Атмосфера

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2012 в 06:37, доклад

Краткое описание

Атмосфера әртүрлі газ тәрізді немесе құрлысы жағынан табиғи кіші дисперсті заттармен ластанады.Ластанудың табиғи көзіне: шаң немесе қара боран,вулкандық жаралыстар,космостық шаң немесе т.б.жатады.Табиғи ластаушы көздер атмосфераны,3/4бөлігі органикалық емес заттардан тұратын,топырақ өнімдерімен ластайды.Бұл өнімдерге өсімдік бөліктері,күл,тұз және т.б. жатады.Тұз ауаға судың шашырауы және булануы нәтижесінде түседі

Прикрепленные файлы: 1 файл

атмосфера.doc

— 117.00 Кб (Скачать документ)

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК  МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

№ 1 гигиена кафедрасы (жалпы гигиена)

Мамандық: 051101 «Емдеу ісі»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Студенттер үшін

 

ӘДІСТЕМЕЛІК  НҰСҚАУ

 

 

 

 

             Тақырып: Атмосфераға антропогенді әсерлер.Атмосфера ауасының ластануына интегралды баға беру.Адамның тұрмыс жағдайына және денсаулығына ластанған атмосфера ауасының әсері.

 

Курс: 3

 

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2008 ж.

 

 

 

Кафедра отырысында талқыланды

Хаттама № ____ «____»___________2008 ж.

 

 

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к._______________ Калишев М.Г.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Тақырып:Атмосфераға антропогенді әсерлер.Атмосфера ауасының ластануына интегралды баға беру.Адамның тұрмыс жағдайына және денсаулығына ластанған атмосфера ауасының әсері.

2.Оқу уақыты:90 мин.

3. Тақырып маңыздылығы:Қазақстан Республикасының экономикалық және саяси тұрақтылығы,экологиялық және ұлттық қауыпсыздығы,экологиялық проблемаларды шешпей тұрақтанбайды.Адам мен табиғат арасындағы байланыстың стихиялық түрде күрделенуі адамзатты экологиялық жарылыс шегіне әкелді.Экологиялық тәлім-тәрбиенің,білімнің аздығы өндіріс аймағында,ғылым мен шаруашылықта және денсаулық сақтау саласында қайтымсыз қателіктерге әкеледі.Сондықтан,медицина жұмыскерлерінің қалыптасуы үшін экологиялық білім алу маңызды компонент болып саналады.

4.Сабақ мақсаты:Болашақ  мамандарға экологиялық кризистен  шығып,тұрақты даму жолына әкелетін  экологиялық тәлім-тәрбиені үйрету.

  • Студен білу керек:
  • Атмосфераға антропогенді әсер түрлерін
  • Атмосфера ластануының экологиялық реті(булы эффект,озон тесіктері,қышқылды жаңбыр)
  • Атмосфера ауасын ластаушылардың адам денсаулығы мен тұрмыстық жағдайына әсері.
  • Студент:
  • Тұрғындар денсаулығына қауып келтіретін атмосфера ауасының ластану сатысы мен деңгейін анықтай білу керек

5.Тақырыпқа дайындалуға  арналған сұрақтар:

  • Базистік білім бойынша:
    1. Биосфера –глобальды экожүйе
    2. Биосфераның маңызды ерекшеліктері
    3. Биосфера эволюциясы

Сабақ тақырыбы бойынша:

    1. Биосфера элементі-атмосфера,маңызды ерекшеліктері
    2. Өзіндік және антропогенді атмосфера ауасының ластануы
    3. Атмосфера ауасының ластануынан дамитын экологиялық зардаптар
    4. Адам денсаулығына ластанған атмосфера ауасының әсері

6.Ақпараттық дедактикалақ  блок.

6.1Атмосфераның өзіндік  ластануы.

Атмосфера әртүрлі газ  тәрізді немесе құрлысы жағынан  табиғи кіші дисперсті заттармен ластанады.Ластанудың табиғи көзіне: шаң немесе қара боран,вулкандық жаралыстар,космостық шаң немесе т.б.жатады.Табиғи ластаушы көздер атмосфераны,3/4бөлігі органикалық емес заттардан тұратын,топырақ өнімдерімен ластайды.Бұл өнімдерге өсімдік бөліктері,күл,тұз және т.б. жатады.Тұз ауаға судың шашырауы және булануы нәтижесінде түседі.Атмосфераны ластаушы табиғи көздер улы болмағанымен жиі әсер етеді.Ауа бассейіні жер үстілік қабаттағы үлкен және кіші органикалық және органикалық емес қосындылармен,оның ішінде газ,бу және қатты заттармен қамтамасыз етіледі.Бұл заттар кіші су құбырларының түбінде органикалық заттардың ыдырауы нәтижесінде,жер бетіндегі  өсімдіктердің,тіршілік барысында,организм бөліктерімен және литосферадағы геологиялық және геохимиялық процестердің нәтижесінде пайда болады. Атмосфераның әртүрлі заттармен маңызды ластану көзі болып,өмір сүру барысында химиялық құрлымы бойынша күрделі заттарды бөлетін өсімдіктер,жануарлар және микроорганизмдер саналады.

Бактериялар мен саңырауқұлақтардан бастап гүлді өсімдікке дейінгі ағзалар ауа құрамына көміртегі,спирттер,органикалық қышқылдар,эфирлер,альдегидтер мен кетондарды бөледі.Осы қосындылардың жартысы көптеген микроорганизмдердің тіршілік қажеттілігіне жұмсалады.Осындай химиялық белсенді газ тәрізді фитогенді өнімдерді әйгілі Совет ботанигі НГХолодный автовитаминдер деп атады.Бірақ ауа құрамындағы ұшқыш автовитаминдер адам мен жануар ағзасына қарағанда микроорганизм тіршілігіне өте қауыпты.

Бактериялардың,микроскопиялық саңырауқұлақтардың,қарапайымдылардың тіршілігін жоятын өсімдіктердің органикалық ұшқыш заттары фитонцидтер деп аталады.Бұл газ тәрізді фитонцидтік белсенділігі бар затдың мөлшері өсімдіктердің ұсақталуы және зақымдалуы нәтижесінде пайда болады.Жерүсті қабатында олардың концентрациясы аса жоғары емес,сондықтан оларды атмосфераны ластаушы көздеріне жатқызбаймыз.

Атмосфераға құрамына вулкандардан,гейзерлерден,геотермальды және басқа да көздерден,жерасты,сонымен қатар орман және дала өндірістерінен әртүрлі көп мөлшерде газдар мен булар шығарылып отырылады. Вулкандардың жарылысы кезінде ауаға құрамында көмірқышқыл газы,күкіртсутек,күкүртті газ,фтор,хлор қосылыстары бар құрлысы жағынан өте күрделі газ бөлінеді.Тыныштық жағдайында вулкан фумаральды газ бөледі,оның құрамын күкүртті газ, көмірсутек,көмірқышқыл және метан кіреді.

Гейзер мен геотермальды көздерден бөлінетін газ құрамы күрделі.Экстманн деректері бойынша  жерасты ыстық суды қолданатын геотермальды электрстанциялар атмосфераға көмірқышқыл  газы,күкүртсутек,сутегі,метан,аммияктан  тұратын,құрамында0,15-30%конденсерленбеген газ бен бу бөледі.Сонымен,100млн.т.жерасты ыстық суды тасымалдайтын,100мвт қуаты бар станциялар  және жер астынан  қоршаған ортаға100млн. т.хлор100-1000т.аммияк,фтор,күкүрт қышқылы және1000-10000т.күкүртсутек бөлінеді.Геотермальды элекртстанцилардан бөлінетін өніммен жылу электростанцияларымен тең келеді.

Атмосфераның жасанды  ластануы.

Атмосфераның жасанды  ластану көздеріне түтінмен қоса күкіртті және комірқышқыл газдарын бөлетін өндіріс орындары,әсіресе жылу электрстанциялары,ауаға газ тәрізді азот қышқылдарын,күкүртсутек,хлор,фтор,аммияк,фосфор қосындыларын және  әртүрлі метал бөліктерін,соның ішінде денсаулыққа әсері бар сынап пен мышьяк бөлетін түсті металургия,химия және цемент заводтары жатады.Зиянды газдар атмосфераға өндірістік орындардың қажеттілігіне қарай жанармайды жаққанда тұрғын үйлерді жылытуда,транспорттардың жұмысын қамтамасыз етуде,сонымен қоса тікелей құбырлар жүйесімен газ қоймаларынан және авария кезінде бөлінеді.

Атмосфера ластаушыларын біріншілік және екіншілік деп бөледі.Біріншілік ластаушылар тікелей атмосфераға бөлінеді,ал екіншілік ластаушылар соңғысының өзгерістері нәтижесінде дамиды.Сонымен атмосфераға түскен күкүртті газ күкүртті ангидридке дейін тотығады да,судың буымен әрекеттесіп,күкірт қышқылының тамшыларын түзеді.Күкіртті ангидридтың газ тәрізді аммиакпен әрекеттесуі нәтижесінде аммони сульфатының кристалдары п.б.және т.с.с.Дәл сол сияқты, атмосфераны ластаушы заттар мен олардың компоненттері арасындағы химиялық,фотохимиялық,физико-химиялық реакциялардың нәтижесінде екіншілік ластаушылар түзіледі.

Жер шарында пирогенді  ластануыдың маңызды көзі болып күніне 70%-тен жөғары сұйық және қатты жанармай қолданатын жылу электрстанциялар, металургиялар, химиялық мекемелер саналады.

Екінші пирогенді ластаудың  маңызды көзі болып -25 % жанармай жағып , атмосфераға 30% жоғарғы зиянды заттарды бөлетін тұрғын үйлерді жылыту жүйесі жатады.  Пирогенді туындылардың  ішінде аса қауыптысы болып келесілер саналады:

Көміртегі оксиді (СО)– көміртектік заттардың жартылай жануы кезінде пайда болады. Ол ауаға өндіріс орындарының бөліндісімен бірге,қатты қалдық заттарды жағу нәтижесінде пайда болады.Жыл сайын осы газдардың атмосфераға 250 млн тоннасы бөлінеді,соның ішінде 60 % авто көліктен бөлінген газдар құрайды. Бірақ биосферада көмірсутек оксидінің қорлануы болмайды, өйткені оның біраз бөлігі өсімдіктермен,әсіресе, микро организмдермен жұтылады. Қазіргі кезде осы газды өзінің биологиялық айналымында қолданатын 16 саңырауқұлақ түрлері ажыратылады. Бірақ жабық мекемелерде және автокөліктердің көп жинақталған жерінде адам денсаулығына қауіпті газ концентрациясы жиналып қалуы мүмкін.

Күкіртті қосылыстар – атмосфераға көп мөлшерде бөлінеді. Соның ішінде күкірт құрамды жанармайды жаққан кезде бөлінетін (200млн тонна жылына ) бөлінетін күкіртті газдың (күкірт диоксиді, күкірттік ангидрид-SO2) маңызы зор.Күкіртті қосылыстардың жартысы  тау кеніндегі пайдасыз жыныс қалдықтарының жануы нәтижесінеде пайда болады.

Біраз уақыттан кейін  атмосфераға күкіртті газ күкірт ангидридіне дейін тотығады немесе басқа қосылыстармен,әсіресе көмірсутегімен, байланысқа түседі, ал күкіртті ангидридтың күкіртке тотығуы атмосферадағы фотохимиялық және каталиттік реакциялар арқылы іске асады. Екі жағдайдың да соңғы өніміне өсімдік топырағын қышқылдататын, материалдардың коррозияға ұшырау процессін жылдамдататын, адам мен жануарларға тыныс алу жолдардың ауруларын туындататын жауын тамшысының құрамындағы күкірт қышқылының ерітіндісі немесе аэрозоль жатады.

 Химиялық мекемелердегі түтін құбырларынан күкірт қышқыл аэрозолінің шығуы бұлтсыз және ауаның жоғары дәрежелі ылғалдылығы кезінде болады. Осы мекемелерден 1 км қашықтықта өсетін өсімдік жапырақтарында күкірт қышқылды жауын тамшыларының әсерінен ұсақ және жиі орналасқан некроздық аймақтар байқалады.

Түсті, қара пирометаллургиялық мекемелермен, жылу электростанцияларымен жылына атмосфераға ондаған мың тонна күкіртті газ бөлінеді. Егер жекелеп алатын болсақ жылу электростанциясы 58%, түсті металлургия -22%, қара  металлургия - 16%,қалған салалар - 40 % күкіртті газды атмосфераға бөледі.

Күкірт сутек пен күкірт көміртек – атмосфераға жеке өзі немесе басқа күкірт қосындыларымен бөлінеді,бірақ күкіртті газбен салыстырғанда аз мөлшерде болады. Негізгі бөліну көздеріне жасанды қант дайындау, коксохимиялық және мұнай өңдеу кәсіпорындар жатады. Күкіртсутек пен  күкірткөміртек адам мен жануар үшін жоғары токсикалық әсері мен және қатты тітіркендіргіш иісімен ерекшеленеді. Атмосферадағы басқа ластаушы заттармен әрекеттесуі нәтижесінде олар күкірт ангидридіне дейін баяу тотығады.

Азот қосындылары-атмосферадағы оксид,диоксид,гемиоксид түрінде ауаны ластайтын аммиякты көздерден,жанармай жағатын құрылғылардан,минералды тыңайтқыш,анилинді бояуларды,нитро қосылыстарды,жібекті өндіретін кәсіп орындарынан бөлінеді. Атмосферадағы индустриалды көздерден түсетін азот оксиді жылына 20 млн құрайды.

Фтор қосылыстары.Атмосфераны ластайтын негізгі фтор көздеріне-аллюминий, эмаль, әйнек, керамика, фосфор тыңайтқыштарын өндіретін мекемелер жатады. Фтор құрамды заттар атмосфераға газ тәрізді фторлы сутек , төрт  фтор құрамды кремни және шаң-тозаң түрінде түседі.

Фтор қосындылары жоғары уытты әсерімен ерекшеленеді. Жылы қанды жануарлардың интоксикациясы қоректенетін заттардың құрғақ фитомассасында 2000 мг/кг фтор жиналып қалуынан болады. Үй жануарларының фтор қосылыстарына бай өсімдіктермен қоректенуі нәтижесінде тіндерінің кұрамындағы фтор концентрациясының жоғарлауынан флуоразан деп аталатын созылмалы интоксикацияны дамиды. Флуороздың алғашқы белгілеріне тіс мықтылығының төмендеуі, сүйек деформациясы, дене массасының  жоғалуы және сүт бездерінің қызметінің төмендеуі жатады.Осыдан бүйрек , бүйрек үсті бездер некрозға ұшырап ішектің зақымдалуы байқалады

. Фторға жәндіктер өте сезімтал, сондықтан фтор туындылары күшті инсектицидтер болып табылады.

Хлор қосындылары атмосфераға  көптеген жолдар арқылы түседі, бірақ  көбінесе тұз қышқыл, хлорқұрамды пестицидтерді, органикалық бояуларды, гидролизді спирт , хлорлы әк және сода өндіретін химиялық мекемелерден түседі. Атмосферада молекулалық хлормен бірге хлорлы сутек қоспалары кездеседі. Хлордың жануарлар мен өсімдіктерге уыттылығы басқа заттармен байланысу түріне және концентрациясына байланысты.

Газ тәрізді ауа ластаушылары жер шарының әртүрлі аймақтардағы таралуы біркелкі емес және ол келесі өсу тізбегімен сипатталады: Дүниежүзілік мұхит үстінде -0,1%, ауылды жерде - 1 %, қалалы жерде -12,9 %, кәсындары дамыған аймақтарда- 86 %.

Газ тәрізді басқа ластаушылар. Металлургия өндірісінде шойынды ерітіп, оны болатқа қайта өндірген кезде атмосфераға әртүрлі ластаушы заттар бөлінеді.Мысалы,1 тонна шойынды  еріткен кезде,2,7кг күкіртті газ бен 4,5-5,0 кг шаң бөлшектерінен басқа, атмосфераға белгілі мөлшерде  мышьяк, фосфор, свинец, ртуть болуы, сирек металдар,  және смола тәрізді заттар бөлінеді.

1 т көмірді кокстаған кезде 300-320 м3.кв коксты газ түзіледі. Оның құрамына : 50-62 % сутек , 20-34 % метан, 4,5-4,7 % көміртегі оксиді, 1,8-4 % көмірқышқыл оксиді, 5-10 азот, 2-2,6 % көмірсутегі және0,2-0,5% O2 кіреді. Коксталған газдың негізгі бөлігі қармаланып  химиялық қайта өңдеуге, утилизациялануға бағытталады.  Бірақ оның 6 %-дай бөлігі атмосфераға бөлінеді.

Мұнай өндіретін және қайта өңдейтін өндіріс орындарынан жасанды каучук өндіретін заводтардан бөлінетін газ құрамында көп мөлшерде күкіртсутек және басқа газды заттар (стирол, дивинил, толуол, аустол, изопрен, және т.б.) болады.

Ауылды аймақтарда ауа ластаушыларының  негізгі көзіне мал және құс өсіретін фермалар мен комплекстер, энергетикалық мекемелер,дәндерді пестицидтермен араластыратын қоймалар, пестицидтер мен минералды тыңайтқыштарды себетін егістіктер жатады.Қара мал мен құстар ұстайтын орындардан атмосфераға бөлінген аммияк, күкіртсутек және басқа газдар белгілі бір аймақтарға бағытталады.

Атмосфераның ластаушы тағы бір  көзіне көліктер жатады. Оларға: автокөліктер, теміржол, сулы және ауалы көліктер жатады.Жарты жылда автокөліктер орта есепппен 15 мың км жер жүреді де,  атмосфераны 4350 кг оттегіге азайтып, 3250 кг көмірқышқыл газымен, 530 кг көміртегі оксидін, 33 кг көмірсутекті, 27 кг озот оксидін және 1 кг қорғасынды бөлінеді.

 Автокөліктен бөлінген қоспа құрамына 200-ден астам заттар кіреді. Мысалы: толық жанып бітпеген жанармай өнімі-көміртегі, көміртегі оксиді,тітіркендіргіш әсері мен жағымсыз иісі бар альдегидтер, акролеиндер, формальдегид, азот оксиді, қорғасын қосындылары және т.б кіреді. Автокөліктегі бинзинге антиденатурат ретінде қосылған тетроэтилқорғасынның двигательде жануы нәтижесінде органикалық емес қорғасын қосындылары түзіледі. 1 л бензин құрамында пайдаланылған газ арқылы 1 г тетроэтилқорғасын болады.

Информация о работе Атмосфера