Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2015 в 15:00, курсовая работа
Үшінші мыңжылдықтың басы ғылым мен технологияның геометриялық прогрессияға негізделіп дамудың жолында. Сонымен бірге адам қызметінің ең ірі саласы ретінде өнеркәсіп саласы да қарқынды алға басып келеді.Әрине мұндай түрдегі тенденция бүкіл әлемге жайылып дамушы елдердің көбінде таралған. Қазақстан Республикасы бүкіл әлем бойынша ең қуатты өнеркәсіп- тік әлеуеті бар мемлекеттердің бірі болып табылады.
Полигондардың қуаттылығы бір жыл ішінде қабылданған улы қалдықтар мөлшерімен (мың.т.) айқындалады. Қалдықтардың мөлшері олардың көмілетін контейнерлердің массасымен қоса алынады.
Өнеркәсіптік мышьяк қалдықтарды көмуге арналған полигондарды ұйымдастырғанда мынаған назар аудару керек:
Мышьяк қосылған өнеркәсіптік қалдықтарын көму учаскелерінің территориясы арнайы жабдықталған картамен белгіленеді, онда улы өнеркәсіптік қалдықтар класс бойнша жіктеледі және қосымша ғимарттар мен үймереттер қарастырылады.
Қазіргі жаңа заман талабына сәйкес, өндіріс қалдықтарын көму келесі жеке инженерлік ғимарттармен жабдықталуы керек, олар:
Өнеркәсіптік мышьяк қалдықтарды көму учаскесінің негізгі конструкциялық элементі болып:
- герметик қаптама;
- қорғаныс қабат қаптамасы;
- полимерді пленкалы материалдар(полиэтилен);
- асфальтбетон жабындылары;
- топырақты бентонитпен күшейту жатады. [6]
3. Мышьякпен улануды емдеу және алдын алу.
Құрамында мышьяк бар шаң тәрізді қосылыстармен жұмыс істеген кезде респираторларды, қорғаныс көзілдіріктерін, резеңкелі қолғаптар қолдану керек, сонымен бірге жұмыс атқарып біткен соң жуынып, арнайы киімді және жеке бас қорғау құралдарын тазалау керек. Мышьяк қосылыстарының улылығы оның химиялық, физикалық түрлеріне байланысты. Сіңірілген мышьяк мөлшері адамдардың шашында байқалуы мүмкін. Ауыз судағы 0,2 мглмышьяктың шоғырлануы терінің қауіпті ісігі дамуына 5 % әсер етеді. Мышьяк суда мышьяктың немесе мышьякты қышқылдардың тұздары түрінде кездеседі. Мышьякпен уланудың алдын алу үшін ерекше көңіл мышьякпен және мышьяк қосылыстарымен жұмыс істейтін жұмысшыларды мезгіл сайын диспансерлік қаралудан өткізу керек.
Медициналық қаралымды жылына 2 рет невропатологтың қатысуымен өткізу керек.
Ауырған адамды интоксикациядан мышьяк препараттарымен емдеу шараларының нәтижесі мыналарды қамтиды: шокты жою, өкпе қабынуын болдырмау, қан ағымын, аритмияны тоқтату және т.б. нәтижелерді қамтиды.
Ас қорыту жолдарынан мышьякты жоюдың оптимальды тәсілдерінің бірі болып ішекті шаю болып табылады.Сонымен бірге мышьяк тіс емдеу саласында да кеңінен қолданылады. Оны кариесі бар адамға уақытша залалсыздандырғыш ретінде қолданылады.
Мышьяк дәрігерлермен медицинада бұрыннан және табысты лейкемияны емдеуге қолданылады. Бірақ мышьякты ұзақ уақыт пайдалану рак ауруларының басқа да формаларын қоздырушы болады. Сонымен бірге жұмыс атқарып біткен соң жуынып, арнайы киімді және жеке бас қорғау құралдарын тазалау керек. Мышьяктың механизмін одан ары зерттеу оның рак ауруларын емдеудің жаңа тәсілдерін ашуға жол береді. [8]
Қорытынды.
Қазіргі заманғы ғылыми техникалық прогресспен қатар өнеркәсіп саласы да қарқынды дамып келеді. Соның ішінде тау-кен металлургия саласы өнеркәсіп саласында алғашқы қатарда көрінеді. Жыл сайын бүкіл әлемде металлургия саласында жаңалықтар, инновациялар ашылып жатыр. Сонымен қатар металлургия саласының дамуы салдарынан қоршаған ортаға орны толмас залал келуде. Әлемдік ғалымдар бұл мәселені шешу үшін жаңа тәсілдерді қолданғанмен қоршаған ортаны толығымен қорғау мүмкін емес.
Елімізде металлургия саласының даму деңгейі жоғары болып тұр. Соның ішінде Шығыс Қазақстан облысы ерекше орын алады. Бұл облыс Қазақстан өнеркәсібінің “жүрегі” деуге де болады. Осында қорғасын, мырыш, күміс, алтын, мыс, титан, тантал, магний, кадмий, теллур және т.б. металлдарды өндіру және өңдеу Өскемен, Риддер, Зырян, Шемонайха, Глубокий, Белоусовка және т.б. өнеркәсіп орталықтарымен тау-кен өндіру және қайта өңдеу түсті металлургиясының дамуына мүмкіндігін берді. Сондай-ақ, облыста ірі машинажасау зауыттар, жеңіл, орман, қайта өңдеу, ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсібі иен құрылыс индустриясының кәсіпорындары жинақталған.
Шығыс Қазақстанда кәсіпорындар көп шоғырланғандықтан олардан шығатын қалдықтар да көп мөлшерде болады. Зауыттардан шығатын қалдықтар қоршаған ортаға және адамға қауіпті болып келеді. Қауіпті заттардың ішінде 2-ші класс қалдықтарына жататын мышьяк және оның қосындылары қауіп төндіреді.
Аталған жобаның негізгі міндеті мышьяк қосылған қалдықтарды залалсыздандыру және көму шараларын ұйымдастыру болып табылады. Бұл жобада мышьякты залалсыздандыру үшін тиімді шаралар ұсынылып отыр.
Жоба негізіне “Қазмырыш” ЖШС және оның Риддер, Зырян қалаларындағы филиалдары алынған. Жобада осы кәсіпорындардың атқарушы тұлғаларымен болған сұхбаттасу да енгізілген.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Ж.Ақбасова., Г.Ә. Саинова. Экология. Алматы 2003.- 58-164б.
2. Ә. Бейсенова, А. Саманова Экология және табиғатты тиімді пайдалану.
3.http://dissland.com/catalog/
4. http://kaz.gazeta.kz/art.asp?
5.http://www.rae.ru/use/?
6.http://www.markmet.ru/kniga-
7. kk.wikipedia.or g/wiki/мышьяк
8. http://www.metadoc.ru/m-/