Қазақстандағы табиғатты қорғау ұйымдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2012 в 17:37, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қызметінің ең негігі әлеуеті, қазақстандық қоғамның барлық қызмет түріне тұрақты даму қағидаларын енгізу, елдің барлық аймақтарының экологиялық жағдайын жақсарту, қазақстандық өнеркәсіпті экологиялық-техникалық жабдықтармен қайта қамсыздандыру, алдыңғы қатарлы, қол жеткізерлік, «озат» технологияларға көшу ісіне демеу көрсету. Қоршағанортаныжақсартуісінеелдіңбарлықмемлекеттікбасқаруоргандарыныңбарыншаараласуынаықпалету. Орнықты даму жөніндегікеңестіңжұмыс органы қызметінбелгілеудеМинистрліктіңролінжоғарылату.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан табиғат қорғау ұйымдары.docx

— 18.01 Кб (Скачать документ)

                                  Қазақстан табиғат қорғау ұйымдары.

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қызметінің ең негігі әлеуеті, қазақстандық қоғамның барлық қызмет түріне тұрақты даму қағидаларын енгізу, елдің барлық аймақтарының экологиялық жағдайын жақсарту, қазақстандық өнеркәсіпті  экологиялық-техникалық жабдықтармен қайта қамсыздандыру, алдыңғы қатарлы, қол жеткізерлік, «озат» технологияларға  көшу ісіне демеу көрсету. Қоршаған ортаны жақсарту ісіне елдің барлық мемлекеттік басқару органдарының барынша араласуына ықпал ету. Орнықты даму жөніндегі кеңестің жұмыс органы қызметін белгілеуде Министрліктің ролін жоғарылату.

ИСО 14001:2004 халықаралық стандартының қағидалары мен ережелерін қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жұмысына енгізілуін қамтамасыз ету. Экологиялық жағдайды жақсарту ісінде нақты нәтижеге қол жеткізуде Министрліктің әрбір қызметкерлерінің жауапкершілігін белгілеу, мамандарды үнемі және жүйелі түрде оқыту, басшылық тарапынан барлық бөлімшелердің ішкі аудиті мен қызметін талдау жоспарлаудың сапасын арттыру. Министрлік қызметінің «тұрақты жақсару» қағидасын қадағалауға қол жеткізу, жақсы мәндегі өзгерістерді бақылап, талдау. Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық стандарттарының енгізілуіне ықпал ету.

Экологиялық, ең алдымен энергия мен ресурстарды үнемдеу мәселесі, ұқсас энергия көздерін біртіндеп енгізу  мәселесі, тұрмыстық қалдықтарды қолдана білу мәселесі, көлік шығарындыларын азайту мәселесіндегі Министрліктің қызметін ұйымдастыру барысында экологиялық аспектілерді есепке алу мәселесінде Қазақстан Республикасының барлық кәсіпорындары мен ұйымдарына үлгі болу.

Министрлік қызметінің ұйымдастырушылық аспектісінің сапасын арттыру, біртіндеп «бір терезе» қағидасына өту арқылы ішкі сыртқы қарым-қатынастың неғұрлым эргономикалық және тиімді модельдерге өтуді қамтамасыз ету, қажетсіз ішкі құжат айналымын қысқарту, құжаттарды дайындау, құжатпен жұмыс жасау барысында халықаралық стандартарды ескеру.

Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеудің қоздыру тетігін дамыту. Таңдау барысындағы экологиялық қағидаларды ескере отырып, экологиялық жобаларды таңдаудың қазіргі заман талабына сай қағидаларды енгізу арқылы қоршаған ортаны қорғау бойынша өткізілетін шаралардың тиімді жоспарлануын қамтамасыз ету.

Қоршаған ортаны қорғау мәселесінің шешілуіне қоғамның қатысуын жоғарылауына ықпал ету, қоғамдық экологиялық сараптама мен қоғамдық экологиялық бақылаудың құралдарын барынша белсенді түрде қолдану, көпшілікті экологиялық түсінікті дамыту.

Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарын мұқият сақтау, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қабылдау арқылы, сонымен бірге экологиялық заңнаманы жетілдіре түсу арқылы жүйеленуіне, халықаралық стандарттар мен нормаларға жақындай түсуіне ықпалдасу.

Рұқсат етілетін жүйе мен мемлекеттік экологиялық сараптаманың одан әрі жетіле түсуін қамтамасыз ету, қоршаған ортаға әсерді бағалаудың әдістемелік негіздерін дамытып, жетілдіре түсу. Қоршаған ортаның халық денсаулығына әсерін бағалау бойынша Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе жұмыс жасау.

Тиімділігін, жеделдігін, қазіргі заман талабына сай техникалық қатылуын, нақты мәселелер мен проблемаларға деген бағытталуын қамтамасыз ете отырып, Министрліктің ақпараттық жүйесі мен қоршаған ортаға мониторинг жүйесінің әлеуетті дамуын қамтамасыз ету. Экологиялық ақпараттың белсенді түрде тарауы мен барлық мүдделі тұлғалармен ақпаратпен алмасудың орнауына ықпалдасу.

Экологиялық бақылау құралып, оның ішінде алдын алу шараларын қолдану арқылы, өндірістік экологиялық бақылау жүйесімен барынша мол ақпарат алмасу арқылы, сонымен бірге тәуелсіз кәсіби экологиялық инспекция ретінде экологиялық аудитті жүргізу арқылы дамыта түсу.

Негізгі үйлестіру орталықтарға Қоршаған Ораны қорғау министрлігімен қызметтесетін мәртебесін беру арқылы олардың көмегімен Қазақстан Республикасында экологиялық ғылымдарды дамыту бойынша шаралар қолдану, Министрлік қызметінің тәжірибесіне ғылыми әзірлеу қорытындыларының барынша толық енуін қамтамасыз ету.


Информация о работе Қазақстандағы табиғатты қорғау ұйымдары