Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2014 в 21:00, реферат
Балқаш көлі - ғаламшардағы ең көне көлдердің бірі. Жаратылысы бөлек, жұмбағы мол. Батыс бөлігі ерекше тұщы сулы болса, шығыстағы айдыны айрықша ащы болып келеді.Балқаштың тағдыры –жарты ғаламның тағдыры деп айтуға болады. Көл тіршілігі оның картада көрсетілген көк сызықты кемерімен шектелмейді.Оған əсер ететін фактор көп. Балқаштың тағдыры- Алатаудың басынан, Қытайдың далсынан басталады. Себебі көл қанасына су жинайтын алабы сонау Іленің арнасына құйылатын бастау бұлақтардан, Алатаудың мұзарт шыңдарынан, Арқаның апайтөс даласынан құралады.
Экологиялық апат мəселесі қазір бар əлемді толғандырып отыр. Балқаш тағдыры алаңдатқалы да жылыстап жылдар ауысты.