Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2013 в 20:42, реферат
«Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» – демекші өткен ғасырда ғылыми техникалық прогресстің арқасында адамзат біраз табыстарға қол жетті. Табиғаттан алатынынымыз көп, беретініміз аз болды. Қазіргі мемлекеттерде энергия тапшылығы байқалуда. Бұрыннан пайдаланып келе жатқан көмір, мұнай, табиғи газ сынды энергия көздерінің сарқылуы немесе қорының азаюы, қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерінің күн санап артуы адамдарды бей-жәй қалдырмады. Бүкіл әлем Энергия тапшылығынан құтылып, қоршаған ортаны ластамайтын альтернативті энергия көздеріне қол жеткізуге кірісе бастады.
Альтернативті
энергия
көздері
Б е к е н С а я
БОПӘ 2-курс
1-топ
«Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» –
демекші өткен ғасырда ғылыми техникалық прогресстің арқасында адамзат біраз табыстарға қол жетті. Табиғаттан алатынынымыз көп, беретініміз аз болды. Қазіргі мемлекеттерде энергия тапшылығы байқалуда. Бұрыннан пайдаланып келе жатқан көмір, мұнай, табиғи газ сынды энергия көздерінің сарқылуы немесе қорының азаюы, қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерінің күн санап артуы адамдарды бей-жәй қалдырмады. Бүкіл әлем Энергия тапшылығынан құтылып, қоршаған ортаны ластамайтын альтернативті энергия көздеріне қол жеткізуге кірісе бастады.
Елімізде күн сәулесі болашақтың сарқылмас энергиясы бола алады. Мысалы күн энергиясын пайдалануға толық мүмкіндігіміз бар. Оңтүстік облыстарда бір жылдың ішінде 180-250 рет күн ашық болып, орташа температура 370С құрайды. Бұл дегеніңіз біз үшін, ең тұрақты, ең арзан, таусылмайтын энергия
көзі күн сәулесінің энергиясы болмақ деген сөз. Күн сәулелерін шоғырландырып, оларды кремний батериясына бағыттау жарық сәулесін өзгертіп, электр энергиясына айналдырады
Күн энергиясын пайдалануға болады :
Халық шаруашылығы
Металлургия
Ауылшаруашылық
Энергетика
С
А
Л
А
Л
А
Р
ы
Күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғыны фотоэлектрлік немесе фотовольталық, ал күн энергиясын жылулық энергияға айналдыратын аспапты – термиялық деп атайды. Бұл аспаптарды гелиожүйе-лер деп атайды. Экономикалық құндылығын бағаласақ, күн қондырғылары эксплуатациялық шығынға ұшыратпайды, оны жөндеу және қалпына келтіру үшін қор жұмсалмайды, ұзақ мерзімде жұмыс істей береді.
Күн сәулесі - салқылмас болашақтың энергиясы. Күн энергиясын пайдалануға бізде қолайлы жағдай бар. Қазақстанда күн энергиясын, қайтарымды қуат көздерін дамытуға толықтай негіз бар. Жағрафиялық, күн сәулесінің түсу мерзімі мен ұзақтығы жағынан да мүмкіндіктер жеткілікті.
Әсіресе еліміздің оңтүстік аймағына энергияныңи осы балама көзін пайдаланған әлдеқайда ұтымды болар еді. Сарқылмайтын энергия көздері бойынша Қазақстан жан басына шаққанда алдыңғы қатарда. Оңтүстік және оңтүстік шығыс тау өзендерінде жалпы қуаты қазіргі жылу электр станцияларына тең келетін шағын су электр станцияларын салуға болады
Әтүрлі авторлардың бағалауынша жер бетіндегі жел энергиясының потенциалы 1200ВТ дейін жетеді, бірақ рсы потенциалды қолдануға жер бетінің әр төңірегінде біркелкі емес. Вертикаль қимадан өтетін жел қозғалысының қуаты, энергияны түрлендіруге жеткілікті болу үшін 20-30 м биіктікте желдің жылдық орташа жылдамдығы көп болуы керек. Жел қозғалысының орташа жылдық меншікті қуаты 500 Мт/м2-тың 175-ін ғана электр энергиясына түрлендіреді.
Жел қозғалсының энергиясын пайдалы қолдану коэфициенті (ПҚК), теориялық есептеулер бойынша 59,3 пайызд құрайды. Практикада жел знергиясның ең үлкен ПҚК-і реалды жел агрегатына жуықтап алғанда 50 пайызға жақын болады. Бірақ бұл тек қана проектіде қарасытрлған желдің
Оптималды жылд,да ғана .Жел қозғалысынң энергиясының бір бөлігі механикалық энергия электр энергиясына түрленген кезде жоғалады. Оның ПӘК-і 75-95 пайыз.
Жел энергиясының
қоры бүкіл планета өзендер гидорэнергиясынан
100 есе асып түседі.
Жел энергетикасын дайындауда Балқаштың климаттық жағдайы қолайлы болып табылады. Балқаш өніріңде Сарыарқаның аңызық желі үздіксіз соғып тұрады. Осы себепті көлде үнемі күшті толқын болады. Барлық жел двигателінің жұмыс істеу принципі біреу–ақ, онда желдің әсерінен қозғалатын жел доңғалағының қалақшаларының қозғалысы электр энергиясын өндіретін генераторының айналып тұратын бөлігіне беріледі.
Ерекшеліктері :
СЭС электр
эенергиясының өзіндік құны басқа
электр станция түрлеріне қарағанда
СЭС генераторларын қажеттілікке сай жылдам өшіріп қосуға болады
Жаңартылатын энергия көзі болып табылады
Қоршаған ауаға әсері басқа электр станцияларына қарағанда анағұрлым аз
СЭС құрылысы капиталды көбірек қажетсінеді
Тиімді СЭС-тер тұтынушылардан жиі алыс орналасады
Су энергетикасы – энергетиканың су қорларының қуатын пайдаланумен айналысатын саласы. Алғашқы су энергиясы диірмендердің, станоктардың, балғалардың, ауа үрлегіштердің, т.б. жұмыс машиналарының жетектерінде пайдаланылды. Гидравликалық турбина, электр машинасы жасалып, электр энергиясын едәуір қашықтыққа жеткізу тәсілі табылғаннан кейін, сондай-ақ су энергиясын су электр стансаларында (СЭС) электр энергиясына түрлендіру жолының жетілдірілуіне байланысты су энергетикасы электр энергетикасының бір бағыты ретінде дамыды.
СЭС су ағымының әлеуетті энергиясын электр энергиясына айналдыруға қолданылады. СЭС көбінесе өзен бойында тоған және су қоймаларын құра отырып салынады.Сондай-ақ су ағымының кинетикалық энергиясын еркін ағымдық СЭС –терде қолдануға болады.
СЭС – жылу электр стансаларына қарағанда жылдам реттелетін, икемді энергетикалық қондырғы. Олардың жиілікті реттеуде, қосымша жүктемелерді атқаруда және энергетикалық жүйенің апаттық қорын қамтамасыз етуде тиімділігі жоғары. Қазақстандағы су энергетикасы құрылысы 1928 жылы Лениногорск қаласының маңында, Громатуха өзенінде Жоғарғы Хариуз СЭС-і іске қосылғаннан басталды.
Қазақстан өзендерінің су энергетикалық жылдық қорлары 162,9 млрд. кВт сағ. болып бағаланады. Соның ішінде техникалық тұрғыдан пайдалануға болатыны 62 млрд. кВт сағ. Оңтүстік-шығыс Қазақстанның су энергетикасы қорлары негізінен Іле өзені және Балқаш көлі мен Алакөлдің шығыс бөлігі алаптарында орналасқан. Оңтүстік Қазақстан аумағындағыСырдария, Талас , Шу, т.б. өзендерінің қосынды энергетикалық потенциалы 23,2 млрд. кВт сағатқа тең. Солтүстік және Орталық Қазақстанда су энергетикасы қорларының негізгі үлесі Есіл өзенінде, Торғай үстіртіндегі өзендер тобында және Теңіз бен Қарасор көлдері алабында шоғырланған. Олардың үлесіне республикадағы су энергетикалық қордың шамамен 3 млрд. кВт сағаты тиеді (1,7%). Батыс Қазақтан аумағындағыЖайық , Жем (Ембі), т.б. өзендердің су энергетикалық потенциалдары 2,8 млрд. кВт сағ. деп бағаланады. Қазіргі кезде Қазақстан СЭС-терінің қуаты 2270 МВт-қа тең. Оларда жылына 8,32 млрд. кВт сағ. электр энергиясы өндіріледі.
НАЗАР
АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ !