Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 09:06, реферат
Биологиялық эволюция - бұл тірі ағзалардың күрделі сатыға көтеріліп, қоршаған орта жағдайларына бейімделгіштіктің артуындағы тұрақты, үздіксіз жүретін үдеріс. Микроэволюция дегеніміз - жаңа түрлер мен түршелердің пайда болу үдерісі. Жаңа түршелер таксондарының, қалыптасу үдерісі макроэволюция деп аталады. Бұл үдерістер эволюциялық өзгерістердің құнды тізбегін түзеді. Жаңа класты сонда пайда болған жаңа түрлерсіз пайда болды деудің өзі түсініксіз. Сондай-ақ бастапқы түрлер өте көп мөлшерде жеткіліксіз болса, жаңа түршелік санаттардың қалыптасуы да мүмкін емес.
Адамның жануарлардан ең басты ерекшектері: еңбек, түсінік бойынша ойлау мен сөйлеу – адамның жануарлардан бөліну жолдарында қалыптасқан ең маңызды белгілер болды.
4.4.Сөйлеу мен ойлау эволюциясы
Өздерінің дауыс ырғақтарымен сөз мәнерлерімен өз тыңдаушыларында керемет эмоцияларын қоздыратын музыканттар, әншілер немесе шешендер баяғы замандарда жартылай адам қалыпты болған бабаларының бір-бірімен тайталасу немесе көңілінен шығу үшін қолданған әдестерін пайдаланғалы жүргенін сезіп те, біліп те жүрген жоқ.
Алғашқы
қауымдық қоғам эволюциясының көптеген
проблемаларының ішінде тіл эволюциясының
құрылу үрдісі - ең негізгілердің бірі.
Австралопитектер, питекантроптар мен
неандерталдықтардың
Адамның
ойлау қабілеті қоғамдық ортаға тіл
арқылы шығарылады. Тіл болмаса ешқандай
ой да, ойлау үрдісі де болмайды. Жалпы
алғанда, тіл мен ойлау бір-бірімен
тығыз байланысты үрдіс және ол коллективтік
бірлескен еңбек үрдісін
Барлық маймылдар, олардың ішінде адам тәріздестері де вокалданған жануарлар, олар үшін дыбыс шығару табиғи құбылыс. Бұл вокалдануда дыбыстардың екі түрі немесе дыбыстардың екі негізгі тобы болады. Осылардың ішіне қорқыныш, ашулану, т.б. сезімдерді білдіретін дыбыстар (олар әртүрлі жануарларда 20-дан 30-ға дейін болады). Сондай – ақ тіршілік шулары деп аталатын, маймылдардың үнемі шығаратын дыбыстары және олардың эмоционалдық күйлерімен байланысты дыбыстар.
Бұл айтылған
жағдайлардың барлығы негізгі емес
қосымша дәлелдемелер болғанымен, ертедегі
гоминидтердің дыбыс
Сөз жүйесінің алғашқы бастамасы қалыптасып келе жатқан қоғамдық және еңбек қатынастарының дамуына қызмет етуі қажет еді. Сөз дамып келе жатқан ойлау үрдісінің барлық функцияларын жүзеге асырып оның сыртқы көрінісін бейнелеуі қажет болды. Көптеген лингвистердің пікірі бойынша, ең алдымен, белгілі бір іс-әрекетті түйсіну, яғни тілдің дамуында бірінші етістіктіктің түбірлері пайда болды. Сол сияқты, сөздер ғылымда ортақ еңбек үрдісінде атқарылған жұмыстар кезіндегі айтылған дыбыстардан құралған деген гипотеза пайда болды. Бұл гипотеза бойынша, алдымен етістіктердің іс-әрекеттің белгілі бір түріне сәйкес болатын түбірі пайда болған да, кейіннен сөз бен сөйлемдердің басқа мүшелері пайда болған. Неміс антропологы М.Мюллердің гипотезасының мәні осылай еді. Дәл осындай жолмен қоғамдық еңбек үрдісінде бірте-бірте ақыл-ой қалыптасқан болуы керек.
Сонымен қатар, іс-әрекетке қарағанда, объектіні айқындап белгілеу маңыздырақ. Олай болса, зат есімдік түбір, аз мөлшерде болса да, етістіктік номинациямен қатар қалыптасуы қажет болды. Лексиканың құрамын анықтау қиындау – оның гоминидтерде қорек ретінде пайдаланған өсімдіктердің, аулаған аңдарының, еңбек құралдарының аттары, жақын туыстық қатынастарының аталуы сияқты немесе аз ғана қажетті етістіктер жиынтығы болуы мүмкін екендігін жорамалдауға болады. Осы лексиканы пайдалану нәтижесінде белгілі бір іс-әрекеттердің бағытын білдіретін сөздер пайда болуы мүмкін. Алғашқы қоғамдағы ойлаудың жүйелі болмауы, түсініктердің кең мағынасын білдіре алған жоқ. Дегенмен, бірте-бірте тілдің сөздік құрамы ұлғайып, оның операциялық аумағы, яғни тілдің белгілі түсініктер арасындағы қатынастарды неғұрлым дәлірек білдіретін бөлігі дамып, жетіле түскендігін сенімді айтуға болады. Мустьерлік кезеңнің өзінде-ақ идеологияның алғашқы белгілері пайда болып, тілдің одан әрі байи түсуіне жағдай жасалды. Ең соңында, жалпыға бірдей түсінік бойынша, қазіргі заманғы адам түрінің пайда болуына байланысты тілдің дамуы ең жоғары деңгейіне жетіп, оның бүкіл әлем тілдерінің барлығына тән құрылымы түзіліп, қалыптасты.
Ертедегі аңшы, балықшылардың, т.б. бір кездері өте шектеулі болып есептелген лексиконының мұқият зерттеуден кейін өте кең ауқымды екендігі анықталды (Австралиялық аборигендерінің өздерінде ақ – 10 мыңнан аса сөз, яғни кез келген европалық тілдерден әлдеқайда көп). Грамматикаға байланысты да дәл осыны айтуға болады. Бір ғана етістіктің түрлерінің саны бірнеше жүзге дейін жететінін көптеп кездестіруге болады. Көптеген қарапайым тілдердің тағы бір ерекшелігі – олардың синтаксистерінің жеткіліксіз дамуы. Алайда, бұл мәдени даму деңгейінің төмендігін білдіреді деп тұжырымдау қиын. Өйткені, тіпті ең жоғары дамыған елдер халықтарының ауызша тілінде жеке сөз тіркестері жазба тілге қарағанда өте қысқа болып келеді. ХХ ғасырдың басында бір белгілі ғалым - лингвист Германиядағы бір кирханың сөздік қорын зерттеп, бір жыл ішіндегі олардың әртүрлі тіршілік жағдайларында пайдаланатын сөздерінің жалпы саны 400-ден аспайтынын анықтады.
Адамдарда
түсінікті сөз сөйлеудің
Мидың үлкен
жартышарларының функционалдық
ерекшеленуі тұқым қуаламайды және
адамның жаңа туылған кезінде
байқалмайды. Алайда кейбір ғалымдардың
пікірінше, адамның тез сөйлеп үйрену
қабілетін қамтамасыз ететін тұқым
қуалайтын механизмдер болуы
мүмкін. Жануарлар миының үлкен жарты
шарларының қабығы функционалдық жағынан
жіктелмеген. Кейбір ғалымдар, адам мен
жануарлар арасында тек сандық ерекшеліктер
ғана бар деп тұжырымдайды. Дегенмен,
бұл пікірді жоққа шығаратын
фактілердің бірі маймылдарды сөйлеуге
үйретудің ешқандай оң нәтиже бермегендігі.
Жануарлар шығаратын түрлі
Бірақ ғалымдардың
көпшілігі адамда сөйлеу қасиетіне
жауап беретін тұқым
Тіл қарым-қатынас түрі ретінде адамның биологиялық эволюциясын жылдамдатқан шешуші фактор болды. Оның әсері денені тік ұстау факторынан да маңызды болып саналады. Тілсіз эволюцияда аса маңызды жетістіктердің таралуы өте жай болған болар еді. Барлық әлеуметтік жүйелер бір – бірімен хабарлау арқылы байланысады. Тіл жан-жақты байытылған ондаған ғасырлық тәжірибенің - дін, философия, ғылым, өнер және де басқа түйсік формаларының шынайы ағымы болып табылады. Бірақ бұл тәжірибе барлық тірі жүйелерге тән тұқым қуалаушылық механизмдер арқылы ұрпақтан ұрпаққа берілмейді. Ол - алмасып отырған адам баласы ұрпақтарының жасаған капиталы мен өндіргіш күштерінің капиталы ретінде тұқым қуалау үрдісінде сақталады.
Қазіргі кезде, көпшілік мойындаған көзқарас бойынша, алғашқы қауымдық қоғамдағы тілдің жағдайы алғашқы қауымдық лингвистикалық үздіксіздік арқылы сипатталады. Бұндай жағдай алғашқы қауымдағы төменгі аң аулаушылар, балық аулаушылар, т.б. қоғамдарында байқалып, әсіресе Австралия аборигендерінде жақсы зерттелді. Оларда толып жатқан тілдер мен олардың варианттары – диалектілер көп болды. Егер бір-бірінен салыстырмалы түрде алыс тұрған тілдер бірқатар ерекшеліктері арқылы ажыратылса, ал көршілес тілдер өзара түсінушілік жағынан бір-біріне жақын болды. Бұл жерде ерекше бір спектр бар сияқты: ондағы бояулар түрліше болғанымен, дискретті емес, бірі екіншісіне біртіндеп ауысып отырады. Бұндай жағдай бастапқы тілдердің жіктелуіне ғана емес, түйісу аймақтарындағы бір-бірімен өзара әсер етулеріне байланысты қалыптасты. Бұл өзара әсерлерде топ аралық байланыстардың рөлі де ерекше болды.
Алғашқы
тілдің негізгі жиынтықтары
Әдетте, тіл бойынша жалпылық, этникалық жалпылықтармен, яғни ортақ мәдениеттегі (тілді де есептегенде) адамдар жиынтығымен байланысты.
Тіл - ұлттың қасиеті, қарым-қатынас құралы. Бүгінгі таңда үш мыңнан аса тіл бар. Бірақ техника мен байланыс құралдарының дамуына байланысты тілдер арасындағы шектер жіңішкеріп бара жатыр деуге болады. Қазірдің өзінде әрбір ұлттың тілінде “бөтен” сөздер өте көп. Ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерімен бірге әлемде жаңа терминдер көптеп пайда болып, ұлттар арасындағы сөздік алмасулар көбейіп отыр. Келешектегі адамзат қоғамында әлемдік цивилизацияда негізгі болып саналатын ұлттардың тілі негізінде құралған бір немесе бірнеше тіл болуы мүмкін. Мүмкін олар ағылшын, испан, қытай, урду және хинди тілдері болуы мүмкін.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР