Экологиялық бағдарламалар және жоспарлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2013 в 14:11, лекция

Краткое описание

Экологиялық бағдарламалардың үш түрін ажыратуға болады:
- салалық табиғат қорғау бағдарламалары;
- жеке табиғат ресурстарын немесе табиғи ортаның жеке компонентін қорғау шараларының сызбалары;
- территориялық кешенді табиғат қорғау сызбалары.
Экологиялық бағдарламалардың бірінші түріне әр саладағы табиғат қорғау шараларының жоспарларын жатқызуға болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

экологиялық бағдарлама.docx

— 47.20 Кб (Скачать документ)

Экологиялық бағдарламалар  және жоспарлау

Экологиялық бағдарламалардың үш түрін ажыратуға болады:

  • салалық  табиғат қорғау бағдарламалары;
  • жеке табиғат ресурстарын немесе табиғи ортаның жеке компонентін қорғау шараларының сызбалары;
  • территориялық кешенді табиғат қорғау сызбалары.

Экологиялық бағдарламалардың бірінші түріне әр саладағы табиғат  қорғау шараларының жоспарларын  жатқызуға болады. Оларда, негізінен, ластауларды азайту, тазарту және тарату шаралары қарастырылады. Мысалы, биік түтін мұржаларын салу, газдарды, ақаба суларды тазарту қондырғыларын  салу, өндіріс қалдықтарын азайту, орналастыру және т.с.с. Мұндай шаралар аймақтың экологиялық мәселелерін толығымен шеше алмайды.

Екінші топтағы экологиялық  бағдарламаларға да кешенділік жетіспейді. Олар табиғат ресурстарының жеке түрін қорғауды және ұтымды пайдалануды  көздейді. Мысалы, топырақты, орманды, әуе бассейнін және т.с.с. қорғау бағдарламалары.

Үшінші топқа кешенді  табиғат қорғау территориялық бағдарламалары жатады. Оның құрамында ҒТП дамытудың  кешенді бағдарламасы, өндіргіш күштерді дамытудың бас сызбасы, әлеуметтік – экономикалық және экологиялық бағдарламалар болуы тиіс. Аталған құжаттардың барлығында табиғат қорғау жөнінде арнайы бөлімдері болады. Кешенді бағдарламаның басты міндеті – оларды бір – бірімен үйлестіру. Дегенмен, қамтылатын мәселелердің күрделілігі және әржақтылығы бағдарламаны әзірлеуді қиындатады. Сондықтан, әсіресе, табиғатты қорғау мәселені нормативтік тұрғыдан қорғау бағдарламасы ұзақ мерзімдік табиғат пайдалану тұжырымдамасына айналады.

Мақсатты, нормативтік болжамдар  алға қойған әлеуметтік – экономикалық мақсаттарға табиғи ортаның сапасын  нашарлатпай, ресурстарын сарқылтпай жетуді көздейді. Егер әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштер мақсат болса, ол табиғи ортаның сапасының көрсеткіштері орындалуы тиіс талаптар рөлін атқарады. Сондықтан, нормативтік болжам барлық жоспарлау жүйесін қолда бар ресурстарға ғана емес, барлық әлеуметтік – экономикалық және экологиялық мақсаттарға құруға мүмкіндік береді. Мұндай талаптарды орындаудың кем дегенде екі әдістемесін атауға болады:

    1. Белгілі территорияда табиғи ортаның ластануына байланысты  экономикалық және кейбір әлеуметтік зияндарды алдын ала есептеу. Табиғат қорғауға жұмасалатын шығындарды болдырмайтын зияндармен салыстырып, табиғатты қорғау шараларының экономикалық тиімділігі дәлелденеді және олар жобаға (болжамға) енгізіледі.
    2. Табиғатты қорғау шешімдерін дәлелдегенде тек қана экономикалық емес, әлекметтік және экологиялық  тиімдерді мейлінше толық ескеру. Дегенмен, экономикалық, әлеуметтік, және экологиялық тиімдерді бағалаудың бір ортақ белгісі жоқ. Табиғатты қорғау шараларының экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тиімдерді сипаттайтын көрсеткіштер көпшілігінде бір – біріне сәйкес келе бермейді. Мысалы, табиғи ландшафтың бұзылуынан адамға келетін рухани, психологиялық, өнегелік зияндар экономикалық өлшеуге келмейді. Бірақ оларды ескеру қажет.

Аймақтық  табиғатты қорғау бағдарламасын әзірлеу бірнеше  кезеңдерден тұрады:

    1. Экологиялық жағдайларды талдау және бағдарламаның мақсатын айқындау. Бұл кезеңде өткенге және болашаққа талдау жасалады, бағдарламаға мәліметтер жиналады. Мақсатты және экстрополяциялық есептеулер жүргізіледі.
    2. Кешенді бағдарламаның мақсатын айқындау. Бұл кезеңде бағдарламаның түпкі мақсатының құрылымы анықталады, яғни мәселенің шешілуіне байланысты бөлшектенеді.
    3. Бағдарламаның балама нұсқаларын қарастыру және ең ұтымдысын талдау. Бағдарлама әзірлеу барысында бірнеше балама нұсқалар болуы мүмкін. Оның себептері: біріншіден, бағдарламаны жүзеге асыруға  ресурс тапшылығы, екіншіден, әр түрлі технологиялық мүмкінщіліктер, үшіншіден, ресурстардың бір – бірімен алмастырылуы әсер етеді.
    4. Таңдалған нұсқаны нақтылау. Бағдарлама нақты мақсатты көздегендіктен қолданылатын табиғатты қорғау шаралары, оларды орындаушылар анықталады.

Бағдарлама мемлекеттік  сараптамадан өткен соң нақты  жоспар сипатын алады. Оны жүзеге асыру үшін нормативтік – құқықтық негіздері жасалып, экологиялық басқару механизмі, оның ішінде қаржыландыру көздері, экономикалық ынталандыру жолдары қарастырылуы тиіс.

 

Табиғатты қорғау бағдарламаларына әсер

                  етуші факторлар



Жанама әсер ететін факторлар


Тікелей әсер ететін факторлар




 

Тұрғындар


м

Тұрғындар

Тұрғындар

ындаееееееееЕеТеетарТтт

Экономикалық жағдайы


 


Бәсекелестер


Әлеуметтік – мәдени факторлар



Заңдар мен мемлекеттік органдар


Саяси факторлар



Қоғамдық қозғалыстар мен партиялар


Ғылыми – техникалық прогресс



 

Еңбек, материалдық , капитал ресурстары


Халықаралық байланыстар ресурстары



 

1 – сурет. Табиғат қорғау  бағдарламаларын жүзеге асыруға  әсер ететін факторларды сұрыптау.

Табиғатты қорғау қоғамдық қозғалыстары мен партияларының  табиғат қорғау саласындағы рөлі артып келеді. Олар экологиялық мәселелер  бойынша дабыл қағып, қоғамдық пікір  туғызып, экологиялық бағдарламалар  жасауға көмектесіп және белгілі  дәрежеде олардың орындалуына әсер етеді. Экологиялық оқиғаларды көпшіліктен  жасырып қалуға жол бермейді және халықтың белсенділігін арттырады, табиғатты қорғау шараларының орындалуын тікелей талап етеді.

Бағдарламалардың жүзеге асырылуы материалдық, қаржы және еңбек  ресурстарымен қамтамасыз етілуімен  тікелей байланысты. Материалдар, құрал  – жабдықтар аймақтағы кәсіпорындардан, шет аймақтардан немесе шет елдерден алынуы мүмкін. Бағдарламаға қажетті материалдық ресурстар, құрал – жабдықтар отандық кәсіпорындардан алынғанда қосымша жұмыс орны ашылады, экономикамыздың дамуына септігін тигізеді. Еңбек ресурстары арнайы оқу орындарында дайындалуы тиіс. Бағдарламаға қаражат бюджеттерден, табиғатты қорғау қорларына, банктер несиесінен, халықаралық қорлардан, ерікті жарналардан алынуы мүмкін.

Бағдарламаларды әзірлеу  мен жүзеге асыруды қабылданған  заңдар негізінде мемлекеттік органдар реттейді. Табиғатты қорғау заңдары  табиғат қорғау шараларының нормативтік  – құқықтық негіздерін белгілейді.

Кәсіпорындар – экологиялық бағдарламалардың орындалуына бәсекелестері едәуір ықпал етеді. Нарықтық механизмдер: салық, айып төлемдері, ластау құқығын сату, рұқсат беру, шектеулер қою, жеңілдіктер және т.с.с. табиғатты қорғау шараларын орындаған кәсіпорындарға экономикалық тиім береді.

Экологиялық бағдарламалардың нәтижелілігі, әрине, ғылыми – техникалық прогресске тікелей байланысты. Ғылыми – техникалық жаңалықтарды қолданып, іске асырылған табиғатты қорғау шаралары басқаларынан ұтымдырақ болатыны сөзсіз.

Экологиялық бағдарламаларды, әсіресе, ірі масштабты табиғат  қорғау шараларын жүзеге асыруға  экономикалық жағдай - аймақтың мәдени – әлеуметтік деңгейі . Халықаралық байланыстар еліміздің экологиялық саясатына ықпал етеді. Экономикалық даму табиғат қорғау шараларына қаржы бөлуге мүмкіндік береді, халықаралық қатынастар арқылы шет елдік тәжірибелерді үйреніп, технологияларын аламыз. Солармен қоса табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру үшін белгілі экологиялық саясат пен орындаушылардың экологиялық мәдениеті және біліктілігі қажет.

Экологиялық бағдарламаларды  жүзеге асырудың ең басты мәселесі оларды қаржыландыру. Қаржы көздері  республикалық және жергілікті бюджет, табиғатты қорғау қорлары, экологиялық  сақтандыру қорлары, банк несиесі, қоғамдық ұйымдардың, азаматтардың ерікті жарналары, шет елдік гранттар, несиелер, кәсіпорындардың пайдасы, амортизациялық аудармалары болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Экологиялық бағдарламалар және жоспарлау