Биосфера тұрақсыздығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 16:56, реферат

Краткое описание

Жекелеген адамзат тіршілігінің дамуы (онтогенез) «жабулы» күйінде адамзат тегінің тарихын қайталайды (филогенез). Тұлғаның адамгершіліктік қалыптасуы процесінде табиғаттың басым күшінің рөлі адамдардың қол жеткізген, тәрбиеленген, дамыған әлеуметтік қасиеттеріне байланысты өзгеріп отырады.
Қоршаған ортаға индустриалды араласудың күшеюін ғылыми-техникалық және ақпараттық революциямен байланыстыруға болады. Ол табиғат ресурстарын шектен тыс өндіруден және қоршаған ортаның қоқыстармен жан-жақты ластануынан көрінеді. Одан адамзат қоғамы үшін болжанбаған теріс құбылыстарға әкелетін биосферадағы қайтымсыз өзгерістердің қаупі туындайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

эко срс 11 я.docx

— 32.63 Кб (Скачать документ)

 Алғашқы қауымдық периферия  мен оның өркениетпен байланыстарының  түрлері. Феодалдық мемлекеттердің  көпшілігі қалыптасқан біздің  эрамыздың 1 мыңыншы жылдарының  екінші жартысына дейін алғашқы  қауымдық периферия өзінің көлемі  жағынан ертедегі өркениет ошақтарынан  әлдеқайда үлкен болды. Содан  кейін де ол бірталай жерді  алып тұрды. Көне әлемде оған  адам аяғы баспаған биік таулы  және шөл далалы аймақтарды  қоспағанның өзінде Арктика, Субарктика  және Евразияның тропиктік орманды  аймағы жатты. Жаңа әлемдегі  Мезоамерика мен Анд тауларының  кейбір ерте қоспағанда осы  көне әлемге қарады.           

   Европалық колонияландыру уақытына дейін бұл аймақта таптық қоғамның қалыптасуы қарқынды жүріп жатқанымен, тек европалықтардан кейін ғана ол қоғам толығымен орнады.            

 Алғашқы қоғамдық қауымдық  құрылымның бір бөлігінің адамзат  қоғамында осыншама ұзақ уақыт,  екінші бөлігінің өркениет сатысына  өткеннен кейін сақталуы бүкіл  әлемдік тарихи үрдістің әртектілігіне  байланысты болды.           

 Өркениет және оның алғашқы  қауымдық перифериясы оның әртүрлі  түрлері мен түрлі байланыстардың  түзілуіне әкеп соғатын, сол  сияқты әлем тарихының бірін-бірі  ауыстыратын баспалдақтары арқылы  бөлінеді өркениет орталықтарны  қарағанда орналасуына байланысты.            

  Алғашқы қауымдық периферия жақын және алыс болып бөлінді. Жақын периферия жылдамырақ, алыс периферия жай дамыды, нәтижесінде дамыған және артта қалған перифериялар пайда болды. Таптық қоғамға қатынасты орнына сәйкес алғашқы қауымдық периферия сыртқы (өркениет ареалынан тыс орналасқан) және ішкі (осы ареал шектеріндегі) болып бөлінді. Бірақ жақын периферия әскери күш арқылы көрші таптық қоғамды өзіне бағындырды. Бұндай жағдайда екінші реттік алғашқы қауымдық периферия қалыптасып, олар жаулап алушылар таптық қоғамға өткенге дейін сақталды. Бұндай жағдай тарихта варварлық жаулап алудың салдары ретінде жиі кездесті.           

  Өркениет пен қазіргі заманғы алғашқы қауымдық қоғамдар арасындағы байланыстар түрліше: бір не екі жақты, тікелей не қосымша, бейбіт және әскери сипатта болды.           

  Жақын перифериямен арада ал қосымша байланысты жақын периферия арқылы алыс перифериямен қатынас барысында пайда болды. Бейбіт байланыстардың ішінде негізгі түрлері—алмасу саудасы, миграция және инфильтрация арқылы, сол сияқты көпшілік және элитарлық, әскери байланыстардан - әскери тонаушылық және жаулап алу, т.б. түрлері болды. Ең кең таралғаны – шаруашылық байланыстар. Олар арқылы еңбекті қоғамдық бөлу және кейбір жағдайда жаңа шаруашылық - мәдениет типтері мен тип тармақтары түзілді. Мысалы, Оңтүстік - батыс Азияда б.э.д. 1 мыңыншы жылда керуен саудаларының қажеттері көшпелі түйекештер тап түзілу үрдісінің алдында тұрған шаруашылық - мәдени тип тармағының бедуин тайпаларының арасында таралуына жағдай жасады. Шаруашылық байланыстар арқылы барлық аса маңызды техникалық және технологиялық жетістіктер: керамика өндірісі және металлургия, желкенді, т.б. көлік түрлері, т.б. таратылды.           

    Өркениеттік шаруашылық байланыстар алғашқы қауымдық қоғамдар экономикасының дамуына мүмкіндік жасады. Мысалы, Эгей теңізі бассейніндегі тайпалар басында Таяу Шығыстағы қола құю өндірісіне шикізат жеткізушілер ретінде енген болса, кейіннен өздері Орталық Европа тайпаларын шикізат жеткізушілерге айналдырған археологиялық зерттеулер арқылы анықталған.     

 Л.Н.Гумилев әлеуметтік дамуды  Күн энергиясының әсерінен деп  түсіндіреді.           

    Алғаш рет Ғарыш пен Күннің Жерде жүріп жататын үрдістерге, ең алдымен, тіршілік үрдістеріне әсерін орыс ғалымы А.Л.Чижевский түсіндіріп берді.           

1915 жылы 18 жастағы А.Л.Чижевский  астрономия, химия және физика  салаларын бар ынтасымен зерттей  отырып, Күн бетіндегі дақтардың  түзілуі мен осы кезде жүріп  жатқан бірінші дүние жүзілік  соғыста ұрыс қимылдарының синхрондығы  қарқындағанына назар аударды.  А.Л.Чижевский астрономия, биология  және тарих ғылымдары бойынша  түрлі ғылыми зерттеулер жүргізе  отырып, Күннің белсенділігінің  Жердегі биологиялық және әлеуметтік  үрдістерге тікелей әсер ететінін  анықтады. Бұл жөнінде оның "Тарихи  үрдістердің физикалық факторлары”, "Күн сәулелері желдерінің  Жердегі жаңғырығы” деген еңбектері  дәлел бола алады.           

   А.Л.Чижевскийдің бір қызықты ойы, Күндегі магниттік құбылыстар мемлекет басшыларының денсаулықтарына әсер ететіндігі туралы еді. Көптеген мемлекет басшылары жасы ұлғайған адамдар болатыны белгілі. Әрине, космостағы және Жердегі ритмдер олардың денсаулығына әсер етеді. Бұл жағдай әсіресе, тоталитарлық, диктаторлық тәртіп жағдайындағы елдер үшін өте қауіпті еді. Егер мемлекет басында аморальды немесе психикасы әлсіз адамдар болса, онда олардың ғарыштық құбылыстарға деген паталогиялық реакциялары тек өз мемлекеттерінің халқы үшін ғана емес, сонымен бірге, көптеген елдер жаппай қырып жоятын аса қуатты қаруға ие болып отырған кезеңде, бүкіл баласы үшін орны толмас қайғы-қасірет туғызуы мүмкін.           

 А.Л.Чижевский қорытындыларының  бір ерекшелігі– Күннің  Жердегі тек биологиялық емес, әлеуметтік үрдістерге де біршама әсер ететіні.  Әлеуметтік қақтығыстар (соғыстар, көтерілістер, революция), А.Л.Чижевскийдің пікірінше, Жер бетіндегі тіршіліктің негізі -  Күннің күйі мен белсенділігіне тікелей байланысты жүреді. Оның есептеулері бойынша, Күннің белсенділігінің төменгі деңгейінде қоғамдағы көпшілік әлеуметтік құбылыстардың аз ғана мөлшері, шамамен 5 % жүреді, ал жоғары деңгейінде – 60 % жетеді.            

    А.Л.Чижевскийдің Күннің Жердегі үрдістерге әсері туралы айтылған ойлары мен қорытындылары тек біраз жыл өткен соң ғана тәжірибе жүзінде дәлелденді. Оның көптеген идеялары  да космос және биология ғылымдары саласында біраз уақыт өткен соң қолданылды. Ғылыми тұрғыдан алып қарағанда Жерде жүретін құбылыстар мен үрдістердің Күн және Аймен байланысты болатындығы анықталды.           

 Күн белсенділігінің жоғары  кезеңінде атмосфераның ағыны  қарқындап, ортаның ылғылдылығы  артып,  фитомасса ұлғайып, микроорганизмдер мен вирустардың белсенділігі артқанына байланысты, адам организмінде жүрек, қан-тамыр, онкологиялық, нерв жүйесі аурулары көбейеді. Бұлардан басқа тіршіліктің биологиялық ритмдер түріндегі  көрсеткіштерінің циклді өзгерістері – тәуліктік, ай, жыл, жарты жылдық, 2,2-5,5 жыл, 11 жыл, 22 жыл, 88-90 жыл, 180 жыл, 600 жылда байқалады. Әрбір биоритм  гелиоритммен: Күннің айналу кезеңі – 27 күн; Кұн бетіндегі дақтардың сандарының радиосәулелер ағынының өзгеруіне байланысты Күннің белсенділігінің өзгеру кезеңдері, 2,2-2,5 жыл, 5,5-6,0 жыл, 11 жыл, 22 жылдық магниттік цикл – Күннің жалпы магнит өрісінің өзгерістері, сол сияқты 88 жыл, 180 жыл 600жыл.           

 Адамдарға қатысты өзара  байланыс анық байқалады: тік  жүру – 1 жас, сөз сөйлеу, өз  бетінше тамақтану 2-2,5 жас, оқып  үйрену – 5,5-6 жас, жыныстық  жетілу –11 жас, еркектердің ең жоғарғы жыныстық белсенділігі мен әйелдердің өсімталдық қабілеті – 22 жас, еркектердің ең жоғарғы творчестволық белсенділігі мен әйелдердің жыныстық  белсенділігі – 33 жас, әйелдердің көпшілігінде климакс пен еркектедің көпшілігінің жыныстық белсенділігінің тоқтауы – 55 жас.           

  Дамудың әрбір фазасы Күн циклінің белгілі бір кезеңімен сәйкес келеді. Л.Н.Гумилев "Этногенез және Жер биосферасы" атты еңбегінде этногенез (халықтың пайда болуы) проблемалары Күн әсері мен географиялық ортаға тікелей тәуелді деп көрсетті. Географиялық орта Жер биосферасының бір бөлігі болып, Күн жұйесінің құрамына – галактикаға кіреді.

3. Өркениет типтеріне және  оның дамуының сатыларына байланысты  қоршаған ортаға дифференциалды  антропогендік жүктеме

Қоршаған ортаның  ауыл шаруашылығымен ластануы және онымен күрес

Ғылыми-техникалық прогресс ғылымда ғана емес, ауыл шаруашылығында да белгіленеді. Аграрлық политиканың  басты бағыты – ауыл шаруашылығының қазіргі кезде индустриялық базаға, ғылыми-техникалық прогрестің экономикалық сфераға өтуі. Сонымен қатар ғылыми-техникалық прогресс ауыл шаруашылығының қоршаған ортасын ластамауы керек. 20 ғ ортасында  ауыл шаруашылығына жаңадан қауіп  төнді, ол биосфераның минералдық тыңайтқыштармен, пистицидтермен т.б ластануы. Осылардың  көбі жер бетіне таралып кеткен. Мысалы: ДДТ 10 жылда жартылай ыдырайды, бұл тіпті жер бетіндегі пингвиннің ұлпаларында да кездескен. 70 жылдары  ауыл шаруашылығының ластануы ең басты  сұраққа айналды. Ауыл шаруашылығының ластануы үшін көптеген конференциялар болды. Ластаушы көздер – минералдық тыңайтқыштар, малдардың қалдықтары, пестицидтер, т.б.

Минералдық тыңайтқыштар

Ауыл шаруашылығының дамуы  үшін минералдық тыңайтқыштарды қолданылады. Тыңайтқыштың мөлшері қолайлы болуы  керек. Аз мөлшердегі тыңайтқышпен керекті  өнімді алу мүмкін емес. Артық мөлшердегі миниралдық тыңайтқыштар өнімнің сапасын  бұзуы мүмкін. Ауыл шаруашылығында көп жағдайда азот, фосфор тыңайтқыштары  пайдаланылады, олардың оптималды  мөлшері өнімді көп арттыра түседі, ал көп мөлшерде белгілі бір зиянын тигізеді де, өсімдіктерде хлороз тудырып, өнімнің сапасын түсіреді. Тынайқаштардың біраз мөлшері қар суымен және жаңбыр суымен шайылып кетіп отыратындықтан, олармен топырақты өңдеу периодты түрде жүргізіледі.

Сонымен ласталастаушы көздердің  ең басты бағыттарына мал шаруашылығы  фермалары және комуналдық тұрғылықты пунктермен қатар өсімдік шаруашылығы  да жатады.

Жаңбыр және қар суымен шайылып су қоймаларына түскен минералдық заттар суда тіршілік ететін әртүлі гидробиоттар, көптеген су өсімдектері, фитоплоктондарға өз әсерін тигізеді. Қазірге кезде  балық аулау және оның дамуы үшін де минералдық тыңайтқаштар пайдаланады. Минералдық тыңайтқыштарды белгілі  бір мөлшерде пайдалану кезінде  фитоплоктондар, бактериялар, зооплоктондар  және омыртқасыздар мен балықтар көбейеді. Алайда егер тыңайтқыштар көп  мөлшерде қолданылатын болса, онда кері әсерін тигізуі мүмкін. Ол бастапқы микрофлораға, көк-жасыл балдырларға  зиянды әсер етеді, яғни олардың құрамында  улы мен қорекке қажетсіз заттар жинақталады. Олармен қоректенетін зооплоктондар жойылып, нәтижесінде  балықтардың кейбір түрлері өліп, ал басқаларының өсуі азаяды.

Мал шаруашылығының қалдықтары.

Қазірге кезде көптеген елдерде  ірі мал шаруашылығы кешендеріне  көңіл бөлініп отыр. Ол етпен және сүтпен қамтамасыз етеді. Алайда мал  шаруашылығынан қалған қалдықтар қоршаған ортаны ластайды. Ірі қалаларда мал шаруашылығының қалдықтарын миллиардтаған тоннамен өлшейді. Малдың тамақтандыру аймағында 10 мың малдан күніне 200 т тезек шығарылады. Қазіргі кезде 50-100 мың мал шаруашылығы кешендері салынған. Олардың аймағында көптеген тезектер жиналады. Бұл антисанитарлық жағдай туғызады. Ауаның, топырақтың, грунт суларының ластану мөлшерін, тезек иісінің адамдар тұратын тұрғылықты жерлерге таралмауын қадағалап отыру керек. Ол үшін ауыл аруашылық кешендерін салуды жоспарлағанда жел бағытын ескеру қажет. Мысалы: Австрияда кішігірім қалада шошқа шаруалығы болған, оның иісінен сол жердегі тұратын адамдар көшіп кеткен. Қазіргі кезде қалаларда әртүрлі шаруашылықтар салуға болмайды. Шаруашылықтардан су қоймаларына құйылатын сулар оларды ластайды. Еуропаның кейбір елдерінде суды ластайтын әртүрлі шаруашылықтар жиі кездеседі. Швейцарияда 1969 жылы 2% балықтардың өлуі осы себепті болды. Ауыл шаруаылығынан ластану тұрмыстық ластанудан 150 есе көп. Шаруашылықтарды суқоймалардың, демалыс орындарының, санаторийлердің қасына салуға болмайды. Мал шаруашылығынан қалған тезектерді уақытылы тазалау және дұрыс пайдалану арқасында қоршаған ортаның ластануынан жол табуға болады.

Мал шаруашылығынан қалған қалдықтарды  пайдалану жолдары:

1) Тезектерді нормаға байланысты егістікте пайдалану.

2) Көнді немесе тезекті  сусыздандыру. АҚШ-та тезекті сусыздандырып,  оны өсімдік шаруашылығында қолданады.

Үлкен мал шаруашылық кешендерін салу барысында тезекті қайта  өңдеуден өткізетін механикалық  құрылымдар қоса салынуына көңіл  бөлу қажет.

Ауылшаруашылыққа  техниканың әсері.

Ауылшаруашылық техникалары  кейбір жағдайларда қоршаған ортаға да зиянын келтіруі мүмкін. Ауыр тракторлар егістікте жүру барысында топырақтың құнарлылығын нашарлатады. Кейбір кезде  жеңіл көлік пен тракторларды көлдер мен өзендерде жуады, осының әсерінен судың пайдалану сапасын  нашарлатады. Бұл балық шаруашылығына  әсер етеді. Осы жағдайларға сәйкес әрбір шаруашылықтың машинамен  трактор жуатын жүйелері болу керек.


Информация о работе Биосфера тұрақсыздығы