Атмосфера

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2014 в 23:22, реферат

Краткое описание

Бұл мәселенің шешімі ең алдымен табиғаттың қалыпты жағдайын сақтап, оның ресурстарын тиімді пайдаланумен тығыз байланысты. Өйткені табиғат өндіріс қорының көзі, әрі өндірісті орналастыру ортасы ретінде өндірістің барлық саласына қатысты. Өндірістің даму қарқыны артқан сайын табиғат байлығын пайдалану мөлшері де өсіп келеді. Соған байланысты әсіресе қалпына келмейтін табиғат байлығының тиімді қорының азаюы немесе сапасының төмендеуі қоғамның өндіріске жұмсалатын шығынынің артуына кері әсер етуде. Өндірісте қолданылатын табиғат қоры сапасының төмендеуінен туындайтын өндіріс тиімділігіне кері әсерді ғылыми-техникалық жетістіктер нәтижесі де жоя алмай отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 20.61 Кб (Скачать документ)

Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру, соның нәтижесінде халықтың тұрмысын, әл-ауқатын жақсарту өндірістің еңбек, материалдық және табиғи қорларын тиімді пайдаланумен тікелей байланысты. Қазіргі кезде және болашақта өндіріс қорларының барлық түрін кешенді, үнемді пайдалану мәселесін шешкенде ғана экономиканың даму қарқынын арттыруға болады.

Бұл мәселенің шешімі ең алдымен табиғаттың қалыпты жағдайын сақтап, оның ресурстарын тиімді пайдаланумен тығыз байланысты. Өйткені табиғат өндіріс қорының көзі, әрі өндірісті орналастыру ортасы ретінде өндірістің барлық саласына қатысты. Өндірістің даму қарқыны артқан сайын табиғат байлығын пайдалану мөлшері де өсіп келеді. Соған байланысты әсіресе қалпына келмейтін табиғат байлығының тиімді қорының азаюы немесе сапасының төмендеуі қоғамның өндіріске жұмсалатын шығынынің артуына кері әсер етуде. Өндірісте қолданылатын табиғат қоры сапасының төмендеуінен туындайтын өндіріс тиімділігіне кері әсерді ғылыми-техникалық жетістіктер нәтижесі де жоя алмай отыр.

Табиғатты тиімді пайдалануда экономика ғылымының маңызы өте зор. Табиғатты қорғау, тиімді пайдалануды басқару, жоспарлау, оған экономикалық ынталандыру, табиғат байлығын игеруге, табиғи ортаны қорғауға жұмсалған шығындардың тиімділігін анықтау, қоғамдық қажеттілікті қамтамасыз етудің тиімді жақтарын белгілеу, экономика ғылымының тікелей атқаратын қызметі.

Табиғи ортаны қорғау, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану табиғаттың және қоғамның даму заңдылықтарына сүйеніп жүргізіледі. Заңдылықтардың үйлесімділігі және жүргізілген шаралардың осы заңдылықтарға сәйкес болуы басты міндет. Табиғат байлығын пайдалану және табиғи ортаны қорғау жүйесінде негізгі екі заңдылық тобын атауға болады. Бірінші жалпы заңдылық, табиғат пен қоғамның қатынасындағы ең негізгі тұрақты байланыстар заңдылығы. Екінші, өндіріс қатынасымен шектелген арнайы заңдылықтар

Табиғат қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану бір-бірімен тығыз байланысты кешенді мәселе және олардың жиынтығын табиғат пайдалану деп атаймыз. Былайша айтқанда, табиғат пайдалану міндетті түрде оны қорғаумен ұштастыруды талап етеді. Оның үстіне ол бүкіл әлемдік мәселе болып табылады. Табиғат пайдалану халықаралық мемлекеттік және аймақтық мәселе. Сондықтан барлық деңгейде қарастырылады. Табиғат пайдалану дәрежесін бағалау әдістері барлық деңгейді қамтитын және алдын алу сипатында болуы керек. Өйткені табиғатқа әсерді, оның сипатын, зиянын алдын ала бағалау оны болдырмау шараларын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Табиғат пайдаланудың мемлекеттік және жергілікті мәселелерін экономикалық механизмдерді жетілдіру арқылы шешуге болады.

 

 

Ресустардың орналасуы және әр түрлі елдердің олармен қамтамасыз етілуі. Географияның мұның алдындағы курстарынан сендер табиғи ресустардың минерал, жер, су, өсімдік ресустары түрінде болатынын білесіндер. Мұның өзі оларды табиғат құбылыстарының қай тобына жататынына қарай топтастырудың бір түрі. Бұған қоса табиғи ресустарды жаңадан толығып отыратын және толықпайтын ресустар деп те саралайды, экономиканың белгілі бір саласына арналу белгісі бойынша, сапасы бойынша (яғни оларда пайдалы компоненттердің болуына қарай), түзілу сипатына қарай (минералдық, органикалық) және басқадай топтастырулар қолданылады. Табиғи ресустардың жекелеген түрлерінің қорлары да біркелкі деуге әсте болмайды. Осының нәтижесінде елдердің арасында ғана емес, қазіргі дүниенің ірі-ірі аймақтарының арасында да олардың табиғи ресустармен қамтамасыз етілуінің деңгейі мен сипатында елеулі айырмашылықтар бар. Мысалы, Таяу Шығыс елдерінде мұнай мен газдың мол ресустары бар. Анд елдері мыс және полиметалл рудаларына бай, тропиктік ормандары көп мемлекеттерде бағалы ағаш сүрегі ресурстары мол.

 

Дүние жүзінде табиғи ресурстардың бізге белгілі түрлерінің бәріне ие бірнеше мемлекет бар. Бұлар Ресей, АҚШ және ҚХР, Үндістан, Бразилия, Австралия. Кейбір елдер табиғи байлықтардың «ассортименті» жағынан олардан кейінгі орынды иеленгенімен, басқа мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда ілгері. Көптеген елдер бір немесе бірнеше ресурстын дүниежүзілік маңызы бар мол қорларына ие. Мысалы, Габонда марганец, Кувейтте мұнай, Мароккода фосфорит қорлары мол. әрбір ел үшін өздерінде бар табиғи ресурстардың көп түрлілігінің зор маңызы бар. Мысалы, жеке бір елде қара металлургияны ұйымдастыру үшін тек темір рудасының ғана емес, сонымен қатар марганецтін, хромиттің, кокстелетін көмірдің болуы өте маңызды. Ал егер бұл ресурстар мұның үстіне бір-біріне біршама жақын орналасқан болса, онда бұл ел үшін тиімділігі де жоғары болмақ.

 

Дүние жүзінде белгілі бір табиғи ресурссыз ел жоқ. Олар аз болған, ал кейбір елдерде мүлдем болмаған жағдайда бұл мемлекет кедейлікке душар болады деуге келмейді. өйткені қай елдің болсын ұлттық байлығы оның материалдық игілікктері мен табиғи ресурстары қорларының жиынтығымен ғана өлшенбейді, бұған қоса әр елдің адамдары, олардың тәжірибесі мен еңбекқорлығы, білімдері мен шеберліктерінің пайдаланылу дәрежесі де ұлттық байлықты құрайды.

 

Мысалы, экономикада үздік жетістіктерге жеткен Жапонияның ассортимент жағынан болсын, мөлшер жағынан болсын минералдық ресурстары өте-мөте шектеулі. Онда күкірт пен пириттердің ғана мол қорлары бар, ал мұнай, табиғи газ, темір рудасы, сирек металдар рудалары, фосфориттер, калий тұздары және т.б. өте-мөте жетіспейді. Жапонияға қарағанда минерал шикізат ресурстары орасан мол болғанымен, әлеуметтік-экономикалық дамудағы жетістіктері мардымсыз көптеген мысалға келтіруге болады.

 

Табиғи байлықтардың планета бойынша әркелкі орналасуы, бір жағынан, халықаралық еңбек бөлінісі процесі мен халықаралық экономикалық байланыстардың дамуына себепші болса, екінші жағынан, кейбір табиғи ресурстары жоқ елдерді белгілі бір экономикалық қиыншылықтарға ұшыратады.

 

Табиғатты пайдалану процесінде табиғи ресурстарды ғылыми негізде шаруашылық тұрғысынан бағалаудың маңызды мәні бар. Оның құрамдас элементтері табиғи ресурстарды барлау, анықтап ашу, инвентарьлау, сондай-ақ мөлшері мен сапасы тұрғысынан бағалау болып табылады. Әлемнің кемел дамыған елдерінде мұндай ресурстар ендігі жан-жақты бағаланған, ал дамуы баяу елдерде бұлай бағалау әлі жүргізілмеген. Ал анығында табиғи байлықтарды мұқият есепке алмайынша, өміріміздің барлық салаларында олардың тұтынылуын бақылаудың мінсіз қалыптасқан жүйесі болмайынша және бұл ресурстарды барынша үнемдемейінше адамзат осылай «мәңгілік» өркендей береді деп үміттенуге болмайды.

 

Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау

Абсолютті

Салыстырмалы

Ағымдағы

Ұзақ мерзімдік

Табиғат пайдалану

Табиғат қорғау


Информация о работе Атмосфера