Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2014 в 21:46, реферат
Сонымен қатар инвестиция тарту мақсатында бірнеше шетел өнеркәсіптері ашылып, олардың қазақстандық экологиялық заңнама талаптарына салғыртықпен қарауы да табиғатымыздың нашарлауына әкеліп соққанын жоққа шығара алмаймыз.
Экологиялық құқық – қоршаған табиғи ортаның сапасын жақсарту, қорғау, сауықтыру, экологиялық зиянды салдардың алдын алу мақсатында қоғам мен табиғаттың өзара әсері жүйесіндегі қоғамдық (экологиялық) қатынастарды реттейтін экологиялық-құқықтық нормалар жиынтығы.
I Кіріспе
II Негізгі бөлім:
1 Экология құқығы түсінігі, экологиялық құқықтық қатынас және қайнар көздері
2 Табиғат объектілеріне меншік құқығы және табиғи ресурстарды пайдалану құқығы
3 Жердің құқықтық жағдайы, оны құқықтық қорғау және экологиялық құқықтағы жауаптылық
III Қорытыңды
Қазақстан Республикасының
білім және
РЕФЕРАТ
Пәні: ______________________________
Тақырыбы: ______________________________
______________________________
2013
Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім:
1 Экология құқығы түсінігі, экологиялық құқықтық қатынас және қайнар көздері
2 Табиғат объектілеріне меншік құқығы және табиғи ресурстарды пайдалану құқығы
3 Жердің құқықтық жағдайы, оны құқықтық қорғау және экологиялық құқықтағы жауаптылық
III Қорытыңды
Кіріспе
Қазіргі таңда өндірістің дамуымен қатар елімізде экологиялық жағдай да өршіп тұр. Оның себептері, біріншіден, өндірістік кәсіпорындарынан шығатын зиянды шығарындылардың көбеюі, олардың техникалық, экологиялық, санитарлық талаптарды орындамауы, экологиялық таза өнім шығаруда отандық кәсіпкерлеріміздің қызығушылығының болмауы, табиғи ресурстарды аямай падалану, адамдардың экологиялық сана сезімінің төмендігі, келешек ұрпақтың денсаулығын ойламау және т.б. «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының 1.2 тармақшасында 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасын әзiрлеудiң өзектiлiгi және басымдықтарының ішінде бiрiншi кезеңде (2004 - 2007 жылдар) - қоршаған ортаның ластану деңгейiн төмендету және оны тұрақтандыру жөнiндегi iс-қимыл жоспарын әзiрлеуі көрсетілген. Сонда да экологиялық жағдайдың әсерінен бала туу, балалардың өкпе, тері ауруларымен ауруының жиілеп кеткенін ескерсек, бұл кезеңнен өттік деп айту қиын. Әрине, экономикамызды көтереміз деп бар байлығымыз - шикізатты пайдалана берсек, оның сарқылу күні де туындайтынын ескеруіміз қажет. Сонымен қатар инвестиция тарту мақсатында бірнеше шетел өнеркәсіптері ашылып, олардың қазақстандық экологиялық заңнама талаптарына салғыртықпен қарауы да табиғатымыздың нашарлауына әкеліп соққанын жоққа шығара алмаймыз.
Экологиялық құқық – қоршаған табиғи ортаның сапасын жақсарту, қорғау, сауықтыру, экологиялық зиянды салдардың алдын алу мақсатында қоғам мен табиғаттың өзара әсері жүйесіндегі қоғамдық (экологиялық) қатынастарды реттейтін экологиялық-құқықтық нормалар жиынтығы.
Өзге
де елдер сияқты қазақстанда да қоршаған
орта мен табиғи ресурстарды қорғау заңнамада
негізделген.Қазақстан Республикасының
экологиялық заңнамасын құрайтын экологиялық
құқықтық көздері төмендегідей құқықтық
құжаттар болып табылады. Қазақстан Республикасының
Конституциямы, заңдары мен кодекстері,
жарлықтар, нормативтік актілері және
т.б.
Экология құқығы түсінігі, экологиялық құқықтық қатынас және қайнар көздері
ҚР-ның экологиялық құқығы - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы.
Экологиялық құқықтың мәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.
Экологиялық қатынастар дегеніміз - бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз.
Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз - айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз.
Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады:
1. Қазақстан Республикасы,
себебі біздің мемлекетіміз
2. Шетелдік мемлекеттер -
Қазақстанның табиғат
3. Заңды тұлғалар.
4. Жеке тұлғалар.
Құқық саласының принциптерімен негізгі басшылыққа алатын ережелер танылады, оларға сәйкес белгілі бір қатынастар реттеледі.
ҚР-ның "Қоршаған ортаны қорғау туралы" заңында былай делінген: қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану мына принциптер негізінде жүзеге асырылады:
- адамның өмірі мен
денсаулығын қорғаудың
- ҚР-ның нарықтық қатынастар
жағдайында тұрақты дамуға
- экологиялық жағдайы
қолайсыз аймақтардағы
- табиғат ресурстарын
ұтымды пайдалану және
- биологиялық алуан түрлілікті
және экологиялық, ғылыми және
мәдени жағынан ерекше маңызы
бар қоршаған орта
- қоршаған ортаны қорғау
туралы заңдарды мемлекеттік
реттеу мен мемлекеттік
- қоршаған ортаға нұсқан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау;
- халықтың, қоғамдық бірлестіктер
мен жергілікті өзін-өзі
- халықаралық құқық негізінде
қоршаған ортаны қорғау
Экология құқығының жүйесі әдістемелік жағынан екіге бөлінеді: жалпы бөлім және ерекше бөлім.
Экологиялық құқықтың жалпы бөлімінде экологиялық құқықтың мәселелері, табиғи ресурстардың жағдайын көрсететін қоғамдық қатынастар және бүкіл табиғат ресурстарына мемлекеттің меншік құқығы туралы мәселелер қаралады.
Ал ерекше бөлімде табиғи ресурстарды қорғау және пайдаланудың мемлекеттік-құқықтық механизмі және табиғат объектілерінің жеке жағдайлары қаралады.
Қазақстан Республикасы экология құқықтарының қайнар көздеріне – айналадағы табиғи ортаны қорғау, оны пайдалану, сапасын арттыру және табиғи ресурстар жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік актілер жатады.
Кейбір нормативтік актілер экологиялық заңдардың құрамына кірмеуі де мүмкін. Мысалы: Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі – экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауаптылықтарды реттейтін нормалардан тұрады, сондықтан ол экологиялық құқықтың қайнар көзіне жатады, бірақ экологиялық заңдылықтардың құрамына кірмейді, өйткені қылмыстық заңдардың құрамына кіреді, сол сияқты Азаматтық кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстері де экология құқығының қайнар көздеріне жатады, бірақ экологиялық заңдардың құрамына кірмейді. Сондықтан «Экологиялық құқықтың қайнар көздері» деген ұғым «Экологиялық заңдар» деген ұғымнан кең.
Экология құқықтарының қайнар көздері белгілері бойынша үшке бөлінеді:
1. кешенді;
2. ресурстық;
3. әлеуметтік - экологиялық.
Экология құқықтарының кешенді қайнар көздеріне нормативтік актілер жатады, егер құқықтық реттеудің объектісіне бүкіл табиғи ресурстар мен табиғи орта жатса, оған «Айналадағы қоршаған ортаны қорғау туралы» , «Экологиялық сараптама туралы» заңдарды жатқызуға болады.
Экология құқықтарының ресурстық қайнар көздеріне нормативтік актілер, егер құқықтық реттеудің объектісіне жеке табиғи ресурстар жататын болса, мұнда Жер кодексі, Су кодексі, Орман кодексі және т.б. жатады.
Экология құқықтарының әлеуметтік –экологиялық қайнар көздеріне адамдардың өмір сүруіне қолайлы ортаны қамтамасыз етуге бағытталған факторлар жатады. Оған «Қазақстан Республикасында халық денсаулығын сақтау туралы», «Семей облысындағы ядролық полигон туралы» заңдарды жатқызуға болады.
1) Экология құқықтарының
ең негізгі қайнар көзіне
2) Экология құқықтарының
қайнар көзіне «Айналадағы
3) Экология құқықтарының
қайнар көздеріне
Табиғат объектілеріне меншік құқығы және табиғи ресурстарды пайдалану құқығы
Табиғат объектлеріне меншік құқығының мазмұны үш заңдылық болып табылады: иелену құқығы,пайдалану құқығы,билік ету құқығы.
Иелену құқығы табиғат объектілеріне нақты иеленуді жүзегеасырудың заң жүзінде қамтаасыз етілгенмүмкіндігі болып табылады.
Пайдалану құқығы табиғат объектілерінен қоғамның қажеттерін қанағаттандыру үшін пайдалы қасиеттерін алудың заңдылықтұрғысында қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады.
Билік ету құқығы табиғат объектілерініңзаңдық мәртебесі мен заңдық тағдырын анықтаудың заңдық тұрғыдағы қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады.
Табиғат объектілеріне меншік құқығы туындауының және тоқтатылуының негіздері ҚР-ның қолданыстағы заңдарымен анықталады және қандай да бір объектінің кімдерге- мелекетке немесе жеке тұлғаға тиесілі болуына тікелей байланысты болады.
Табиғат объектілеріне меншік құқығы мыналар арқылы туындайды:
- меншік құқығын беру;
- еншік құқығын басқаға беру;
- меншік құқығының әбебап құқық мұрагерлігі тәртібінде көшуі.
Информация о работе Экология құқығы түсінігі, экологиялық құқықтық қатынас және қайнар көздері