Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 09:54, реферат
Экологиялық жүйе, экожүйе – тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Экожүйе құрамына организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады. Экожүйенің құрылымын энергияны трансформациялаудың үш деңгейі (консументтер, продуценттер, редуценттер) мен қатты және газ тәрізді заттар айналымы құрайды. Экожүйенің қасиеттері оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлардың әрекеттеріне байланысты
Экологиялық жүйе, экожүйе – тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Экожүйе құрамына организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады. Экожүйенің құрылымын энергияны трансформациялаудың үш деңгейі (консументтер, продуценттер, редуценттер) мен қатты және газ тәрізді заттар айналымы құрайды. Экожүйенің қасиеттері оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлардың әрекеттеріне байланысты. Әр түрлі экожүйелерде өсімдіктің күн энергиясын, минералды заттар мен судың қорын пайдалануы әр түрлі мөлшерде жүреді. Биомасса мен энергияның ауысып, өзгеріп отыратын кездерінде тіршілік қорлары барынша толық пайдаланылатын экожүйелерді қаныққан деп, ал осы қорды толық пайдаланбайтын экожүйелерді қанықпаған деп атайды.Экологияның ең негізгі объектісі экологиялық жүйе, немесе экожүйе . Функциялық тұрақтылығы аз уақытқа созылса-да қарым -қатынаста болатын құраыштары бар кез келген бірлікті экожүйе деп атауға болады. Экожүйе деген терминді 1935 жылы бірінші рет ұсынған ағылшын экологі А. Тенсили . А Тенсили экожүйенің құрамына организмдерде абиотикалық орта да керетін жер бетіндегі тірі табиғатынтың негізгі функциясының бірлігі деп есептеуі және оның әр бөлігінің екіншіне әсер ететіндігіне назар аударады. Былайша айтқанда экожүйе – зат айналымы мен энергия тасмалдануы жүретін табиғи бірлік . Экожүйеде зат айналымының жүруіне органикалық молекулалардың сінімділік түрде белгілі қоры және орагнизмнің үш функцияоналды әр түрлі экологиялық топтары: продуценттер, консументтер, редуценттер болуы керек.
Әлемдік су қоры
Жердегі судың әлемдік қоры
орасан зор. Олар 1353985мың км³.
Егер гидросферадағы барлық
Жердегі судың басым бөлігі тұзды су болып табылады. Ол жалпы қордың 97, 5% үлесін құрайды, бірақ түщы судың көлемі де өте көп. Оның мөлшері 35 млн. км³ — ге тең.
Әлемдік мұхиттың деңгейінің өзгермелі жағдайында жердің су балансы төмендегідей болады. Планетеға түсетін жауын – шашын буланумен теңеседі. Екі шама да 577000 км³ /жылына жуық. Мұхиттың булануы жауын – шашыннан 47000 км³/ жылына артық. Құрлықта кері заңдылық байқалады – булану жауын – шашыннан 47000 км³ /жылына кем. Осы су өзен ағыстарымен мұхитқа қайтарылады.
Қазіргі кезде әлемдік су балансы мұхит жағына қарай ығысқан. Соңғысы судың буланған мөлшерінен жыл сайын 430 – 550 км³ артық алады. Осының нәтижесінде мұхит деңгейі біртіндеп көтеріліп келеді (соңғы жүз жылда 15см). Қосымша ылғалдың 75% мұхиттар мұздықтардың еруі, 18, 5% — жер асты қорының пайдалануы, 7% — көлдердің есебінен алады.
Құрылықтағы жауын – шашынның толық буланбауы, (47000 км³) жылудың жетіспеуінен емес, экожүйенің реттеушілік роліне байланысты болатын атап өту қажет.
Қазір адам әр түрлі су көздерінен алып, тұщы судың табиғи қорының 0, 1 – 0, 15% — ын пайдаланады. Судың болмашы мөлшерінің алынуы сырт көзге судың жетіспеуін туғызбау керек сияқты. Оның үстіне ол сарқылмайтын ресурс ретінде зат алмасуға қатысып, қайтадан су көздеріне қайтып келеді. Бүкіл гидросфера аумағында судың таусылуы мүмкін емес, бірақ бұл мәселе аймақтық тұрғыда болуы мүмкін.
35 млн. км³ тұщы судың шамамен
70% — ы мәңгі мұздықтар мен
мәңгі қар түрінде болады. Бұл
суды адам іс жүзінде
Табиғи су көздерін пайдаланғанда су ресурстарының қайта қалпына келу жылдамдығын есепке алу қажет
Гидросфераның әр түрлі категориялы
суларының қалпына келуі
Сулардың категориясы |
Қалпына келу жылдамдығы |
Өзен |
16 күн немесе 11 – 12 күн |
Атмосфера |
8 күн |
Топырақ грунты |
1 жыл |
Батпақ |
5 жыл |
Көл |
17 жыл |
Әр түрлі горизонттардың жер асты сулары |
1400 жыл |
Әлемдік мұхит |
2500 жыл (араласу 63 жыл ) |
Техникалық және экологиялық жағынан ең тиімдісі жылдам қайта келуі, жеңіл алынуы, территорияда салыстырмалы бірқалыпты дәрежеде өздігінен тазаруға қабілетіне байланысты өзен сулары болып табылады. Қазіргі кездегі суды пайдалану негізінен өзен көлдерінен алынады.
Қазіргі дүние жүзі бойынша пайдаланылатын судың жалпы мөлшері 4000 км³ (4 трлн. м³) жақын. Судың негізгі бөлігі өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында және басқа да салаларда қолданылады.
Судың жетіспеуі өзен ағыстарының біртекті болмауы нәтижесінде де орын алады. Оның негізгі көлемі су тасу кезінде байқалады (қоңыржай белдеудің жазық аудандарында көктемде, тауда – мұздықтардың еруі кезінде, жазда, экватор маңында – жауын кеғзеңде)
Табиғи суларды ластаудың негізгі көздері
Судың ластану мәселесі.Ластануға судың барлық категориялары: мұхит, континенттік, жер асты, әр түрлі дәрежеде ұшырайды.
Судың, әсіресе ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасыеың төмен болуы себепті 5 млн. адам (негізі балалар) өледі де, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 млн – нан 1 млрд – қа дейін жетеді.
Барлық сулардыңқұрамында
Ауыз судың сапасын бағалауда химиялық критерийлермен қатар бактериологиялық және оргонолептік қолданылады.
Судың бактериялық жағдайы
Суды ластаушы заттар. Сулардың ластануы ең бірінші рет су қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Екінші ретті ластану бірінші ретті ластаушылардың әр түрлі тізбекті реакцияларға түсуі арқылы жүреді. Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар және т.б. заттар жатады (азот, фосфор және басқа биогенді элементтер мен олардың қосылыстары, органикалық заттар, пестицидтер, тұрмыстық қолдық, мұнай және мұнай өнімдері).
Ластаушы заттардың басым
Су қорының сандық сарқылуының алдын алуға бағытталған іс – шаралар:
Қорытынды:
Жалпы мемлекеттік тұрғыдан алып қарағанда, еліміздің су шаруашылығы мәселелері көп жағдайда әлем қауымдастығымен бірлесіп, ауқымды әрі кешенді тұрғыдан шешім қабылдауды талап етеді. Бүгінгідей су ресурстарының тапшылығы өсіп отырған және әлемдегі климаттың жаппай өзгеруі жағдайында елді сумен қамтамасыз етуді арттыру ісіне бассейн аралық және бассейн ішілік ағысты қайта бөлу және соған сәйкес оларды тиімді пайдалану жолымен ғана жетуге болады. Осыған орай, экономика саласының одан әрі дамуы елдің су ресурстарын реттеу және басқару стратегиясының дұрыс таңдалуына тікелей байланысты.
Жылына бір адамға 1,0 мың текше метр су ресурсы жұмсалатын елдер мен өңірлер – су ресурстары тапшы елдерге; 1,0 және 1,7 мың текше метр аралығындағылар – су жетіспейтін елдерге жатқызылады; ал 1,7 мың текше метрден жоғары көлемде су жұмсай алатын елдер жеткілікті су ресурстары бар елдер болып саналады.
Егер Еуропада су тапшылығы мәселесі жоқ болса, Орталық Азияда су тұтынуды азайту мәселесі аса күрделі сипатта тұр, өңірдегі су ресурстарының көлеміне әсер етіп отырған климаттың өзгеруі бұл проблеманың мүшкіл халін одан сайын қиындата түседі. Соңғы 50 жылда елді мекендерді су ресурстарымен қамтамасыз ету 3,5 есе азайып кетті.
Сондықтан, өңірдегі су қауіпсіздігі мәселесі әлеуметтік қауіпсіздік мәселесіне айналуда, бұл өз кезегінде өңірде гуманитарлық апаттың өршуіне себеп болуы мүмкін. Осыған байланысты, су ресурстарын басқару міндеттерін күшейтуге стратегиялық қажеттілік пайда болады, бұл БҰҰ-ның Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы конвенциясында расталып отыр, аталған құжат Үкіметтің иығына халықты сапалы сумен қамтамасыз ету міндетін жүктейді.
Әлемдiк су ресурстарының дамуы туралы БҰҰ баяндамасында бұл дағдарыстың екi жағдайда орын алып отырғанына назар аударады. Бiрi тұщы су қорларының барлық жерде теңдей бөлiнбеуiнен дейдi. Мысалы, судың үлкен қорлары Америка құрлығында немесе Солтүстiк Еуропаның iрi бөлiктерiнде орналасқан көрiнедi. Ал, оның жетiспеуi Таяу және Орталық Шығыста, сондай-ақ Солтүстiк Африкада байқалады. Екiншiсi, су көздерiн шаруашылықта дұрыс пайдалана алмаудан екен. Бұл дамушы елдерге тән. Өйткенi, таза ауызсу тауып, оны пайдалануға қажеттi инфрақұрылым бола бермейдi. Көптеген жерлерде судың ластануы оның тапшылығына әкелiп соқтыруда. Осындай екi фактордан әлемдегi әрбiр алтыншы адам таза судың тапшылығын тартып отырса, әрбiр үшiншi адам санитарлық тазалықтың жетiспеуiнен зардап шегуде.
Гидрографиялық ерекшелігі, су ресурстарын қалыптастырудың және пайдаланудың динамикалығы, елдің мемлекетаралық және халықаралық міндеттері экономиканың әрбір даму кезеңінде уақыттың өзгерісіне бірдей әсер ете алатын су шаруашылығы бойынша өкілетті орган Қазақстан Республикасының Су ресурстарын қорғауды және пайдалануды реттеу жөніндегі агенттігін құруын қажет етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
абиғат байлықтарының ішінде судың орны ерекше. Сусыз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес.
Орта Азия мен Қазақстан жерлері суға кедей деп есептеледі. Ал көне замандарда бұл жерлердің көп бөлігін су басып жатқандығы белгілі. Оңтүстік теңіз ғайып болғаннан кейін оның орнында қазақ жерінде үш су айдыны қалды. Олар: Каспий, Арал, Балқаш.
Каспий мұхиттармен жалғасып жатпағанмен оның Волга, Терек, Жайық, Сулақ, Самура сияқты жан-жақтан толықтырып тұратын өзендері көп.
Каспийге құятын өзендер электр қуатын алуға бөгеліп, төңірегіндегі алқаптарды қолдан суғарып игеруге кіріскеннен кейін сырттай келетін су көлемі кеміп кетті. 1961 жылдың өзінде Каспий деңгейі230 смтөмен түскен.
Қазақстанның оңтүстік-
Арал теңізі — ірі ішкі су алқаптарының бірі. Бұрынғы заманнан бері Арал теңізі балық байлығымен атағы шыққан. Амудария мен Сырдария өзен алқаптарында аңшылар бір миллионға дейін ондатр терісін алып тұрған.
Кейінгі жылдары Арал теңізіне көптеген ғылыми мекемелер назар аударып отыр. Соңғы 10—15 жылдың ішінде судың гидрологиялық ырғағына айтарлықтай өзгеріс енді, су деңгейі төмендеп оңтүстік және шығыс жағалауындағы теңіздің таяз бөліктері кеуіп қалды. Теңіздің негізгі көзі Сырдария мен Амудариядан су көп мөлшерде кеміді. Бұрын, суармалы егістік дамымай тұрғанда Амудария мен Сырдария Аралға орташа есеппен жылына 62 текше километр су беріп тұратын болса, 1974 жылдан бері Сырдария суы Аралға құймайды, түгелдей жол-жөнекей шаруашылықтарға бұрылып алынады. Ал Амудария құятын судың 75 проценті кеміді, 1975—1978 жылдары Аралға бар болғаны 12 текше километр су берді.
Сырдария мен Амудария алқабында барлығы 5,5 миллион гектар суармалы егістік бар, бұл мөлшерді 8—9 миллионға жеткізу жоспарланып отыр. Кейбір зерттеулер бойынша суармалы егістікке жарайтын жер көлемі 16 миллион гектарға жетеді. Су тек суармалы жерге жұмсалып қана қоймай, басқа жолдармен де көп ысырап болады. Күріш және мақта плантацияларында пайдаланылған сулар ойпаттарға ағады да, көп бөлігі топыраққа сіңіп, қалғаны буланып жоқ болады. Мысалы, аса ірі Арнасай және Сарықамыс ойпаттарына жылына 7—8 текше километр су құйылып қайтпастан жоғалады. Осының бәрі Арал теңізінің таяздауына әкеп соқты. 1960 жылдан бері жылма-жыл таяздаудан теңіз деңгейі7 метртөмен түсті, теңіздің көлемі 14 мың шаршы километрге кеміді. Теңіздің кеуіп қалған бөлігі су басып жаткан белігінің көлемімен теңесті. Теңіз суының тұздылығы да көп артты Теңіз бен өзендерде болып жатқан мұндай құбылыстар балықтардың көбеюіне де кесірін тигізеді. Ауланатын балық көлемі де күрт төмендеді. Мысалы, 1963 жылы 480 мың центнер балық ауланған болса, 1978—1979 жылдары бар болғаны 40—50 мың центнер ауланды. Ондатр аулау мүлде тоқталды.