Қазақстандағы бактериологиялық қарулар өндірісі жəне оларды сынау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2013 в 20:57, реферат

Краткое описание

Адамзат дамуының қолданбалы тұрақты модельдерін құрастыру терииториялардың кеңейтілу мәселелерін, ұдайы өсу ретімен байқалатын ресурсты-демографиялық кризиспен және тағы басқа факторлармен байқалады. Бұл факторлардың көбісі адамдардың табиғи ресурстарды пайдалануда шектеулерге, нәрестелердің дүниеге келулеріне, халықтың білім алуына және т.б. әсерін тигізеді. Мұндай шешілмеген жағдайлар адамзатқа кері әсерін тигізетін биоагрессиялар, биотерроризм және «экологиялық соғыстарға» әкеліп соғады.

Содержание

КІРІСПЕ 2
I. БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРУЛАР ОШАҒЫ – АРАЛ 3
1.1 «Возрождение» географиялық орналасуы 4
1.2 Бұл мәселе туралы тілшілер сөзінен 5
1.3 «Возрождение» аралы - ажал аймағы 6
1.4 «Возрождение» аралын сауықтыру мәселесі 7
ҚОРЫТЫНДЫ 9
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 100
СІЛТЕМЕЛЕР 100

Прикрепленные файлы: 1 файл

БЖД реферат-3апта.docx

— 343.59 Кб (Скачать документ)

3-сурет. Құпия лаборатория қалдықтары

Қазiргi уақытта Арал аумағы биологиялық қарулардың ең көп көмiлген қоры саналады. АҚШ-тың «Нью-Йорк Таймс» газетiнiң деректерiне қарағанда, 1992 жылға дейiн АҚШ Кеңес Одағының Орталық Азияда iрi көлемде антракс  жасап келгенiн бiлмеген.

Қазақ ғалымдары қазiргi таңда  көңiлi қалаған адам «Возрождение»  аралына барып, сiбiр жарасының  штаммын оп-оңай алып кете алатындығын  айтуда. Өйткенi бұл аймақ билiктiң  бақылауынан тыс қалып отыр. Соңғы  уақытта «Аралда көп көлемдi мұнай  қоры бар деген әңгiменiң шетi шығып  жүр. Сондықтан бiз сөз етiп  отырған қатерлi аймаққа жақын  күндерi адам табаны тиюi мүмкiн. Мiне, осы  кезде сiбiр жарасымен қатар, жұқпалы  дерттi тарататын бактериялардан бөлек, қу безгегi, оба, қара шешек, ботулизм, шиқан, түйнеме, сал, бөрiтпе сүзегi сияқты қатерлi аурулардың көмiлген нүктелерi ашылып, аймақтағы жағдай ушығуы мүмкiн. Ал қазақ жерiн айдаһардың апанына  айналдырған Ресей 1992 жылы полигонды  жауып, әскерлерiн әкеткеннен кейiн  үнсiз жатыр. «Возрождение» аралы  аймағына рекультивация жасауға  қаражат қолбайлау болып тұр. Әзiрге бұл аймақта Мазғұт Әкiмбаев  атындағы Қазақ карантиндiк және зондық ғылыми орталығының директоры  Бақыт Бахияұлы Атшабаров бастаған ғылыми топ зерттеп, қауiптi аймақтарды анықтап, белгiлегенi жайында естiген  болатынбыз. Бiрақ ол жайында нақты ақпарат жоқ.

1997 жылы АҚШ-тан келген  зерттеушiлер осы аймақты зерттеп,  бiрнеше «тiрi» бактерияларды тапқанын естiгендер де бар. АҚШ зерттеушiлерi әлi де бұл аймақта қауiптi дерт ошақтарын зерттеу үстiнде. Алдағы уақытта «Возрождение» аралына қатысты құпиялардың ашыла түсетiнi анық.

  1. «Возрождение» аралын сауықтыру мәселесі

Бүгінгі таңда биологиялық  сынақ полигоны орналасқан  «Возрождение» аралын сауықтыру мәселесі айырықша маңызды проблема болып отыр. Теңіздің тартылу процесі ұлғайып бара жатуына байланысты онда сақталған патогендік құбылыстардың таралу қаупі де үрей туғызады. Аралдың эпидемиялық ахуалын және оны қоршаған ортаны қалыпқа келтіру жөніндегі жұмыстарды Қазақстан, Өзбекстан және АҚШ мемлекеттері арасындағы үш жақты уағдаластық шеңберінде жүргізу шаралары қолға алынған. Өзбекстан және АҚШ арасында «Қатерді бірлесіп азайту» бағдарламасы бойынша алты миллион доллар шамасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Келісім бойынша аралдың Өзбекстан жағында орналасқан полигон нысандарында техникалық жұмыстар жүргізу шаралары көзделген,

Қазақстан мен АҚШ арасында жоғарыдағы бағдарлама шеңберінде Степногордағы  «Биомедпрепарат» ААҚ нысанындағы  биологиялық қару-жарақ өндірісіне арналған инфрақұрылым мен жабдықтарды  қайта бұзу жөнінде келісім бар. Степногорскідегі бұрынғы өскери биологиялық зауытты залалсызданумен айналысып жатқан АҚШ Қорғаныс министрлігінің өкілдері мәселенің байыбына бармай осындағы су құбырынан күйдіргі бактерияларының табылғанын хабарлап жіберді.

Қазақстан басшылығы антракстың экстремистер қолына тұсуі мүмкін еместігін  және американдықтардың күйдіргімен  ауруына біздің еліміздің ешқандай қатысы жоқ екендігін мәлімдеді.

АСТАНА. 17-сәуір. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстанды  бактериологиялық (биологиялық) және токсинді қаруларды жобалау, өндіру және жинауға  тыйым салу және оларды жою жөніндегі  конвенцияға біріктіру туралы" заңға қол қойды,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Келісім комиссиясының шешіміне сәйкес , "Қазақстан Республикасын  бактериологиялық (биологиялық) және токсинді қаруларды жобалау, өндіру және жинауға  тыйым салу және оларды жою жөніндегі конвенцияға біріктіру және оны бекіту туралы" деп аталады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Конвенция жаппай әрі толыққанды қарусыздану жолында тиімді ілгерілеушілікке қол жеткізу мақсатын көздейді. Онда халықты жаппай қырып-жоюға бағытталған  барлық қару түрлеріне тыйым салу және жою, бактериологиялық (биологиялық) және химиялық қару түрлерін жобалау, жасау және жинауға тыйым салу және оларды жою көзделген",- делінген мәжілістің халықаралық істер, қауіпсіздік  және қорғаныс жөніндегі комитетінің  қорытындысында.

"Еліміздің бұл конвенцияға  бірігуі микробиологиялық немесе  басқа да биологиялық агенттерді, жабдықтарды, қару түрлерін немесе  оларды жеткізу құралдарын жобалау,  өндіру, сатып алу және сақтаудың  алдын алу үшін конвенцияға  біріккен елдермен ынтымақтастық  орнатуда айрықша маңызға ие  болмақ",- делінген қорытындыда. 

"Конвенцияға бірігу - халықты жаппай қырып-жоюға бағытталған  қаруды таратпау саласындағы  Қазақстанның конструктивті саясатын  тағы бір дәлелдеумен бірге  Қазақстанның бұрынғы сынақ полигондары  аумақтары мен нысандарды реабилитациялау  мәселесіне халықаралық қоғамдастықты  араластыруына түрткі болмақ",- делінген құжатта. 

Қазір 150 мемлекет біріккен бұл конвенцияға 1972-жылдың сәуір  айында Мәскеу, Лондон және Вашингтон  қалаларында қол қойылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Осы жұмысты орындау  барысында мен бактериологиялық қарулардың аса қауіпті екендігін түсіндім. Бұл мәселелер адамзатқа өзін қоршаған ортамен ортақтасып, табиғаттың сырын, өзіндік ара қатынасын зерттеп, оның жан-дүниеде болған әсерін сезіп байқап, мүмкін болатын экологиялық зардаптардың мөлшерін, таралған аумағын экономикаға келтірер зиянын, жер бетіндегі тірі тіршілікке тигізетін қолайсыз құбылыстарын аңғарып біліп, оған қарсы пәрменді күрес жүргізу үлкен іс екенін аңғартады. Табиғатты қорғау мемлекеттің басты міндеті, адамзаттың абзал ісі. Туған табиғатты сүю өз Отанына деген шын сүйіспеншіліктің белгісі.

Адам өміріне келетін  ауруларды, қауіпті оқиғаларды азайту жолында  зиянсыз жана технологияны енгізу ісінде, халықтың саяси-әлеуметтік өміріне жәрдемдесетін сынақтар өткізу әлбетте керек, әрі қолайлы. Ал қуатты мемлекеттердің өрескел үстемдігімен, қаражатының күшімен, шовинистік идеологиясымен, тек өз қамының төңірегіндегі  тоғышарлықпен адам өмірінің жан-жануар, өсімдік дүниесінің өркендеуіне  кедергі болатын сынақтар өткізу ешқандай адамгершілік сипатқа жатпаса  керек.

Соншама уақыт  бойы жүргізілген аса қуатты ядролық  қару түрлерін сынау жұмыстары, бұл  өңірдегі қоршаған ортада, орнына қайтып келмес процестер мен күрделі  экологиялық жағдайдың қалыптасуына душар етті. Өсімдіктер мен жануарлар  әлемінің табиғи ортадағы тепе-теңдігі  бұзылды. Осы өңірді мекендеген тұрғындардың денсаулығына орасан зор нұқсан келуіне  әкеліп соқтырды. Возрождение аралы әлі де біз білмейтін жұмбақтарды қойнында жасырып жатыр. Оның қаншалықты қауіпті екенін мамандардың өздері де айта алмай отыр. Бірақ онда көмілген бактериялық қарудың адамзатқа үлкен қатер төндіріп тұрғаны анық.

 Бұл өте  қайғылы жайт. Қарапайым бейбіт халық мұндай масқара оқиғалар жайында беймәлім, сауатсыз болып келеді. Мемлекет қол қусырып отырмай бүгін-ертең осы мәселені назарға алып айналысар,сол кезеңдердің зардаптарын жойяр, апаттар азайып, ұрпақтарымыз тыныштық, амандық пен тазалықта өмір сүрер деп үміттенемін. Әлі де кеш емес деп сенемін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Дақпырт пен шындық: Арал теңізі// Заң газеті.-2002.-25.09 (№40)-8б.
  2. Аралдағы ажал сепкен темір табыттар// Қазақстан-Zaman.-2008.-10.01(№2)-7б.
  3. Зерде.-2005.-№4
  4. Жас Алаш.-2002ю-15.01(№6).-2б.
  5. Сахариев Е. Аралдағы табыттар мен молалар ертең ажал аждаһаларына айналады // Қазақстан - ZAMAN. - 2008. - 7 ақпан (№ 6). - 1,7 б.
  6. Мамашарипова Г.А. Арал теңізінің су-экологиялық мәселелері мен Семей аймағының экологиялық мәселелері және БҰҰ даму бағдарламасының рөлі // Қазақ Ұлттық университетінің Хабаршысы. - Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы. - 2008. - № 1. - 34-39 бб.

СІЛТЕМЕЛЕР

  1. http://dmk.kz/arhiv/?act=readarticle&id=1054
  2. http://www.kt.kz/
  3. http://www.egemen.kz/
  4. http://meteocenter.net/photo/island/

 


Информация о работе Қазақстандағы бактериологиялық қарулар өндірісі жəне оларды сынау