Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 15:50, реферат
Қарағанды облысы – Қазақстандағы экологиялық жағынан ең ластанған, өнеркəсіптік өндіріс орындары көп шоғырланған ірі өнеркəсіп орталығы. Бұл өңірдегі өндіргіш күштердің даму барысы көптеген жылдардан бері экологиялық зардаптар ескерілмей іске асырылды. Соның салдарынан облыстың атмосфералық ауасы бұзылды. Мəселен, тұрақты көздерден атмосфераға тарайтын ластанған заттар жылына бір миллион тоннадан асады. Ал бұл жалпы республикадағы барлық қалдықтардың үштен бірі деген сөз. Негізгі ластаушы көздер Теміртауда «Испат-Кармет» АТАҚ (жылына 361,5 мың тонна), Жезқазғанда «Қазақмыс» АҚ (жылына 138,4 мың тонна), Балқашта «Балқашмыс» АҚ (жылына 299,4 мың тонна)
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Облыстың шаруашылық кешендерінің салалық бөлінісі
Қарағанды облысының экологиялық жағдайына жалпы шолу
Жезқазған - Балқаш өңірінің экологиясы
Экологиялық қауіпсіздік
ІІІ.Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Мазмұны
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ.Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Қарағанды облысының даму тарихына үңілер болсақ, қадау -қадау іргелі істердің куәсі боласын. Аймақтың шапшаң игерілуіне бірден-бір себепкер болған оның мол табиғи байлықтары еді. Сонау жиырмасыншы-отызыншы жылдарда А.А.Гапеев, Н.Г.Кассин, Н.И.Наковник, М.П.Русаков, Қ.И.Сәтбаев тәрізді есімдері бүгінде кеңінен танымал геологтар Орталық Қазақстан аймағының кен байлықтарын зерттеді. Жиырмасыншы жылдардың басында-ақ Қоңырат, Жезқазған, Семізбұғы, Өспен және басқа жерлерде түсті металдардың мол қорының бары анықталған. Соғысқа дейінгі кезең ішінде жаңадан ашылған көмір және түсті металл кен орындарының негізінде Орталық Қазақстанда Қарсақбай, Балқаш мыс қорыту зауыттары салынды. Жезқазған, Қоңырат рудниктері, Қарағанды көмір бассейні игерілді. Қазіргі уақытта облыс 428 мың шаршы километр жерді алып жатыр, бұл республикадағы ең үлкен аймақ. әкімшілік-аумақтық құрылым өзгертілгеннен кейін бұл аймақта 9 селолық аудан мен 11 қала, 39 жұмысшы поселкесі мен 171 селолық округі бар.
Облыстың шаруашылық кешендерінің салалық бөлінісі мынадай: Қарағанды-Теміртау өнеркәсіпті аймағына (Абай, Саран, Шахтинск қалаларын қосқанда) көмір, қара металлургия, химия және мұнай химиясы өнеркәсібі, металл өңдеу және машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, көлік, байланыс, тамақ және ұқсату өнеркәсіптері, электр энергиясы, ағаш өңдеу және құрылыс материалдары өнеркәсібі, қызмет көрсету саласының кәсіпорындары шоғырланған.
Жезқазған аймағында тау-кен өнеркәсібі, түсті металлургия басымдау дамыған. Мұнда темір, марганец, алтын, күміс, мырыш, басқа да сирек металдар өндіріледі.
Облыс экономикасын дамытудағы жұмысымыздың негізгі бағыттарының бірі - инвестициялық бағдарлама жасап, инвесторлар іздестіру. Бүгінде біздің аймақта 67 бірлескен және шетелдік кәсіпорындар жұмыс істейді. Облыс экономикасына "Испат-Кармет", "Қазақмыс", "Қарағанды-Пауэр", "Накоста" сияқты кәсіпорындар елеулі үлес қосты.
Қарағанды облысы – Қазақстандағы экологиялық жағынан ең ластанған, өнеркəсіптік өндіріс орындары көп шоғырланған ірі өнеркəсіп орталығы. Бұл өңірдегі өндіргіш күштердің даму барысы көптеген жылдардан бері экологиялық зардаптар ескерілмей іске асырылды. Соның салдарынан облыстың атмосфералық ауасы бұзылды. Мəселен, тұрақты көздерден атмосфераға тарайтын ластанған заттар жылына бір миллион тоннадан асады. Ал бұл жалпы республикадағы барлық қалдықтардың үштен бірі деген сөз. Негізгі ластаушы көздер Теміртауда «Испат-Кармет» АТАҚ (жылына 361,5 мың тонна), Жезқазғанда «Қазақмыс» АҚ (жылына 138,4 мың тонна), Балқашта «Балқашмыс» АҚ (жылына 299,4 мың тонна), сол сияқты Қарағандыдағы энергетикалық кəсіпорындардың өзі жылына 96,2 мың тонна ластандыратын қоспа таратады.
Қала маңына орналасқан ГРЭС-1, N3 ЖЭО жəне Қаражал ЖЭО-ның күлі мен түтіні бұрқырап мазаны алуда, сол сияқты Ақжал байыту фабрикасының, Қайрақты, Жамбыл, Қарағайлы, Ақшатау кеніштерінің қалдықтары да бұрқырап, желге ұшып жатыр. Бұларда қауіптілігі 1-3 класты қорғасын, мырыш, берилий, висмут жəне радионуклидті флотация қалдықтары көп. Тозаңданып аспанға ұшудың салдарынан мұндай заттар маңайын да шаңдатып жібереді. Бұған қоса атмосфералық ауаны автокөліктер де ластандырып, одан шығатын тастанды қалдықтар жылына 110 мың тонна көлемінде зиянды заттар таратса, оның ішінде 200-ге жуық əртүрлі қоспа бар екендігі анықталғаны баршаға мəлім.
Бүгінгі таңда су ресурстарын қорғап, ұтымды пайдалануда да проблема көп. Облыстың жалпы жылдық су ресурсы 3,4млрд текше метрге жуықтайды. Оның жыл сайын 2-2,3 миллиард текше метрі пайдаланылады. Негізгі су көздері Нұра өзені, оның Шерубай-Нұра жəне Соқыр құймалары, Ертіс-Қарағанды каналы, Қаракеңгір жəне Жезді өзендері, Балқаш көлдері болып табылады. Облыс суларының сапалық жағынан жақсаруына кері əсерін тигізіп отырған кəсіпорындар «Испат-Кармет» ААҚ, «Карбид» АҚ, «Қазақмыс» АҚ, «Балқаш» АҚ, «Облсуканал» су-канал шаруашылығы басқармасы, «Қарағандырезинотехника» АҚ, энергетика, көмір өнеркəсібі мен ауыл шаруашылығы кəсіпорындары.
Облыстағы жер ресурстары да қиын жағдайда. 854 мың гектар жер азып-тозған, жел эрозиясына ұшыраған. Оның басты себебінің бірі- жерді қорғайтын орман алқабының қанағаттанғысыз жағдайы. Жер ресурстарын ғана емес, жалпы қоршаған ортаға зиянын тигізетін негізгі ластану көздерінің бірі – кəсіпорындардың өндірістік қызметі процесінде жəне тұрғындардың тұрмыс-тіршілігінде пайда болған қалдықтар. Облыста тұрмыстық қатты қалдықтардың өте көп болуы да біраз проблемалар туғызуда. Сонымен қатар қоршаған орта мен адам денсаулығына ықпал ететін проблеманың бірі –қазылып, кен өндіріліп алынған соң қалып кеткен, жабылмай аузы ашық қалған радиациялық қауіпті кен орындары мен карьерлер мəселесі. Бұлар Шет ауданындағы Ақшатау елді мекені, Ақтоғай ауданындағы тастап кеткен геологиялық қазба орындары (Октябрь, Майтас, Қызыларай, Қызыл, Аномалия-8, Тасарал).
Жезқазған - Балқаш өңірінің экологиясы Жезқазған өңірі кең - байтақ еліміздің дәл орталығында орналасқан және республикамыздың халықаралық маңызы бар түсті металлургия орталығы. Қазақстанның ірі мыс, полиметалл, марганец, сирек және шашыранды металдар өндіретін кен орындары осында. Халық жиі қоныстанған мәдени аймақтар кен өндірісі орталықтарының маңына шоғырланған.
Жезқазған өңірі - ел ерте қоныстанған аймақ. Тарихи деректер ертедегі металлургия мен суғару жүйелерінің, кесене мен сарайлардың маңын мекендеген тайпалардың шаруашылығы мен мəдениетінің жоғары болғандығын көрсетеді.
Жезқазған территориясының қойнауы пайдалы қазбаларға өте бай. Ол жер көлемінің үлкендігіне, жердің күрделі геологиялық құрылысына байланысты. Өлкенің шикізат қоры ертеден белгілі болған. Біздің жыл санауымыздан 40 - 10 мың жыл бұрын осы өңірде мыс кен орындары игеріле бастаған еді. Қола дәуірінде мыстан басқа қалайы, алтын, күміс балқытылып, өңделген. Оны жергілікті жердің жер, су аттарынан байқауға болады.
Қазіргі кезде игеріліп отырған минералды шикізат көзі өте көп. Солардың ішіндегі ең маңыздылары мыс, темір, марганец, полиметалдар, вольфрам, молибден, ванадий және құрылыс материалдары. Бұл өңір мыс кенінің қоры жөнінен Қазақстан Республикасындағы ең маңызды аймақ. Өлкенің мыс кендері кембрийге дейігі заманнан бастап, кейінгі палеозойдың пермь дәуіріне дейін жиналған тау жыныстарымен байланысты.
Бүгінгі таңда саналы тіршілік иелерін ғаламдық деңгейде алаңдататын өзекті жайттың бірі - қоршаған ортаны қорғау мәселесі. адамдардың салғырттығы мен бейқамдығынан бастау алған экологиялық күрделі ахуалды табиғи қалпына қайыра түсіру осы саладағы ғалымдар мен мамандары соңғы жылдары терең толғандырып келеді. Өндірістің дамуы мен өнеркəсіп орындарының ұлғаюы, техниканы пайдаланушылар санының өсуі секілді өркениет үрдісімен үндес шаруалар екінші жағынан табиғатты тамылжыған күйде қалдыруға кері əсерін тигізуде.
Өзіміздің мысты өлкеде осындай ойды онға, сананы санға бөлетін салмақты əрі түйінді шаруаларды оңтайлы шешуде жүзеге асырылып жатқан шаралардың бар екені де күмәнсіз. Жезқазған қаласының жер ауданы бүгінгі күнге 859872 гектарды құрайды, оның 683775 гектары қаладан тысқары аумақ. Жалпы жер көлемі ауылшаруашылығына арналғаны - 831701 гектар, өнеркəсіп, көлік және байланыс құрылымдарына қатыстысы - 14513 гектар, су қоры 8644 гектар болып бөлінеді. Тіршіліктің тәні - Табиғат - Ананың тамылжыған тамаша қалпын сақтауға барша адамзат жан-тәнімен ықыласты екендігі күмəнсіз. Алайда, өндірістің өркендеуі, одан туындайтын экологиялық қиындықтар, басқа да себептер мен салдарлар қоршаған ортаның кескін - келбетіне елеулі зиянын тигізіп келеді.
Экологиялық апат мәселесі қазір бар əлемді толғандырып отыр. Балқаш тағдыры алаңдатқалы да жылыстап жылдар ауысты. 2000 жылы Алматыда өткен үлкен форум да, одан кейін Балқашта өткен Парламент мәжілісінің бір топ депутаттары мен табиғат қорғау мамандарынан құралған көшпелі мəжіліс те, жалпы қаладағы табиғат жанашырларының бірлестік ұйымдары да бұл мəселені жан - жақты терең талқылап, саралап келеді. Уақыт алмасқан сайын адам қолымен “екінші табиғат”(өндірістік өркениет деген мағынада) жасалып, алға қарыштап қадам басқан сайын жаңа қиындықтар мен шешімі түйткілді мәселелер көбейе береді.
Балқаш көлі – ғаламшардағы ең көне көлдердің бірі. Жаратылысы бөлек, жұмбағы мол. Батыс бөлігі ерекше тұщы сулы болса, шығыстағы айдыны айрықша ащы болып келеді. Балқаштың тағдыры – жарты ғаламның тағдыры деп айтуға болады. Көл тіршілігі оның картада көрсетілген көк сызықты кемерімен шектелмейді. Оған əсер ететін фактор көп. Балқаштың тағдыры - Алатаудың басынан, Қытайдың далсынан басталады. Себебі көл қанасына су жинайтын алабы сонау Іленің арнасына құйылатын бастау бұлақтардан, Алатаудың мұзарт шыңдарынан, Арқаның апайтөс даласынан құралады.
Осыдан бірнеше жыл бұрын көлге қаладағы өндіріс орындарынан 10 жерден лас су құйылатын - комбинаттың қалдық сақтау орнынан, жылу орталығынан, түсті металл өңдеу зауытынан, сауықтыру орындарынан және т. б. Сол тұста жаға - жайдағы суды тексеру үшін жаздыкүндері көлге резина етік кимей жақындай алмайтын. Жағалаулар май, мазут. т. б. сіңіп. əбден ластанған. 1995 жылдан бері комбинат көлге пайдаланылған лас суларын ағызуды тоқтатты. Балқаштың балығы да азайып барады. Жауапсыздық пен салғырттықтың өкінішті орнын толтыру қиын - ақ. Бір кезде маусымына 40 - 50 мың тонна балық аулаған балықшылар соңғы жылдары ондай көрсеткіштерге қол жеткізе алмай келеді.
Республикамыздың басқа облыстары Қарағанды облысындағыдай техногенді ауыртпалықты бастан кешіріп отырған жоқ. Мұнда Сарышаған ракеталық полигоны, Семей ядролық полигоны жəне «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшатын ракета тасығыштардан бөлініп түсетін бөліктердің құлау ауданы- бəрі бар.
Облыста радиациялық қауіпсіздік мақсатымен кəсіпорындарда өңделген ионды сəуле көздері бар жерлерде қалдықтарды көму проблемасы басты орында.
Экологиялық қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде тұрақты дамудың міндетті шарты болып табылады. Мұнымен бірге табиғи экожүйені сақтау мен жаңғыртудың негізі екені анық. Мемлекет басшысының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында, экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы мен табиғат ресурстарын қорғауға бағытталған басқадай бағдарламалар аясында өткен жылы біздің басқарма экологиялық жағдайды жақсарту, қоршаған ортаны сауықтыру және сақтау жұмыстарын атқарды.«Жасыл ел» бағдарламасы аясында өткен жылы мемлекеттік орман қорында 76 гектарға ағаш отырғызылып, 1178 гектар аймақта оларға күтім жасалды. Бұрынғы жылғы орман ағаштарына 12 гектар жерге қосымша ағаш отырғызылды. Облыстың қалалары мен елді мекендеріне 87 мың ағаш отырғызылып, 2007 жылы көгалдандыру мен абаттандыруға бөлінген бюджеттік қаржының мөлшері 2006 жылмен салыстырғанда 4 есеге жуық артты. 2008 жылдың көктемінде ағаш отырғызу үшін 100 гектар жер әзірленді. Орман питомнигінде 46 мың дана ағаш көшеттері әзірленді. Сонымен қоса 180 кило ағаш тұқымы әзірленіп, 0,8 гектар егу бөлімі жасалды.Қазіргі заманғы өртке қарсы сауықтыру шараларын дер кезінде жүргізу нәтижесінде есепті кезеңде орман өрттерінің саны бұрнағы жылмен салыстырғанда 49-ға қысқарып, барлығы 8 орман өрті болды. Жасалған жоспарға сәйкес 4150 шақырым жерге минералданған алаңдарды күтудің шаралары жасалды. Мемлекеттік орман қорғау қызметкерлері өрттің алдын алу және басқадай табиғат қорғау заңдарын сақтауға байланысты 308 рейд жасап, соның барысында 10 тәртіп бұзу анықталып, 58,2 мың теңгеге айыппұл салынды. Өрт қауіпсіздігі ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұлдың мөлшері 43,7 мың теңге болды.Үкімет белгілеген нормаларға сәйкес қарамағымыздағы 6 ведомстволық мемлекеттік мекемелердің материалдық – техникалық жабдықталуы кезең-кезеңмен жалғасын тапты. Соған орай өрт сөндіретін және патрульдік машиналар, өрт сөндіретін құралдар алынды. Осы мақсатқа 2008 жылы тағы 30 млн. теңге қарастырылған. Барлық шаруашылықтарда радио байланыс құралдары бар. «2005-2007 жылдардағы Қарағанды облысының аймақтық экологиялық бағдарламасы» орындалды. Оны орындауға облыстық бюджеттен 807,7 млн. теңге, соның ішінде 2007 жылы 351,7 млн. теңге бөлінді.Өткен жылы бағдарлама аясында Қарағанды – «Сарыарқа» әуежайы автожолының бойында ірі мөлшерде қайыңдар отырғызу және «Үлкен Қарқаралы» өзенін тазалау жұмыстары аяқталды. Жаңаарқа ауданындағы Атасу поселкесінің, Нұра ауданындағы Киевка поселкесінің, Ұлытау ауданындағы Жезді поселкесінің су тазалау қондырғыларын реконструкциялауды қалпына келтіру, Теміртаудың суағар канализацияларын, Балқаш қаласындағы Спицын көшесінде дренаждық жүйені жөндеу жұмыстары аяқталды. Қарағанды қаласының жасыл аймақтарын санитарлық тазалау, қолдан жасалған қоқыс күлтөбелерін, тұрмыстық қалдықтарды тазалау істері атқарылды. Тұрғындардың экологиялық білім деңгейін көтеру мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес ұйымдардың 6 жобасы жүзеге асырылды.Суды қорғау аймағын белгілеу және оларды шаруашылыққа пайдалану жөнінде Сарысу, Соқыр өзендері мен Самарқанд және Федоров су қоймаларында жобалау-сметалық құжаттар жасалды. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 7 млн. 749 мың теңге бөлінді. Жобалар оң экологиялық қорытынды алып, мемлекеттік құрылыс сараптауынан өтті. Үстіміздегі жылы Нұра, Шерубай-Нұра, Сарысу, Соқыр өзендері мен Самарқанд, Федоров су қоймаларында су қорғау аймақтары белгіленеді. Сондай-ақ мұндай жобалар Қарағанды облысының шекарасында Балқаш көлінің солтүстік бөлігінде, Тоқырау, Қарағанды, Есіл өзендерінде жасалатын болады. Осы мақсатқа 105,643 млн. теңге жұмсалады.Қарағанды қаласы, Осакаров поселкесі, Шет ауданындағы Ақжал поселкесінде қар суы мен жер асты суларынан инженерлік қорғаудың техника-экономикалық негіздеуі жасалып, Осакаров ауданындағы Үлкен Құндызды өзенінде Комсомол су қоймасын реконструкциялау жобасы жасалды.Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жасаған «2008-2010 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғаудың салалық бағдарламасын» орындау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасын орындау үшін біздің облыстан жалпы сомасы 4,8 млрд. Теңге болатын 4 инвестициялық жоба енді. Бұлар Балқаш қаласының тазалау қондырғыларының құрылысы, Приозерск қаласындағы тазалау қондырғыларын реконструкциялау, Қарағанды қаласын қар суы мен жер асты суларынан инженерлік қорғау, Соқыр өзеніндегі Федоров су қоймасын реконструкциялау. Бұларды жүзеге асыру өткен жылы басталды.Мемлекет басшысының Жолдауын іске асырудың жалпыұлттық жоспар шараларын және 2006-2008 жылдардағы Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру жоспарына сәйкес қоршаған ортаны қорғау және Қарағанды облысының су объектілерін тиімді пайдалану мен қорғаудың 2008-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы бекітілді. Қалалар мен аудандар әкімдіктерінің және мүдделі мемлекеттік, үкіметтік емес органдардың ұсыныстары бойынша бюджеттік тапсырыс негізінде аталмыш мерзімде атқарылатын шаралардың тізімі жасалды. Қаржыландыру көздері республикалық және жергілікті бюджеттердің, бюджеттен тыс көздердің қаржылары болады. Осы бағдарламаларда көрсетілген шараларды толық орындау елді мекендердің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсартып, су объектілерін ластанудан сақтап, су қорғау аймақтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Бұзылған жерлерді рекультивациялау, елді мекендерді көгалдандыру қоршаған ортаға техногендік салмақты төмендетуге ықпал етеді. Тазалау қондырғыларын және канализациялық жүйелерді салу қалалар мен елді мекендердің экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсартады.Қоршаған ортаны қорғау, аймақтағы экологиялық жағдайды жақсарту, қорғау және табиғат ресурстарын қалпына келтіруде қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін 2008 жылы мынадай басым бағыттар белгіленіп отыр:
Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Бау-бақшада өскен жеміс-жидектердің иісі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады. Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонар.
Әдебиеттер:
Аманбаев Қ. Арманға толы 65 асу: Қарағанды қаласына-65 жыл //Азия Транзит.- 1999.- 19-25 там.(N33).- 5 б.
Аманбаев Қ. Жаныма жақын қала бұл: Қарағандыға-65 жыл // Орт.Қазақстан.- 1999.- 28 тамыз
Әзиев Ә. Әкелер өнегесі: /Қарағанды 30-шы жылдар// Орт.Қазақстан.- 1983.- 14 мамыр
Әубәкіров Ж. Қала осылай өскен: /Қарағанды қаласының тарихынан// Орт.Қазақстан.- 1994.- 16 маусым
Байдалы С.Өлке өмiрiн - өз көзiмiзбен.-Қарағанды: Болашақ, 1998.- 192 бет.-(қазақ, орыс тiлiнде)
Балташұлы Е. Қазыналы құтты өлке: Қарағанды облысына - 70 жыл // Орт.Қазақстан.- 2002.- 9 қаңтар