Айнакулова дана

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 08:46, доклад

Краткое описание

"Бұл қала - арман қала, жап-жасыл орман қала" - деп әнге қосқан, апортымен әлемге әйгілі оңтүстік астанамыз бұл күндері лас ауасыменде танымал бола бастағандай. Тіптен осы лас ауа қаламыздың брендіне айналды десек артық айтқандық емес.

Әрине, бұған көп қөп үлес қосып жатқан қаламыздағы арлы-бері ағылған жарты милионға жуық көлік екені кім-кімгеде түсінікті.

Прикрепленные файлы: 1 файл

для доклада.docx

— 16.23 Кб (Скачать документ)

"Бұл қала - арман қала, жап-жасыл орман қала" - деп  әнге қосқан, апортымен әлемге  әйгілі оңтүстік астанамыз бұл күндері лас ауасыменде танымал бола бастағандай. Тіптен осы лас ауа қаламыздың брендіне айналды десек артық айтқандық емес.

 

Әрине, бұған көп қөп үлес қосып жатқан қаламыздағы арлы-бері ағылған жарты милионға жуық көлік екені кім-кімгеде түсінікті.

 

Алматы қаласы орналасқан тау беткейінің климат жағдайларының  өте қолайлы екендігіне қарамастан қала атмосферасының өздігінен тазару қасиеті төменгі дәрежеде, бұнымен  қатар атмосфераны ластаушы стационарлы, қозғалмалы көздердің артуына байланысты қала атмосферасының ластану деңгейі халықтың денсаулығына кері әсерін тигізіп отырғаны аса маңызды экологиялық проблемаға айналып отыр.

 

Қоршаған орта ауасының тазалығы бойынша үнемі мониторинг жүргізу  арқылы, антропогенді әсерден болатын  ластаушылардың күйін, мөлшерін, шығу көздерін білуге болады.

 

Алматы қаласы 2011 жылғы  Казгидрометтің бақылау нәтижелерінің  қорытындысы бойынша, Қазақстан  қалаларының ішіндегі ауа ластануының  жоғары деңгейін көрсетіп, бірінші орынға шыққан. Бүгінгі күнде Алматы дүниежүзіндегі 25 ластанған қаланың тізіміне еніп отыр.

 

Қаламыздың Қазақстандағы  ең лас қала аталуының басты өзекті көзі - автокөліктер, қалалық жол  полициясының деректері бойынша, дәл  қазір 540 мыңнан астам көлік құралдары тіркелген. Бұлардың қатары жылына 40 мыңға дейін көбейеді.

 

Сондай-ақ қалаға орта есеппен  күнделікті 200 мыңның шамасында автомобильдер  келіп -кетіп жатады. Ластағыш заттардың зиянды әсер ету сипаты алуан түрлі: Олар түрлі металдардың коррозиясын үдетіп, өсімдіктер үшін улы болып келеді, сонымен қатар ыс туындауының бір себебі болады, жаппай өкпе және басқа да ауруларға ұшыратады.

 

Ал әрбір мың автомобильден күніне ауаға 3000 кг көміртек оксидтері, т.с.с отынның толық емес жану өнімдері бөлінеді. Жыл сайын олар 280 млн тонна шамасында көміртек тотығын, 56 млн тонна көмірсутек, 28 млн тонна азот тотығын ауаға қосады. Бұл газдардың құрамында 200-ден астам өте күрделі заттар қосындылары (Pb, Hg, Cd, т.б. ауыр металдар, ішкі жану қозғалтқышының газдары - бензапирен, альдегидтер) бар.

 

Олардың ішінде зиянсыздары - азот, оттек, сутек, су булары, зияндылары - көміртек, азот тотығы, этилен, бензол, этан, метан, толуол, бенз(а)пирен, күйе, күкіртті түтін т.б. Бұл физикалық-химиялық қоспалар тыныс алу кезінде адам мен жануарларға аса зиянды. Ластаушылар автомобильді қыздырған кезде және аз жылдамдықпен жүрген кезде ауаға тез тарайды.

 

Машина  тоқтаған уақытта  көмірсутегі мен көміртек оксиді, ал жүргенде азот оксиді шығады. Дизельді моторлы машиналар құрамында CO, NO заттары бар болғандықтан бензинді пайдаланатын машиналарға қарағанда кемшілігі мол. Себебі, олар түтінді көп шығарады, адам денсаулығына зиянды әсері жоғары. Атмосфераға көліктен бөлінген газдардың құрамында 25-27% қорғасын болатыны анықталған және оның 40% диаметрі 5 мкм-ге дейін жетеді.

 

Ауада  ұзақ уақыт сақталып, онымен бірге адам ағзасына түсетіндігі  белгілі.    Автокөлік түтіні жасыл желекке зиянды әсер етуде - лас ауадан өсімдікте аурулар пайда болады. Жапырағы химиялық күйікке ұшырайды.

 

Атмосфералық ауаның ластануы автокөліктің техникалық жағдайына  тікелей байланысты. Қала магистральдары бойында жүргізілген тексерулер бойынша автокөліктің 80%-да түтіндерінде зиянды заттар нормативтен 3-4 есе жоғары болған.

Атмосфералық ауаның ластануы автокөліктің техникалық жағдайына  тікелей байланысты. Қала магистральдары бойында жүргізілген тексерулер бойынша автокөліктің 80%-да түтіндерінде зиянды заттар нормативтен 3-4 есе жоғары болған.

 

Автокөліктер ауаны көбінесе көшелер қиылысындағы бағдаршамдардың алдында және көше бойында бөгет болғанда басымырақ ластайды. Себебі, ондай жерлерде автокөлік көбірек шоғырланады және олардың моторы аз айналымда істеп тұрғанда ауаға улы газ көп бөлінеді.

 

2 миллион халқы бар  Алматы ауасы бұлайша ластанып  жатқанда, 20 миллион халқы бар  ірі қалалар қандай күй кешуде дейтіндерде табылады арамыздан. Жоқ, ластану көрсеткіші жағынан қаламыз  20 миллионнан астам тұрғыны бар Мехико, 17 миллиондай халық өмір сүретін Тегеран мен Шанхай, 10-15 миллионның аралығында халқы бар Нью-Йорк , Лос-Анжелес , Лондон , Ыстамбұл, Токио мен Мәскеу сияқты қалалардың алдында тұр. Олардың қасында аядай Алматының экологиясын жақсарта алмай жүргеніміз ұят.

 

Бірақ осы бағытта істеп  жатқан жұмыстарымызда шамалы. Әлемдегі ірі қалалардың тәжірибесін  өзімізге үлгі етуімізге болады. Мәселен, 90 - жылдардың ортасында Шанхайдың ортасынан ағып жатқан Сучжоу өзені "өлі" өзенге айналып, Шанхайлықтар  өзенді "Шанхайдың соры" деп атаған болатын.

 

Қалалықтар қоршаған ортаны күн сайын 10 мың тонналық қоқысқа  көмсе, 700-ге тарта өндірістік кәсіпорынның қалдықтарыы Шанхайдың экологиясын нашарлатып - ақ жіберген. Шанхайлықтар, Шанхайды әлемдегі ең таза қалалардың біріне айналдыруды мақсат етіп, дереу көгалдандыруға кіріскен.   Жасыл - желек қала аумағының 35 пайызын құраған. Демек, 17 миллион қала тұрғынының әрбіріне 9,2 шаршы метрлік көгалдандырылған лаңқай тиеді деген сөз.

 

Қаланың экологиялық ахуалын  жақсарту мақсатындағы шараларға бірнеше миллиард доллар бөлінген. Такси мен автобустарды жанар - жағармайдан газға көшірген. Қоршаған ортаға зиянын тигізген кәсіпорын болсын, адам болсын, оларға қала басшылығының үкімі ауыр, қомақты айып салады, тіптен қала көшесінде түкіруге тиым салған.

Міне, осы іс-шарадан соң Шанхай қытайдың ең таза қаласы деп танылып, Қытай үкіметі "Экологиялық - жасыл бақша"- деп тауып, арнайы марапаттаған. Міне, осыдан неге үлгі алмасқа? Үкімет тарапынан арнайы қолдау көрсетіліп, Экологиялық таза қалаларымызды дәріптеп, мадақтап отырса, әрине, қалаларымз экологиясын тазартуға ұмтылып, араларында бәсекелестік туатын еді.

 

Автокөліктердің шығаратын  улы газдармен күрес жүргізу  өте қиын. Себебі мына шараларды  да іске асыру қажет: ауыр жүк машиналардың қаланың ішімен жүруге тыйым салу, бір маршутпен жүретін бірнеше автобустардың шоғырлануына жол бермей, бензинмен жүретін көліктердің ауаға шығаратын газдарын ұстап қалатын бақылап-реттегіш қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ барлық жеңіл, жүк және қоғамдық автокөліктерді газға көшіру тиімді. Ол үшін қаланың іші мен сыртындағы жанармай құю бекеттерін жауып, олардың орнына газ құю бекеттерін орнату қажет.

 

Газды пайдалану өте тиімді, себебі одан ауа ластанбайды және оны қолдану өте арзанға түседі. Алматыда негізінен метро, троллейбус пен трамвайды кеңінен пайдаланған тиімді. Қалада салынып бітпей жатқан метро келешекте жұмыс істейтін болса, онда Алматыдағы көліктердің жұмыстары айтарлықтай жақсаратын болар еді.

 

Соңғы кезде, алматы шаһарында  кемтар баллардың дүниеге келуі. Тыныс алу, өкпе дерттерінің көбеюі ауаның ластануынан болып отыр. Сондықтан барлығын қазірден бастап қолға алмасақ ертең кеш болады. "Таза - ауа жанға дауа". Ендеше, туған қаламыз тек қана экологиялық таза тұғырдан көрінсін десек бәріміз бірге ат салысайық!

 

Ауыр металдар – қоршаған ортаға көп мөлшерде түскенде организмдерді уландыратын металдар. Бұл терминмен соңғы жылдары тек қана мынадай элементтер: қорғасын, мырыш, кадмий, сынап, молибден, марганец, никель, қалайы, кобальт, титан, мыс, ванадий аталады. Бұл элементтер қоршаған ортаға түскенде экожүйелердің өздігінен тазалану процесімен ыдырамайды. Олар топырақта жинақталып, өсімдіктерге өтіп, әрі қарай биологиялық айналымға түсіп отырады. Ауыр металдардың жартылай ыдырау мерзімі ұзақ, мысалы: қорғасындыкі 740 жылдан 5900 жылға дейін, кадмийдікі -13-110 жыл, мырыштыкі – 70-510 жыл, мыстыкі – 310-1500 жылдар аралығына дейін созылады.


Информация о работе Айнакулова дана