғат-қоғам-адам» жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар жердегі тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Адам ментабиғаттың, қоғам мен ортаның өзара әрекеттестігі, оның өнеркәсіпті өндірістің қазіргі таңдағы көптеген жарамсыз технологиялармен қарқынды өсу жағдайында өмір сүруі, қиындықтың шама-шегіне жетті. Адамзат тіршілігінің өзіне қауіп төнді: табиғат қорлары үзіліссіз сарқылысқа түсті, ортаның ластануынан адам өміріне қауіп төнді. Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсуде. Экологиялық апаттар биоортадағы жағдайларға еткен әсері арқылы дүние жүзінің әрбір аймағындағы құбылыстардың дамуына айтарлықтай ықпал жасауда.

Н.Ф.Реймерс адамның өмір сүру ортасын 4 компонентке бөліп қарастырған. Оның үшеуі антропогенді факторлардың әсерінен белгілі бір дәрежеде өзгерген табиғи орта болып табылады. Төртіншісі-тек адамзат қоғамына тән -әлеуметтік орта. 1. Табиғи орта-адамның әсерінен болмашы өзгеріске ұшыраған немесе өзгерістер оның өздігінен қалпына келу және өз-өзін реттеу қабілетін жоймаған орталар. 2. Квазитабиғи орта (квази-ұқсас) адамның әсерінен өзгерген табиғи орта. Оған егістік танаптары, баулар, жүзімдіктер, саябақтар т.б. жатады. Мұндай орта ұзақ уақыт барысында өзін-өзі ұстап тұруға қабілетсіз. 3. Артетабиғи орта (арте -жасанды) адамның қолымен жасалған орта. Оларға тұрғын және өндірістік ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер, қала және т.б. жатады. Индустриалды қоғамның халқының көп бөлігі нақ осындай жасанды немесе техногенді ортада тұрады. Адамның өзгерген және қолдан жасалған ортасы материалдық ортаны құрайды. 4. Әлеуметтік орта –адамдар тартылған қоғамдық қарым-қатынастармен тұрақты байланыста болатын олардың қалыптасуы, тіршілік етуі, дамуы және іс-әрекеттерінің қоғамдық жағдайын қамтитын адамның қоршаған әлеуметтік әлемі, яғни социум.    

Үшінші мыңжылдықта адамзаттың ғаламдық экологиялық мәселелерінің шешілуі жоғарғы оқу орындары студенттерінің қоршаған орта туралы сапалы білім алуына байланысты. Сондықтан да студент жастарға экологиялық білім беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден-бір қажетті кезек күттірмес мәселе екендігі «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналға экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында» және «Қазақстан Республикасында көпшілікке үздіксіз экологиялық білім берудің ұлттық стратегиясында», «Білім туралы» заңда көрсетілген.

Қоғамдағы жахандану, адам баласының ақыл-ойы мен білімі арқылы қолдана бастаған құрал – жабдықтар, дамыған өндірістік күштерді қолдану нәтижесінде және адамзаттың табиғатқа қатынасы, биосферадағы ішкі тұрақтылық, тепе-теңдік сақталмай қоршаған ортаның табиғи байлығы, қалпы өзгеріп, экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына алып келуде. Мұның өзі енді, керісінше табиғатқа адам көмегі, қамқорлығы қажеттігін тудыруда. Ірі оқиғалар мен өзгерістерге толы ХХ ғасыр көптеген проблемалармен қатар экологиялық мәселені де алдыңғы кезекке қойды. Бұл бағытта ХХІ ғасырдың басында істелетін шаралардың бірі экология бойынша білім беру жүйесіне көңіл бөлу.     

Экологиялық білім халықаралық ұйымдар арасында жоғары деңгейде қызығушылық таныта білді. Экологиялық білімнің маңыздылығы, оның мазмұны түрлі халықаралық форумдарда нақтылай айтыла бастады.     

Қоғамдағы өндіріс орындарының артып, ғылым мен техниканың өркендеуіне байланысты, қоршаған ортаны сақтау, қорғау және табиғи ресурстарды үнемді пайдалану қазіргі күннің өзекті көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр. Бұл мәселелерге түсініссіздікпен селқос қарау мен техникалық және экологиялық қате саясаттар, қоршаған ортаның ластануына және жер бетіндегі оганизмдердің қалыптасқан жағдайларына негативті әсерін тигізеді. Қордаланған негізгі проблемларды шешуде, табиғат пен адамзат қоғамының арасындағы қарым-қатынасардың орны ерекше. Бұл қарым-қатынастардың дұрыс дамымауы адамзатқа үлкен қауіптер туғызуы мүмкін. Табиғат ресурстары мен өзіндік құны арзан қажетті заттарды алу, экономикалық пайда табу, экологияны бұзудың негізгі себептерінің бірі. Қуатты энергия көздерімен және қазіргі заманғы жетілген техникамен қаруланған адамзат табиғатқа елеулі әсерін тигізе алары сөзсіз. Егер бұл әрекеттер мен табиғат заңдарын бұзу фактілері миллиондаған жылдар бойы орныққан байланыстарды бұзса, оның соңы-катастрофалық салдарларға жеткізуі мүмкін. Түптеп келгенде, адамдар қазіргі уақытта өз іс-әрекеті нәтижесінде туындаған апаттармен арпалысып жүр. Әсіресе, адамзаттың қоршаған ортаға әсері мен оған деген орныққан көзқарастарының биосферада қалыптасқан тепе-теңдіктерді сақтаудағы орны ерекше болып отыр.          

Өткен ғасырдың екінші жартысында жер бетінде экологиялық жалпы жағдай өте нашарлап кетті. Мамандардың мәліметтері бойынша, адамда кездесетін науқас түрлерінің басым көпшілігі қоршаған ортаның ластануы тікелей байланысты. Осындай қиын жағдайлардың орын алуы- экологиялық  проблемаларды шешу барысында ғылыми нәтижелерден туындаған шешімдердің дұрыс қолданылмауы немесе оған дұрыс мән берілмеуінен болып отыр.     

Жалпы экология мәселесіне биология тұрғысынан ғана емес, одан да жоғары көзқарастар мен түсініктермен қарау керек сияқты. Табиғат пен қоғам арасындағы  гармониялық байланыстарды дұрыс шешу жоғары білімді эколог мамандардың жауапкершілігінде. Әрине, қоғам мүшелерінің интелектуалды дәрежесі жоғары болған сайын, қазіргі күннің экологиялық проблемаларын шешу жеңіл болатын да сияқты. Экология жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар саласына жатады. Жаратылыстану ғылымы ретінде де, ол адамзаттан сыртта қала алмақ емес, ал әлеуметтік ғылым ретінде оны табиғаттан бөліп қарастыра алмаймыз.    

Қазіргі таңда экологияның бірнеше салалары бар деуге болады. Олар: экология, химиялық экология, географиялық экология, өндірістік экология, өсімдіктер экология, жануарлар экология, социалды экология, адам экологиясы т.с.с. Бүгінгі таңдағы экология салаларының іргелі негізгі көзқарасы- ол биосферадағы тепе-теңдік тұрғысынан және оның бұзылуының қоршаған ортаға әсерін жан-жақты қарастыру болып табылады. Мысалы, химиктер-химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының биосферадағы тепе-теңдігін жан-жақты қарастырып, оның бұзылу себептерін зерттеп және ол тепе-теңдікті орнына келтіру мәселелерімен шұғылдануы қажет болса, ал биологтар организмдер арасындағы тепе-теңдік тұрғысынан зерттеулер жүргізіп және антропогенді факторлар негізінде бұзылған тепе-теңдіктердің организмге әсерлерін жан-жақты қарастырады.

Қазіргі дәуірдің дағдарысты құбылыстарын жеңудің тағы бір шарттары – ғылыми-техникалық прогресті экологияландыру. Осы проблемаларды арнайы әзірлеумен адам, қоғам және қоршаған орта, табиғат арасындағы байланысты зерделейтін экология және арнайы экология шұғылданады. Бұл ғылымдарды экожүйелер мен биосфера эволюциясы қызықтырады. Ғылымның мақсаты – адамның экологиялық мәдениетін қалыптастыру.       

Қазіргі заманның, экологияландырудың, ғылыми-техникалық прогресті ізгілендірудің глобальды проблемаларын ұғындыратын концепциялардың ішінде А. Швейцердің жаңа этика концепциясы маңызды орын алады. Оның негізі - өмірді оның кез-келген қасиетінде қастерлеу принципі. А. Швейцердің көзқарастарына сәйкес мәдениеттің даму критерийі қоғам қол жеткізген ізгілендіру деңгейі, ал дағдарыс мәдениеттің адамгершілік-гуманитарлық мазмұнын жоғалтуы болып табылады.      

Ғалымдар К. Циолковскийдің, А. Чижевскийдің, В. Вернадскийдің көзқарастары қызықты болып табылады, олар ХХ ғасыр мәдениетінің бір белгісі – оның космизмділігін, қазіргі заман адамының өз тұрмысының космизмділігін сезінуді суреттейді. Орыс ғалымдарының босфералық концепциялары космостағы барлық тірі заттар мен өлі заттардың байланысын көрсетеді, басқа дүние өкілдерімен байланыс жасау, Жерде болып жатқан космостық процестер мен тарихи процестің өзара байланыс проблемаларын қарастырады.      

Өркениет тағдыры байланысты болатын ХХ ғасырдың дағдарыс проблемалары латынның «глобус» - жер шары атауынан глобальды деген атауға ие болды. Оған мыналар жатады:

1.ҒТП-ның катастрофалық салдарымен  байланысты экологиялық дағдарысты  жеңу (қоршаған ортаның ластануы, атмосфераның озонды қабатының  азаюы, парникті әсер және т.б.);

2.жаппай зақымдау қаруын қолдана  отырып, соғысты болдырмау;

3.қайыршылықты, ашаршылықты, сауатсыздықты  жеңу, жаңа шикізат көздерін табу, экономиканың әрі қарай дамуын  қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық  революцияның зиянды салдарын  болдырмау.       

Глобальды проблемалардың пайда болуының өз себептері бар. Біріншіден, терең саяси және экономикалық байланыстармен қамтамасыз етілетін қазіргі әлем тұтастығы. Екіншіден, табиғатты бақылаусыз пайдаланатын адамның экономикалық қуаты.      

Үшіншіден, глобальды проблемалар себептерінің бірі елдер мен мәдениеттер дамуының біркелкі болмауы.      

Қазіргі өркениеттің глобальды проблемаларының болуы мен оларды шешу жолдарын бағалауда екі тәсіл бар: «пессимистер» адамзаттың 30-50 жылда құритындығын айтады. «Оптимистер» адамзат пайда болған бөгеттерді жеңіп шығады деп есептейді. 60-70 жылдары адамзаттың болашағы туралы түсініктердің, білімдердің жиынтығы ретінде футурология (латынның болашақ сөзінен) ғылымы пайда болады. Футурологиялық зерттеулерде 1968 жылы құрылған және әлемнің отыз елінің ғалымдарын біріктірген Рим клубы белгілі болды. Рим клубы – глобальды модельдеу. Рим клубының идеалы – адамзаттың ең жақсы қасиеттерін қайта жаңғырту, адамның табиғатпен үйлесімі, адамзат санасын ояту, оның ғылыми-техникалық прогреске көзсіз сенуінен босату, адамның жаңа құндылықтарын анықтау, оның тұрмысын ізгілендіру.      

Рим клубының зерттеулері екі бағытта жүрді. Дж. Форрестер мен Д. Медоузаның көзқарасы жағынан - әлеуметтік пессимизм позициясы – адамзат өркениетінің өсуін шұғыл шектеу, адамзат қажеттіліктерінің құрылымын қайта қарау, экономикалық және экологиялық тұрақтылық бойынша шаралар қолдану. М. Мессарович, Э. Пестель және Э. Тоффлер Жерге қаупі болып тұрған ғылыми-техникалық прогрестен емес, «адам-социум» қатынастар жүйесіндегі түпкілікті төңкерістен шығатын жолды іздеу керек деген қорытындыға келді. Адамның білімі мен қабілетіне, бостандығы мен тәуелсіздігіне, шығармашылық өзін-өзі дамыту идеясына негізделетін жаңа экономикалық әлемді құру пайда болған өркениет пен болашақ мәдениетінің принципі болады.       

Жапон әлеуметтанушысы Е. Масуданың ақпараттық қоғам тұжырымдамасы адамзат өркениетінің жаңа типін қалыптастырудың нақты жолдарын ұсынды. Оның болашақ қоғамы – бұл бірыңғай ақпараттық желідегі қоғамдық бірлестік, оның арқасында адамзат үшін бірыңғай мақсаттар дайындау, ал адамға өзінің шығармашылық мүмкіндіктерін әзірлеуге мүмкіндік пайда болады. «Ақпараттық қоғам» тұжырымдамасы болашақ мәдениеттің «материалдық денесін» қалыптастыру жолдарын анықтайды.       

Э. Тоффлердің «үшінші толқын» концепциясында болған демассификациялы, дестандартизациялы және бекітілген инноваттылықпен индустриалдыдан супериндустриалдыға ауысумен байланысты адамзаттың даму жолы ескерілген.      

Жоғарыда көрсетілгендей, дүниенің тұтастығы қазіргі заманның глобальды қарама-қайшылықтарының әрекетін тудыратын себептердің бірі болып саналады

2. Табиғат пен қоғамның  өзара әсерлесу тарихы      

Адам эволюциясына байланысты палеолит жоғарғы және төменгі болып екіге бөлінеді. Төменгі палеолит – архантроптар мен палеонтроптардың тіршілік ету кезеңі болып табылады. Бұл кезеңнің өзінде бірнеше археологиялық кезеңдер алмасқан, атап айтқанда: 2.5 млн жыл бұрын олдувай, 0.85 млн жыл бұрын ашель, 0.2 млн жыл бұрын мустьер кезеңдері. Жоғарғы палеолит – Homo sapіens – тің тіршілік ету кезеңі. Бұл кезең небәрі 100-40 мың жылға созылып, адам баласы осы кезең ішінде тастан балта жасаудан компьтерлерге дейінгі жетістіктерді басынан өткізді.       

Археологиялық кезеңдер еңбек құралдарын жасаудың  техникасы мен материалдарының түрленуіне негізделді. Ертедегі қытай және рим философтарына белгілі болған көне тарихтың үш ғасырға (тас, қола және темір) бөлінуінің ғылыми негізі Х1Х ғасыр мен ХХ ғасырдың басында жасалды.      

Ойкуменнің көп бөлігінде төменгі, ортаңғы палеолит-100 мың, палеолит 45-40 мың; жоғарғы палеолит – 12-10 мың, мезолит 8 мыңға дейін және неолит 5 мың жыл бұрын бітті. Қола дәуірі біздің эрамызға дейінгі 1 мыңыншы жылдың басына дейін, темір ғасыры басталғанға дейін созылды. Қола дәуірінен бастап алғашқы қауымдық қоғамда қалыптасқан көне дәуір өркениетінің ескерткіштері негізінде уақытты календарь бойынша белгілеу пайда болды . 

Бұдан 5 мың жыл бұрын алдымен ертедегі, кейіннен орта ғасырлық өркениет қалыптаса бастады. Біздің эрамызға дейінгі 4 мыңыншы жылдардың соңында Египет пен Месопотамияда, 3 мыңыншы жылдардың орта кезінде – Индияда, 2 мыңыншы жылдарда – Эгей теңізі бассейнінде, Кіші Азияда,  Оңтүстік Арабстанда, Қытайда, 1 мыңыншы жылы және біздің эрамыздағы 1 мыңыншы жылда – Көне Әлемнің көп бөлігінде, Орталық және Оңтүстік Америкада таптар қалыптаса бастады. Алғашқы өркениеттің пайда болуы адамзаттың алғашқы қауымдық тарихының соңы және таптар тарихының басы болды. Бірақ тарих тұрғысынан қарағанда таптардың түзілу кезеңінен өтпеген жекелеген елдер мен халықтар үшін бұл өркениетке дейінгі кезеңнің соңы мен өркениет тарихының басы болып саналады. Олар тұрақты таптар түзілу кезеңінен өтіп кеткен елдер мен халықтар да алғашқы қауымдық құрылымның қалдықтарынан толық арылған жоқ. Сондықтан өркениет кезеңіне тән құндылықтарды екі түрлі аспектіде қарастыру қажет: біріншіден, таптық қоғамның біртіндеп жіңішкеріп отыратын перифериясы ретінде, екіншіден, осы қоғамның өз құрылымдары.       

Информация о работе Биосфера тұрақсыздығының шығыуындағы антропогендік фактордың әсері