Биосфера тұрақсыздығының шығуындағы антропогендік фактордың әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 21:22, реферат

Краткое описание

«Тұлға» ұғымы адамның әлеуметтік дамуының сапалық көрсеткіші.Тұлға-қоғамдық қатынастардың жемісі деген тұжырым жасалады.Тұлғаны одан әрі әлеуметтендіру процесі тек қана адамдардың алуан түрлі біліктері мен топтық шеңберінде болуымен шектелмейді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

8тулга.doc

— 33.50 Кб (Скачать документ)

                         Тұлғаның әлеуметтену процесі

«Тұлға» ұғымы адамның  әлеуметтік дамуының сапалық көрсеткіші.Тұлға-қоғамдық қатынастардың жемісі деген тұжырым жасалады.Тұлғаны одан әрі әлеуметтендіру процесі тек қана адамдардың алуан түрлі біліктері мен топтық шеңберінде болуымен шектелмейді. Тұлғаны әлеуметтендіру оны өз бетімен еркін адамзаттың алдыңғы қатарлы тәжірибелеріне, мәдени бағалы құндылықтарына, нысандарына, бағыттарына белсеңді араласып, оларды терең игеруге, боына сіңіруге, өндеуге мәжбүр етеді. Бұларды игерудің нақтылы жолдары болады. Олар:

а) іс-әрекет, бұған  ойын, оқу, еңбек ету жатады

ә) қарым-қатынас, бұл  – адамдардың бір-бірімен ұдайы, үздіксіз алуан түрлі қоғамдық қатынастарда болуын керек етеді

б) өзіндік сана – сезімді дамыту, бұған ми мен жүректің өз бетінше қызмет, іс-әрекет етуі жатады.

Осылардың негізінде  тұлғаның ерекшелік қасиеттері одан әрі тереңдей түседі, оның әлеуметтік тұрғыдан өзін-өзі тануы, өзінше бағалау  қасиеттері қалыптасады. Әлеуметтік тәжірибеде, мәдениетте сабақтастық болады. Бұл бағалы, құнды нысана-бағыттарды, тәжірибелерді, іске бейімделуі, мұраттарды ұрпақтан ұрпаққа жалғастыруы, бұларды толық игеріп, меңгері, өмірде нақты қолданумен тығыз байланысты. Құндылық, бағалық мұраттар, бағыттар адамның нақты дүниедегі бағалы, құнды қатынастарын анықтайды, өйткені бағалық-құндылықтар адамның талап-тілегін, мұқтаждығын, мүддесін қанағаттандырады, ал, олар екінше жағынан, адамның белсенді іс-әрекеттерінің, қызметінің көзі болып саналады. Осындай жағдайларға байланысты әрбір адамды әлеуметтендіру қоғамның дамуындағы көкейтесті мәселелердің қатарына жатады.

Тұлғаны әлеуметтендіру. Индивидті тұлғаға  айналдыру процесін әлеуметтендіру дейміз. Тұлғаның қалыптасуы белсенді іс-әрекет, қызмет істеуде және басқа  адамдармен қарым-қатынас жасауда іске асады. Тұлға – белгілі тарихи-мәдени ортада өмір сүретін, қалыптасқан әлеуметтік-психологиялық және моральдық қасиеттерді бойына сіңірген, шынайы өмірді тануға және өзгертуге бағытталған жасампаз іс-әрекет субъектісі.

Тұлғаның қалыптасуы оның белсенді іс-әрекеті мен басқа адамдармен пікір алмасу процесінде өтеді. Әлеуметтендіру индивидке сырттан еріксіз таңылатын нәрсе емес. Керісінше, индивидтің іс-әрекетке белсеңді араласуымен, өзінің қимылы мен мінез-құлқын қоғам талабына сай, лайықтап, үнемі дұрыс жолға салып, өзгертіп отыруы арқылы іскғе асады.

Соның арқасында  адамда өз мінез-құлқын, іс-әрекетін, қызметін басқа адамдардың сондай мінез-құлықтарымен салыстыра бағалау, сөйтіп өзінің кім  екенін түсіну, өзін-өзі тану қабілеті жетіледі.

Тұлғалық қасиеттердің ішіндегі аса маңыздысы соның  өмірге өзіндік көзқарасының болуы. Адамның көзқарасы ғылыми немесе ғылыми емес болуы мүмкін. Осыдан көзқарастың  әлеуметтік жағына көңіл аударсақ, жеке тұлғаның қандай қоғамдық топтарға, саяси қозғалыстарға қызмет жасайтынын, қандай топтар мен қозғалыстарға қарсы екенін, озық ойлы, не кертартпа екенін аңғаруға болады.


Информация о работе Биосфера тұрақсыздығының шығуындағы антропогендік фактордың әсері