Аутэкалогия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 12:08, реферат

Краткое описание

Су табиғатта қатты, сұйық және газ тәріздес қалыпта болады. Су буы атмосфераға су бассейіндерінің, топырақтың, өсімдіктердің үстіңгі қабаттарының булануы есебінен пайда болады. Көлденең бағытта, су буы адвекция жолымен ауа ағыстары арқылы таралады.
Жерге түскен күн радиациясының 23% мұхит, теңіз және жер бетінен суды буландыруға шығын болады. Буға айналған судың бөлігі белгілі бір жағдайларда конденсаттанып бұлт құрайды, жаңбыр түрінде қайтып су бетіне немесе жер бетіне түседі. Осы буға айналған су ауаның ылғалдылығын жоғарылатадыуАуаньщ ылғалдылығы дсгсніміз атмосферадағы су буының мөлшері.

Содержание

Кіріспе
Ауа ылғалдылығы
Негізгі бөлім
Ауа ылғалдылығын өлшеу тәсілдері
Булану
Бұлттарды бақылау
Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ауаның ылғалдылығы.docx

— 953.15 Кб (Скачать документ)

 

 

 

ЖОСПАР 

 

 

      1. Кіріспе

          Ауа ылғалдылығы

      1. Негізгі бөлім

          Ауа ылғалдылығын өлшеу тәсілдері

           Булану

           Бұлттарды бақылау

      1. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауаның ылғалдылығы

Су табиғатта қатты, сұйық және газ тәріздес қалыпта болады. Су буы атмосфераға су бассейіндерінің, топырақтың, өсімдіктердің үстіңгі қабаттарының булануы есебінен пайда болады. Көлденең бағытта, су буы адвекция жолымен ауа ағыстары арқылы таралады.

Жерге түскен күн радиациясының 23% мұхит, теңіз және жер бетінен суды буландыруға шығын болады. Буға айналған судың бөлігі белгілі бір жағдайларда конденсаттанып бұлт құрайды, жаңбыр түрінде қайтып су бетіне немесе жер бетіне түседі. Осы буға айналған су ауаның ылғалдылығын жоғарылатадыуАуаньщ ылғалдылығы дсгсніміз атмосферадағы су буының мөлшері.

Атмосферадағы су буы бір  шаршы метрде граммен және мм, мб өлшемдерімен өлшенеді.

Ауаның ылғалдылығы мынадай  көсеткіштермен сипаггалады:

а) абсолюттік ылғалдылық (е), мм, мб;

ә) салыстырмалы ылғалдылық (г), %;

б) ылғалдылыктың жетіспеушілігі (d), мм, мб;

в) шық нүктесі (т).і

Абсолюттік ылғалдылық деп 1 м3 ауада болатын грамм есебіндегі су буының мөлшері немесе осы температурада мб, мм есебімен ауада болатын су буының нығыздығын айтады.

Ол мынадай формуламен есептеп шығарылады:

                                            е= Е1 –А Р (t-t1), мм, мб;

Мұнда:

Е – суланған термометрдегі (t')су буының ең жоғарғы тығыздығы, мб;

А – тұрақты шама = 0,0008;

Р – атмосфералық қысым, мб;

t -  құрғақ термометрдің температурасы;

t1 -   ылғалданған термометрдің температурасы.

 

Абсолюттік ылғалдылық өскен сайын ауаның тығыздығы төмендеп, қысым азаяды, қарсы сәулелену көбейіп, тиімді сәулелену азаяды, температураның тәуліктік ауытқуы мен радиациялық үсік жүру мүмкіндігі азаяды.

Салыстырмалы  ылғалдылық деп (r) % сипатталатын осы температурадағы абсолютті ылғалдылықгың (е) жоғары нығыздыкқа қатынасы аталады. Ол мына формуламен есептеп шығарылады:

                                             е

                                       r= —  •100,%

                                             Е

Мұнда Е – құрғақ темометрдегі (t), су буының ең жоғарғы тығыздығы .

Топырақ пен өсімдіктерден судың булануы ауаның салыстырмалы ылғалдылығына байланысты болады. Жаз кезінде r < 30% болғанда кұрғақшылық басталады.

Құрғақшылық кезінде жел мен жоғары температура аңызаққа әкеліп согады r < 30%, t=25-30 , желдің жылдамдығы V > 5 м/сек.

Өсімдіктің белсенді вегетациясының кезеңінде r=60-70% өсімдіктің өсуіне оңтайлы жағдай туғызады. Егер ылғалдылық қалыпты деңгейден төмен болса, онда өсімдіктің өсуі тежеледі, өсімдік солып қалады Ылғалдылық артқан жағдайда өсімдік жатып қалады, олардын көпшілігі ауруға шалдығады.

Салыстырмалы ылгалдылық ауа температурасының ауытқуына байланысты. Егер, атмосферада су буының мөлшері өзгермесе, бірақ температура көтеріле берсе, салыстырмалы ылғалдылық төмендейді.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет. Ауа  ылғалдылығының  жылдамдық жүргісі.

 

Температура төмендеген сайын, ауа су буына қанығуға жақын, ауа ылғалдылығы арта бастайды. Салыстырмалы ылғалдылықтың тәуліктік және жылдык жүрісі температураның жургісіне карама қарсы.

Ауылшаруашылығына агрометеорологиялық  сипатгама жасағанда салыстырмалыылғалдылықпен ауа ылғалдылығын жетіспеушілік көрсеткіштерін көп пайдаланылады.

 

Ауа ылғалдылығының жетіспеушілігі (d) деп су буының ең жоғарғы тығыздығы мен (Е) ауаның абсоллюттік ылғалдылығының (е) айырмасын айтамыз, мб және мм сипатталады.

Ол мынадай формуламен есептелініп шыгарылады:

d=E-e,

Ауаның ылғалдылығы  өзгермеген жағдайда температура жоғарылаған сайын, ауаның кұрғақтығы және ылғалдың жетіспеушілігі артады. Ылғал жетіспеушілік салдарынан булану және өсімдіктер транспирациясы кушейеді.

Шық нүктесі дегеніміз ауадағы су буы (атмосфералық кысым өзгермегенде) толық қаныққанда болатын температура. Шық нүктесі градуспен өлшенеді. Шык нүктесін аныктау үшін абсолюттік ылғалдылықты білу негізінде, су буының ең жоғарғы тығыздығы кестесі арқылы анықталады.

Егерде е=Е болса ауаның су буына толық қаныққанын көрсетеді. Шық нүктесі бойынша үсіктің болуын алдын ала болжайды. Егер 21 сағатта х=2°, немесе <2° онда таңертең үсік болады. Өйткені шық нүктесі ауада су буының аз болуын білдіреді, соның әсерінен жер бетінен тиімді сәулелену көбейеді. Шықтың мол түсуі үсіктің болуының алдын алады, себебі су буының конденсаттанатын кезінде жасырын жылылық бөлініп шығады.

 

                                   Ауа ылғалдылығын өлшеу тәсілдері

 

Ауа ылғалдылығы екі  әдіспен өлшенеді:

Психрометрлік - бұл тәсіл бірдей екі термометрдін көрееткіштеріне негізделген.

Гигрометрлік - майынан арылған адам шашының, немесе мал пленкасының ылғалдық өзгергенде ұзару немесе қасқару касиеттеріне негізделген.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               
 

 

 

 

 

 

 

 

 
 
 
 

 

 

 

 
 
 
 

 

 
 

  

Сурет.   Шаш гигрометрі.

1 – шаш;                         7 – салмақ түсіргіш;

2- қаңқа (Рама);             8 – тілі;

3 – бұрама;                     9 – бұрама;

4 – штифт;                      10 – шкала;

5 – доғаша;                    11 – өс;

6 – сырық (стержень);    12 – Қатайтқыш сомын (гайка).

 
 
 

 

Булану

 

Бұл көрсеткіш ауыл шаруашылығы жерлері гидрологиясының басты элементі. Оның мөлшері географиялық орынға (оңтүстікте көбірек, солтүстікте азырақ) және жыл мезгіліне байланысты. Ауыл шаруашылығы жерлерінде булану негізінен жер бетінен және өсімдіктерден жүреді. Жер, яғни топырақ бетінен жүретін булануды физикалық булану деп атайды, оның үлесінің төмен болғаны жөн. Өсімдіктерден болатын булану транспирация деп аталады. Ол физиологиялық булану. Транспирация үлесінің жоғары болғаны егіншіліктің дұрыс үйымдастырылғаны және күтіп-баптау жұмыстарының дұрыс жүргізілгеяінің белгісі.

Булану мөлшерін анықтау барысында екі үғым үшырасады: булану және буланғыштық. Булану - белгілі бір уақыттағы, табиғи қалыпты жағдайдағы, дақылдар өсіп түрған жер бетінен буланған су мөлшері . Буланғыштық — белгілі уақыттағы шектелген ылғал қорларында судың мүмкіндігінше ең көп потенциалды булану мөлшері . Егістіктерде болатын булануды, яғни танаптардың жалпы су пайдалану мөлшерін анықтау үшін, су бетінен болатын буланғыштықты есептейді. Осы мақсатта мына формулалар қолданылады:

В.Е.Давидовтың формуласы:

 

                         Е '= 15 • D°8 - (1+0,125 • W),

мұндағы:

D- ауа ылғалы жетіспеушілігінің орташа айлык мэні, мм;

W- жел жылдамдыгынын ортаіиа айлык мәні, м/с.  
Н.Н.Ивановтыц формуласы:

Е '= 0,0018 •  (25+t)2 • (100-г), мм,

мұндағы:

t - ауаның орташа айлық температурасы, С;

r - ауанын орташа айлық салыстырмалы ылғалдылыгы, %.

Буланғыштық шамасын арнайы биоклиматтық коэффициенттерге көбейту' арқылы егістік танаптарынын жалпы су пайдалану мөлшерін анықтайды.

Жаппы алғанда булану мөлшері жаңбыр мөлшеріне, жердің геморфологиялық жағдайына, су қоймасы көлеміне, ауа температурасы мен ылғалдылығына, желге, судың тұздылығына, ауыл шаруашылығы дақылы түріне, тіпті сортына байланысты болады. Жаңбыр мөлшері және  температурасы артқан сайын булану да артады, ал ауа ылғалдылығының  жоғарылауы булануды кемітеді. Ойпаттар мен өзектерге қарағанда төбелерде  булану күштірек жүреді. Солтүстік еңістіктермен сапыстырға^Я 'оңтүстік еңістіктерде буланудың едәуір артық болатыңдығы да белгілі.

Танап топырағының ылғалдылығы  үдайы жоғары болып түрғандй қалыя  өеетін, жапырақтары мол жэне тамыры зор дақылдардың су буландьір|щ  әрдайым жоғары болады.

Осы айтылғандарды агроном және фермерлер өз жұмыстарында ескеріп, технологиялық шешімдер қабылдағанда (мысалы: тұқым себу,, суару мерзімдерін белгілеу) пайдаланғандары жөн.

 

Бұлттарды бақылау

Бұлттар дегеніміз - атмосферада белгілі бір биіктікте  кездесетін і буларының конденсатгану, сулимациялану нэтижелері. Бүлттар  құрамына қарай үш топқа бөлінеді:

  1. Сулық, қүрамында су тамшылары болады.
  2. Мұздақ, құрамында мұз кристалдары болады.
  3. Аралас бүлтгар. 

Бұлтты кұрайтын элементгер (су тамшысы, мұз кристалы) үлкейсеі бүлттан жауын жауады. Егерде атмосфераның төменгі қабатыңдаі температура 0°С жоғары болса жаңбыр, ал төмен болса қар жауады. Бұлттар  атмосферадан өтетін күн радиациясына әсер етеді, соның арқасында жері бетіндегі температураға әсерін тигізеді.

Бұлттардың санына қарай, бақылау жасау арқылы, күннің ашық немесе бұлтты екенін болжаймыз.

а) Бұлттар санын анықтау. Бұлттар санын анықтау 10 балдық бағанадаі жүргізіледі (0-ден 10-ге дейін). Аспанды бүлттар толығымен жапқан жағдайда 10 балға, ал ашық аспан-0; аспан 0,1 мөлшерде бұлттанса, онда-0,1 балл және т.с.с. Бұлттар санын бақылау көзбен және бір жерде жүргізіледі. Бұлттардың жаппы санынан басқа жекеше төменгі бұлттар жазылады. Оларға қатпарлы, будақталған-қатпарлы, қатпарлы-жаңбырлы, будақты және будақты-жаңбырлы бұлттар жатады.

Егер бұлттың балл бойынша косындысы төрт мезгілде 32 болса, Ц бұлыңғыр болып есептелінеді. Ал 2 балл болса, күн ашық деп есептелінеді

Ә) Бұлттар пішінін анықтау. Бұлттар пішіні әралуан болып қездеседі.

Олар сыртқы түріне, күрылысына және биіктігіне қарай 4 ұқсас түрлері бөлінеді, соның ішінде 10 әртүрлі пішінді бұлттар кездеседі.

1-Ұқсас – жоғарғы  қабаттағы бұлттар, 6000 м биіктікте  байқалады. Қар, жаңбыр жауғызбайды.

Cirrus                    (Ci) –  қаз бауыр

Cirroucumulus      (Cc) –  қаз бауыр будақталған

Cirrostratus           (Cs) - қаз бауыр қатпарлы,

2- Ұқсас – ортаңғы  қабаттағы бұлттар, 2000-нан 6000м  дейінгі биіктікте орналасқан. Бұған  жататындар:

Altocumucus     (Ac) –   жоғарғы будақталған, қар жаңбыр  жаумайды.

Altostratus         (As) -   жоғарғы қатпарлы, қыста қар жауады, жазда қырау жерге жетпейді.

3 –Ұқсас – төменгі  қабаттағы бұлттар, 2000м төмен  орналасқан.

Stratocumulus      (Sc) –  қатпарлы будақталған бұлттар, қар, жаңбыр жауғызбайды.

Stratus                  (St) –  қатпарлы қыста сирек қар, ал жазда жаңбыр сіркірейді.

Nimbostratus        (Ns) – қатпарлы-жаңбырлы. Қалың қар, жаңбыр жаудырады.

4-Ұқсас – тігінен  орналасқан бұлттар. Төменгі шекарасы 400-1500 м болуы мүмкін, ал жоғарғы  шекарасы жоғарғы қабатқа жетеді.

Оларға жататындар:

Cumulus               (Cu) – будақталған,  қар, жаңбыр жаумайды.

Cumulonimus       (Cl) - жаңбырлы будақталған. Найзағай –бұршақпен нөсер туғызады.

Бұлттардың биіктігін  жобалап және құралдар арқылы анықтайды. Ол үшін ИВО (измеритель высоты облаков),  күндіз ұшқыш-шарлары, түнде прожекторларды, сонымен қатар жер серіктерін пайдаланады. 


Информация о работе Аутэкалогия