Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері. Ластанған табиғи ортаны қалпына келтіру бойынша ұйымдастыру шаралары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2015 в 18:42, лекция

Краткое описание

Қоршаған табиғи орта – адамның өміріне, тіршілік ету жағдайына және денсаулығына әсер ететін табиғи компоненттердің жиынтығы. Қоршаған табиғи ортаның компоненттеріне атмосфералық ауа, сулар, топырақ, жер асты байлықтары, хайуанаттар және өсімдіктер әлемі жатады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

табигат.docx

— 15.00 Кб (Скачать документ)

Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері. Ластанған табиғи ортаны қалпына келтіру бойынша ұйымдастыру шаралары.

 

 

Қоршаған табиғи орта – адамның өміріне, тіршілік ету жағдайына және денсаулығына әсер ететін табиғи компоненттердің жиынтығы. Қоршаған табиғи ортаның компоненттеріне атмосфералық ауа, сулар, топырақ, жер асты байлықтары, хайуанаттар және өсімдіктер әлемі жатады.

Қоршаған ортаны қорғау дегеніміз табиғат пен адамның өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, жер мен оның қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін тағы басқа табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, сауықтыру, сапасын жақсарту, молықтыру. Бұл іс-әрекеттердің бәрі мемлекеттер заңымен, тиісті нормативтік-құқықтық актілермен, азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің белсенді араласуымен, мемлекеттік және мемлекетаралық келісімдермен, конвенциялармен реттеліп жүзеге асырылады.

Қазақстанда «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заң 1991 жылы қабылданған. Осы заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты тиімді пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.

Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері:

• халықтың денсаулығына, өміріне, еңбегі мен демалысына қолайлы түрде қоршаған табиғи ортаны сақтау мен қалпына келтіру;

• қазіргі және болашақ ұрпақтардың салауатты өмір сүруіне қажетті қоршаған ортаны сақтау үшін әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешіп отыру;

•экологиялық аймақтарда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын кеңінен қолданумен қатар, бұзылған табиғи жүйелерді қалпына келтіру;

• табиғи ресурстарды толық тиімді түрде пайдалану және молықтыру;

• қоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынан ынталандыру және табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін ақы төлеуді енгізу;

• биологиялық алуан түрлілікті, ғылыми және мәдени маңызы бар сирек объектілерді, ерекше құнды табиғи аймақтарды сақтауды қамтамасыз ету;

• қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды реттеп, олардың орындалуына мемлекеттік тұрғыдан бақылау орнату;

• табиғатқа нұқсан келтіруге жол бермеу;

Қазақстан Республикасында табиғи жүйелердің өздігінен реттелу қабілетін және   антропогендік қызмет салдарының орнын толтыруды қолдау үшін жеткілікті, ландшафттық және биологиялық әралуандықты сақтау және қалпына келтіру жөніндегі ғылыми негізді шаралар жүзеге асырылатын болады.

 

Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру  жөніндегі шаралар:

-қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін оңтайландыру;

-табиғатты пайдалануды  басқаруда экожүйелік көзқарасты пайдалану;

-мемлекеттік, өндірістік  және қоғамдық бақылау жүйесін, сондай-ақ экологиялық аудитті жетілдіру;

-қоршаған ортаға мониторинг жүргізу жүйесін дамыту;

-жер және су ресурстары  тозуының, ластануының, әуе алабының ластануының алдын алу;

-Жердің озон қабаты  мен климатқа антропогендік әсерді азайту;

-биологиялық әралуандықты сақтау және орнықты пайдалану;

-ерекше қорғалатын табиғи  аумақтардың ауданын ел аумағының кемінде 10%-ына дейін кеңейту;

-табиғи жүйенің тұтастығын  сақтау және қалпына келтіру, оның ішінде гидротехникалық  құрылыстарды, автомобиль және темір  жолдарды, газ және мұнай құбырларын, электр тарату және басқа да  желілік құрылыстарды салу кезіндегі  шаруашылық қызмет процесінде оларды бөліп-жаруды болдырмау;

-антропогендік іс-әрекеттен  бұзылған аумақтарды қайта құнарландыру;

-өндірістік объектілердің  жұмыс істеу циклі аяқталысымен  табиғи ландшафтарды толық қалпына  келтіруді міндетті түрде талап етуді қолдану;

-экологиялық апат аймақтарын, зымыран-ғарыш және әскери-сынақ кешендерін оңалту;

Каспий теңізі қайраңы мен оған іргелес жатқан аумақтардың ластануының алдын алу;

-өндіріс және тұтыну  қалдықтарын қайта өңдеу мен  кәдеге жарату көлемін біртіндеп ұлғайту;

-халықаралық ынтымақтастықты  кеңейту   жолымен іске асырылады.

• халықтың, қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктер мен жергілікті басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысуы;

• халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерін сақтау негізінде жүзеге асыру


Информация о работе Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері. Ластанған табиғи ортаны қалпына келтіру бойынша ұйымдастыру шаралары