Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 22:00, реферат
Компьютердің қолданылу аясы шектелмеген десе де болады. Түрлі мамандық иелері қазіргі таңда компьютерді жұмыс істеу үшін аса қажет аспап ретінде қарастырып отыр. Компьютерлердің көмегімен күрделі әрі зиянды өндіріс үрдісін автоматты түрде басқару жүзеге асырылады, түрлі агрегаттардың үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі, көп рет қайталанатын амалдар орындалады, компьютерлік жаттықтырушылар көмегімен кадрларды кәсіби қайта даярлау жүргізіледі және басқа да көптеген жұмыстар атқарылады.
Компьютердің
қолданылу аясы шектелмеген десе
де болады. Түрлі мамандық иелері қазіргі
таңда компьютерді жұмыс істеу
үшін аса қажет аспап ретінде
қарастырып отыр. Компьютерлердің көмегімен
күрделі әрі зиянды өндіріс үрдісін
автоматты түрде басқару жүзеге асырылады,
түрлі агрегаттардың үздіксіз жұмыс істеуі
қамтамасыз етіледі, көп рет қайталанатын
амалдар орындалады, компьютерлік жаттықтырушылар
көмегімен кадрларды кәсіби қайта даярлау
жүргізіледі және басқа да көптеген жұмыстар
атқарылады.
АКТ қашықтан оқыту, арақашықтыққа қарамастан
дүниежүзілік ақпараттық-білім беру ресурстарына
қол жеткізу, мультимедиалық оқыту бағдарламаларын,
виртуалды зертханаларды, оқытуды басқару
жүйелерін пайдалану арқасында оқыту
үрдісін қарқындандыру арқылы білім беру
сапасын жақсартуға мүмкіндік беріп отыр.
Компьютерді медицинада қолдану науқастарды
тіркеуге, сырқат барысын бақылауға мүмкіндік
беріп, алдын ала қарауды жүзеге асырып,
нақты диагноз қоюға көмектеседі. Intenet
желілері дәрігерлерді соңғы ғылыми және
тәжірибелік жетістіктерден хабардар
етіп, науқастарға қажетті донорлық мүшелер
жөнінде хабарламалар алмасу үшін қолданылады.
АКТ сондай-ақ медицина қызметкерлеріне
тәжірбелік дағдыларды меңгерту үшін
де пайдаланылады.
Ғалымдар компьютерді күрделі және қымбатқа
түсетін тәжірибелердің үлгісін жасау
үшін қолданады. Бұндай жобаға кез келген
өзгерістерді енгізіп, нәтижесін монитор
бейне бетінен бақылауға мүмкіндік бар.
Бұндай техника виртуалды тәжірибелер
жүргізіп, зерттеу нәтижелерін математикалық
өңдеуге мүмкіндік береді, осының арқасында
уақыт та, қаражат та үнемделеді.
Компьютер көмегімен қаржылық есептемелер
жүргізу – бұл оның банк ісінде қолданылуының
бір мүмкіндігі ғана. Қуатты есептеуіш
жүйелер чектерді өңдеу, әрбір салымның
өзгерістерін тіркеу, салымдарды қабылдау
және беру, несиелерді рәсімдеу және салымдарды
бір есеп шоттан екіншісіне, бір банктен
өзге банкке ауыстыруға мүмкіндік береді.
Сауда-саттық ісінде компьютерді қолдану
сатып алушылармен есеп айырысуды жылдамдатып
қана қоймай, сатылған және қолда бар тауарлар
санын бақылап отыруға, сатып алушылар,
жабдықтаушылар жөнінде автоматтандырылған
мәліметтер базасын жүргізуге және т.б.
көптеген жұмыстарды атқаруға көмектеседі.
Компьютер тұрмыста да көптеп көмек көрсетеді:
бос уақытты қызықты етіп өткізуге, электронды
пошта арқылы достармен және туыстармен
қатынас жасауға, Intenet арқасында жаңалықтарға
қол жеткізуге, үйдегі бухгалтерияны жүзеге
асыруға мүмкіндік береді.
1.3. Компьютерге
күтім жасау ережелері және
қауіпсіздік техникасы
Компьютердің
үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз
етуге оған күтім жасау ережелері
көмектеседі:
- компьютерді орналастыратын орын таңдау
кезінде оның жылыту радиаторлары жанында
қызып кетуі мүмкін екенін есте ұстаңыз;
- мониторды күн сәулесі бейне бетке тікелей
түспейтіндей етіп орналастырыңыз;
- монитор бейне бетін арнайы ерітінділермен
және арнайы шүберектермен сүртіп отырыңыз;
- тінтуірдің жұмыс бетін шаң-тозаңнан
үнемі тазартып отырыңыз;
- компьютер тұрған жайды күн сайын жинастырып
отырыңыз.
Аппараттармен, кабельдермен және мониторлармен
жұмыс істеу кезіндегі абайсыздық электр
тогынан зардап шегуге әкеп соқтырып,
жабдықтарды күйдіріп жіберуі мүмкін.
Сондықтан:
- жалғаушы кабельдердің ажыратқыштарын
қолмен ұстауға;
- қоректендіру сымдарына және жерге қосу
құрылғыларына қол тигізуге;
- бейне бетке және монитор мен пернетақтаның
сырт жағына қол тигізуге;
- монитор мен пернетақтаға диск, дәптер,
кітап сияқты заттарды қоюға;
- дымқыл киіммен және су қолмен жұмыс
істеуге қатаң тыйым салынады.
Күйген иіс шыққан жағдайда жұмысты дереу
тоқтатып, құрылғыларды сөндіріп, техникалық
қолдау орталығына жүгіну қажет.
Жұмысты бастамас бұрын, жұмыс орнында
көзге көрінетін ақаулар жоқтығына көз
жеткізіп алыңыз, көру сызығы бейне беттің
ортасына келетіндей, пернетақтаны еңкеймей
пайдаланып, бейне бетке шығарылатын ақпаратты
оңай қабылдауға ыңғайлы болатындай етіп
орналасыңыз. Монитор мен пернетақтаны
биіктігі бойынша дұрыс орналастырудың
маңызы зор. Монитор ыңғайсыз тұрған жағдайда
арқа және мойын бұлшық еттеріне салмақ
түсуі салдарынан бас ауыруы мүмкін. Қарапайым
бір қағида бар: монитордың жоғарғы шеті
көзбен бір деңгейде болуы, ал осы деңгей
мен бейне беттің орталығы арасындағы
бұрыш 15 градусты құрауы тиіс (1.3-сурет).
1.
Арқаңызды тік ұстаңыз. Ежелгі кеңес: құныспай
тік отырыңыз деген осы жерде орынды!
2. Иықтарыңызды бос ұстаңыз, шынтақтарыңыз
тікбұрыш жасап бүгілген болсын.
3. Басыңызды сәл алдыға еңкейтіп тік ұстаңыз.
4. Арақашықтықты сақтаңыз. Көз бен монитор
бейне беті арасындағы қашықтық 70 см-ден
аз болмауы тиіс. Басқаша айтсақ, сіз қолыңызды
алдыға созып, бейне бетке әрең жетуіңіз
тиіс.
5. Орындығыңыздың отырғышы жұмсақ болуы,
тізелеріңіз тікбұрыш жасап бүгіліп, табандарыңыз
жерге толықтай тіреліп тұруы тиіс.
Тінтуірмен
жұмыс істеу кезінде:
· Білек түзу болуы тиіс. Ешқашан да үстелдің
үстінде білегіңізге сүйенбеңіз. Білек
буындарын бүкпеңіз: ол табиғи қалпында
болуы тиіс.
· Тінтуірді күш салып қыспаңыз. Бұл бұлшық
еттеріңіздің қажетсіз ширығуына әкеп
соғады.
· Тінтуірмен жұмыс істегенде қолыңызды
түгелдей созбаңыз. Тінтуірді еркін қозғалту
үшін жеткілікті бос орын болуы тиіс.
Компьютер алдында күніне 5 сағаттан артық
жұмыс істеуге болмайды. Монитор алдында
жұмыс істеген кезде ересек адамдар әр
1 сағат, ал балалар жарты сағат сайын үзіліс
жасап отыруы тиіс.
Үзіліс кезінде көзіңізді тынықтырып,
шаршағаныңызды басуға арналған жаттығулар
жасап отырған жөн:
1. Монитордан теріс қараңыз да, көзіңізді
жұмып, ашпай тұрып, 10 рет жылдам көзіңізді
қысыңыз. Көзіңізді недәуір үлкен жиілікпен
және амплитудамен ашуға тырысып, 10 рет
жақсылап көзіңізді жыпылықтатыңыз. Ең
соңында, қатты таңғалғандағыдай, 10 рет
көзіңізді кең ашып, қабағыңызды түйіңіз.
2. Саусақтарыңызға жылу тарайтындай етіп,
алақаныңызды күшпен ысқылаңыз. Саусақ
ұштарымен көздеріңіздің жанында шекеңізді
дөңгелете уқалаңыз. Бұлай еткенде оң
қолыңыздың саусақтары сағат тілі бағытымен,
ал сол қолыңыздың саусақтары оған
қарсы
қозғалуы тиіс. Жартылай жабық қабақтарыңызды
еркін ұстаңыз. Бұл жаттығулар кешені
көзге «қызмет ететін» бұлшық еттер мен
тамырларға әсер етеді.
3. Тағы бір тиімді жаттығулар кешені мынадай:
Терезеге қараңыз. Арқаңыз бен мойныңызды
бос ұстап, көз көрер қашықтықтағы ең бір
алыс нүктеге қараңыз. Терең тыныс алып,
назарыңызды мұрныңыздың ұшына аударыңыз.
Тыныс алып, тағы да алыс нүктеге көз қадаңыз.
Тағы да тыныс алып, қайтадан қабағыңыздың
арасына қараңыз.
4. Қабақтарыңызды жартылай жауып, көздеріңізді
жаймен айналдырыңыз. Алдымен бір жаққа,
содан соң басқа жаққа қарай бес-бестен
толық айналым жасаңыз. Осы жаттығуды
30 секунд бойы орындаңыз.
5. Басыңызды оңға, солға, жоғары, төмен
айналдырыңыз. Бірнеше айналым жасаңыз.
6. Әдемі бір суретке немесе терезе сыртындағы
көрініске байыппен назар аударыңыз. Көзіңізді
10-20 секундқа жабыңыз. Ойша суреттің ішіне
кіріңіз. Басында рама шеңберіне салынған
көріністерді көзіңізге елестетіп, содан
соң раманы ысырып тастап, сол жаққа серуенге
аттаныңыз. Осы бір жақта өзіңіздің жаныңызға
жайлы мекен тауып алып, сол жерге жайғасыңыз.
Денеңізді еркін ұстап, жақсы тыныққаныңызды
сезініңіз.
1.4. Ақпараттың өлшем бірліктері
Қазіргі
заманғы компьютерлер сандық, мәтіндік,
сызбалық, дыбыстық және бейнеақпаратпен
жұмыс істей алады.
Ақпараттың осы бес түрі бір сөзбен мультимедиа
деп, осы бес түрлі ақпаратпен жұмыс істеуге
қабілетті компьютер мультимедиалық деп
аталады.
Компьютер кез келген ақпарат түрін сандық
пішімге ауыстырады. Компьютерге енгізу
кезінде әрбір әріп белгілі санмен таңбаланады,
ал сыртқы құрылғыларға (басып шығарғыш
немесе бейне бетке) шығару кезінде адам
қабылдай алу үшін осы сандар бойынша
әріптер кескінделеді. Әріптер жиынтығы
мен сандар арасындағы сәйкестік нышандарды
кодтау деп аталады.
Компьютердегі ақпарат бірлігі бір бит,
яғни екілік разряд болып табылады, ол
0 немесе 1 мәндерін қабылдай алады («иә»
және «жоқ», «+» және «–», «сигнал бар»
және «сигнал жоқ»).
Әдетте компьютерлердің әмірлері жекелеген
биттермен емес, бірден сегіз битпен жұмыс
істейді. Тізбекті сегіз бит байтты құрайды.
Бір байтта 256 мүмкін нышанның біреуінің
мәнін кодпен жазуға болады. Бұдан гөрі
үлкенірек ақпарат бірліктері килобайт
(Кбайт) – 1024 байт; мегабайт (Мбайт) – 1024
Кбайт және 1024 Мбайтқа тең гигабайт болып
табылады.
Компьютердегі сандардың барлығы адамдар
үйреніп қалғандай он санның емес, нөл
мен бір санының көмегімен ұсынылады.
Басқаша айтар болсақ, компьютерлер екілік
есептеу жүйесінде жұмыс істейді. Сандарды
компьютерге енгізіп, шығаруды адамдар
үшін үйреншікті болып табылатын ондық
жүйеде де жүзеге асыруға болады, қажетті
түрлендірулердің барлығын компьютердегі
бағдарламалар атқарады.
1.5. Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғылар
Компьютер
– бұл бір ғана аспап емес, сыртқы
және ішкі, негізгі және қосымша түрлі
құрылғылардың жиынтығы (1.2-сурет).
IBM PC негізгі құрылғыларына жүйелік қорап,
монитор, пернетақта, тінтуір жатады.
Қосымша немесе шеткері құрылғыларды
бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады:
- ақпаратты енгізу құрылғылары (мәтіналғы
(сканер), дигитайзер, сандық фотокамера,
сызбалық планшет);
- ақпаратты шығару құрылғылары (басып
шығарғыш (принтер), плоттер);
- енгізу және шығару қызметтерін бірге
атқаратын құрылғылар (модем, дыбыстық
бейімдеуіш, желілік бейімдеуіш).
Жүйелік қорап компьютердің негізгі тораптарын
қамтиды1:
- жүйелік (аналық) тақша*;
- процессор*;
- оперативті жады*;
- тұрғылықты диск*;
- алмалы дискілермен жұмыс істеуге арналған
диск жетегі;
- CD және DVD диск жетектері;
- бейнесызбалық бейімдеуіш;
- дыбыстауыш (дыбыстық бейімдеуіш);
- желілік тақша;
- енгізу-шығару порттары (ажыратқыштар)*;
- қоректендіру блогы*.
Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық
мәлімет аналық немесе жүйелік тақша арқылы
өңделеді (1.4-сурет).
Аналық тақша – бұл компьютердің барлық
құрамдас бөліктері қосылатын күрделі
көп қабатты мөрлік тақша. Аналық тақша
мыс өткізгіш жолшықтар желісімен қапталған,
олардың бойымен мәліметтер тақшада құрастырылған
микро схемалар мен компьютердің басқа
құрылғылары қосылатын слоттарға жеткізіледі.
Әрбір құрылғы белгілі бір слотқа қосыла
алады.
Әдетте компьютер сипаттамасының басында,
орталық процессордың (central processing unit, CPU)
типі мен жиілігі, оперативті жады (random
access memory, RAM) сипаттамасы беріледі. Компьютердің
бұл құрамдас бөліктері – ең бастылары,
өйткені бұлар компьютер жұмысының шапшаңдығын
анықтайды. Компьютерге әлемдегі ең үлкен
тұрғылықты дискіні, ең күшті бейнелік
бейімдеуіш пен керемет дыбыстық жүйені
орнатуға болады, бірақ процессор баяу,
жады мардымсыз болса, осы байлықтың барлығы
түкке де жарамай қалады.
Процессор немесе микропроцессор компьютердегі
орталық мәліметтер өңдеу құрылғысы болып
табылады (1.5-сурет).Процессор микросхема
ретінде ұсынылған және оперативті жадымен
қатар аналық тақшада орналасады. Процессорлар
бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді
орындайды. Процессор неғұрлым шапшаң
болса, компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы
соғұрлым жоғары болады.
Процессордың жылдамдығы мегагерцпен
(МГц) немесе гигагерцпен (ГГц) өлшенетін
оның ырғақтық жиілігімен анықталады.
Процессордың үстіне радиатор, радиаторға
процессорды салқындатуға арналған желдеткіш
(кулер) орнатылады.
Компьютердің оперативті жадысы (ОЗУ)
немесе Random Access Memory мәліметтерді қысқа
мерзімге сақтау үшін қызмет етеді (1.6-сурет).
Кез келген бағдарламаның, амалдық жүйенің
де, жұмыс істеуі үшін іске қосу кезінде
бағдарламаның бір бөлігін қотаруға оперативті
жадының біршама көлемі талап етіледі.
Бұл
тұрғылықты дискіге қатынамастан бағдарламаның
маңызды мәліметтеріне қол жеткізу мүмкіндігін
қамтамасыз етеді. Компьютерде бір мезгілде
неғұрлым көп бағдарлама жұмыс істесе,
соғұрлым үлкен оперативті жады талап
етіледі. Бағдарламаның жұмысы аяқталған
кезде немесе компьютерді өшіргенде оперативті
жадыда сақталған мәліметтер жойылып
кетеді.
Оперативті жадының көлемі мегабайтпен
(Мб) өлшенеді. Қазіргі заманғы қосымша
бағдарламалардың көпшілігі жұмыс істеу
үшін 64 Мб оперативті жады көлемі қажет
және іске қосылған бағдарламаның әрбірі
жады талап етеді. Пәрмендерді пайдаланатын
бейнелік және дыбыстық үлкен бағдарламалар
(мысалы, компьютерлік ойындар) одан да
көбірек жады көлемін қажет етеді. Қазір
компьютерлерге ең аз дегенде 256 Мб оперативті
жады орнатылады.
Егер компьютерде орнатылған жадыдан
үлкен жадыны талап ететін бағдарламаны
іске қосатын болсақ, онда оның жұмыс істеу
жылдамдығы бірден құлдырайды, тіптен
компьютер мүлдем «тұрып қалады». Өнімділік
тұрғысынан, компьютерде неғұрлым үлкен
жады орнатылса, соғұрлым жақсы.
Оперативті жады ішкі жады болып саналады
да, сыртқы жадыға мысал бола алатын тұрғылықты
диск немесе ықшам дискіден ерекшеленеді.
Тіпті компьютер өшірілгеннен кейін де
ақпарат сыртқы жадыда сақталады.
Диск жетектері – бұл алуан түрлі тасымалдаушылардан
мәліметтерді шығарып оқуға және жазуға
арналған физикалық құрылғылар. Диск жетектері
ішкі (жүйелік қорапқа қоса салынған) немесе
сыртқы болады және кабель не өткізгішсіз
жалғастыру арқылы компьютерге қосылады.
Ішкі диск жетектерінің әрқайсысына екі
кабель жалғанады: мәліметтер кабелі (жалпақ
сұр түсті кабель немесе “желек” (шлейф)
және қоректену кабелі (жіңішкерек болады).
Мәліметтер кабелі диск жетегін аналық
тақшаға, қоректену кабелі – қоректену
қорабына қосады. Дәл осындай кабельдер
сыртқы диск жетектерінде де бар: мәліметтер
кабелі компьютер порттарының біріне,
қоректену кабелі – қорек көзіне қосылады.
Тұрғылықты диск (тұрғылықты диск жетегі)
немесе Hard disk Drive (HDD) – бұл компьютердегі
негізгі мәліметтер қоймасы (1.7-сурет).
Компьютерлердің көпшілігі құрамдас тұрғылықты дискілермен жабдықталған. Оларға қосымша бағдарламалар орнатылады, онда файлдар әзірленеді және әр түрлі мәліметтер сақталады.
Компьютерді
сатып ала отырып, сіздер тұрғылықты
дискінің сыйымдылығы сипаттаманың алғашқы
жолдарында (оперативті жады көлемі және
процессордың жылдамдығымен қатар) келтірілгенін
көресіздер.
Тұрғылықты дискінің сыйымдылығы түрлі
компьютерлерде алуан түрлі болады да,
мегабайтпен және гигабайтпен өлшенеді.
Қазіргі заманғы тұрғылықты дискілердің
сыйымдылығы 80-500 Гбайт және одан да үлкен
болады.
Информация о работе Қазақстанның қоршаған ортасының ластану нәтижесіндегі генетикалық зардаптары