Ұлттық Банктің класикалық қызметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2012 в 20:13, реферат

Краткое описание

Ұлттық Банк мынадай классикалық қызметтерді атқарады:
ақшаны эмиссиялау, яғни айналысқа қажетті мөлшерде банкноталар мен монеталарды шығару;
мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу;
несие беру;
депозит қабылдау;
төлем жүйесін ұйымдастыру;
валюталық реттеу және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
төлем балансын құрастыру.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ұлттық Банк мынадай классикалық қызметтерді атқарады.doc

— 74.00 Кб (Скачать документ)

Ұлттық  Банк мынадай классикалық қызметтерді  атқарады:

  • ақшаны эмиссиялау, яғни айналысқа қажетті мөлшерде банкноталар мен монеталарды шығару;
  • мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу;
  • несие беру;
  • депозит қабылдау;
  • төлем жүйесін ұйымдастыру;
  • валюталық реттеу және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
  • төлем балансын құрастыру.

1)Ақша Эмиссисы тек ақша белгілерін басып шығару ғана емес‚ сонымен бірге айналыстағы нақты және қолда жоқ ақшаның санын көбейту деген сөз. Мемлекет аумағында қолма-қол ақша белгілерін айналысқа шығару және оны айналыстан алу жөніндегі айрықша құқық Ұлттық банкке тиесілі. Оған қолма-қол ақшаға жеткілікті қажеттілікті қамтамасыз ету‚ коммерциялық банктерде қолма-қол ақшамен жұмыс істеу тәртібін белгілеу міндеті жүктелген. Ұлттық банкке сондай-ақ банктердің және басқа несие мекемелерінің депозиттік және несие операцияларын бақылау жолымен қолма-қол ақшасыз (несиелік) Эмиссия ны реттеу де тапсырылған.

   Эмиссия мынадай  түрлерге де бөлінеді:

  • қазынашылық Эмиссия – қазынашылық немесе басқа да мемлекеттік қаржы органдарының айналысқа қағаз ақша шығаруы;
  • айырбасталымды Эмиссия – мерзімі өтіп бара жатқан қарызды алмастыру үшін облигациялар шығару немесе айырбасталымды облигацияларды айырбастау үшін акциялар шығару;
  • шектелімді Эмиссия – белгілі бір шектермен немесе шарттармен шектелетін несие билеттерін немесе қағаз ақша шығару; фидуциарлық Эмиссия – алтынмен қамтамасыз етілмеген ақша Эмиссиясы.

2) Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемiн, сыйақы мөлшерлемесiн өзгертуге, жалпы банк жүйесiнiң қызметiн реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегi субъектiсi – Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының  Ұлттық банк тарапынан реттеу объектiлерiне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.

Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екi түрi бар:

  • рекстрикциялық ақша-несие саясаты;
  • экспанциялық ақша-несие саясаты. 

Рекстрикциялық  ақша-несие саясаты -  екiншi деңгейлi банктердiң несиелiк операциялар көлемiн шектеуге және қатаң шарт белгiлеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесiнiң деңгейiн арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Экспанциялық  ақша-несие саясаты – несие беру көлемiн кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуiне бақылаудың әлсiздiгiмен және сыйақы мөлшерлемесiнiң төмендеуiне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенiң тұрақтылығын қамтамасыз ету.  

3) ұлттық банк несиелері – аукциондық, ломбардтық, бюджеттік несиелер;

  • Аукцион — көпшілік алдында кім артық төлем ұсынса, бұйым және т.б. зат соған сатылатын бәсекелес, жария сауда. Бұл латынның auctіo, яғни бәсеке сауда деген сөзінен шыққан. Аукцион тұрақты не уақытша белгіленген орында, алдын ала хабарланған уақытта аукциондық сауда кезінде бұйым көрмеге қойылады.
  • Ломбард — жеке тұлғаларға жылжымалы мүлік кепілдігімен қысқа мерзімді қарыз беретін мекеме. Ломбард кепілге салынған заттарды бағасының толық сомасында сақтандыруға міндетті. Ұлттық банктің лицензиясы негізінде мына операцияларды жасауға: сақтауға беру, оңай өткізілетін құнды қағаздар мен жылжымалы мүліктер кепілдігі арқылы қысқа мерзімді кредиттер беру; кепілге, есепке, қымбат металдардан жасалған монеталарды сақтауға және сатуға қабылдау мен сатып алу; сейфтік операциялар; меншік құқығын сақтай отырып мүлікті жалға өткізу; заңнама және т.б. талаптарына сәйкес кепілге алынған мүліктерді сатуға құқықты болып саналатын банк болып табылмайтын заңды тұлға.
  • Бюджет (ағыл. budget – қоржын) – орталықтандырылған ақша қорының құралу көздері мен жұмсалу бағыттарын сипаттайтын экономикалық категория, ақшалай кіріс пен шығыстың балансы. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (жою) көздеріне мемлекеттік құнды қағаздарды сатудан түскен табыстар, ішкі және сыртқы капитал нарығынан алынған қарыздар, Ұлттық банктің кредиттері жатады.

     Қазақстан Ұлттық банкінде несие сапасына қарай стандарттық, бейстандарттық, қанағаттанғысыз, күмәнді және зиян келтіруші несие деп бөлінеді.

4)Депозит қабылдау

      Аманат ақша  — жеке және заңды тұлғалардың белгілі бір мерзімге банктерге сақтауға тапсырған ақшалай қаражаттары. Аманат ақшаның талап етіп алатын, шартты, мерзімді, ұтысты және ағымдағы шотқа салынатын түрлері қабылданады.      Аманат ақшаға салу мерзіміне, түріне қарай әртүрлі өсім мөлшері белгіленеді. Аманат ақша салушының аты-жөні, салған ақшасының мөлшері құпия сақталады, оған банктер кепілдік береді. Аманат ақшаны иесіне беруге шек қою немесе келісімнен тыс операциялар жасау тек соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады. Аманат ақшаның иесі өз қаражатын өсиетпен қалдыра алады. Аманат ақша ақша ауысқан кезде немесе ақшаның құнсыздануы кезінде индексатталынады.

5) Төлем жүйесі

     1995 жылы Ұлттық Банктің негізінде Қазақстандағы тұңғыш Алматы клиринг палатасы (АКП) ұйымдастырылды, ол көпжақты өзара есептесу әдісі бойынша жұмыс істеді. Түпкілікті есеп айырысулар әрбір қатысушының таза позициясы бойынша операциялық күннің аяғында бір рет жүргізілді. Осы жүйенің негізгі кемшілігі қатысушы банктерге осы күннің аяғында қағаз тасымалдауыштардағы төлем тапсырмаларымен алмасу жүргізуге тура келетін еді. Бұған «электрондық төлем тапсырмасы» деген нормативтік бекітілген ұғымның және төлемдерді электрондық тәсілмен жүзеге асыруға мүмкіндіктің болмауы себепші болды.

     Қазақстан Республикасының төлем жүйесін дамыту және жетілдіру мақсатында Ұлттық Банктің облыстық филиалдарының жанында аймақтық клиринг палаталары құрылды, олар аймақішілік төлемдердің банкаралық клирингін жүзеге асырды. Осы кезеңде барлығы 19 клиринг палатасы болды.

     Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының аумағында екі ұлттық жүйе жұмыс істейді:  Банкаралық ақша аударымдары жүйесі  (БААЖ) және  Банкаралық клиринг жүйесі (БКЖ).

 

6) Валюталық реттеу

     Елдің  төлемдік балансын нығайтуды,  ұлттық валютаның тұрақтылығын, ішкі валюталық рыноктың дамуын және оны қадағалап, бақылауды қамтамасыз ету мақсатында валюталық операцияларды өткізу тәртібін тұрақтандыру бойынша өкілеттелген мемлекеттік органдардың (валюталық реттеу органдары) қызметі.

    Валюталық  реттеудің мақсаттары мен міндеттері

Валюталық, реттеудің мақсаты  тұрақты экономикалық өсуге қол  жеткізу және экономикалық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің  саясатына жәрдемдесу болып табылады.

   Валюталық реттеудің міндеттері:

  • Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтардың айналысының тәртібін белгілеу;
  • Казақстан Республикасының дүниежүзілік экономикаға одан әрі кірігуі үшін жағдайлар жасау;
  • Валюталық операциялар мен капитал легі жөніндегі ақпараттық базаны қамтамасыз ету болып табылады.

7) төлем балансы — белгілі уақыт ішіндегі валюта түсімі мен төлем қабілетінің арақатынасы. Мемлекеттің жан-жақты сыртқы экономика байланысын айқындайды. Төлем балансы күнделікті қарапайым операциялардан, капиталдар мен несиелердің қозғалыс Баланстарынан тұрады. Ағымдағы күнделікті төлем балансына: сауда балансы, шетке шығарылған тауар мен әкелінген тауар құнының арақатынасы, көрсетілген қызметке төленген және одан түскен қаржылар, шет ел туризмі есептері, саудадан тыс төлемдер мен түсімдер (жеке акция аудару, зейнетақы, сыйлықтар, шет елде елшілік ұстау қаражаты, шет елге орналасқан қарулы күш қаражаты, т.б.), шетелдік акция қаражатын жұмсауға байланысты кіріс пен төлемдер жатады;


Информация о работе Ұлттық Банктің класикалық қызметтері