Қазақстанның экологиялық тәрбиесі және білімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2014 в 23:59, реферат

Краткое описание

Табиғатта өте тамаша бір қасиет бар. Оның өзі бөліп шығарған қалдықтардан адамдардың көмегісіз-ақ өзін-өзі тазарта алады. Ал адам баласының бөліп шығарған көң-қоқсығынан ақыл-оймен өмірге келген халық шаруашылығының (ауыл, өнеркәсіп, транспорт, құрылыс) улы, зиянды қалдықтарынан өздігінен тазалануға табиғатта шама жоқ. Табиғаттың адам баласының қажетін тек уланбаған, былғанбаған тек таза қалпында ғана өтуге мүмкіндігі бар. Уланған, былғанған табиғат байлығын қажетіне пайдаланса, жазылмас ауруға ұшырайды, ондай табиғат адамзаттың сорына айналады. Қысқасы, таза табиғат – біздің ырыс – құтымыз, ал былғанаған табиғат – біздің ауруымыз, өліміміз.

Содержание

Кіріспе.
Негізгі бөлім.
2.1 Табиғаттың нарық жағдайындағы экономикалық нысандары.
2.2 Қазақстанның экологиялық тәрбиесі және білімі.
Қорытынды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

экология білім тәрбие.docx

— 34.15 Кб (Скачать документ)

                           

 

 

                               Жоспар

 

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

2.1 Табиғаттың нарық жағдайындағы экономикалық нысандары.

2.2 Қазақстанның экологиялық тәрбиесі және білімі.

Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.   Табиғатта өте тамаша бір қасиет бар. Оның өзі бөліп шығарған қалдықтардан адамдардың көмегісіз-ақ өзін-өзі тазарта алады. Ал адам баласының бөліп шығарған көң-қоқсығынан ақыл-оймен өмірге келген халық шаруашылығының (ауыл, өнеркәсіп, транспорт, құрылыс) улы, зиянды қалдықтарынан өздігінен тазалануға табиғатта шама жоқ. Табиғаттың адам баласының қажетін тек уланбаған, былғанбаған тек таза қалпында ғана өтуге мүмкіндігі бар. Уланған, былғанған табиғат байлығын қажетіне пайдаланса, жазылмас ауруға ұшырайды, ондай табиғат адамзаттың сорына айналады. Қысқасы, таза табиғат – біздің ырыс – құтымыз, ал былғанаған табиғат – біздің ауруымыз, өліміміз. Ал табиғатты былғайтын тек адам ғана. Таза табиғат үшін күрес – адам үшін күрес, келешек үшін күрес. Табиғаттың тозуы – экологиялық кризис. Бұл үлкен ғаламат апат. Ал одан құтылудың бірден бір жолы – халықтың, түгелдей табиғаттың, адамның санасыз әрекетінен тозуына қарсы күрес жүргізу. Ел біріксе, алынбайтын қамал, жеңілмейтін қиындық жоқ. Ендігі мәселе-әр адамның саналы түрде табиғаттың тозуына қарсы күресуі. әрбір кісіге табиғатты қорғау өзінің өмір қажетіне керек. Пайдаланғанда оны быгғану мен уланудан, тозып кетуден қорғауды үйрету, бұл әрине, педагогикалық оқу мен тәрбиелеу проблемасы. Табиғат қоғауға әрбір кісіні тәрбиелеу педагогика ғылымының негізгі принципі болуы керек. Адам бойында табиғатқа дос қасиеттің қалыптасуы әркімнің отбасы, ошақ қасынан, үлкендердің өнегелі іс-әрекетінен басталады. Бұл бүкіл халықтың дәстүрлік мәселесі. Мысалы, халқымыз ғасырлар бойы көктемнің алшақты наурыз мейрамының басын өз ауласын тазалап, үйінің айналасына гүл, жасыл желектер егіп, су ағатын арыған жөнге келтіріп, ел болып бірігіп көшелермен алаңдарды тазалап, көң – қоқыстарды жинап, ағаш, егін егіп, тұрмыс, шаруашылық мейрамы деп өткізген. « бір тал кесең, он тал ек», «Бұлақ көрсең – көзін аш» тағы басқа өзін қоршаған ортадан игілік атаулының көзін ашуға шақырған. Табиғатты қорғауға байланысты халқымыздың салт-дәстүрге айналдырған іс – шараларына көптеп мысал келтіруге болады. «Жері байдың – елі бай» деп халқымыз тегін айтпаған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1     Кез – келген ғылым санасы сияқты, экологияның екі аспектісі бар. Оның бірі таным шеңберін кеңейту. Бұл бағытта бірінші орынға табиғат дамуының заңдылықтарын және оларды түсіндіру қойылады. Екіншісі – жинақталған білімдерді қоршаған ортаға қатысты проблемаларды шешу үші қолдану. Экология маңызының барған сайын артуын – практикалық маңызы бар бірде-бір ірі мәселе табиғаттың жанды және жнсыз компоненттері арсындағы байланыстарды ескермей шешілмейтіндігімен түсіндіруге болады.Экологияның практикалық нәтижесі ең алдымен табиғатты пайдалану мәселелерін шешуден көрінеді. Тек экология ғана табиғи ресурстарды пайдаланудың ғылыми негіздерін құрай алады. Бұл ретте, табиғи прцестердің негізінде жатқан заңдылықтарды ескермеу табиғат пен адам арасындағы елеулі қайшылықтарға әкеліп соқтырғанын ата кеткен жөн.

   Қозғалыс табиғатты қорғау жөжінен әлемдік ауқымда қаралатын, кейінге қалдыруға болмайтын және жоғары имандылықты талап ететеін мәселе болып табылады. Адам мен табиғаттың қарым – қатынасы экологиялық – экономикалық қатынас ретінде қарала бастады.Біздің республикамыздың териториясы көлемі жағынан әлемде алтыншы орындға ие. Менделеев таблицасындағы 105 элементтің Қазақстан қойнауынан 99 – ы табылды, 70 – інің қоры зерттелді, өндірісте 60 – тан пайдаланылуда.Қазақстанда отын өндірісі: көмір өндіру, мұнай және газ өндіру, түрлі – түсті металургия; мыс, қорғасын, мырыш, алюминий және титан – магни өндірісі, қара металургия : сапалы қара металургия өндірісі дамыған. Осы өндірістер суды, ауаны, жерді, жер қойнауын бүлдіріп қана қоймай, барлық тіршілік дүнйесіне әсерін тигізеді. Климатологтардың пікірі бойынша, республика териториясында климаттық антропогендік өзгерістері бар екендігі дәлелденген. Өлім деңгейі бұрынғы КСРО елдерімен салыстырғанда екі есе көп, ал балалар өлімі жағынан әлемде ең арттағылардың қатарында. Экология ең негізгі саяси проблемаларға айналды. Қазақстан экологиялық жағдайының мұншама қайғылы болуының ең басты себептерінің бірі өнер кәсіп орындары мен ведоиставаларға табиғатты қорғау қазіргі кезде экономикалық жағынан тиімді болып отырғанында. Экономикалық реформа ғана бұл жағдайды түпкілікті өзгерте алады. Барлық табиғи байлықтардың құны мен қожайыны болуы керек. Табиғатты пайдаланудағы бейбастықты тек қана экономикалық жағынан мүдделі субъект тоқтата алады.Табиғаттың жалпы күйзеліске ұшырауына кінәлілердің бірі ғылыми техникалық прогрес.

   Әлемнің ірі – ірі қалаларында ауаны ластаудың 2/3 бөлігі автомобиль транспортының үлесіне тиеді. Табиғатты бүлдіруге ат салысып жүрген негізгі он бүлдірушінің ішіндн, БҰҰ – ның таблицасы бойынша, автомобильден бөлінетін көміртегі екінші орында жүр. Егеменді ел болдық деп бөркімізді аспанға атып жүрміз. Бірақ табиғатымыз күн санап азып барады. Бұрын бұған орталықты кінәләдік, ал бүгінгі таңдағы туған жерге табиғатқа деген немқұрайлыққа ертең кімді кінәлар екенбіз? Қазір өзіміз би, өзіміз қожа емеспіз бе? Ел аман жұрт тынышта « жау шапты, от қашты » деуімнің ең басты себебі экономика көлеңкесінде қалып отырған экология мәселесі. Бұл сөзімнің айғағына күнделікті баспасөз беттерінде кездестіріп жүргеннен байлықтары, мұнай өндірісі сияқты табиғатқа пайдасы мен зияны бірдей кен ошақтары туралы мәліметтердің бір жақтылығын айтар едім. Мысалы соңғы кездері өндіріс ошақтарын жекешелендіру жөніндегі табыстан бас айналып, көз қарауытардай тапқанымызбен тарих алдындағы жуап кершілігіміздіде ұмытпағанымыз жөн болар. Қазақстанда табиғатты пайдалану экономиканы пайдалану экономиканың жүйесі анықталып келеді, нарықтың өзара қатынастық құқықтық базасы жасалды. Қазақстан Республикасының « Қоршаған ортаны қорғау туралы » заңы қоршаған ортаны қорғаудың экономикалыұ механизімін экономикалық мәселелерге жеке бөліммен бөліп береді.Мұнда қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері белгіленген: жоспарлау мен қаржыландыру ; табиғи қалаларды пайдаланған үшін төлем ақы; қорды қоршаған ортаны ластандырудың төлемақысы; қоршаған ортаны қорғау қорын жасау. 1998 жылғы бюджеттің табысты бөлігі табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін салықтан түсті -16 млрд. астам теңге. Бұл бюджеттің табысты бөлігінің 8,2% көлемінде. Негізінен бұл қазба байлықтың төлем ақысы.Жергілікті бюджет табысына орман ; су, жер ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлемақы түседі.Төлемақы көлемі олардың экономикалық бағалануына көбнесе сәйкес келе бермейді. Олар негізінен шартты түрде төленеді, табиғи ресурстарды қалпына келтіруге кететін шығыннан төмен.Табиғатты пайдаланудан түсетін төлемақы оны қорғауға кететін шығынды өтеуі тиіс. Қазіргі негізгі принцип мынандай-ластандырушы төлейді. Ластандыру үшін төленетін төлемақының көлемін ұлғайту үшін құқықтық негіз жасап, төлемақы мөлшері деңгейін соған сәйкес анықтаудың әдістемелігін өзгерту қажет. Сонымен қатар экологиялық заңды өтеудің міндетті сақтандыру шараларын енгізу қажет.Қоршаған ортаның ұлттық стратегиясын енгізу үшін инвестиция қажет. Алайда өтпелі экономиканың жағдайында инвестицияға кезігетін елеулі кедергілер бар. Біріншіден, капитал рыногының шектелген дамуының. Мемлекеттік бюджет пен экономиканы басқарудың орталықтанған жүйесі барлық инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көзі ретінде капитал рыногымен әлі толық алмасқан жоқ. Оның зайымдар, бонустар беретін басқа да финанстық құралдары жеткіліксіз. Соған қарамастан жергілікті банк жүйесі баршылық, олар өте жоғары проценттік мөлшерде зайымдар береді.Көпшілігінде мұндай экологиялық инвестициялардың ғұмыры қысқа. Ластандыру төлемақысының жүйесі өте төмен белгіленген, әрі өте нашар орындалады. Оларды ынталандыратын күш әлсіз бюджеттік мәжбүрлікпен төмендейді, сөйтіп кәсіпорындарға бағалауды бюджетке өткізуді мүмкіндік береді. Бұл кәсіпорындардың экологиялық инвестицияға қызығушылығын төмендетуі. Экологиялық қорларды құрудың басты себебі олар кездескен қиыншылықтарға қарамастан инвестицияларды қолайлы деңгейге дейін арттыруға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар қорлар экологиялық стандарттар мен нормаларды енгізуді жеңілдетуі, таза әрі қорларды үнемдейтін технологияның да шығуына ықпал етеді.

    Елбасы жолдауында 2030 жылы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл жилекті елге айналуы тиіс. Өндіріс қалдықтары мен радияция бұдан былай біздің үйлерімізбен бақтарымызға енбейтін болады деп жазылған.Бұл елбасы жолдауы – болашақ бағдарламасы даген сөз. Экология ел амандығы десек ең алдымен табиғатты сауықтыруымыз керек.Қазақстандағы табиғат қорғау инвестициясының негізгі бөлігі ішкі ресурстардан түседі, алайда қаржыландыру деңгейі төмен.Үкімет табиғат қорғау қорының қызмет аясын, құқығын кеңейтіп, сол арқылы экологиялық төлемақыны өндіру мен жұмсауды бақылау құқығы бар дербес статус беріп отыр. Дербес заңды тұлға ретінде Республикалық экологиялық қор құрылды. Оның қаржысы экология және табиғи қорлар стратегиясын туындайтын экологиялық жобаларды қаржыландыруға жұмсалады.Қорларды құру республикада табиғатта қорғаудың экологиялық механизмін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік жасайды.Табиғат қорғаудың басымдық шараларын іске асыру үшін халықаралық ұйымдар тарапынан Қазақстанға сыртқы қажет.Қазақстан конституциясында және « Қазақстан – 2030 » стратегиясында біздің азаматтарымыздың қолайлы қоршаған ортада салауатты өмір сүруіне, дер кезінде нарықты экологиялық ақпарат алвп отыруына құқық берілген.

2.2    Экологиялық тәрбие - бұл адамдардың сезіміне, санасына, көзқарастарына әсер ету әдістері. Ол азаматтардың саналық деңгейінің артуына, табиғатқа қарым-қатынасының өзгеруіне, табиғат ресурстарына ұқыптылықпен, үнемшілікпен қарауға, оның жай-күйіне жаны ашып қарауға, табиғи ортада өзін өнегелі ұстауға әсер етеді.Экологиялық тәрбие қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтып бірнеше деңгейлерде жүргізілуі керек. Жеке тұлғаның түзілуі негізінен отбасында жүреді. Сондықтан ата-ана баланың қоғамдағы негізгі мінез-құлық нормаларымен қатар, экологиялық мәдениеттің де негіздерін үйрете бастауы керек. Қазіргі кездегі ситуациялардан кейбір парадокстарды байқауға болады. Көбіне, балалардың экологиялық білімділігі ата-аналарының деңгейінен әлдеқайда жоғары. Ата-аналары мен балалары өздерінің зерттеулерінің нәтижелері бойынша, қоршаған ортаға ешқандай жамандық жасамай-ақ тіршілік ортасына белгілі бір дәрежеде зиян тигізіп жатқанымызды байқауға болады: қайта қалпына келмейтін табиғи ресурстарды оңды-солды шашудамыз, суды, ауаны ластаудамыз, көптеген тұрмыстық қоқыстарды шығарып жатырмыз. Табиғатты қорғауды өз үйіңнен бастауға болады - бұл суды үнемдеп жұмсау, оның ластануын төмендету, озон бұзатын заттары жоқ аэрозольдарды қолдану және т.б. Сөйтіп экологиялық мәдениеттің басы отбасында түзіле бастайды.Одан кейінгі экологиялық тәрбиенің қалыптасуы қоғамның қатысуымен болуы керек. Бұл көбіне елдің басшыларына, олардың экологиялық мәдениетінің деңгейіне, қоршаған табиғи ортаны қорғау мақсаттарына қаншалықты көңіл бөлініп жатқанына байланысты.Экологиялық тәрбие беруді әртүрлі жолдармен жүргізуге болады. Бұл жерде баспасөз ақпарат құралдарының (БАҚ) және Қоғамдық экологиялық ұйымдардың ролі зор. БАҚ бірінші болып экологиялық қолайсыз жағдайлар туралы дабыл қағып халықты құлағдар етіп отыруы керек. Осының арқасында халықтың экологиялық сана-сезімі өсіп, көтеріледі.

   Экологиялық білім беру - бұл табиғатты пайдаланудың дайындау, іргелі негіздері ретінде жалпы экологияның теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі. Ол табиғатты қорғаудың теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі - табиғатты қорғау білімімен тығыз байланысты.Экологиялық білім беру - балабақша, орта мектеп, лицей, гимназия, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру мен ұйымдастырудың мемлекеттік жүйесі.Экологиялық білім - қоршаған ортаны қорғау үшін қажетті білімді, әдетті, ептілікті, икемдікті қамтиды. Ол кәсіби мамандарды дайындауға ықпал етіп, кадрларға білім беру, оларды дайындау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Заңдар бойынша экологиялық тәрбие мен білім берудің бәріне ортақ, кешендік және үздіксіз болуы қарастырылған.Бәріне ортақ принципі бойынша экологиялық тәрбие мен білім беру қоғамның барлық мүшесін қамтуы керек. Экологиялық пәндерді оқыту жоғары оқу орындарының барлығында жүргізілуі керек. Алайда, жоғарыда айтылғандай, экологиялық ағарту жұмысы тек оқытумен ғана шектелмеу керек, бұл жерде баспасөз ақпарат құралдарының, қоғамдық экологиялық ұйымдардың да ролі зор.Экологиялық тәрбие мен білім берудің кешендік принципі бойынша, әртүрлі екі процестің ғылыми негізделген әдістемелік талаптарды ескере отырып адамдардың санасына бірлесіп кешенді әсер етуі.Үздіксіз принципі, азаматтардың, мамандардың, басшылардың кәсіби жұмысы барысында қоршаған ортаға, адамдар денсаулығына жағымсыз әсер етуіне байланысты экологиялық тәрбие және білім беру жүйесі бойынша өздерінің біліктілігін көтерудің құқығы мен міндеттерін білдіреді.Сонымен, экологиялық тәрбие мен білім берудің негізгі мақсаты - қоғамдық сананы экологизациялау болып табылады. Экология міндеті - адамның тіршілік барысында қалыптасатын рухани ортасын сақтау. Ол өз кезегінде өмірдегі қоғамдық мәселелермен қатар, өзі тіршілік ететін ортаны басқаруды да белсенді, көрегендікпен шеше алатын жеке тұлғаның дамуына ықпал ету.Экологиялық ақпараттар алуға және қоршаған ортаны қорғау саласында шешімдер қабылдауға қоғамның қатысуы бойынша Қазақстан қол қойған Орхус Конвенциясы халықтың экологиялық саясатқа қатысуына үлкен жол ашады.Қазіргі таңда экологиялық дайындықтан өткен тәрбиешілердің жеткіліксіз болуына және оқу құралдары мен бағдарламалардың болмауына байланысты 323 000 бала экологиялық тәрбие беру жүйесінен шет қалып отыр. 3 млн-нан аса оқушылар оқитын республика мекетептерінде экология сабақтары жүйелі түрде өткізілмейді. Оқу процесінде пайдаланатын экология пәні бойынша оқулықтар мен оқу құралдары ескірген, қазіргі таңдағы Қазақстандағы экологиялық проблемалардың ерекшеліктерін көрсете алмайды. Осы күнге дейін елімізде экологиялық білім берудің біртұтас бағдарламасы және экологиялық арнайы мектептер, гимназиялар, лицейлер жоқ деп айтуга болады.Жоғары оқу орындарында экологиялық білім беру біршама кәсіби деңгейде жүргізіледі. Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген жоғары оқу орындарында экологиялық пәндері бар факультеттер бар. Айта кетерлігі, халықаралық талаптар бойынша эколог-мамандарды даярлауда тек жетекші университеттер ғана есепке алынады.

     Экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі жөнінде М.Н.Сарыбеков, Н.Н. Нұғыманов, А.Б. Бигалиев,  Ә.С. Бейсенова, А.Е.Манкеш, Х. Жүнісова, Ж.Б. Шілдебаев, Г.М. Сәбденалиева т.б. еңбектерінде жазылған. Табиғат қорғауға байланысты конференциялар ұйымдастырылып келеді. Онда алғашқы  рет мектептер мен орта арнаулы жоғарғы оқу орындары үшін эколог мамандар дайындау туралы тұжырымдамалар пікірлер айтылып келеді. Осының нәтижесінде болар Алматы, Өскемен, Шымкент, Семей, Атырау, Ақтау, Қызылорда университетінде экологиядан мамандар дайындайтын бөлімдер ашылды. Елімізде тұңғыш рет (1987 жылы) эколог мамандар дайындау мәселесін көтеріп, экологиялық білім мен тәрбие берудің тұжырымдамасын жасаған географ-ғалым Ә.С. Бейсенова мен Ж.Б.Шілдебаевтың еңбегі айрықша болды. Алғаш рет Абай атындағы Қазақ ұлттық  педагогикалық университетінде  география-экология факультеті  ашылып  эколог  мамандарын даярлауга жол  ашылды Қазір жоғарыда  аталған  университет  экологиялық  білім  мен  тәрбие беруде  Қазақстанның  жоғары  оқу  орындарының  көшбасшысына  айналды.  Соңғы  жылдары қызметке  келген  университеттің  жаңа  басшысы, академик С.Ж.Пірәлиев  география-экология факультетінің  оқу  процесін  күшейтіп «Экомониторинг» зертханасын  ашуға  көп көңіл бөлді.  Зертхана жаңа  заманауи құрал-жабдықтармен  қамтамасыз  етілген. Білім  алушылар зертханада ауа, су, топырақ, өсімдік  құрамындағы  ауыр металдар, нитраттарды  анықтай  алатын практикалық  білім  ала  бастады.  Тек  студенттер ғана  емес  осы  университеттің Магистратура және PhD докторантура  институтында  оқитын  білім  алушыларда  экология ғылымы бойынша іргелі ғылыми  зерттеулерге  қатысып білімдерін  дамытуда. Яғни, «Жаратылыстану мамандықтары» кафедрасында  «Биоэкомониторинг», «Химия және химия техникасы» зертханалары  жұмыс істейді. Онда  магистранттар мен докторанттар экологиялық  зерттеу  жұмыстарын  жасап магистрлік  және  докторлық  еңбектерін  аяқтайды.  Осының  бәрі  экологиялық білім  берудің  жаңа  стратегиялық  бағыттары  деп  білеміз.

    Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» даму стратегиясында халыққа экологиялық білім беру мәселесіне айрықша көңіл аударған.Қоршаған табиғи ортаны қорғау барысында, білім беру мәселесінің өзектілігі күннен күнге артып келеді. Экологиялық тәрбиенің қалыптасуы жалпы қоғам дамуына, ондағы әлеуметтік топтардың, жеке тұлғаның санасында айрықша орын алуы азаматтық қоғам қалыптастыруға ерекше үлес қосады.Экология – бұл әлеуметтік проблема. Өндіріс орындарының күрт арту кезеңінде, ғылыми-техникалық революцияның дамуына байланысты, қоршаған ортаны сақтау, қорғау және табиғи ресурстарды үнемді пайдалану қазіргі күннің өзекті проблемаларының бірі болып отыр. Бұл мәселелерге түсініксіздікпен селсоқ қарау мен техникалық экологиялық қате саясаттар, қоршаған ортаның ластануына және жер бетіндегі организмдердің қалыптасқан жағдайларына негативті әсерін тигізеді. Қордаланған негізгі проблемаларды шешуде, табиғат пен адамзат қоғамының арасындағы қарым-қатынастардың орны ерекше. Бұл қарым-қатынастардың дұрыс дамымауы адамзатқа үлкен қауіптер туғызуы мүмкін. Табиғат ресурстары мен өзіндік құны арзан қажетті заттарды алу, экономикалық пайда табу – экологияны бұзудың негізгі себептерінің бірі. Түптеп келгенде, адамдар қазіргі уақытта өз іс-әрекеті нәтижесінде туындаған апаттармен арпалысып жүр. Әсіресе, адамзаттың қоршаған ортаға әсері мен оған деген орныққан көзқарастарының биосферада қалыптасқан тепе-теңдіктерді сақтаудағы орны ерекше болып отыр. Егер адамзат қоғамы биосфердағы тіршілікті сақтап қалғысы келсе, онда олар табиғат байлықтарына және оларды пайдалануға деген көзқарастарын күрт өзгертуі қажет. Қазақстанда экологиялық жағдайдың қалыптасуы халықтың денсаулығына әсер етпей қоймайды, экономикалық мағынаға әкеледі, сондықтан экологиялық қауіпсіздік – мемлекет аймақтарының стратегиялық міндеттерінің бірі, ерекше атап көрсетсек, экологиялық қауіпсіздік – бұл халықтың тұрмыс жағдайының тұрақтылығы мен қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету. Экологиялық жағдайдың нашарлау себептерінің бірі халықтың экологиялық білім деңгейінің төмендігі немесе жеткіліксіздігі.Осыған орай, қоғам өміріндегі ең басты міндеттердің бірі – табиғатты қорғау мәселелерімен жастарды ғылым негізінде теориялық және практикалық біліммен қаруландыру. Бұл үшін экологиялық білімнің негізгі көздері химия, физика, биология, география, астрономия пәндері, олардың бағдарламаларындағы оқу материалдарын дәрістерде терең түсіндіріп, мектептен тыс экологиялық жұмыстарда тиімді қолдана білуге оқушыларды үйрету және дағдыландыру.Көрсетілген пәндер бойынша экологиялық мәліметтерді сол пәндердің негізінде бағдарламаға енгізу қажет. Мысалы, география пәні бойынша: жерді қорғау, тиімді пайдалану, орман-тоғайларды, өсімдіктерді қорғау, оларды өрттен сақтау, өзен-көлдердің ластануына қарсы күрес жүргізу, ауаның тазалығын сақтау, өндірістерді, топырақ, ауа жағдайларын есепке алып тұрған жерлерде дұрыс орналастыруды қамтамасыз ету. Арнайы экологиялық пәндерді енгізумен бірге, дәстүрлі пәндер де, мазмұны жөнінен жердің тұтастығы, барлық тіршілік етушілердің ортақ мекені жөніндегі идеяларымен толықтырылуы тиіс.

Информация о работе Қазақстанның экологиялық тәрбиесі және білімі