Қазақстанның фаунасы мен флорасының түрлік әртүрлілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 19:17, реферат

Краткое описание

Қоғамның әлеуметтік гүлденуіне ықпал ететін ғылыми-техникалық прогресс, өндіргіш күштердің бұрын-соңды болмаған ауқымда дамуы адамның табиғатқа араласуын күшейте түседі. Соңғы онжылдықтарда өндіріс пен ауыл шаруашылығының қарқынды дамуына, қалалардың жедел бой көтеруіне байланысты табиғи кешендердің өзгеруі өсімдіктер мен жануарлар әлемінің азаюына, олардың өспей кеміп кетуіне әкеліп соқтыруда.

Содержание

І. КІРІСПЕ.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
1. Антропогендік факторлардың жануарларға әсері
2. Әртүрлі техногендік әрекеттердің сипаты мен салдары
3. Қазақстанның өсімдік ресурстары
4. Қоршаған орта факторлары және олардың өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне әсері
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.
ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстанның фаунасы мен флорасының түрлік әртүрлілігі.docx

— 41.99 Кб (Скачать документ)

   Никель молшылығы  тамырлар кеңуіне, бұлшықет тонусының  төмендеуіне асқазан-ішек жолдарының  кілегей қабығының және тері  эпителиінің ыдырауына әсер етеді.

   Батыс Қазақстанның бор (элемент) провинциясында, Арал-Каспий ойпатында өсімдіктердің физиологиялық және морфологиялық өзгергіштіктері байқалады, қойлардың эндемиялық ауруы борлық энтерит болады.

   Ақтөбе  облысы  аумағында фтор провинциясы   өсімдіктер мен су көздерінде  фтордың көптеп жинақталуына, жануарлар   мен адамдар да флюороз көбеюіне  әкеледі. Осылай, Алға қаласында   оқушылар арасында флюороз 61,8 % екендігі байқалған. Ақтөбе облысы  аумағында топырақта және жайылымдық  шөптерде хромның жоғары мөлшері  (фоннан 2 есе жоғары) байқалған. Хром  терінің, кілегей қабықтың зақымдалуына  әкеледі және жалпы токсикалық  әрекет жасайтын қасиеті бар.

   Шалфей  популяцияларында  мырыштың жоғары  дозаларын зертеулерде  мырыштың  шектік концентрациясында  (20 мг/л), оның түбірдегі мөлшері  60-80 есе  өсетіндігі көрсетілген.  Сонымен  бірге темір, мыс,  марганец  деңгейлері төмендейді. Сонымен, шалфей жапырақтарында  мырыштың  молшылығы басқа минералдық  элементтер балансының өзгеруіне  соқтырады. Шалфей жапырақтарында  қорғасынның жоғары мөлшері ондағы  мыс, мырыш және әсіресе темір  мөлшерін төмендетеді.

   Өсімдіктің  ландшафтқа  антропогендік әрекеттің  өзіне  тәнділігі ол күкірт  газымен  ауыр металдардың (мыс,  мырыш,  қорғасын, кадмий, темір, марганец, мишьяк) ерітілген қосылыстармен  қатты  аэрозольдар түрінде аэральдық   жолмен түсуі. Ағаш өсімдіктердің   жапырақтары металдарды қомақты   мөлшерде жинақтайды. Шаңның бір   бөлігі жапырақтарда нық ұсталады  және нөсерлі жаңбырлардан кейін  де қорғасын, мырыш, кадмий мөлшері  жоғары болып қалады.

   Жануарлар  мен  адамдар организмінде метоболикалық   үрдістер деңгейін анықтайтын  ферменттік реакцияларда микро   элементтер мен витаминдер тығыз   бірлестіктер болады. Организмде  зат алмасу үрдісінің бөлігі  минеральдық алмасу болады. Минеральдық   элементтер ферменттер молекуласының  (А коэнзимі, каргоангидразалар,  цитохромдар) гормондардың (инсулин,  тиреоидин), витаминінің құрамына  кіреді.

   Минеральдық  заттар  ферменттердің активаторлары   мен ингибиторлары болады және  жасушаның біртұтастылығын сақтауға  қажет. Гиповитаминоздар мен әртүрлі   аурулар минеральдық алмасу бұзылуының  себебі болады.

   Су алмасу  үрдістері  кейбір тұздарға тәуелді.  Мысалы, натрий тұздары ұлпаларда су  тоқталуына келтіреді. Калий және  кальций тұздары және осы тұздардың  көп мөлшерлері бар тағамдық  өсімдіктер (картоп, жемістер) организммен  суды шығаруға ықпал жасайды.    

  

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.

 

   Қоғамның әлеуметтік гүлденуіне ықпал ететін ғылыми-техникалық прогресс, өндіргіш күштердің бұрын-соңды болмаған ауқымда дамуы адамның табиғатқа араласуын күшейте түседі.

   Қазақстан флорасы әртүрлі таксондардың (түрлер, туыстастық және т.б.) құрамы мен саны бойынша, сондай-ақ географиялық жағынан да, атап айтқанда, табиғи-климаттық аймақтар мен жоғарғы белдіктер бойынша да айтарлықтай өзгерістерге ұшырай бастады.

   Малдың үзбей жайылуының, дәрілік шөптердің шикізаты өндірілуінің, таулы ормандарды жаппай кесу және бақылаусыз жер жырту нәтижелерінде өсімдіктер бірлестігінің едәуір конвергацияға ұшырағанын байқамыз.

   Соңғы онжылдықтарда өндіріс пен ауыл шаруашылығының қарқынды дамуына, қалалардың жедел бой көтеруіне байланысты табиғи кешендердің өзгеруі өсімдіктер мен жануарлар әлемінің азаюына, олардың өспей кеміп кетуіне әкеліп соқтыруда.

  

 

  

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

 

1. Оспанова Г.С., Бозшатаева  Г.Т .̸ Экология ̸  Эверо, 2009.

2. Никаноров А.М., Хорунжая Т.А. ̸ Глобальная экология  ̸ Книга сервис, 2003.

3. Национальные доклады  о состоянии окружающей природной  среды в Республике Казахстан  в 2000-2006 г.г.. Алматы, 2001-2007 г.г.

4. Колумбаева С.Ж., Білдебаева  Р.М. ̸ Жалпы экология ̸ Алматы, Қазақ университеті 2006.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстанның фаунасы мен флорасының түрлік әртүрлілігі