Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2014 в 17:42, курсовая работа
Биоалуантүрліліктің экожүйедегі байланыстарының толық болуының шарты және негізгі факторы бола отырып, оның ең маңызды қасиеті – тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Элементарлық (іс жүзінде бөлінбейтін) экожүйелердің көптүрлілігі ең алдымен олардың түрлік құрамымен анықталады. Ал ең ірі экожүйелер үшін алуан түрліліктің артуына оларға кіретін кіші деңгейдегі экожүйелердің маңызы артады.
Биосфераның геологиялық тарихының барысында онда тіршілік ететін ағзаларының түрлерінің саны тұрақты болмаған. Әрбір түр белгілі бір уақыт қана өмір сүреді.
Кіріспе......................................................................................................................4
І тарау. Биоалуантүрлілік туралы түсінік........................................................6
1.1. Биоалуантүрлілік құрылымы мен деңгейлері………………………….....6
1.2. Жануарлардың тіршілік әртүрлілігі……………………………………….8
ІІ тарау. Экологиялық факторлар...................................................................10
2.1. Экологиялық факторлардың әсер етуінің кейбір заңдылықтары……..10
2.2. Экологиялық фактор әсерінің оның белсенділігіне тәуелділігі……….12
ІІІ тарау. Биологиялық әралуандылық және оларды сақтау……………14
3.1. Жануарлардың биоалуандылығы………………………………………..14
3.2. Биоалуантүрліліктің өзгерілуі…………………………………………...15
3.3. Биологиялық әралуандылықты сүйемелдеу…………………………...16
3.4. Биологиялық әралуандылықты сақтау………………………………….19
Қорытынды…………………………………………………………….……….25
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………………26
Қазақстанның
Республикасының Қызыл кітабы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін
молайту және пайдалану туралы»
Қазақстан
Республикасының Қызыл
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен өсімдіктер түрлері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ерекше қорғауға алынады. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен басқа жагдайда, бұл түрлерді аулауға ( жинауға) бүкіл республика аумағында тыйым салынады. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің (түршелерінің, популяцияларының ) жойылып кетуіне, сандарының азаюына және тіршілік ететін ортасының нашарлауына әсер ететін әрекеттерге жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы жануарлар мен өсімдіктер деп аталатын екі томнан тұрады. Әр томды жеке кітап немесе бірнеше бөлім түрінде де шығаруға болады және онда қосымша ретінде Қазақстан Республикасынығ Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен өсімдіктердің жойылып кету қаупі бар түрлері мен түршелерінің түсініктеме тізбесі,Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы туралы Ереженің мәтіні және Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы жөніндегі басқа да номативтік құжаттар беріледі. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы қазақ және орыс тілдерінде шығарылады, басқа кез келген тілге де аударылуы мүмкін. Жануарлар мен өсімдіктер түрлерін сипаттау тәртібін Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы жөніндегі тиісінше зоологиялық және ботаникалық комиссиялар белгілейді.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген организмдердің әр түрі үшін мынадай негізгі деректер келтіріледі: түрдің латынша, қазақша және орысша аталуы; мәртебесі (жойылып бара жатқан, саны азайған, сирек кездесетін); түрдің сыртқы бейнесі; Қазақстанда бұрын және қазіргі кезде таралуы, картасымен; саны мен оның өзгеру барысы; негізгі шектеуші факторлар және саны мен таралу аймағының өзгеру себептері; жасанды жағдайда, қолда және қалыпты ортада өсіру мүмкіндігі туралы мәләметтер; түрдің тектік қорын сақтауда Қазақстан Республикасы аумағында мекендейтін популяцияның рөлі; қорғаудың қолданылған және қажетті шаралары; ақпарат көздері. Қажет болған жагдайда, сондай – ақ организмнің жастық маусымдық ерекшеліктері де сипатталады.
Қазақстан Республикасының Қазал кітабына жануарлар мен өсімдіктердің сол немесе өзге түрін енгізуге және онын мартебесін айқындауға санының қисапсыз азаюы, таралу аймақтарының қысқаруы, тіршілік ету жағдайының қолайсыз өзгеруі туралы деректер немесе оны қорғау мен өсімін молайту жөнінде шығу шаралар қолданудың қажеттігі туралы дәлел келтіретін кез келген басқа да деректер негіз болады. Халықаралық табиғатты және табиғи ресурыстарды қорғау одағының тізіміне енген сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлардың түрлері Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына бірінші кезекте енгізіледі. Жануарлар мен өсімдіктердің кез келген түрін Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізу немесе Қызыл кітаптан шығару туралы ұсыныстар Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы жөніндегі зоологиялық және ботаникалық комиссияларға ұсынылады. Жануарлар мен өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына , одан шығару және кез келген түрінің мәртебесі туралы мәселелерді қарау үшін ведомствоаралық, зоологиялық және ботаникалық, комиссиялар құрылады.
Қорытынды
Биологиялық әртүрлілікті сақтау мәселесі бірнеше ондаған жылдардан бері тек мамандар мен табиғат қорғаудың жекелеген ынталы адамдарының міндеті болудан қалды, себебі әр бір биологиялық түрді жоғалту тек адамгершілік пен жалпы теориялық пікірлерге ғана емес, сонымен қатар қоғамның экономикалық мүддесіне де нұқсан келтіретініне адамзат баласының толықтай көзі жетті. Бұған 1992 жылы Рио – де – Жанейрода өткен конференцияда дүние жүзінің көптеген елдері, оның ішінде Қазақстанда қол қойған, биологиялық әртүрлілік туралы Конвенцияның қабылдануы дәлел.
Түрлердің санының күрт төмендеуі мен түрлердің жойылу себептері алуан түрлі. Көбінесе олар мекен ету ортасының өзгеруі немесе бұзылуымен байланысты. Омыртқалы жануарларға қатысты алсақ бұл факторға түрлердің жойылуының 60 пайызы жағдайлары сәйкес келеді. Екінші орында шектен тыс пайдалану , содан кейінгі орында азық қорының кемуі, зиянкестерді жою және кездейсоқ жемтік тұр.
Шектен тыс пайдалану қандай да бір кәсіптік маңызы бар жануарлар үшін қауіпті. 1983 жылы тек қана тіс сүйектері үшін ғана 80 мың Африка пілдері жойылды. Түрлердің жойылуындағы маңызды себептердің бірі олардың интрдукцияланған, яғни сырттан әкелінген түрлерімен бәсекелестікке қабілетсіз болу. Мұндай құбылыстарға шектелген территорияларға, аралдарда тіршілік ететін түрлер өте сезімтал болып келеді.
Экологиялық мәселелерді және биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың бір жолы – Қызыл кітап. Табиғи ресурстары мен табиғатты қорғаудың халықаралық одағы (МСОП) бүкіл планетаның Қызыл кітабын құрастырған.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1) С. М. Махмұтов «Зоология» Алматы 2006 жыл.
2) Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. «Экология». Алматы-2002ж. (234 бет)
3) Байсейтова Н.М. «Экология негіздері»
Шымкент-2005ж. (134-138 беттер)
4) Ф.Қ. Иштаева, Л.Г. Костарева, Ш.С. Набидоллина, Ж.Е. Молдағалиева
«Экология» «Фоллиант» баспасы Астана-2008ж. (65-70 беттер)
5) Ж.Ж. Жатқанбаев «Экология негіздері» Алматы-2003ж. (112-115 беттер)
6) Халила Әбділлах Нұрлақұлы «Экология» Шымкент-2000ж. (15-21 беттер)
7) Байсейітова Н.М., Халила Ә.Н., Сартаева Х.М. «Экология және қоршаған ортаны қорғау». Шымкент 2003 ж. (59-70 беттер)
8) Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы 6 том, Алматы 2004ж. (245-260 беттер)
10) Ғ.Сағымбаев «Экология негіздері» Алматы 1995ж.
11)Ж.Ж.Жатқанбаев «Экология негіздері» Алматы 2003ж.
12)Ұ.Б.Асқаров «Экология және қоршаған ортаны қорғау» Алматы 2007ж
13) Ә.Бейсенова Ж.Шілдебаев
«Экология және табиғатты