Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2014 в 22:20, реферат
Қоршаған ортаға қауып туғызатын көптеген құбылыстар негізінен алғанда адамның өмірін жеңілдетіп, денсаулығын жақсартуға бағытталған жаңалықтар негізінде пайда болған. Әштен тұтанатын қозғағыштар синтетикалық жуғыш заттар, пестицидтер және медициналық препораттар адамның ізгі ниеті тұрғысында қолданылады, бірақ олардың әрекеті үлкен қолайсыздық тудырады. Біз дүкеннен, базардан әдемі целлофанға салынған азық-түлік түрлерін, ойыншықтарды және жақсы иісті пластик флакондарға құйылған сабынсуларды аласыз, біраз уақыт өткеннен соң тамақтан босаған қажетсіз заттарды лақтырасыз, 1миллион халқы бар қаладан шығатын қоқысты төгу үшін жылына 40 га жер керек екен.
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
3. Қоршаған ортаға қауып туғызатын көптеген құбылыстар.
4. Адамның қоршаған ортаға әсер.
5. Қорытынды.
Жоспар:
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
3. Қоршаған ортаға
қауып туғызатын көптеген
4. Адамның қоршаған ортаға әсер.
5. Қорытынды.
2030 жылғы Қазақстан ауасы таза, суы мөлдір, жасыл желекті елге айналуға тиіс.
Нұрсұлтан Назарбаев
Нағыз тұрмыстық қалдықтар.
Қоршаған ортаға қауып туғызатын көптеген құбылыстар негізінен алғанда адамның өмірін жеңілдетіп, денсаулығын жақсартуға бағытталған жаңалықтар негізінде пайда болған. Әштен тұтанатын қозғағыштар синтетикалық жуғыш заттар, пестицидтер және медициналық препораттар адамның ізгі ниеті тұрғысында қолданылады, бірақ олардың әрекеті үлкен қолайсыздық тудырады.
Біз дүкеннен, базардан әдемі целлофанға салынған азық-түлік түрлерін, ойыншықтарды және жақсы иісті пластик флакондарға құйылған сабынсуларды аласыз, біраз уақыт өткеннен соң тамақтан босаған қажетсіз заттарды лақтырасыз, 1миллион халқы бар қаладан шығатын қоқысты төгу үшін жылына 40 га жер керек екен.
- Өңделген қалдықты 2-ші рет қолданар алдында оны сорттау керек .Қоқысты сорттайтын техника жоқ , ал адамдар баяу жұмыс істейді және денсаулыққа зиян .
Сол үшін қоқысты лақтырған кездің өзінде сорттау керек . Яғни әр адам қағазға , пластмассаға, тағам қалдықтарына бөлек қоқыс жәшіктерін арнау керек . Мысалы өзіміздің қалаларымызды алсақ қаланың шетіндегі күресіндер үлкен аумақты алып жатыр .Күресінде жатқан улы заттар жер асты ішуге арналған суға сіңіп , далалы жерде желмен ұшып қоршаған ортаға зиян келтіреді .Кейбір пайдалы жақтары құрылыс қоқыстары мен шұңқыр және т.б. жерлерді тегістейді . Қоқысты өртеу –бұл оңай іс емес . Барлық қоқыс бірден жанбайды. Қоқыстың толық жанбауы көп мөлшерде қауіпті органикалық қосылыстардың бөлінуіне алып келеді . Сондықтан әр адам жеке бас тазалығынан бастап туған табиғат тазалығын сақтау керек .
Өнеркәсіп
Адамның өміріне, тіршілігіне қоршаған орта әр уақытта да әсер етіп отырады. Осы қоршаған ортаны қорғау, жақсарту, оның табиғи байлықтарын тиімді пайдалану қазіргі кездегі ең маңызды мәселелердің бірі. Осы мәселелерді шешу жыл сайын қиындай түсуде. Себебі қалалардың, өнеркәсіптің өсуі, электр қуатының қарқынды көтерілуі, ауыл шаруашылығын индустриализациялау мен химияландыру, химия өнеркәсібінің дамуы қоршаған ортаға өз әсерін тигізуде.
Адамның қоршаған ортаға
әсері табиғаттағы тепе-
Ауыл шаруашылығында жыл сайын 400 мың км топырақ өңделіп 320 млн тоннадай әр түрлі тыңайтқыштар, 5 млн-ға жуық улы химикаттар қолданылады.
Өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор мөлшерде әр түрлі газ және оларға қоса өте майда бөлшектен тұратын қоспаларды шығарып жатады. Олар ауамен бірге адам мен жануарлардың денесіне сіңеді және топырақ бетіне шөгеді. Кейде оларды жел мыңдаған шақырым жерге айдап апарады. Ауаның әр түрлі жолмен ластануы атмосферада бірте-бірте түпкілікті өзгерістер тудырады. Мысалы қалардың үстін 1500-2500метр биіктік шамасында әр түрлі газдармен ұсақ бөлшектерден тұратын қара қошқыл шаң басып тұрады. Осы себептен қалаға күн сәулесінің өтуі тым нашарлайды. Ғалымдардың зерттеуі бойынша жаз кезінде жарықтың күші 20% дейін, қыста 50 %-ға дейін кемиді. Сонымен қатар, күн сәулесінің спектрлік құрамы өзгереді. Қала үстіндегі түтін мен шаң, әсіресе организмдерге ең пайдалы ультракүлгін жарықты тұтып қалады.
Өнеркәсіп орындары қала атмосферасын әр түрлі газдармен және ұсақ қалқып жүретін майда шаңдармен де ластайды. Әсіресе миллиондаған тонна көмір мен мұнайдың жануы негізінде пайда болатын көмір қышқыл газдың көлемі аса үлкен. Халықаралық зерттеулер бойынша бұл газдың көлемі жылына 0,2 % -ға өседі.
Автокөліктер ауаны қорғасын буымен және резина үгінділерімен ластайды. Қала көшелерінің әрбір шаршы метріне 2,5-3,0 грамға дейін қорғасын шөгеді. Әр машина жыл сайын 10 кг резина үгінділерін шашады.
3) Жиырмасыншы ғасырдың ортасынан бастап ғылым мен техниканың жедел дамуына байланысты, яғни ауыл шаруашылығын химикаттау, көліктердің көбеюі, өндіріс орындарымен фабрикалардың экологиялық нормаларды сақтамай жұмыс істеулерінің салдарынан қоршаған ортаның адам баласына, жалпы тірі организмдерге жағымсыз әсерлері арта бастады.
Заттардағы агенттердің концентрациясы:
Концентрация мг/м3 |
Топырақта |
Өсетін тамақ азығында | ||
Заттар |
Дақылдар |
Нан |
Жемістер | |
Сынап |
2,1 |
0,03 |
0,02 |
0,05 |
Мышьяк |
2,0 |
0,2 |
0,2 |
0,2 |
Қорғасын |
32,0 |
0,3 |
0,3 |
0,3 |
Сурьма |
4,5 |
0,1 |
0,1 |
0,3 |
Мыс |
3,0 |
10 |
10 |
5 |
Мырыш |
23 |
50 |
50 |
10 |
Никель |
4 |
0,5 |
0,5 |
0,5 |
Хром |
6 |
0,2 |
0,2 |
0,2 |
Ауыр өндірістер жұмыс істеген кезде бөлініп шығатын жоғарғы токсикалық қоспалар, радиостанциялар мен телеорталықтарда қолданылатын электромагниттік өрістер, ортаны ластайтын жаңа биологиялық агенттер адамзаттың денсаулығына өте қауіпті, бұрын белгісіз болған жаңа факторларды туғыза бастады. Осы аталған проблемаларды шешу үшін, мамандардың даярлануы қажет. Жоғарғы оқу орындарында мұнай газ, табиғатты үйлестіру, химия, биология, қоршаған ортаны қорғау т.с.с. мамандықтар бойынша мамандар даярлануда. Физика пәнінен осы мамандықтардағы білімгерлерге дәріс берген кезде, оның бөлімдеріне сәйкес экологиялық проблемаларға көңіл бөлінуі қажет. Болашақ мамандар ауада, сауда топырақты өсетін тамақ азықтарында жиі кездесетін заттардың концентрацияларының нормативтерін жақсы білулері керек. Егер жоғарыда келтірілген заттардың құрамында кездесетін агенттердің концентрациясы Химиялық өндіріс орындары қоршаған ортаны ластаудың қуатты көзі болып табылады. Мысалы 1950 жылы бүкіл әлемде шығарылатын органикалық заттардың мөлшері 7 миллион тонна болса, 1970жылы 63 миллион тонна, ал 1985 жылы 250 миллион тоннаға жетті.Атмосфераның ластануына байланысты әлемнің әртүрлі елдерінде рак аурулары, бала түсіктері, ісік аурулары көбейіп кетті.
4) Өнеркәсіп қалдықтары көлемі мен зияндылығы жөнінен өте күрделі әрі қауіпті болып келеді. Олар су, дала, орман, т.б. кешендерді ластап, қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Бұдан бүкіл тіршілік атаулы зиян шегіп, адамдар ауруға шалдығуы мүмкін. Көбіне металл қалдықтары балқытылып, қайтадан пайдаланылса, пластмассадан жасалған бұйымдарды жоюға тура келеді.Қалдықтардың көбін құрылыс материалдарын шығаруға, шикізат өндіруге жұмсайды. Ал кей біреулерінен кәдімгі тыңайтқыштар алынады. Органикалық қалдықтар құрамында қоректік элементтер: азот, фосфор, кальций, магний, калий көп болады.
5) Қазір Ұлыбритания, АҚШ, Жапония, Швеция, т.б. елдерде қалдықты өңдеудің жетілдірілген технологиясы қолданылады. Өндіріс және тұрмыс қалдықтарын залалсыздандыру – халықаралық проблема. Ең бастысы – зиянды заттарды пайдалы заттарға айналдыру. Ол үшін үлкен қалаларда қалдықтарды өңдейтін зауыттар салынуы керек. Алғашқы осындай зауыт 1981 жылы ГФР – де ашылған. Оның қуаттылығы сонша, тәулігіне 300т., ал жылына 75 мың т қалдық өңдейді.
6) Экологиялық кодекстің талаптарына сәйкес, облыстағы жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қалдықтармен жұмыс жүргізген кезде экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге тиіс. Алайда бұл орындалмайтын болды. Қалдықтар қараусыздықтан да бүлініп, айналаға орны толмас зиян келтіруде. Қалдықтарды қайта өңдеу және уақытында жою жағдайына келсек, жаға ұстайтындай. Мәселен, 2006-2007 жылдары жыл сайын барлық қалдықтардың 3℅ ғана кәдеге жаратылса немесе жойылса, биылғысы бұған да жетпейтін сыңайлы.
7) Ірі қалаларда халық санының артуы тұрмыстық – коммуналдық құрылыстар мен өнеркәсіп орындарын, зауыт, фабрикаларды салу қажеттігін тудырады. Осыған байланысты мұндай қалаларда техникалық және ақаба сулар көптеп жинақталуда. Қазақстанда жыл сайын шығарылатын ақаба судың мөлшері, шамамен, 6 млрд м³ деп есептеледі. Қазіргі кезде тұрмыстық ақаба суларды залалсыздандыру үлкен мәселе туғызып отыр. Осындай қаланың бірі – оңтүстік астана атанған Алматы қаласы.
Қаладағы өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор мөлшерде әр түрлі газ және оларға қоса өте майда бөлшектен тұратын қоспаларды шығарып жатады. Олар ауамен бірге адам мен жануардың денесіне сіңеді және топырақ бетіне шөгеді. Кейде оларды жел мыңдаған шақырым жерге айдап апарады.
8) Су бар жерде өмір бар, тіршілік дүниесі бар, мәуелі бау-бақша, орман-тоғай, бітік шыққан егін, көкорай шағын шөп, төрт түлік мал, алып су электр станциясы бар; су бар жерде шөлді — шөлейтті далалар тіріліп, айнала әсем күйге айналады. Міне, сондықтан халқымыз « сулы жер, нулы жер ,» — деп бекер айтпаған.
Ішуге қолданылатын су денсаулыққа зиян тигізетін заттардан таза болуға тиіс. Оның сапасы әртүрлі қалдықтармен ластанып, ластанбағанымен ауру жұқтыратын микробтардың бар жоқтығымен, бөтен иісі мен дәмінің болуымен анықталады. Суда араласып жүрген заттардан тұндыру немесе сүзу арқылы құтылуға болады. Ал оның құрамындағы еріген тұздардан құтылу үшін буландырады. Ондай суды айдалған су дейді. Қала халқына өзен, көл арқылы берілетін және басқа да тұщы сулар алдын ала тазартудан өтеді. Пайдалануға берілетін сулар қалалық су тазарту станцияларында күкірт қышқыл алюминий тұзы қосылып, алғаш ірі жүзгіндерден тазартылады. Одан әрі бөлшектерді өзіне қосып алып тұнбаға айналатын алюминий гидро тотығы түзіледі. Тұндырылған су қалың құм қабатынан өткізіліп, сүзіледі. Бұл жерде ол құрамындағы микроорганизмдерін жоятын заттармен өңделеді. Оған хлор, озон пайдаланылады да су құбырларына жіберіледі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Информация о работе 2030 жылғы Қазақстан ауасы таза, суы мөлдір, жасыл желекті елге айналуға тиіс