Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 13:20, курсовая работа
Атмосфераның түтін және газ қоспаларымен ластануы адамдардың денсаулығына ерекше зиянды әсер етуде. Мұндай көрініс кейінгі кездері Қарағанды қаласының аспанында да жиі байқалып жүр. Ауа қосындыларының қозғалыссыз қалуының салдарынан түтін-бу-газ қоспасы қала үстінде тұрып алады. Бұл күн сәулесінің әсерінен әр түрлі улы газдарға ажырайды. Соның әсерінен тұрғындардың көз және тыныс алу ағзаларының науқастануына әкеліп соқтырады. Газбен қоса бөлінетін әр түрлі қышқылдар ғимараттар мен сәулеткерлік ескерткіштерге де зиянды залалын тигізеді.
Қазақстанда қалдықтарды өңдеу проблемасы әлі шешілмей келеді. Көптеген қалаларымыз (Қарағанды, Екібастұз, Рудный, Жезқазған, Риддер, т.б) өнеркәсіп шоғырланған жерлерге салынған. Өнеркәсіп қалдықтары тау-тау болып үйіліп жатады. Оны өңдеу баяу жүргізілуде. Осының бәрі желмен, сумен ауаға, топыраққа тарап, қоршаған ортаны ластап жатыр.
Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жоюға бола ма? Өркениетті дамыған елдерде бұл проблема жақсы жолға қойылған. Мысалы, Жапонияда қалдықтарды өңдеудің бірнеше сатылы жүйесі бойынша жұмыс стейтін зауыттар бар. Олар қалдықсыз немесе аз қалдықты технологиямен жұмыс ісейді. Өңдеудің соңғы өнімі – құрылыс материалдары немесе тыңайтқыш. Міне, осындай деңгейге жету барлық мемлекеттердің алдағы жоспары. Біздің республикамызда бұл бағытта біраз жұмыстар жүргізілуде.
2 ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢНАМАЛАРЫ
2.1 ҚР-ның қоршаған ортаны қорғау аймағындағы заңдылықтары
ҚР-ның экологиялық заңдарының негізгі көздері – құзыретті мемлекеттік органдармен қабылданатын нормативтік актілер (заңдар, жарлықтар, қаулылар, нұсқаулар). Олардың арасында ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Президентінің жарлықтарын, экологиялық қатынастарды реттейтін, аса маңызды нормативтік актілер ретінде кодекстерді бөліп көрсету керек. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау сферасында құқықтық реттеудің негізгі бағыттарын анықтайтын, «Қоршаған ортаны қорғау туралы» ҚР Заңы базалық нормативтік акт болып табылады. Табиғи ресурстар мен табиғи құрауыштардың жеке түрлерінің құқықтық режимін регламентациялайтын заңдар актілердің үлкен тобын құрайды:
Табиғи объектілердің
1996 жылы Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы қабылданды. Бұл құжатта экологиялық қауіпсіздік "қоршаған ортаға шамадан тыс антропогендік әсер ету салдарынан, сондай-ақ дүлей апаттардың, өнеркәсіптік кездейсоқ оқиғалар мен күйреулердің зардаптарынан жеке адамдардың, қоғам мен мемлекеттің қорғалу дәрежесі" ретінде қарастырылады.
1997 жылы 15 шілдеде қабылданған: "Қоршаған ортаны қорғау туралы" ҚР Заңы табиғатты қорғау саласындағы басты заң болып табылады. Бұл заң қазіргі және болашақ ұрпақтың мүддесі үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін анықтайды, сонымен қатар ол экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, адамның шаруашылық және өзге қызметінің табиғи экологиялық жүйеге зиянды әсерінің алдын алуға, биологиялық әртүрлілікті сақтау мен табиғатты тиімді пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.
1997 жылы 15 шілдеде "Ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар
1997 жылы 18 наурызда "Экологиялық
сараптама туралы" ҚР Заңы қабылданды.
Бүгінгі күнде экологиялық
1993 жылы 21 қазанда қабылданған
"Жануарлар әлемін қорғау, өсіру
және пайдалану туралы" ҚР Заңының
маңызы зор. Жануарлар әлемі
мемлекеттің меншігіне жатады. Елді
мекендердің құрылыстарын
Қазақстанда табиғатты қорғау қызметін реттейтін арнайы кодекстер бар. Олар: 2003 жылы 20 маусымда қабылданған "Жер кодексі", 2003 жылы 9 шілдеде қабылданған "Су кодексі; 2003 жылы 8 шілдеде қабылданған "Орман кодексі".
2002 жылы 11 наурызда "Атмосфералық
ауаны қорғау туралы" ҚР Заңы
қабылданды. Бұл заң әрбір қазақстандыққа
қоршаған ортаны ластағаны
Республиканың атмосфералық ауасына жыл сайын үш жарым мың тоннадан астам зиянды заттар шығарылады. Қазақстан 1992 жылғы Рио-де-Жанейро Декларациясында 6-қағидасымен бөліп көрсетілген экологиясы неғұрлым нашарлаған елдердің қатарына жатқызылған.
Сонымен, қоршаған ортаны корғау мен адамның өмір сүруі үшін қолайлы жағдай туғызу — демократиялық мемлекеттің басты мақсаты болып табылады. Осыған байланысты мемлекет өз органдарын кешенді экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шараларды жүзеге асыруға міндеттейді. Әрбір адамның салауатты қоршаған ортаға құқығы бар, сонымен бірге әрбір адам табиғатты аялауы керек, қоршаған ортаны ластамауы қажет. 1992 жылы БҰҰ-ның Конференциясында Бразилияда қоршаған орта және оны дамыту жөнінде Рио-де-Жанейро Декларациясы қабылданды. Қазақстан осы декларацияға қосылды.
2.2 Қазақстан Республикасы экологиялық заңдылықтарының принциптері.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы экологиялық кодексінде қабылданған экологиялық заңнаманың негізгі принцптері 5-бапта төмендегідей түрде берілген:
1) Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету;
2) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
3) экологиялық қатынастарды реттеу кезiндегi экожүйелi көзқарас;
4) қоршаған ортаны
қорғау саласындағы
5) қоршаған ортаны
ластаудың және оған кез
6) Қазақстан Республикасының
экологиялық заңнамасын
7) қоршаған ортаға
келтiрiлген залалды өтеу
8) қоршаған ортаға әсер етудiң ақылы болу және оған рұқсат алу тәртiбi;
9) табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезiнде неғұрлым экологиялық таза және ресурс үнемдеушi технологияларды қолдану;
10) қоршаған ортаны
қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органдар
қызметiнiң өзара
11) табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаны ластауды болдырмауға, азайтуға және оны жоюға, қалдықтарды кемiтуге ынталандыру;
12) экологиялық ақпараттың қолжетiмдiлiгi;
13) табиғи ресурстарды
пайдалану мен қоршаған ортаға
әсер ету кезiнде ұлттық
14) Қазақстан Республикасы
экологиялық заңнамасының
15) жоспарланып отырған
шаруашылық және өзге де
Стратегиялық жоспарлаудың бір іргетасы деп Қазақстаннның 2030 жылға дейінгі дамуының стратегиясы немесе «Қазақстан-2030» бағдарламасын атауға болады. Оны ҚР Президенті 1997 жылдың қазан айында жария еткен болатын. «Қазақстан-2030» қоршаған ортаны қорғау мен ТД бойынша бірқатар мақсатарды біріктірген.
Солардың ішінде: қоршаған орта сапасын тұрақтандыру, адам өміріне жайлы келетін ортаны қамтамасыз ету, келер ұрпақ үшін табиғи байлықтарды қорғау мен солардың өндірілуі мен пайдаланылуын тиімді ету секілді мақсаттар бар. Қоршаған ортаның басымдылығына мыналар жатады:
• кедейлікпен күресу;
• халықтың денсаулығына қатысты экологиялық қауіптің алдын алу және деңгейін төмендету;
• шөлге айналумен күресу;
• биологиялық әралуандықты сақтау;
• көшетханалық орындардан бөлінетін газ және озон қабатын бұзатын заттармен қатар, атмосфераға тасталатын қалдықтарды қысқарту;
• ауыз суға қолжетім деңгейін кеңейту;
• трансшекаралық қоршаған орта мәселелерін шешу;
• қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру;
• радиациялық және биохимиялық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету.
Экологиялық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету бойынша Қазақстан
Республикасының әкімшілік
241-бабында ластануға
ұшыраған жерлерде
13 тарауда: жер асты
суларын байқаушы және
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, төмендегідей тұжырымдар жасауға болады:
Экологиялық қауіпсіздік – Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі болып табылады және өзіндік күрделі құрылымға ие. Экологиялық қауіпсіздіктің екі бағыты бар – табиғи қауіпсіздік және техногенді қауіпсіздік.
Экологиялық қауіпсіздіктің негізі экологиялық мүдделер, экологиялық қауіп қатерлер және экологиялық қорғау болып табылады. Сондықтан да ұлттық мүдделер қатарына экологиялық мүдделерді де айқындау маңызды. Біздің елімізде қазіргі таңда экологиялық қауіп-қатерлер саны да өсіп келеді. Әрине жоғарыда көрсетіп өткендей, мемлекет тарапынан экологиялық саясатқа, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жете көңіл бөлініп отыр. Дегенмен, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бірқатар шаралар жақсартуды талап етеді.
Біріншіден, экологиялық қауіпсіздікті сақтау, осы саладағы заңнаманы жетілдірумен тығыз байлынысты.
Екіншіден, қолданыстағы
заңнамаға талдау жүргізу арқылы
экологиялық қауіпсіздікті
Үшіншіден, экологиялық қауіпсіздікті қаматамасыз ету бағытындағы атқарушы билік органдарының қызметін жандандыру қажет.
Төртіншіден, экологиялық сақтандыру жүйесін арттыру маңызды.
«Жер қойнауының байлығы – барша келер ұрпақтың игілігі. Бәріміз мұндай байлық қолымызда болмағандағыдай өмір сүріп, жұмыс істеуге тиіспіз», – деп Елбасымыз атап өткендей, еліміздің қолда бар байлығын сақтау, оны тиімді пайдаланып, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету арқылы жарқын болашақта өмір сүру өзіміздің қолымызда.