Қатты әсер ететін уландырғыш заттар және олардың сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2014 в 17:42, реферат

Краткое описание

Улағыш заттар (УЗ) химиялық қарудың негізін қүрайды. Химиялық қарудың әсерінен адамдар мен малдардың жаппай зақымдануы болған аумақ химиялық зақымдану ошағыдеп аталады. УЗ зақымдау әсерінің белгілі ерекшеліктері бар. Олар қысқа мерзімде адамдар мен малдарды жаппай зақымдандыруы мүмкін. УЗ тек аумақты ғана емес, сондай-ақ жер үстіндегі ауа қабатын да зақымдайды. Бу (газ) тәріздес күйде, түман түрінде УЗ ғимараттарға, қымталмаған қорғаныс панаханаларына еніп, адамдарды зақымдайды. УЗ зақымдағыш әсерін бірнеше сағат, тәулік, апта бойында сақтайды.

Содержание

1) Кіріспе..................................................................................................3
2) Негізгі бөлім
І) Ластауышылар................................................................................6
а) Механикалық
ә) Химиялық
б) Физикалық
в) Биологиялық
ІІ) Пестицидтер және олардың классификациясы..........................9
3) Қорытынды.......................................................................................10
4) Пайдаланған әдебиеттер..................................................................11

Прикрепленные файлы: 1 файл

улагыш заттар.docx

— 32.34 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қарағанды «Болашақ» Университеті

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қатты әсер ететін уландырғыш заттар және олардың сипаттамасы

 

 

 

 

 

 

 

                                                                  Дайындаған: Мукашева А.М.           ПиП 14-2

                                                         Тексерген: Асанова А.О.

 

 

Қарағанды 2014

Жоспар

 

1) Кіріспе..................................................................................................3

2) Негізгі бөлім

     І) Ластауышылар................................................................................6

     а) Механикалық

     ә) Химиялық

     б) Физикалық

     в) Биологиялық

     ІІ) Пестицидтер және олардың классификациясы..........................9

3) Қорытынды.......................................................................................10

4) Пайдаланған әдебиеттер..................................................................11

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          Улағыш заттар (УЗ) химиялық қарудың негізін қүрайды. Химиялық қарудың әсерінен адамдар мен малдардың жаппай зақымдануы болған аумақ химиялық зақымдану ошағыдеп аталады. УЗ зақымдау әсерінің белгілі ерекшеліктері бар. Олар қысқа мерзімде адамдар мен малдарды жаппай зақымдандыруы мүмкін. УЗ тек аумақты ғана емес, сондай-ақ жер үстіндегі ауа қабатын да зақымдайды. Бу (газ) тәріздес күйде, түман түрінде УЗ ғимараттарға, қымталмаған қорғаныс панаханаларына еніп, адамдарды зақымдайды. УЗ зақымдағыш әсерін бірнеше сағат, тәулік, апта бойында сақтайды. УЗ тыныс алу органдары арқылы, тері ұлпалары мен кілегейлі қабықтар арқылы, сондай-ақ УЗ-мен зақымданған тамақ пен су арқылы асқазан-ішек жолдарымен организмге өткен кезде адамдарды зақымдайды. Осы заманғы УЗ организмге тек терінің зақымдалған бөліктері арқылы ғана емес, сондай-ақ киім арқылы да зақымдауға қабілетті. Зақымдау әсерінің өткірлігі, уланудың жылдам және ауырлануы организмге түскен УЗ-ның улағыш қасиеттері мөн санына, УЗ-ның түсу жолдарына, оны қолдану әдістері мен құралдарына, метеорологиялық жағдайларға, сондай-ақ организмнің жәй-күйіне байланысты. Зілзала, өндірістік авариялар болған уақытта, осы заманғы зақымдау қүралдары қолданылған кезде химиялық зақымдау ошақтары қатты әсер ететін улы заттардың (УЗ) ыдыстарының қирауы нәтижесінде пайда болуы мүмкін.

Барлық УЗ организмге улылық әсерінің сипаты бойынша мынадай топтарға бөлінеді:

♦ жүйкені жансыздандыратын УЗ — фосфорорганикалық заттар

(ФОЗ) тобы — зарин, зоман, V — газдар;

♦ жалпы улағыш әсері бар УЗ — көгілдір қышқылы, хлорциан;

♦ терінің қүрысуына әсер ететін УЗ — иприт, люизит;

♦ түншықтырғыштық әсердегі УЗ — фосген, дифосген;

♦ көздің жасын ағызатын және тітіргендігіштік әсері бар УЗ — хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СЗ (си-эс);

♦ психохимиялық әсер ететін УЗ — ДЛК және В2 (би-зет) лизергин қышқылының диэтиламиді;

Улылық әсерін анықтау уақытына байланысты жылдам әсер ететін УЗ (зарин, зоман, V -газдар, көгілдір қышқылы) және баяу әсер ететін УЗ болып бөлінеді (иприт, фосген).

УЗ улылық жіктелісі бойынша былай бөлінеді:

♦ өлімге ұшырататын — (зарин, зоман, V — газдар, көгілдір

қышқылы, иприт, люизит, фосген);

♦ уақытша есті тандыратын — ДЛК, В2;

♦ тітіркендіретін — хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СЗ.

          УЗ төзімділігі бойынша төзімді және төзімді емес болып бөлінеді. Төзімді УЗ-ға иприт, заман, V — газдар жатады, олар жерді бірнеше сағаттан бастап бірнеше тәуліктерге дейін, кейде тіпті айлар бойы зақымдайды. Төзімді емес УЗ-ға зақымдағыш әсері бірнеше минуттан бір сағаттқа дейін созылатын заттар жатады (көгілдір қышқылы, фосген).

          Халықты радиациядан қорғау радиациялық қауіп туралы хабарды, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын, радиоактивті заттармен ластанған аумақта өзін-өзі үстау тәртібін, азық-түлік пен суды радиоактивті ластанудан қорғауды, медициналық жеке қорғаныс қүралдарын пайдалануды, аумақтын ластану деңгейін анықтауды, халықтың сәулеленуін дозиметрлік бақылауды және радиоактивті ластанған азық-түлік пен суға сараптама жүргізуді қамтиды. Хабарлау дабылы бойынша ТЖ және АҚ органдарының ақпаратын тындағаннан кейін халық панаханаға жасырынуға тиіс. Радиациялық зақымданудан сақтану жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы радиациядан қорғау қүралдарымен жүргізіледі. Жеке дәрі-дәрмек қобдишасы өз-өзіне және дара көмек көр-сетуге және өткіш радиациямен, улағыш заттармен және бактериал-дық қүралдармен зақымданудың алдын алуға арналған. Ол меди-циналық қүралдар түратын массалық пеналдарды орналастыруға арналған жеті ұясы бар қорапшадан түрады.

Қобдиша үяларында мынадай медициналық қүралдар орналасқан:

-1 ұя- резервтік, ауруды басатын дәрмектөрі бар шприц-түтікті салуға арналған. Сүйек сынғанда, үлкен жарақат алған және дене күйген кезде пайдаланылады.

~ қызыл түсті пеналды (фосфорлы-органикалық заттарға

қарсы антидот таблеткалары). Зақымдану ошағына шығардың алдында жеке сақтандыру дәрмегі ретінде бір таблеткадан пайдаланылады. Алғашқы зақымдану пайда болған кезде тағы бір таблетканы қабылдайды.

-3 ұя — үлкен ақ пеналды № 2 бактерияға қарсы дәрі-дәрмек,

таблетканы асқазан-ішік ауруы кезінде радиациялықсәулеленуден

кейін қабылдайды алғашқы тәуліктерде жөті таблеткадан

қабылдайды, екі және үш күннен кейін тәулік сайын төрт таблеткадан.

-4 ұя- алқызыл түсті екі пеналда II радиациядан қорғау дәрмегі, барлыңы 12 таблетка. Таблеткаларды сәулелену басталғаннан — 60 мин бүрын радиоактивтік зақымдану қауіпі кезінде жеке сақтандыру үшін қабылдайды. Бірден, 6 таблетка қабылдайды. 6 таблетканы қайта қабылдауға тек 5-6 сағаттан кейін рүқсат етіледі.

-5 ұя — екі ақ пеналда, кеңінен қолданылатын антибиотик 11

бактерияға қарсы дәрі-дәрмек барлығы 10 таблетка. Таблетканы

жараланған және күйген көздө қабылдайды — алғашқыда 5 таблет-

кадан, ал 6 сағаттан кейін тағы да 5 таблеткадан.

-6 ұя — ақ түсті пеналда № 1 радиациядан қорғау дәрмегі. Таблетканы адам радиоактивті затпен зақымданған аумақта жайылған сиырдың сүтін ішкен жағдайда қабылдайды 10 күн бойында күн сайын бір таблеткадан. Барлығы 10 таблетка.

-7 ұя — көк түсті пеналда қүсуға қарсы дәрі-дәрмек, барлығы 5 таблетка. Бас сыдырылғанда, қатты соққы тигенде және контузия алғанда сәуленің бастапқы әсері кезіндө бір таблеткадан қабылдайды.

Радиация үшырау қауіпіне байланысты жергілікті жерде ра-диациянын жоғары деңгейі болғандықтан алғашқы медициналық кө-мекті көрсетуге болмайды. Бүл жағдайда өз-өзіне және өз ара көмек көрсетудің, зақымданған аумақтағы өзін-өзі үстау тәртібін сақтаудың маңызы зор. 8 жасқа дейінгі балаларға толық дозада беретін № 1 радиа-циядан қорғау қүралын қоспағанда АИ-2-дегі медициналық қүрал-дарды бір рет қабылдауға ересектерге 1/4, 8-15 жастағы балаларға 1/4 дозасын береді. Радиациялық зақымдану қауіпін алу қауіпіне байланысты жергілікті жердөгі радиация деңгейінің жоғарлығына орай халыққа медициналық көмек көрсетуге болмайды. Бүл жағдайда зардап шегуші халықтың өз-өзіне және өзара көмек көрсетуінің, зақымданған аумақта өзін-өзі ұстау тәртібін сақтаудың маңызы зор. Радиациялық заттармен уланған аумақта тамақ ішуге, ластанған су көздерінен су ішуге, жерге жатуға болмайды. Халықтың азық-түлік пен тамақ даярлау тәртібін Азаматтық қорғаныс органдары жердің радиоактивті ластану деңгейін ескере отырып анықтайды. Иондағыш сәулеленумен зақымданған кезде алғашқы көмек жылдам көрсетілуге тиіс. Бірінші көзекте одан әрі сәулеленуді жояды немесе барынша азайтады. Бұл үшін радиациялық затпен зақымдалған аумаққа, киімге ішінара дезактивация және терінің ашық жеріне ішінара санитарлық тазалау жүргізеді, бүдан кейін зақымдау-шыны радиациялық зат өтпеген панаханаға (радиацияға қарсы нөме-се жай панахана) жеткізеді. Зақымданған жерде болған кезде зардап шегуші жеке қорғаныс қүралдарын киюге тиіс. Радиоактивті заттар зақымданушыға тамақпен немесе су арқы-лы өткендігі туралы күмән болса, оны шығару үшін шаралар қабылдау қажет. Бүл үшін зақымданушыға ацорбент береді (25-30г. активтелген көмір, күкірт қышқылды барий — 50г.) береді; ацорбөнт радиациялық заттың маталуына ықпал етеді және мүның қанға өтуіне кедергі келтіреді. 15-20 минуттан соң су беріп, асқазанды шаяды және қүстырады. Бүдан кейін ацорбентті қайта ішкізіп, оған тыныштан-дырушы дәрі-дәрмек беру қажет. Ядролық зақымдану ошағынан (радиоактивті зақымдану ошағы-нан) шыққаннан кейін ішінара дезактивация мен санитарлық таза-лауды мүмкіндігінше жылдам жүргізу керек: дөзактивация кезінде -киімнен, аяқ киімнен, жеке қорғаныс қүралдарынан; РЗ түседі сани-тарлық тазалау кезінде дененің ашық жерлері мөн көздін кілегейлі қабығын, ауыз бен мүрынды жабады.

         

 

 

 

 

 

        І)   Ластаушы — қоршаған ортаға әсер ету мөлшері табиғи деңгейден жоғары субьектілер (физикалық агент, химиялық зат, биологиялық түр). Ластану кез-келген агентпен болуы мүмкін. Тіпті ең таза агент те ластаушы болуы мүмкін, яғни, ластаушы дегеніміз табиғаттың өз тепе-теңдігінен шығуына алып келетін фактор. Жоғарыда айтылғандай, шығу тегі бойынша ластану табиғи және антропогенді (адамның қатысуымен) болып келеді. Табиғи ластану — табиғи, әдетте үлкен апаттар, зілзалалар (жанартау атқылауы, жер сілкіну) нәтижесінде пайда болады. Өкінішке орай, өнеркәсіптің дамуына байланысты қоршаған ортаның ластануы антропогендік ластану болып отыр. Оларды өз кезеғінде жергілікті және ғаламдық деп бөлуге болады. Жергілікті ластану өнеркәсіп аймақтарында немесе қала төңірегінде болуы мүмкін. Ғаламдық ластану үлкен қашықтықтарға тарап биосфералық процестерге, Жерге әсер етеді. Антропогендік ластану адам қатысуымен, олардын тікелей немесе жанама әсер етуінен пайда болады. Атмосфералық ауаны ластаушылар — механикалық, химиялық, физикалық, және биологиялық болып бөлінеді.

          Механикалық ластаушылар — шаң, қоқыс. Олар органикалық отынды жақ қанда және құрылыс материалдарын дайындау процестері кезінде пайда болады. Мұндай ластану кезіндегі ең қауіптісі диаметрі 0,005 мм-ге дейінгі бөлшектер. Көптеген аурулар ауаның шаң болуымен байланысты: өкпе құрт ауруы (туберкулез), кеңірдектің аллергиялық аурулары және т.б. ауадағы шаңның жоғары конңентрациясы мұрынның шырышты қабығының жұмысын нашарлатады, мұрыннан қан кетеді. Американдық ғалымдар халқының саны 1 млн-нан асатын қалалардағы тұрғындарда ауаның ластануы мен тыныс алу жолдарының қатерлі ісік (рак) ауруының жиілігі арасында тікелей байланыс бар екенін анықтады. Көз ауруы, созылмалы коньюнктивит көбіне ауаның ластануымен байланысты. Сондай- ақ атмосфералық ауадағы шаң Жер бетіне түсетін ультракүлгін сәулелердін мөлшерін де азайтады. Жасыл өсімдіктер ауадағы шаңды тазартып басқа қоспалардың әсерін төмендетеді. Мысалы, шыршалы ағаштар ауадан 1 гектардан 32 тонна, қарағайлар 36,4 т, шамшаттар — 68 т шаң жинайды.

          Химиялық ластаушылар — экожүйедегі концентрациясы нормадан жоғары немесе басқа жақтан енген заттар. Ауаның мейлінше ластануы өнеркәсіп қажеттілігі үшін отындарды жағу, үйлерді жылыту, транспорттардың жұмысы кезінде, тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды жағу, қайта өңдеу кезінде байқалады. Атмосфераны қатты ластайтын улы заттарға: көміртегі қосылыстары (көмір қышқыл газы, көміртегі тотығы, альдегидтер, қышқылдар), күкірт қосылыстары (күкіртті ангидрид, күкірт қышқылы), азот тотықтары (NO және N02) жатады. Екпе ағаштар газдар үшін механикалық бөгет және атмосфераның химиялық ластануына қорғаныш бола алады. Күкірт оксидін жақсы жұтатын ағаштарға: терек, жөке, қайың ағаштарын жатқызуға болады. Фенолдарды мамыргүл, аюбадам жақсы сіңіреді. Сондықтан жерге түскен жапырақтарды өртемей, жерге көміп тастаған дұрыс. Орман экожүйелері ядролық жарылыстардың зардаптарын төмендетуде үлкен роль атқарады. Ағаштардың қылқандары мен жапырақтары радиоактивті йодтың 50% жинақтай алады. Орманы жоқ жерде радиоактивті тұнбалардың белсенділігі 32 есе жоғары болады. Қоршаған орта өндірістік қалдықтар мен автокөлік түтіндерінен ластанғанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы төмендеп, сол арқылы адамдардың денсаулығы зардап шегеді. Әсіресе минералды тынайтқыштар мен зиянкестерге қолданатын аестицидтер жеміс-жидек арқылы адам организміне нитрат ретінде түседі. Мерзімінен ерте піскен көкөністерде (қарбыз, Қауын, картоп, пияз, сәбіз және т.б. нитраттар көп болады. Мысалы, мамыр айларында піскен көкөністерде көбіне зиянды заттардың шекті мөлшері 2-3 есеге артып түседі. Сондықтан ерте піскен көкөністерді пайдаланғанда сақ болған жөн.

          Физикалық ластаушылар — Бұл биосфераға техногендік себептерден түсетін энергияның артық көздері. Мысалы, жылу (атмосфераға қызған газдардың бөлінуі); жарық (жасанды жарықтың әсерінен табиғи жарықтың нашарлауы); шуыл (шуылдың мүмкін деңгейден артуы); электромагнитті (электр желісі, радио, теледидар); радиоактивті (атмосфера радиоактивті заттардың бөлінуі); озон бұзғыш (фреондардың атмосфераға бөлінуі). Қала үшін жағымсыз факторлардың бірі физикалық табиғаты әртүрлі дыбыс тербелісінен пайда болатын шуыл. Әдетте төменгі жиіліктегі автокөліктердің шуылы жоғары жиіліктегі шуылға қарағанда алысқа тарайды. Зерттеулер көрсеткендей, тіпті қысқ а уақытты шуыл организмнің барлық жүйелеріне (әсіресе жүреқ- қан және жүйке жүйелеріне) жағымсыз әсер етеді. Адам 30-40 дБ шуылда өзін қолайлы сезінгенімен, 120 дБ-ден жоғары шуыл орғанизмге үлкен ауыртпалық түсіреді. Өсімдіктер шуылдан қорғауда да үлкен роль атқарады. Үй қабырғасының жартысына дейін өсіп тұрған жүзім өсімдігі пәтердегі шуылды екі еседей төмендетеді. Өсімдіктердің шуылдан қорғау қасиеті өсімдіктің еніне (габитусына), қалың болуына, құрамына, биіктігіне байланысты. Шуылдан арнайы (бетонды, металл, әйнекті ағашты) қондырғылар жақсы қорғайды.

          Биологиялық ластаушылар — экожүйеде бұрын болмаған немесе мөлшері қалыпты жағдайдан аспаған организмдер түрлері. Микрорганизмдермен ластануды бактериологиялық ластану деп атайды. Әсіресе кейбір елдердің қарулы күштерінің лабораторияларында жасалатын арнайы немесе кездейсоқ ауру тудырғыш микроорганизмдердің штаммдарымен атмосферанын ластануы өте қауіпті. Экожүйедегі өсімдіктер бөтен түрлермен өздері бөліп шығаратын фитонцидтер деп аталатын арнайы заттармен күресе алады. Кейбір фитонцид түрлері көп клеткалы организмдерге қатты әсер етіп тіпті жәндіктерді өлтіріп те жібереді. Олар әсіресе бактериялы және саңырауқұлақты флораға қатты әсер етеді. Емен ағашының фитонциді қашықтан дизентерия мен паратиф қоздырғыштарын өлтіреді. Эвкалипт ағашының жапырақтары бөлетін фитонцидтер стрептококты, май қарағай қылқандары — дифтерия қоздырғышын, қарағайдың қылқандары — өкпе — құрт ауруы қоздырғыштарын өлтіреді. 1 га арша тоғайы күніне 30 кг фитонцидтер бөледі. Олар зиянды микроорганизмдерді өлтіріп қана қоймай, шыбындарды және басқа да жәндіктерді жолатпайды.

 

        

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         ІІ) Пестицидтер (дат. pesfo -жұқпалы ауру, cido-өлтіремін) — өсімдік зиянкестері мен ауруларына , арамшөптерге, мақта, жүн, теріден жасалған бұйым зиянкестеріне , жануарлар экопаразиттеріне, адам мен жануарларға ауру тарататын организмдерге қарсы қолданылатын химиялық заттар. Химиялық табиғаты және патогендік қасиетіне байланысты пестицидтердің бірнеше: гигиеналық, химиялык., өнеркәсіптік классификациясы бар. Пестицидтер улылық дәрежелерінің әртүрлі болуымен ерекшеленеді. Улылығын бағалау үшін тәжірибеге алынған жануарлардың 50% өлетін дозаны, яғни орташа өлтіру дозасын (ЛД50) пайдаланады. ЛД50 мөлшеріне байланысты пестицидтерді: кушті әсер ететін улы заттар, улылығы жоғары, улылығы орташа,және улылығы төмен деп бөледі. Тұрақтылығына байланысты пестицидтерді: өте тұрақты (ыдырау уақыты 2 жылдан көп); тұрақ ты (0,5-1 жыл); салыстырмалы тұрақты (1-6 ай); тұрақтылығы аз (1 ай) деп бөледі. Көбіне хлорорганикалық, фосфорорганикалық және сынапорганикалық пестицидтер жиі қолданылады. Әсер ету обьектісіне (арамшөптер, зиянды жәндіктер, жылы қанды жануарлар) және химиялық табиғатына байланысты пестицидтер мынадай топтарға бөлінеді:

Информация о работе Қатты әсер ететін уландырғыш заттар және олардың сипаттамасы