Қажетті қорғау шаралары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2013 в 19:52, реферат

Краткое описание

Оның негізгі азықтары –таутеке, елік, қабан, марал, арқар, қоян, шақылдақ, ұлар мен кекіліктер. Жыныстық жағанан екі жасында жетіледі. Күйге түсі – ақпан-наурыз айларында, балаларын мамыр-маусым айларында туады. Әдетте 1-5, жейрек – 2-3 жас барыстар дүниеге келеді.
Қабылданған қорғау шаралары.
СИТЕС-дің 1-ші қосымшасына енгізілген. Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл, Батыс Алтай қорықтарында, Сайрам-Өгем, Іле-Алатау, Қатонқарағай ұлттық парктерінде және бірқостар қорықшаларда қорғалады.
Қажетті қорғау шаралары.
Ерекше қорғалатын табиғи территориялар ұйымдастыру, қарғаудың тиімділігін арттыру және браконьермен күресті күшейту қажет.
Зерттеу жөніндегі ұсыныстар.
Соңғы оншақты жыл ішінде барысты ғылыми зерттеу болған жоқ. Сондықтанда Қазақстандағы барыстың қазіргі жағдайын терең зерттеу керек

Прикрепленные файлы: 1 файл

Барыс.doc

— 56.50 Кб (Скачать документ)

     Барыс (лат. Uncia uncia) Орталық Азиядағы тауларда, Солтүстік Үндістан, Пәкістан, Байкал, Тибет өңірлерін мекендейтін мысық. Сирек, таралу аймағы тарылып, саны кемуде. Тянь-Шань, Тарбағатай, Сауыр мен Алтайдың биік жоталарында таралған; таулардың альпі және субальпі белдеу-лерінде құзды, жартасты жерлерді мекендейді. Қазақстанда жалпы саны - 200 бастан аспайды; санының кемуінің негізгі себептері - қасақылық және негізгі қоректік объектілер (таутеке, арқар, елік) санының азаюы. 1976 және 1985 жылдары барыстар Алматы хайуанаттар паркінде өсіп-өнген. Ақсу-Жабағылы, Алматы және Марқакөл қорықтарында және үш қорықшаларда қорғалады. Жоңғар қорығын ұйымдастырып, қазіргі бар қорықшаларда қорғау жұмыстарын жақсарту қажет.

Көп түркі және көшпенді елдер үшін, барыс ұлттық таңба. Алматы қаласының қалатаңбасында - барыс, Татарстан республикасының елтаңбасында - қанатты барыс.

     Барыс, ірбіс – мысық тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Дене тұрқы 125 – 135 см, биіктігі 60 см (шоқтығынан алғанда), құйрығы 90 – 100 см, салмағы отыз – қырық килограмдай. Түсі көк сұр, теңбіл шұбар, сақина тәрізді дөңгелек қара дақтары бар, жүні ұзын әрі қалың. Қазақстан мен Орталық Азияның биік тауларында (2000 м-ден астам) кездеседі. Оның ең көп жүретін жері – басын мәңгі қар басқан тасты тік беткейлер мен қиялар. Қыста қар қалың түскенде, барыс таудың орманды белдеуіне дейін төменге түседі. Барыс тұяқты жануарларды, әсіресе, арқарды, тау текені, тау ешкілерін, еліктерді, ал құстардан ұлар мен кекіліктерді ұстап жейді. Қорегін негізінен іңірде немесе түнде аулайды. Қазақстандағы барыстың саны жүз сексен – екі жүздей. Олар негізінен Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл қорықтары мен Алматы, Лепсі, Тоқты қорықшаларында мекендейді. Аулауға тыйым салынған, санының азайып кетуіне байланысты халықаралық және ұлттық «Қызыл кітапқа» (1996) енгізілген. Қазақ ежелден барыстың тектілігін, батылдығын, айлалылығын пір тұтқан. Дәстүрлі жыл санауымыздың үшінші жылы Барыс жылы. Барыс Алматы, Астана қалаларының төлтаңбаларында бейнеленген.

     Ареалы қысқарып, саны азайып келеді. Барысты 2-ші санатқа көшіру керек. Халықаралық табиғат қорғау Одағының (МСОП) қызыл тізіміне (ЕN – санаты), Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікистан, Ресей Қызыл кітаптарына енгізілген.

    Дүниежүзілік және Қазақстан фауналарында тустың жалғыз өкілі.

                              Таралуы.

     Түрдің таралуы Орталық Азия және Оңтүстік Сібір тауларын қамтиды. Казақстанда Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр, Алтай тауларында қоныстанған. Қаратауда (Сырдариялық) ХХ ғ. 40-шы жылдары жойылып кеткен. Іле және Жоңғар Алатауларының онша биік емес жоталары – Торайғыр, Сөгеті, Кіші және Үлкен Бөгеті, Қатутау, Ақтау, Шолақ, Матай, Алтын Емелде барыс тұрақты мекендемейді, бірақ оларға анда-санда енгені байқалады . Алтай тауларында бірең-сараң аңмен кездесу Күршім, Холзун, Оңтүстік Алтай, Тарбағатай, сондай-ақ Бұқтырма, Қарақаба өзендерінің жоғарғы жағында, Марқакөл маңында байқалды.

Мекендейтін жерлері.

Тасты құздар, негізінен, таудың субальпі және альпі белдеулерінде. Сонымен бірге, онша биік емес тауларда да олардың тік, тасты құзды беткейлерінде ұшырасады.

Саны.

     Барлық жерде саны өте аз; тек аздап Алматы қорығында жиірек кездеседі. Іле Алатауында 30-35, Теріскей Алатауында – 2-3, Кетпенде – 2-3 барыс тіршілік етеді. ХХ ғ. 60-80 жылдары Күншей Алатауында оның іздері жиі кездесетін. Сол жылдары Жоңғар Алатауында 50 барыс тіршілік етті, ал Сауырда іздері ғана көрінді. Батыс Тянь-Шаньда сирек, Ақсу-Жабағылы қорығында 2-3 барыс өмір сүреді. ХХ ғ. 70-80 жылдары Қазақстанда барлығы 180-200-дей барыс бар екендігі анықталды, ал қазірде бұл көрсеткіш 120-130-дай ғана.

]Негізгі шектеуші факторлар.

     Браконьерлік, қоректер санының кемуі.

Биологиялық ерекшеліктері.

     Бір жерде тұрақшы тіршілік етеді, бірақ күн көру жағдайы нашарлағанда кейде алысқа қоныс аударуы мүмкін. Қыста тұяқты аңдар тау етектеріне қарай түскенде, барыстарда сол маңға қарай қоныс аударады. Оның негізгі азықтары –таутеке, елік, қабан, марал, арқар, қоян, шақылдақ, ұлар мен кекіліктер. Жыныстық жағанан екі жасында жетіледі. Күйге түсі – ақпан-наурыз айларында, балаларын мамыр-маусым айларында туады. Әдетте 1-5, жейрек – 2-3 жас барыстар дүниеге келеді.

Қабылданған қорғау шаралары.

     СИТЕС-дің 1-ші қосымшасына енгізілген. Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл, Батыс Алтай қорықтарында, Сайрам-Өгем, Іле-Алатау, Қатонқарағай ұлттық парктерінде және бірқостар қорықшаларда қорғалады.

     Қажетті қорғау шаралары.

Ерекше қорғалатын табиғи территориялар ұйымдастыру, қарғаудың тиімділігін арттыру және браконьермен күресті күшейту қажет.

Зерттеу жөніндегі ұсыныстар.

Соңғы оншақты  жыл ішінде барысты ғылыми зерттеу  болған жоқ. Сондықтанда Қазақстандағы  барыстың қазіргі жағдайын терең  зерттеу керек.


Информация о работе Қажетті қорғау шаралары