Қазақстанда кездесетін эфир майлы өсімдіктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 08:14, реферат

Краткое описание

Эфир майы - ұшпа зат. Химиялық құрамы жағынан бұл әртүрлі қосындылардың күрделі қоспасы. Эфир майы (әсіресе қуаң жағдайда) жапырақтарға (шалфей, жалбыз, тасшөп) жиналады да, оларды қызып кетуден сақтайды; ол жемістерге (зире, кориандр, фенхель, анис), кейде жер астындағы мүшеларде (желгек) кездеседі, онда бәлкім жер астындағы зиянкестерден (дән мен тамырдың өнуі) қорғау қызметін атқаратын болар. Эфир майы өсімдіктерде аз да, көп болып, түрлі мүшелерде кездеседі. Өсімдіктердің жеке түрлерінде эфир майы оның әртүрлі бөлігінде біркелкі жинақталмайды: мөлшері ғана емес, майдың сапасы да әр мүшелерде өзгеріп тұрады (мәселен, кишнецте піскен жеміс майының иісі жапырақ майына қарағанда басқаша болады).

Содержание

Илік өсімдіктер және бояу алынатын өсімдіктер туралы түсінік
Илік өсімдіктерді қолданудың қысқаша тарихы
Әлемдік флорадағы илік өсімдіктердің негізгі өкілдері

Прикрепленные файлы: 1 файл

Эфир майы.doc

— 144.50 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

Л.Н.Гумилев  атындағы Евразия ұлттық университеті

 

 

 

 

 

Баяндама

 

 

 

Тақырып: Қазақстанда кездесетін эфир майлы өсімдіктер

 

 

 

 

 

Тексерген: Мырзабаева М.Т

 

Орындаған: Абишева  Р.Е

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Тақырыбы: Илік өсімдіктер

 

Жоспар:

  1. Илік өсімдіктер және бояу алынатын өсімдіктер туралы түсінік
  2. Илік өсімдіктерді қолданудың қысқаша тарихы
  3. Әлемдік флорадағы илік өсімдіктердің негізгі өкілдері

 

Өсімдік шипалығының бастауы.

 

Өсімдіктердің шипалы құрамы аса мол. Олардың емдік қазынасында саналуан физиологиялық сергек компоненттер көп: организмде дұрыс зат алмасуын үзбей қолдап отыруға қажетті витаминдер, минералды тұздар мен микроэлементтер, тіршілікке зиянды заттарды организмнен шығаруға әсер ететін пектиндер, ауру тудыратын көптеген микроорганизмдерді жойып жібере алатын фитонциттер және тағы басқалар бар.

   Өсімдіктердің шипалық сырына анағұрлым терең үңілу, олардың химиялық құрамын ғылымның бүгінгі жетістіктері деңгейінде анықтап беру, оларды профилактикалық дәру (олардың көбі-аса мәнді витаминдер), емдік профилактика (диетикалық қасиеттері негізінде) ретінде, әр түрлі ауруларға ем ретінде, сондай-ақ ерекше емдеу арқылы терапиялық әсерін күшейту үшін пайдалануға жол ашады. Шипалы өсімдіктер қатарына әртүрлі сәнді өсімдіктер де жатады, өйткені олардың көпшілігі ләззат алу мүмкіндігімен ғана (бұлардың шипалы күші де осында) шектелмейді, бойындағы физиологиялық сергек заттардың арқасында (меруертгул, шегіргүл, гүлшетен) олар денсаулығымыздың серігі де бола алады. Соған байланысты өсімдіктердің химиялық құрамына: алкалойдтар, гликозиттер, витаминдер, илік заттар, эфир майлары, фитонцидтер, майлар, инулин, каротинойдтар, крахмал, пектин, смолалар, т.б. болады. Осылардың ішінен эфир майына тоқталып кетсем.

  Кең түрде қолданылатын пайдалы өсімдіктердің ішінде косметика, парфюмерия, тамақ және фармоцевтикалық өнеркәсібінде қолданылатын эфир майлы өсімдіктер ерекше орын алады. Көптеген өсімдіктерге спецификалық иіс байқалады. Бұл иіс өсімдік құрамында болатын көптеген ұшқыш заттардың болуына байланысты, яғни осы себептің нәтижесінде эфир майлары деп аталады. Эфир майлы өсімдіктердің эфир майын жинау функциясы барлық түрлерінде бірдей болады. Мысалы: Астық тұқымдастары, пальма өсімдігінде эфир майы мүлдем кездеспейді. Ал шатыргүл тәрізділер, астра тәрізділер, лавра тәрізділер тұқымдастарына жататын өсімдіктер эфир майына бай болады. Өсімдіктердің эфир майын жинау қабілеті климатқа, топыраққа, өсімдік дамуының фазасына байланысты. Жас өсімдіктерде, ересектеріне қарағанда эфир майы көп кездеседі. Өсімдік өміріне эфир майының тигізетін маңызы әлі дұрыс анықталмаған. Кейбір деректерге қарағанда, ол өсімдік организмінің қалдық заттары және зат алмасуға қатысады дейді.

   Эфир майын алу өнеркәсібінің негізі, шикізат көзін мәдени плантациялардан алуға негізделген. Сондықтан бұл өнеркәсіптің ең басты мақсаты, әлемдік генофондтың жақсы деген үлгілерін қолдана отырып, гибрид пен сорттардың жаңа түрлерін шығару. Осыған байланысты берік және сапалы формаларын жасап шығаруға мүмкіндік туада.

Эфир майы - ұшпа зат. Химиялық құрамы жағынан бұл әртүрлі қосындылардың күрделі қоспасы. Эфир майы (әсіресе қуаң жағдайда) жапырақтарға (шалфей, жалбыз, тасшөп) жиналады да, оларды қызып кетуден сақтайды; ол жемістерге (зире, кориандр, фенхель, анис), кейде жер астындағы мүшеларде (желгек) кездеседі, онда бәлкім жер астындағы зиянкестерден (дән мен тамырдың өнуі) қорғау қызметін атқаратын болар.          Эфир майы өсімдіктерде аз да, көп болып, түрлі мүшелерде кездеседі. Өсімдіктердің жеке түрлерінде эфир майы оның әртүрлі бөлігінде біркелкі жинақталмайды: мөлшері ғана емес, майдың сапасы да әр мүшелерде өзгеріп тұрады (мәселен, кишнецте піскен жеміс майының иісі жапырақ майына қарағанда басқаша болады). Майдың мөлшері мен құрамы вегетация фазасы бойынша өзгеріп тұрады. Май гүлдеу кезінде жапырақтар мен шөпте көп болады, ал жемістерде - олардың пісуіне қарай көбейеді.

   Эфир  майы бар өсімдіктер талай  заманнан бері емдеу практикасында  қолданылады. Мәселен, эфир майлары  былжыр қабыққа әсер ететіндіктен, оларды ингаляция ретінде мұрын, тамақ ауруларына пайдаланылады. Бірқатар майлардың қақыртатын күші де осыған негізделген. Көптеген эфир майлары тері мен былжыр қабықтың белгілі жеріне әсер етіп, түршіктіреді, сондықтан оларды хош иісті ванна, сылау түрінде пайдаланылады. Қайсібір эфир майлары бүйрекке сіңіп, оны түршіктіреді де несепті айдайды. Эфир майларының бактериоциттік қасиеті бар, сондықтан оларды антибиотиктер әсер ете алмайтын микробтар инфекциялаған жарақаттарды тазалаған кезде дезинфекция дәруі ретінде пайдаланылады.Эфир майларының микробтарға қарсы дәру ретіндегі кемшілігі мынау - олардың спектрлік әсер ету шеңбері тым тар, сондықтан эфир майларын әсері әртүрлі спектрмен пайдаланған жөн.

   Эфир  майлары өзінің басты, аса бағалы  құрама бөлігінің негізінде бірнеше топқа бөлінеді. Бұлардың көпшілігі терпендерге және олардың туындылары: моно-би терпендерге жатады. Ал монотерпендерден жалбыздың иісі бар ментол, зиренің иісі бар карвон, кетон және басқалар бөлінеді. Бұл заттардың бәрі антисептикалық, қабынуға қарсы және терінің белгілі жеріне анестезиялық әсер етеді. Сесквитерпендердің ішінен азулен заттары (азулен, хамазулен) ерекше топ болып саналады, олар түймедақта, ерменде, мыңжапырақта болады. Азулен, немесе көк май, немістің asurblau–көкшіл деген сөзінен алынған, көк немесе күлгін түсті болған соң солай аталған. Азулен заттары гипотензиялық, спазмолитикалық, қабынуға қарсы әсер етеді, сондықтан күйікті, сәуле ауруының жараларын емдеуге кеңінен қолданылады; сондай-ақ жара-циститтерді емдегенде жақсы әсер етеді, антибиотиктерден өзгешелігі, қуықты түршіктірмейді. Хамазулен тез жазылуға, қабынуға жақсы әсер етеді (жусан, мыңжапырақ). Оны сондай-ақ әртүрлі аллергиялық сипаттағы ауруларға да қолданылады, мәселен, хамазулен терапиясы жас баланаң жедел және созылмала демікпесін жазады.

   Эфир майлы өсімдіктермен емдеу өте тиімді болғандықтан, ғалымдар терапияның жеке бөлімі- ароматотерапияны бөліп қарастыруды ұсынды.

Фармацевтика  өнеркәсібіндегі эфир майлары дәрілік  препараттар жасауда өте маңызды  болып есептелінеді. Мысалы: "Энатин" препаратында айр, жалбыз майлары кездеседі, "Артемира" препаратында жусан майын пайдаланады. Бұлардың зәр айдауда емдік қасиеті бар. Жалбыз өсімдігінің эфир майы және жекеленген компоненттері кең түрде қолданылады. Оның дәмі дәрілердің дәмін жақсартуға қолданылады. Бұл эфир майы тіс жуатын порошоктың, ауыз қуысын шаятын ароматты сулардың құрамына кіреді.

  Сонымен қатар, эфир майлары тамақ өнеркәсібінде де кең қолданылады. Мұнда көптеген импортты ароматизаторларда қолданылады. Қара және қызыл бұрыш, қалампыр, кардомон, ваниль, бодьянды тамақ иісін және дәмін жақсарту үшін пайдаланылады, консерві жасап шығару саласында жылына 800 тонна ароматизаторларды қолданады.Соның ішінде тек 20%-ті ғана өзіміздің елдің жасап шығарған шикізаты. Сондықтан келешекте осы мәселе жоғары көтеру керек.

   Эфир майының әртүрлі зиянды микроорганизмдерге қарсы тұратын қасиетіне байланысты, бұларды мектепте, кинотеатрларда және емханада кеңінен қолданылады. Парфюмерия және косметика салаларында кеңінен қолданылады, әртүрлі бояулардың құрамына кіреді. Бұл салада манчжур қайыңның, Қытай лимоны, раушангүлінің, жалбыздың және жусанның эфир майларын пайдаланады.

   Қазір эфир майлы өсімдіктер мен тәбет ашатын өсімдіктерді –хош иісті өсімдіктер деп атайды. Алдыңғы уақытта эфир майлы өсімдіктерді майлы өсімдіктерге жатқызған, бірақ оның ұшпалы қасиетімен ерекшеленді.

   Тәбет ашатын өсімдіктерден гөрі эфир майлы өсімдіктер барлық класты өсімдіктер дүниесінде болды. Олар саңырауқұлақтарда, мүктерде (мох), қыналарда (лишайник), әсіресе жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде Селдерей, Лаврлар, Мирта, Астра, Қылқанды, Шатыргүлділер, Күрделігүлділер, Ерінгүлділер, Раушангүлділер т.б тұқымдастар.

   Ботаник-ресурссовет ғалымдар Қазақстан флорасында эфир майлы өсімдіктерге фронтальды зерттеу жүргізді. 500 түрі белгілі болып, 40 түрінен жоғары көрсеткіш алды.

   Сібір қарағайы, Сібір самырсыны, арша (қызыл), қара арша, Түркістан аршасы, Сібір аршасы, Бұқтарма шатырбас, ақшыл шатырбас, Сасыр салалы, Сібір жебіршөбі.

   Перспективті эфир майлы өсімдіктер шикізаттың жиналуына байланысты жіктеледі. Эфир майы өсімдіктердің мынадай мүшелерінде болады:

1) Гүлдері немесе  күлте жапырақшасында (мысалы: раушангүл,  түймедақ, ақтамақгүл (жасмин) );

2) Гүл бүршіктері, бутондары (қалампыр, цитварные семя);

3) Тұқымында, әсіресе шатыргүлділерде (анис, зире, кориандр) және қылқандылардың шишкаларында;

4) Тұқымбүрі, жемістерінің қабықтары мен қыртыстары-цитрус тұқымдасында (лимон, апельсин, померанец бергамот);

5) Тұқымдары- өрік, таубадан, мускат жаңғағы;

6) Көп өсімдіктердің жапырағында болады (қайың, терек, қарақат);

7) Жер беті мүшесінің  барлығаында шикізат көзі болып  есептелетін-жебіршөп, зизифора (киік оты),т.б;

8) Кейбір тропикалық ағаш  тектес өсімдіктердің сүрегі- комфар лавры, қандал ағашы, корица;

9) Тамыр мен тамыр сабағы- айр, ирис, имбирь;

10) Өсімдіктердің қабық  бөліміндегі бездері-тропикалық  бальзам, терпиндер және қылқан жапырақтылардың шайыр жолдарында жиналады.

   Эфир майы өсу ортасына байланысты жиналады. Өсімдіктердің эфир майлары мысалы, қалампыр бутонында 18-23%-ке дейін, раушан гүлінің гүл жапырақшасында майы 0,03%, шашақгүлдердің гүлінде 0,003% қана болады.

Эфир майы гликозиттермен, кумариндермен қосылып өсімдіктердің әр түрлі мүшелерінде кездеседі.

Эфир майының классификациясы. Эфир майлы өсімдіктер әртүрлі экологиялық, географиялық ортасына байланысты емес, филогенезімен де байланысты. Эфир майлы өсімдіктерде кездесетін эфир майының компоненттерінің құрамы бойынша әр түрлі мүшерлерінде жиналатын хош иісті заттар пішіні әртүрлі болып келеді. Анатомиялық құрылысының зерттеу нәтижесінде сол мүшелерінің жинақталатын орны, пішіні негізінен бездеу түктерінің орналасуына байланысты, пішініне байланысты ажыратылады. Демек, эфир майлы өсімдіктер тек қана эфир майының қолдануы әр түрлі өндіріс саласында болып қоймай, медицинада орны үлкен. Себебі көпшілік эфир майлы өсімдіктер дәрілік болып табылады. Өсімдіктердің ішкі анатомиялық құрылысы  бездеу түктерінің сыртқы морфологиялық құрылысын зерттеудің негізгі мақсаты, олардың диагностикалық белгілерімен анықтау болып табылады. Әр ғалымдар 4 топқа бөледі:

1) Терпенді майлы өсімдіктер-олар мүшелерінде арнайы бездері немесе    жолдары болады.

2) Майының көпшілік бөлігі байланысқан хош иісті гүлдері болатын өсімдіктер жатады. Бұл өсімдіктерде әртүрлі жасмұқшаларында хош иісті компоненттері мен азоты көп болады.

3 Ең бастысы ұшқыш қышқылдарының болуымен ажыратылады.

4) Эфир майынан басқа хош иісті бальзамдар мен шайыры бар өсімдіктер жатады.

      Мәдени екпе әшкөк-кориандр псевной «Coriandrum sativum L». Кориандрды біздің заманымыздан мың жыл бұрын Египетте, Палестинада, Үндістанда және басқа елдерде татымды әрі дәрілік өсімдік ретінде өсірген. Египеттіктер, гректер, арабтар кориандрды қақырық түсіру дәруі ретінде, Орта Азия елдерінің халықтары көкөніс ретінде пайдаланған.

  Өсімдіктің көк бөлігінде қандаланың жағымсыз иісі бар, аты да соған байланысты аталған («корис»-грекше қандала). Пісіп жетілген, кепкен мәуесі -сүйкімді, сәл хош иісті және дәмді, бұл оның бойындағы эфир майларнынан (олар 0,7-дан - 2,0% дейін) тарайды, ондағы негізгі компонент-линалол. Мәуелерінде витаминдер де (С, каротин, Р) болады.

   Кориандрдың бойындағы эфир майларының ауруды басатын және антисептикалық әсері бар. Мәуелерін қақырық түсіру, өтті айдау, геморройға қарсы және жарақатты емдеу дәруі ретінде қолданады. Мәуе ұнтағынан істелген тұндырманы (бір стакан суға 1 шай қасық) немесе 10-20 тұтас мәуені (бұл бір күндік доза) емдік мақсатқа пайдаланылады.

   Мәуелері нан (жұртқа мәлім бородино наны), кондитер өнімдеріне, маринадтарға, тұздықтарға, ірімшіктерге, еттен бұқтырған тағамдар дайындағанда хош иіс беру үшін қолданылады.Ұсақталған мәуелер етті қзақ сақтауға мүмкіндік береді. Кавказдың ұлттық тағамдарында «кинза» деп аталатын кориандрдың жасаң және кептірілген жас көк өзінің витаминдері мен хош иісті қасиеті арқылы аса жоғары бағаланады. Кинзаны салатқа қолданады, бутербродқа және тұздық ретінде әртүрлі тағамдарға қосады.

  Кориандр биіктігі 30-70 см, кезекті, тез солатын жапырақтары бар 1 жылдық өсімдік. Мәуесі - шар тәріздес, ұзындығы 5 мм дейін, жарты мәуешіктерге тез жарыла қоймайды.

   Тұқым арқылы өсіреді. Ерте көктемде себеді, оңтүстік аудандарда күзде де себеді, қатарлап сепкен жақсы. 2-3 аптадан кейін көктейді. Өсімдік топырақты (жеңіл құрамды топырақта тәуір өседі), күтімді онша талғамайды, еккен кезде (көктемде) ылғалды топырақты ұнатады, ылғалы жеткіліксіз болса, өсімдік тез сабақтанады, гүлдейді. Көкті үздіксіз алып тұру үшін себу мерзімін ерте көктемнен бастап, жаздың ортасына дейін (аралығы 2-3 апта) созуға болады.

   Зире «тмин-Carum carvi L»   Зирені хош иісті мәуесі үшін қашаннан бері өсіреді, онда 3-5% дейін эфир майлары бар, эфир майлары өсімдіктің басқа бөліктерінде де кездеседі. Зире мәуелеріне тән иіс оның бойындағы карвоннан (70% дейін) тарайды, онда сондай-ақ лимонен де бар (30-40%). Басқа заттардан: майларды (14-22%), белокты (33% дейін), илік заттарды, кумариндерді айтуға болады. Шөбінен флавоноидтер (кверцетин, кемпферол, изорамнетин) табылады.

   Мәуенің сулы тұндырмасы мен қайнатпасы атония мен ішек ауырғанда, метеоризмге (газдың жиналуы), бала емізетін әйелдердің сүті азайғанда емдік мақсатқа қолданылады. Қақырық түсіруге, ішті босатуға, өтті айдауға және ауруды басуға әсер етеді. Қайнатпаны үш шай қасық ұсақталған мәуені бір стакан қайнаған суға салып, қайнатады (15 минут), 15 минуттан кейін сүзгіден өткізеді - тәуліктік дозасы осы. Ал тәбет ашу үшін мәуенің шағын ұнтақтарын (3-5 г тамақтанудан 1 сағат бұрын) ішу немесе осындай көлемде асқа қосу керек.

Информация о работе Қазақстанда кездесетін эфир майлы өсімдіктер