Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 09:48, реферат
Коммерциялық банктер - жеке клиенттердің (ағымдағы есепті жүргізу, коммерциялық несиелерді ұсыну және т.б.) салымдары түрінде тартылған негізгі түрде ақша капиталдары мен сақталған ақша есебінен барлық саладағы кәсіпорындар үшін әмбебап банкілік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік мекемелер; кредиттік жүйенін негізгі звеносы
Банк секторының тұрақтылығының
өзгермелі кәрсеткіштеріне жоға
Несиелер бойынша залалдарға құрылған провизиялардың берілген несиелердің жалпы сомасына қатысты үлесі 2000 жылы 4,5%-ды құраса, ал 2007 жылы 5%-ға дейін ескен, ал олардың жіктелген (күмәнді жене үмітсіз) несиелердің жалпы сомасы 2000 жылы 19,5%-ды құраса, ол керсеткіш 2007 жылы 9,2%-ға дейін төмендеген. Банк жүйесі бойынша капиталдың жеткіліктілік коэффициентінің (к2) мәні (нормативтік мөні 0,12) 2000 жылы — 25,7-ден 2007 жылы 14,4-ке дейін азайған, оның себебі банктер активтерінің өсуіне капиталдың өсуін тек қана пруденциалдық норматив деңгейінде қолдауымен сипатталады. Банк жүйесі бойынша ағымдағы өтімділік коэффициентінің (к4) мәні (нормативтік мәні 0,3) 2000 жылы — 1,0-ден 2007 жылы 1,6-ғадейін артқандығы байқалады.
Банк жүйесінің жай-күйі квбінесе банктердің меншікті капиталының көлеміне байланысты. Оғаны қатысты іс жүзінде әлемнің көпшілік елдерінде барлық пруденциялық нормативтер есептелінеді.
Біздің ел сияқты дамушы елдердін банк жүйесінің өзіндік ерекшеліктері, ондағы банктердің капиталдану деңгейінің төмендігімен сипатталады. Бұл мәселені Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев соңғы үш жылдағы қаржыгерлердің конгресінде көтерді. Жасыратыны жоқ біздің отандық банктеріміздің капиталы өте төменгі жағдайда.
Көрсеткіштер |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
! 2004 |
2005 |
2006 |
2007 |
Жиынтык меншікті капитал, млрд тенге, о.і.: |
97,6 |
122,1 |
161,2 |
223,5 |
346,8 |
587,2 |
1168,6 |
1781,8 |
1-деңгейлі капитал, млрд теңге |
68,9 |
90,7 |
110,6 |
153,3 |
229,1 |
368,4 |
816,5 |
1 283,7 |
2-деңгейлі капитал, млрд теңге |
32,7 |
35,4 |
55,7 |
87,9 |
128,4 |
218,7 |
385,4 |
560,9 |
3-декгейлі капитал, млрд теңге |
1,5 |
1,5 | ||||||
I деңгейлі капиталдың
барлық активтер сомасына |
0,11 |
0,11 |
0,9 |
0,11 |
0,08 |
0,08 |
0,09 |
0,11 |
Меншікті капиталдың тәуекел дәрежесіне қарай
топтасқан |
0,26 |
0,19 |
0,18 |
0,17 |
0,17 |
0,16 |
0,15 |
0,14 |
Кестеден керіп отырғанымыздай банктеріміздің меншікті капиталы соңғы жылдары онша қатты өспеген. 2008 жылдың 1 қаңтар айына капиталдың мөлшері 1 781,8 млрд. теңгені немесе 14,8 млрд АҚШ долларын құрайды. Мұны салыстырмалы түрде қарасақ АҚШ-тағы банк капиталының ЖІО-ге қатысты шамасынан 10 есе немесе Шығыс Еуропа елдерінен 35 есе, ал Германиядан 25 есе кіші болып келеді.
Егерде әлемдегі үш ірі банктің жиынтық капиталы 145 млрд. АҚШ долларын құраса, онда оның мөлшері біздің отандық банктеріміздің капиталынан шамамен 10 есе үлкен болып келеді.
Банктер капиталының төмеңдігінің, біздің ойымызша мынадай себептері орын алуда, атап айтсақ соңғы жылдары пруденциялдық нормативтер қатарындағы жарғылық капиталдың ең төмегі мөлшерінің 2 млрд теңгеден 1,5 млрд теңгеге дейін төмендетілуі, банктердің ағымдағы пайдасын капиталды өсіруге жұмсағаннан гөрі, оның құрылтайшылары арасында белінуі, бағалы қағаз нарығының дамымауы, яғни банктердің қосымша акцияларды эмиссиялау және оларды орналастыру мүмкіндігінің шектеулігі және т.с.с.
Бүгінгі банктеріміздің меншікті капиталын ұлғайту көзі ретінде тек қана акцияларды шығару амалы қалуда. Бір айта кететіні, кейбір ірі банктеріміз өздерінің акцияларын депозитарлық қолхат арқылы шетел нарығына орналастырып отырғаны да жасырын емес. Бұл шаралар аталған банкке қатысты Қазақстан Республикасының Қаржылық қадағалау агенітігі тарапынан күмән туғызуы мүмкін.
ЖІӨ-ге қатысты банк активтері мен капиталының шамасы, %
Банк активерінің ЖІӨ-ге қатынасы 2000 жылдың 20,3% құраса, 2007 жылы оның көлемі 87,7% мөлшеріне дейін ескендігін көреміз. Банк активтері өскен сайын банктің капиталы да сәйкесінше өсуге тиіс. Әрине активтердін, ЖІӨ-ге қатысты мөлшері 4 есеге артқан.
Меншікті капиталдың ЖІӨ-ге қатынасы 2000 жылдың 3,7% құраса, 2007 жылы оның келемі 13,4% мелшеріне дейін 3 есеге өскен.
Бұл жерде активтерге қарағанда меншікті капитал көлемінің баяу өскендігі байкалады. Оған себеп, меншікті капитал өсуіндегі қиындықтардың орын алуы. Атап айтсақ, банктердің негізгі бөлігі акционерлік банктер, яғни олардың акцияларын шығарып орналастыруда бағалы қағаздар нарығының тиісті деңгейде дами алмай отыру себеп болуда.
Банк ресурстарының өсуі банк активтерінің, соның ішінде табысты активтерінің артуына септігін тигізді. Экономикадағы қаржылық қажеттілікті қанағаттандыру үшін банктер қаражат тартуға тиіс. Банктердің жиынтық активтеріне қатысты олардың міндетгемелері де өсіп отыр. Банктердің экономикаға қызмет етуін қамтамасыз ететін ресурстарға банктің тартылған қаражаттары жатады.
Банктің тартылған қаражаттары
да банк активтерімен қатар өсуде. Бұл
жерде банктің тартылған
Қазақстандық банк жүйесіне қатысты халықтын, сенімінің артуын соңғы жылдардағы банктердегі депозиттер көлемінің артуынан байқауға болады. Соңғы 8 жыл ішінде банктердің депозиттері 12 есе артып, нәтижесінде 2007 жылы 3480,7 млрд теңгені құрады. Ал депозиттердің ЖІО-ге қатынасы 2000 жылы 11,3% және 2006 жылы 39,1%-ға дейін өскен.
Тартылғын қаражаттар құрылымындағы депозиттердің өсуіне сондай-ақ 2001 жылы Қазақстан Республикасында жүргізілген рақымшылық шаралары да ықпал етті. Соның нәтижесінде заңсыз экономикалық айналымнан 480 млн АҚШ долларында азаматтардың арнайы шотына салынып, олардың 55 пайызы әртүрлі депозиттерге орналастырылды.
Қазақстандык банктер
қазіргі кезде халықаралық
Заемдық капиталының сыртқы нарықтарында банктердің белсенділік көрсетуі банк секторының ел тәуекеліне ұшырау қаупін күшейтіп жіберді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Қаржылық қадағалау агентгігі меншікті капиталдын, жеткіліктілігі есебін, оның ішінде ел тәуекелін ескеруді көздейтін екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есебінің әдістемесі мен нормативтік мәні туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Атап айтканда, бейрезиденттің кредиттік рейтингіне қатысты банктің кредиттік тәуекел есебін кездейтін резидент емес ұйымдарға қатысты мейлінше жоғары талаптар енгізілді.
Сонымен қатар «Standard & Poor's» агентгігінің «ВВ-» төмен борыштық рейтингі бар немесе тиісті рейтинпік бағасы болмаған резидент еместерге қойылатын талаптар 100% орнына 150% бойынша сараланады.
Керсеткіштер |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
2006 |
2007 |
Таза пайда млрд теңге |
7,1 |
7,4 |
20,6 |
30,1 |
34,9 |
53,1 |
127,5 |
266 |
ROA, % |
1,3 |
0,9 |
1,8 |
1,8 |
1,2 |
1,8 |
1,4 |
2,3 |
ROE, % |
7,3 |
6,1 |
12,8 |
13,5 |
9,2 |
14,1 |
14,6 |
18,6 |
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері ҚҰБ-нің лицензиясы негізінде қызмет етеді.
Лицензияның өзіндік
стандартты нысаны бар және онда коммерциялық
банктердің айналысатын қызмет түрі
жазылады. Қазақстандағы берілетін
лицензияның дамыған
Қазақстан Республикасындағы банк кызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын белгілемейді, мысалға, инвестициялық, ипотекалық қызметтерді жүзеге асырады және т.б. Қазақстандық банктер бағалы кағаздар нарығында да тікелей қатысуға толық құқылы.
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа валюталық операцияларды жүргізу үшін арнайы лицензия алады. Мұндай лицензия оларға өз қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті саналатын банктер қатарымен корреспонденттік 0атынастар орнатуға, сондай-ақ дамыған шетелдерде өз филиалдары мен өкілеттігін ашуға құқық береді.
Сонымен қатар, екінші деңгейдегі банктер бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия алады. 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:
Аталған заңға сәйкес, банкті занды және жеке тұлға ашуға құкылы.
Бірінші кезеңде, банк ашушы банк ашуға рұқсат алу өтінішін береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:
Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай әрі кеткенде алты ай мерзімі ішінде өкілетті органда қаралады.
Екінші кезеңде жаңадан құралатын банк ҚҰБ рұқсат берген күннен бастап, бір ай ішінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде банк мемлекеттік тіркеуге алынады. Оған, Қаржылық кадағалау агентгігінің банк ашуға берген рүқсатын және оның келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады.
Үшінші кезеңде банктік операцияларын жүзеге асыру үшін Қаржылық қадағалау агенттігінен лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден еткен күннен бастап, бір жылғадейін мыналарды орындауға тиіс:
Лицензия алуға өтінішпен бірге жоғарьща аталған талаптарды орындағандығын растайтын құжатгы беруге тиіс. Өтінішті берген уақыттан бастап, бір ай ішінде ҚҰБ қарайды. Лицензияның мерзімі шектелмейді және онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі.
Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Оларға мыналар жатады:
Осы аталған қызмет түрлеріне ҚҰБ-нен жекелеген және кешенді (бірнеше қызметке) лицензиялар беріледі.
Сонымен катар, Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады.
Банктің филиалы — филиал туралы ережеде немесе лицензияда көрсетілетін банктік операцияларды жүзеге асыруға кұқылы және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, занды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме.
Заңға сәйкес, банктер өздерінің филиалын ашу үшін ҚҰБ-нің келісімін алуға тиіс. Ол үшін мынадай кұжаттарды тапсырады:
Шетелдік банктердің Қазақстан Республикасы аумағында филиалдарын ашуға заңмен тыйым салынады..