Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2013 в 12:24, реферат
«Тіршілік» ұғымының анықтамасы өте көп. Филологтар олардың саны орта есеппен бес жүзге жуық деп дәлелдейді. Бұл тек биологиялық термин емес. Философия немесе діни айқындама тұрғысынан да тіршілік анықтамасы әжептеуір көп. Ең дұрыс анықтаманың бірін Фридрих Энгельсбылай деп ұсынған: «Тіршілік дегеніміз - нәруыздық денелердің өмір сүру жолы...». Ғылымда күні бүгінге дейін бірде-бір «бейнәруызды тіршілік» формасы табылған жоқ. Тек қиялшыл жазушылар шығармасынан ғана «плазмалы адамдар» немесе «кремнийлі құбыжық» кейпінде кездестіруге болады.
І. КІРІСПЕ...........................................................................................................3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Аутэкология-экологияның негізгі бөлімі
1.1. Қоршаған ортаның экологиялық факторлары........................................4
1.2 Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейі...........................................................6
1.3. Организм және тіршілік ету шарттары.....................................................9
1.4. Негізгі тіршілік орталарына байланысты организмдердің экологиялық топтары..........................................................................................................................11
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................14
ІV. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................15
3.Топырақ – тіршілік ортасы.
Топырақ – құрлық үстінің жұқа борпылдақ, ауамен байланысып жататын бөлігі. Бұл үшфазалы жүйе, оның қатты бөлігі ауаме, сумен қоршалып жатыр. Олар газ бен сулы ерітінділермен толтырылған жолақтардан тұрады. Бұндағы температура өзгеріп отырады, жер беті өлген жан- жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарының шіріндісінен пайда болған органикалық және минеральдық қорлармен жинақталған. Сондықтанда топырақ тіршілікке бай.
Топырақтағы ағзалардың экологиялық топтары:
Микрофауна - топырақтағы өте ұсақ ағзалар (қарапайымдылар,колораткалар,
Мезофауна - недәуір ірілеу ағзалар (0,1 – ден 2-3 мм – ге дейінгі) жиынтығы, негізінен буынаяқтылар (кенелер,алғашқы қанатсыз жәндіктер мен қанаттылардың ұсақ түрлері, қырықаяқтар және басқалар).Олар үшін топырақ ұсақ үңгірлер жүйесі сияқты.
Макрофауна
– 2-20 мм.-ге дейінгі көлемдегі денелі жәндіктер
(құрттар,қырықаяқтар,
Оларға топырақ – қатты орта болып есептеледі де, қозғалыс кезінде аздаған механикалық кедергілер келтіреді.
Топырақ мегофаунасы – бұлар ірі жер қазушылар, негізінен
сүтқоректілер болып келеді (слепыштар,слепушонкалар,
Інде тіршілік етушілер
(суырлар,борсықтар,
4.Тірі ағзалар – тіршілік ортасы.
Тірі ағзалардың денесін тіршілік ортасы ретінде пайдалану – табиғаттағы бұрыннан келе жатқан табиғи құбылыс. Тіпті микроағзалар (бактериялар, біржасушалы балдырлар) паразиттер мен симбионттардан тұратын бірлесе тіршілік ететін ағзалармен қатар өмір сүреді.Паразиттік өмір сүру жағдайларының өзіндік оңды жақтары мен кемшіліктері бар.
Оңды жақтары:a)Қорекпен өзінің тіршілік етуші қожасының ағзасы арқылы үнемі толық қамтамасыз етіліп тұрады.Паразиттердің тез өсуі көбеюге және басқа ағзаларды залалдауға себепші болады.в).Сыртқы ортадан туытын әсерлерден толық қорғанышта болады.
Кемшіліктері: а).Ткандар мен жасушаішіндегі өмірсүрушілер үшін тіршілік кеңістігі шектеулі. в).Оттегімен қамтамасыз етілуі күрделі. 3)Қожа ағзасының прпзттерден қорғанысы да шектеулі.
Осындай жағдайларға қожа ағзасы да,паразитер де эволюциялық даму жағдайында әркімнің өзінше бейімделушілігі қалыптасқан.
Қорытынды:
Кез-келген тірі организм өзін айнала қоршаған
табиғи ортамен тығыз байланыста ғана
өмір сүре алады. Бұл орталарға топырақ,
су, минералды заттар, жер бедері және
атмосфералық әр түрлі құбылыстар жатады.
Табиғи ортаның құраушылары тірі организмдерге
оң немесе теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан
әрбір организмнің өзіне ғана қолайлы
ортасы немесе мекені болуы тиіс. Мәселен:
көлбақа үшін қалыпты өсіп-көбейуіне қолайлы
орта ылғалы мол көл жағасы.
Бірақ та организм үшін табиғаттың барлық
элементтері белгілі мөлшерде қажет және
жиынтық күйінде әсер етеді. Олардың біреуі
өте қажет, екіншілері орташа, ал үшіншілері
мүлдем қажет емес зиянды болуы мүмкін.
Сонымен орта дегеніміз – организмнің
өсіп — көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен
таралуына тікелей жанама әсер ететін
айнала қоршаған орта компонентерінің
жиынтығы. Ал, организмге қажетті жағдайлар
деп – тек сол организм үшін алмастыруға
келмейтін табиғи ортаның элементтерін
айтады.
Экологиялық факторлар дегеніміз – организм
үшін қажетті немесе теріс әсерін тигізетін
ортаның элементтерін айтамыз. Табиғатта
экологиялық факторлардың әсеріне әр
түрлі реакция береді. Мәселен: ащы суда
тіршілік ететін организмдер үшін тұз
және минералды заттар шешуші роль атқарса,
ал тұщы су организмдері үшін қажеті шамалы.
Факторлар үшін негізгі топқа жіктеледі:
абиотикалық, биотикалық және антропикалық.
а) Абиотикалық факторлар дегеніміз –
организмдерге әсер ететін бейорганикалық
ортаның жиынтығы. Олар – химиялық және
физикалық деп бөлінеді. Сол сияқты жердің
рельефі, геологиялық және геоморфологиялық
құрылымы, ортаның сілтілік немесе қышқылдығы,
космостық сәулелер т.б факторлар организм
үшін әр түрлі деңгейде әсер етеді.
б) Биотикалық факторлар дегеніміз – тірі
организмдердің бір – біріне және ортаға
жағымды немесе жағымсыз әсер етуі. Бұл
өте күрделі процестер жиынтығы. Өйткені,
тірі организмдер бір- бірімен қоректену,
бәсеке, паразиттік, жыртқыштық, селбесіп
тіршілік ету арқылы алуан түрлі қарым
– қатынаста болады.
Аталған қарым – қатынастар өсімдік пен
өсімдік, жануар мен өсімдік немесе жануарлар
мен жануар арасында болуы мүмкін.
в) Антропикалық факторлар дегеніміз –
айнала қоршаған ортаға тигізетін адам
баласы іс — әрекетінің тікелей немесе
жанама әсері. Адам баласы өзінің материялдық
игілігі үшін табиғат байлықтарын игеруге
мәжбүр болады.
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі:
1. «Жалпы экологияның қысқаша
2. «Экология» Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева
3. «Экология негіздері» З.М.Молдахметов,
А.М.Ғазалиев,
С.Д. Фазылов. Алматы 2002 ж.