Тұлға саясаттың объектісі және субъектісі ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2014 в 18:28, реферат

Краткое описание

Саясат объектісі көп түрлі саясат дүниесі болып табылады, бұған мемлекетті, саяси институттарды, билік нысандарын және олардың қоғамдық жүйедегі рөлін зерттеуді жатқызуға болады, бүл оның саяси қозғалыстардың, партиялардың, сайлау жүйелерінің маңызы мен рөлін талдау, сайлаушылардың саяси мінез-құлқының әртүрлі нысандарын және олардыңмотивациясын, бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін және олардың қоғамдық пікір қалыптастыруға тигізетін әсерін зерттеу.
Саясаттың субъектісі -деп өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат субъектісінің құрамы, іс-әрекеттерінің түрлері, тәсілдері, көздеген мақсат-мүдделері және т.б. қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Оған азаматтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, қоғамдық-саяси ұйымдар, мемлекет жатады.

Содержание

Кіріспе ………………………………………………………………......……1 бет
1. Тұлға әлеуметтік өмірдің субъектісі мен объектісі ретінде……......…2-4 бет
2. Негізгі бөлім.
2.1. Адам тұлғасын зерттеудегі тұлғалық қасиетті......................4-5 бет
2.2. Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен ролі ..............................6-7 бет
3.Қорытынды....................................................................................................8 бет
4.Пайдаланған әдебиеттер...............................................................................9 бет

Прикрепленные файлы: 1 файл

саясаттану реферат.docx

— 69.25 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы білім және  ғылым министірлігі

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалык университеті

 

                      

 

 Саясаттану  және құқық кафедрасы 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Тұлға саясаттың объектісі және субъектісі ретінде

 

 

 

 

 

 Тексеруші: Утеулиев С. Қ

Студент: Сенғалиева А.М.

Мамандық:  маркетинг

Топ: 141

 

 

 

 

 

Алматы 2014

Жоспар

 Кіріспе ………………………………………………………………......……1 бет 
1. Тұлға әлеуметтік өмірдің субъектісі мен объектісі ретінде……......…2-4 бет 
2. Негізгі бөлім.  
              2.1. Адам тұлғасын зерттеудегі тұлғалық қасиетті......................4-5 бет 
              2.2. Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен ролі ..............................6-7 бет 
3.Қорытынды....................................................................................................8 бет 
4.Пайдаланған әдебиеттер...............................................................................9 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Мақсаты:

Саясаттағы субъект және объект - саясат субъектілері - іс- әрекет жасаушы адам немесе әлеуметтік топ.

Міндеті:

Саясат объектісі көп түрлі саясат дүниесі болып табылады, бұған мемлекетті, саяси институттарды, билік нысандарын және олардың қоғамдық жүйедегі рөлін зерттеуді жатқызуға болады, бүл оның саяси қозғалыстардың, партиялардың, сайлау жүйелерінің маңызы мен рөлін талдау, сайлаушылардың саяси мінез-құлқының әртүрлі нысандарын және олардыңмотивациясын, бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін және олардың қоғамдық пікір қалыптастыруға тигізетін әсерін зерттеу.

Саясаттың субъектісі -деп өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат субъектісінің құрамы, іс-әрекеттерінің түрлері, тәсілдері, көздеген мақсат-мүдделері және т.б. қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Оған азаматтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, қоғамдық-саяси ұйымдар, мемлекет жатады.

Саясат субъектілері, олардың билік жүйесіндегі орны мен ролі. Тұлға – саясат субъектілерінің біріншісі (бастапқысы). Тұлғаның саяси субъектілігінің жағдайы. Адам құқығының концепциясы.

Әлеуметтік-таптық дифференциация және қазіргі қоғамның әлеуметтік стратификациясы. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік құрылымның даму тенденциясы мен саясаттың жаңа субъектілерінің қалыптасуы.

Әлеуметтік-этникалық бірлестіктер саясаттың субъектісі мен объектісі ретінде. Қазақстан Республикасындағы ұлттық-мемлекеттік жағдайының ерекшеліктері және ұлттық саясаттың негізгі бағыттары.

 

 

 

 

 

1

Тұлға саясаттың объектісі және субъектісі ретінде

 

Тұлға саяси субъект те, объект те бола алады. Адамдардың өз бойында мұндай қасиеттерді орнықтыруы үшін  қоғамның құрылымында да қажетті өзгерістер жүзеге асуы тиіс. Адамның өзін еркін сезінуі, бостандығы тікелей заң жүзінде бекітілген құқығымен қорғалады. Адамның бостандыққа деген құқы іс жүзінде адамның жеке меншік құқымен өлшенеді. Адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін жеке меншігі болмайынша, өзін емін-еркін сезіне алмайды. Қазір бізде меншікке деген көзқарастың өзгеруі, меншіктің түрлі формаларының өмір сүруіне еркіндік алуы азаматтық қоғамды қалыптастыруға қолайлы алғышарттар жасауда.

Биік парасатты адам қоғам алдындағы өзінің жауапкершілігін де жете түсінеді, соның нәтижесінде ол қоғам мүшелеріне міндетті деп танылған барлық талаптар мен міндеттерді бұлжытпай орындауға, қоғам, мемлекет алдындағы жауапкершіліктерін мүлтіксіз жүзеге асыруға, парыздарын өтеуге әрдайым бейім тұрады.

Әрбір адамда саяси, әлеуметтік, экономикалық құқықтары болады.

Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен жіктелуін оқып-білудің маңызы өте зор. Себебі, қоғам өзінің қандай әлеуметтік топтардан, ал олар қандай жай-күй, жағдайда тұратындығын білуі керек. Олардың іс-әрекеті барлық қоғам институттарының  қызмет ету сапасын, қоғам дамуының бағытын анықтайды. Қоғамның тұрпаты, саяси және мемлекеттік құрылымы оның қандай әлеуметтік топтардан тұратындығына, олардың қайсысы жетекшілік, қайсысы тәуелді жағдайда екендігіне  байланысты.

Қоғамның жіктелуі және оның саясатқа әсері

Адамның қоғамдағы орны көптеген әлеуметтік белгілерімен сипатталады. Оған ұлты, тұратын жері, қоғамдық өндіріске қатысуы, қоғамдық еңбек бөлінісіндегі орны, кәсібі, білімі, табыс мөлшері, саяси билікті іске асыруға қатынасы және т.б. жатады.

Осындай бір немесе бернеше әлеуметтік белгілерімен бірлескен адамдар жиынтығын әлеуметтік топ дейді. Мысалы, жұмысшы, шаруа, зиялылар, орыстар, немістер, студенттер, зейнеткерлер, ауыл адамдары, қала адамдары, ой еңбегімен шұғылданатындар және т.б.

Адам саяси процесте белгілі бір әлеуметтік топтың өкілі немесе мүшесі ретінде қатысады. Олар жалпы қоғамдық өмірдің, оның ішінде саяси процестің басты субъектісі болып табылады. Сондықтан қандай да болмасын саяси іс-қимылдың сыртында біреулердің топтық мүддесі тұрады.

Қоғам үнемі даму үстінде, соған байланысты кейбір әлеуметтік топтар құрып, жаңа топтар пайда болады.

Олардың барлығы саяси үрдіске не белсенді не енжар араласуы мүмкін. Әрине, мұның бәрі сол топтардың, қауымның мүдделеріне, талаптарына және мұқтаждықтарына байланысты.

Әлеуметтік топ ұғымы мүдделерінің, құндылықтары мен жүріс-тұрыс нормаларының

2

ортақтығы мен айырмашылықтарына орай ел халқының жіктелуін бейнелейді.

Әлеуметтік топ - бірігу дәрежесі әрқилы бірлестіктердің құрамын белгілейтін өте кең ұғым. Қазіргі қоғамдық ғылымдарда әлеуметтік топтар ретінде таптар, сословиелер, таптар және сословиелер ішіндегі бөлімшелер, этникалық, кәсіптік, жыныстық, жас ерекшеліктік, қоныстық, тұтынушылық, діни, біліми және басқа да топтар қарастырылады. Бұл жағдайда топтау, біріктіру белгілері қатаң емес, олар жеткілікті түрде дербес. Барлығы топтардың қандай мақсатпен жіктелетініне, қоғамдық өмірдің қандай ғылыми және саяси проблемаларының зерттелетіндігіне, әлеуметтік субъект кім бола алатынына, саяси практиканың қандай әлеуметтік және саяси мәселелерді алға шығаратындығына байланысты.

Әлеуметтік топтар теориясында топтардың үлкен, орташа және кіші болып бөлінуі методологиялық мәнге ие.

Үлкен әлеуметтік топтарға ел халқын қамтитын бірлестіктер кіреді, яғни олар: сословиелер, таптар, әлеуметтік жіктер, жыныстық, жас ерекшеліктік, этникалық, діни және т.б. топтар. Үлкен топтар елеулі саяси ықпалға ие болғандықтан әртүрлі әлеуметтік қозғалыстардың базалық негізі болуы мүмкін.

Орташа топтар өндірістік, территориялық бірлестіктер арқылы жасалынады, олардың арасында әртүрлі мүдделер мен саяси бәсекелестіктің болуы мүмкін.

Кіші топтарға ең бірінші мүдделерінің ортақтығы негізінде пайда болатын тұрақты немесе уақытша ассоциациялар жатады. Отбасы, кіші өндірістік бірлестіктер, қоғамдық өмірдің әртүрлі ұйымдары кіші топтардың түрлері. Кіші топтар үшін адамдардың тікелей байланыстары тән, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарды тұлғааралық, моральдық-психологиялық байланыс формалары реттейді.

Аталмыш барлық топтық бірлестіктер қандай дәрежеде болмасын қоғамның саяси өміріне қатысып, саясаттың субъектісі бола алады.

Осылардың арасынан үлкен әлеуметтік топтардың, әсіресе таптардың қызметі үлкен саяси ықпалға ие.

Сонымен, саясатта адамдардың үлкен бұқарасы әрекет етеді екен. Бұл бұқаралар, белгілі бір дәрежеде бір-бірлеріне қарсы тұрады. Сондықтан саяси мәдениеттің ең маңызды проблемасы – осы «қарсы тұруларды» өркениеттік шеңберге көшіру болып табылады.

Бұл мақсаттарға жету үшін бұқаралар ұйымдасып, саяси процеске саналы түрде қатысуы, яғни төл идеологиясы болуы, өз мүдделерінің мағынасы мен мәнін билік органдарына қатынастағы талаптар жүйесінде, заң шығарушылық қызметте, саяси қызмет стратегиясы мен тактикасында, бір сөзбен айтқанда саясат сферасында көрсете алуы қажет.

Тұлға тек қана әлеуметтік-қоғамдық қатынастардың жемісі ғана емес, сонымен қатар әлеуметік іс-әрекеттердің маңызды субъектісі де болып саналады.

3

Бұл іс-әрекет, қызмет қоғамның барлық салаларында әрдайым көрініп отырады.

Мысалы, экономикада, саясатта, рухани өмірде. Көрнекті неміс әлеуметтанушысы Марк Вебер әрбір адам өзінің іс-әрекетіне белгілі бір мән, мағына береді деп атап көрсеткен. Олар осыларды өмірде қолданады. Одан әрі саналы адамның әлеуметтік іс-қимылы, әрекеті, қызметі өзінше жеке дара бағытталып, өмір сүре алмайды, ол әр уақытта басқа адамдарға бағытталады. Вебер осындай іс-әрекеттің біреуге бағытталуын, нысаналануын тосу, күту, үміт ету (ожидание) дейді. Мұнсыз ешқандай іс-әрекет, қимыл әлеуметтік болып саналмайды. Мындай әлеуметтік іс-қимылдың алуан түрлері болады. Олардың ең бастысы мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет (целенаправленное действие). Бұл мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет тұлғаның ойлаған мақсатына жетуі үшін қолданылады.

Бұл жолда тұлға өзіне сәйкес қажетті құралдарды пайдаланады. Вебердің пікірінше, мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет, қимыл негізгі идеалдық топ болып саналады. Ал, саналы емес іс-әрекеттің салдары әруақытта қалыптасқан нормадан ауытқуға (девиацияға) әкеледі. Әлеуметтік іс-әрекеттің, парасаттылығы, ақылға жеңдірушілігі – тарихи процестің басты бағыты.

Вебер әлеуметік іс-әрекетті, қимылды 4 типке бөледі:

а) ақыл-ойдың мақсатқа бағытталуы (целерациональный). Мұнда әрбір іс-әрекеттің мақсаты мен құрылымының бір-біріне сәйкестігі көзделеді.

ә) іс-әрекеттің құндылыққа бағытталуы. Мұнда әрбір іс-әрекеттің басқа құндылық, бағалық үшін өмір сүруі (мысалы, діни немесе моральдық) көзделеді.

б) аффективтік, бұл адамның эволюциялық реакциясына негізделген (аффективия).

в) дәстүрлік (яғни салт-дәстүрлік), мұнда адмның іс-әрекеті белгілі бір дәстүр, салтқа сәйкес болады.

Тұлғаның әлеуметік қызметі деп, адамның өмірді өзінше игеріп, меңгеруі және адамның өзінің қоғамдық қатынастарды, құбылыс, процестерді өзгертуші субъект ретінде дамып, жетілдіруін айтады.

Әлеуметтік іс-әрекет пен қызметтің қозғаушы күші объективтік жағдайлармен байланысты. Объективтік жағдай адамдардың қажеттілігінен, мұң-мұқтажынан, мүддесінен, мақсатынан шығады.

4

Басқаша айтқанда, адамды іс-әрекетке, қызметке итермелейтін негізігі себептер – қажеттілік, мұқтаждық, мүдде және мақсат. Қажеттілік өмірде болады, бірақ, ол қолда жоқ зәрулікке жатады. Қажеттілік табиғи және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи қажеттілік, ол өз кезегінде әлеуметтік қажеттілікке ұласады.

Табиғи қажеттілікке тамақ ішу, киім кию, баспана қажеттіліктер (мқұтаждықтар) жатады. Мұндай әлеуметтік қажеттілікке еңбек ету, басқа адамдармен байланыста болу, қоғамдық өмірге араласу т.б. мұқтаждықтар кіреді. Қажеттілікті адам терең сезініп, түсінесе, оны өтеуге, іске асыруға тырысса, ол мүддеге, ал, мүдде мақсатқа айналады. Мұның өзі екінші жағынан, тұлғаның қажеттілікке, мұқтаждыққа, мүддеге, мақсатқа терең көзқарасын қалыптастыруын керек етеді.

Адам мүддесі, мақсаты белгілі бір қажеттілікті (мұқтаждықты, зәрулікті) қанағаттандыру мүмкіндігіне қарай тұлғаның іс-әрекетінің, қызметтерінің бағыттарын белгілеп отырады. Жалпы мүдде, мақсат адамның қоғамда өмір сүру қызметінің қалыптасқан жағдайлар мен орындарын сақтау немесе оларды өзгерту үшін күреске жеке адамдарды жұмылдыратын шешуші себеп ретінде байқалады.

Мүдделердің, мақсаттардың негізінде әлеуметтік талап-тілектерді білдіретін адамдардың қажеттіліктері жатады. Осыған орай мүдде, мақсат бір нәрсеге, затқа деген қажеттілікті түсінудің түрі ретінде көрінеді.

Қажеттілік тұлғаны өзін қоршаған әлеуметтік ортамен қатар сыртқы табиғатпен тығыз байланыстырады, өйткені адам табиғаттен керегін алып, өзінің мүддесін, мақсатын қанағаттандырып отырады. Ол табиғатқа тәуелді болады, бірақ, бұл тәуелділікті біршама бәсеңдетуге, төмендетуге тырысады. Сөйтіп ол табиғаттағы жоқ заттарды қолдан жасап, өзінің қажетілігін, мұқтаждығын қанағатандырады. Осылардың нәтижесінде тұлға табиғаттан біршама тәуелсіз болады.

Қажеттілік – объективті дүниенің даму заңдарының негізгі бір түрі. Осыған орай тұлға қажетілікті терең, жан-жақты түсініп, оны меңгеріп, өзінің ісінде, қызметінде пайдаланып отырады. Екінші жағынан, қажеттілік тұлғаның өмірдегі белсеңділігін, жауапкершілігін арттырудың басты факторларына жатады. Тұлғаның атқаратын іс-әрекеті, қызметі белгілі бір нақты мүдделерді жүзеге асыруға бағытталады.

Кейбір жағдайларда адам жаңа бір әлеуметтік жағдайда өзінің мүдделерін өзгерте алмайтын халге ұшыраса, онда ол өзінің жүріс-тұрмысын, мінез-құлқын өзгертуге, яғни бейімделуге мәжбүр болады.

5

Бейімделу - өмір сүру жағдайларының өзгерісіне деген сол адамның көзқарасының қалыптасуына көмектеседі, сөйтіп түсініспеушіліктің нәтижесінде пайда болатын шиеленісті жоюға, я болмаса оны бәсеңдетуге жағдай туғызады.

Информация о работе Тұлға саясаттың объектісі және субъектісі ретінде