Экология негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2013 в 13:06, реферат

Краткое описание

Экология тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биология ғылымының саласы. «Экология» (гр. oikos – үй, тұрақ, мекен; logos — ғылым) терминін ғылымға алғаш 1866 ж. неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

1 экология негіздері.docx

— 33.02 Кб (Скачать документ)

Жаһандық экологиялық  проблемалар

Климаттың өзгеруі

«Қызу әсерінің» салдарынан болатын климаттың өзгеруі жалпы  әлемдік көлемдегі проблема болып табылады және қоршаған ортаның жай-күйіне барынша ықтимал қатер төндіреді.

Қазақстан 1995 жылы Климаттың  өзгеруі жөніндегі БҰҰ Yлгілік конвенциясын бекітті, ал 1999 жылы осы Конвенцияға Киото хаттамасына қол қойды.

Аталған хаттаманы бекіткен және ол күшіне енген жағдайда Қазақстан қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелерді өзіне жүктей отырып, І қосымшаның Тарапы болады.

Қазақстанның Киoтo хаттамасын бекітуінің мақсатқа сайлығын айқындау үшін 2004 жыл барысында қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелердің Қазақстанның экономикасына әсері мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу қажет.

Талассыз экологиялық  тиімділігінен басқа, Киото хаттамасын бекіту біздің ел үшін халықаралық  инвестицияларды тарту, басқа елдердің экономикасына активтерді орналастыру  мүмкіндігімен инвестор рөліндегі бірлескен жүзеге асыру жобаларына және «таза даму» процестеріне қатысу, өндірістің энерготиімділігін арттыру үшін жаңа технологияларды қолдану, сыртқы энергетикалық рынокта елдің экономикалық мүдделерін қорғау үшін көміртегі кредиттерін шоғырландыру, қызған газдардың шығарындыларына квоталар сату жөніндегі перспективаларды ашады.

Киото хаттамасын бекіткеннен  кейін нақты жобалар мен іс-шараларды  іске асыруды көздейтін Қазақстан  Республикасында қызған газдардың  шығарындыларын азайту жөніндегі 2015 жылға дейінгі бағдарлама әзірленетін болады.


Информация о работе Экология негізі