Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2015 в 22:05, реферат
Каспий - жер шарындағы басқа мұхиттармен, теңіздермен тікелей де, не бұғаз каналдармен тікелей байланысы жоқ, тұйық су көзі. Бұл тұрғыдан оны көл қатарына жатқызады. Ал,көлеміне,даму тарихына,физикалық-географиялық даму сатыларының сипатына қарағанда теңіз қатарына жатады.
I тарау. Қазақстанда қалыптасқан экологиялық апат аймақтары.
Каспий
Арал теңізі
Балқаш
Әскери полигондар.
II тарау. Апатты аймақтардың қоршаған ортаға, шаруашылыққа тигізетін зардаптары әсері.
2.2 Байқоңыр ғарыш айлағы
2.3 Қала экологиясы
2.2 Байқоңыр ғарыш айлағы қазақ жерінде ең үлкен және өте күрделі инженерлік құрылыс. Мұндай инженерлік кешенді адамзат баласы бұрын-соңды жасаған емес. Бұл ғажап құрылыста космос корабльдерін, космос станцияларын, зымырандарды, зымыран тасымалдаушыларды сынау, космос кеңістігін зерттеу үшін кең көлемде ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Байқоңыр ғарыш айлағындай құрылыс жер шарында жоқ. Сондықтан Байқоңыр ғарыш айлағы дүниежүзі халықтарының назарын аударып, алаңдатып отыр. Ол тек космос корабльдері мен зымырандарды космос кеңістігіне ұшырау мақсатына жасалған емес. Сонымен қатар, әскери қару-жарақтардың жаңа түрлерін сынау мақсатында көздейді. Байқоңыр ғарыш айлағы әскери ғылыми-техникалық орталық болып есептеледі.
Айлақ 1957 жылы Байқоңыр қаласында салынған. Бұл қалада қазіргі кезде 60 мың халық тұрады. Космодромда 9 зымыран ұшыру кешені, 15 зымыран ұшыратын қондырғылар бар.Байқоңыр ғарыш айлағы Қазақстанның оңтүстік-батысында, яғни Қызылорда облысының территориясында орналасқан. Бұл аймақтың ауа-райы өте құбылмалы келеді. Қысы суық, жаз айлары ыстық, жауын-шашын 90-150 мм-дей аз жауады. Сол себептен ауа-райы ылғалсыз болып келеді де, құрғақшылық жиі –жиі болып тұрады. Жер бедері жазық, тау-тастар жоқ. Тек қана құм белестері мен көшпелі құмдар көп кездеседі. Өсімдік әлемі онша көп емес. Орман-тоғай бұл аймақта көп өспейді. Байқоңыр космодромының көлемі 6717 шаршы шақырым. Ғарыш айлағын салуға байланысты 20000 га жер шаруашылық айналымынан шығып қалған. Ол жерлер егін егуге, не бау-бақша өсіруге, не мал жаюға жарамды. Мұнда бұрынғы кезде малдар қысы – жазы өз аяғымен жайылып жата беретін еді. Зымырандардың қатты дыбысы малдардың, адамдардың зәресін алады.Бұл аймақта ерсілі-қарсылы соққан жел көп болады. Кейбір күндері күшті дауыл тұрып, жердің үстіңгі қабатындағы топырақтарды ұшырып әкетіп, қара боран туғызады. Осындай қара боранды күндері бір жылдың ішінде 20-25 күн болады. Қандай да болмасын, ұшырылған зымыран тасымалдаушылар апатқа ұшырауы табиғи құбылыс. Неге десеңіз, техниканың аты техника, ешкімде апат болмайды деп кепілдік бере алмайды. Космос корабльдерін жасағанда, оларды космодромда ұшуға дайындағанда, бірнеше қателер кетуі мүмкін. Зымырандар жер бетінен 40-50 шақырым биіктікке көтерілгенде, бірнеше себептерге байланысты кенеттен апатқа ұшырап отыратын жайттар болады. Зымырандар апатқа ұшыраған кезде, олардың бактеріндегі улы отындардың жарым жартысы әуеде жанып кетеді де, ал қалған аз мөлшері жерге түседі. Олар табиғи ортаны ластауы мүмкін.Байқоңыр ғарыш айлағы 1991 жылы Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 жылы Ресей Федерациясына 20 жылға берілді.
2.3 Қала экологиясы. Ірі қалаларда халықтың санының еселеп артуы тұрмыстық-коммуналдық құрылыстар мен өнеркәсіп, зауыт, фабрикалардың салыну қажеттілігін тудырады. Осыған байланысты мұндай қалаларда техникалық және ақаба сулар көптеп жиналуда. Қазақстанда жыл сайын шығарылатын ақаба судың мөлшері 6 млрд3 деп есептеледі. Қазіргі кезде тұрмыстық ақаба суларды залалсыздандыру үлкен мәселе болып отыр. Осындай қаланың бірі – оңтүстік астана Алматы қаласы.
Алматы қаласының халқы жыл сайын артып, білім, ғылым және мәдениет ошағына айналуда. Осы уақытқа дейін Алматы қаласының пайдаланған тұрмыстық-коммуналдық суы 70 км жердегі Жаманқұм және Сорбұлақ бөгетіне жинақталып, ірі жасанды көлдерге айналған болатын.
Қалыпты экологиялық жағдай 1986 жылы бұзылды. Жылдар бойы жинақталған ақаба су Жаманқұм жағалауын бұзып жарып, Қапшағай су қоймасына қарай ақты. Бұл апатты жағдай көптеген мал басы мен құрылыстарды қиратып, шығынға ұшыратты. Қапшағай су қоймасы ластанып, демалыс орындары уақытша қызметін тоқтатқан болатын. Жаманқұм су жинақтау орнының жойылуы Сорбұлаққа үлкен салмақ түсірді. Қазір Сорбұлақ суы шамадан тыс көбейіп, қауіпті деңгейге жетті.
Информация о работе Апатты аймақтардың қоршаған ортаға, шаруашылыққа тигізетін зардаптары әсері