Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2014 в 21:26, лекция
Еңбек — адамға өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл заттар жиынтығын жасайтын адам әрекетінің негізгі формасы. Еңбек адамның өзінің қалыптасуында, оның сана, сөйлеу тәрізді қатынасқа қабілетті ететін қасиеттерін қалыптастыратын шешуші күш. Адам еңбек арқылы табиғатқа әсер етеді. Еңбектің техникалық жарақтану дәрежесі, оның дағдысын, әдетін, еңбек сүйгіштікті қалыптастыру жеке тұлғаның дамуында ерекше маңызды. Еңбектің әлеуметтік сипаты, оның тарихи даму сатылары еңбек процесінде адамдар арасында орнығатын және еңбек өнімдері мен түрлерін таратуға әсер ете отырып, қоғамдағы әлеуметтік қатынастар жүйесінің негізі болып табылатын өндірістік қатынастар ерекшелігіне байланысты.
Еңбек — адамға өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл заттар жиынтығын жасайтын адам әрекетінің негізгі формасы. Еңбек адамның өзінің қалыптасуында, оның сана, сөйлеу тәрізді қатынасқа қабілетті ететін қасиеттерін қалыптастыратын шешуші күш. Адам еңбек арқылы табиғатқа әсер етеді. Еңбектің техникалық жарақтану дәрежесі, оның дағдысын, әдетін, еңбек сүйгіштікті қалыптастыру жеке тұлғаның дамуында ерекше маңызды. Еңбектің әлеуметтік сипаты, оның тарихи даму сатылары еңбек процесінде адамдар арасында орнығатын және еңбек өнімдері мен түрлерін таратуға әсер ете отырып, қоғамдағы әлеуметтік қатынастар жүйесінің негізі болып табылатын өндірістік қатынастар ерекшелігіне байланысты. Адам экологиясы үшін еңбек әрекетіне талдау жасау және әрқилы табиғат және әлеуметтік-экономикалық жағдайлардағы оның әр түрлерінің ерекшеліктерін білудің тұрғындардың өмір сүру жағдайын бағалауда маңызы зор, өйткені еңбек демалыс және түрмыспен катар адамның өмір сүруіндегі негізгі элемент болып есептеледі.
Еңбек өнімі — материалдық-заттық (материалдық өнім), рухани ақпараттық (ақыл-ой еңбегінің өнімі) формадағы не орындалған жұмыс пен атқарған қызмет түріндегі адам еңбегінің, шаруашылық әрекеттің нәтижесі. Өндіріс процесі кезінде белгілі бір мұқтаждыққа байланысты өңдеуден өткен еңбек заттары өз формасын өзгертіп, еңбек өніміне айналады. Е. ө. өндіріс құрал-жабдығына (қ. Еңбек құрал-жабдығы) және тұтыну заттарына бөлінеді. Өндіріс құрал-жабдықтары (машиналар, металл, отын т.б.) өндірісте тұтынылады, ал тұтыну заттары (тамақ өнімі, киім, т.б.) жеке тұтынуға жатады. Е. ө. тауар өндірісі жағдайында рынокқа арнап сату үшін өндіріледі.
Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осында құратын элементтерге жұмысшы күшін иемденетін адамдар жатады. Бұларға психофизиялогиялық, әлуметтік, мәдени, діни, саяси және т.б. адамдық қасиеттер тән болады. Осы ерекшеліктер адамдардың мүдделеріне, мотивацияларына, еңбекке белсенділік дәрежесіне елеулі әсер етеді және еңбек нарығына, оның болмысына ықпал етеді. Өндірістік ресурстардың барлық түрлерінен еңбектің басты айырмашылығы еңбек адамның тіршілік әрекеттерінің формасы, оның өмірлік мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы. Еңбектің бағасы-ресурс бағасының жабайы бір түрі ғана емес, ол тірішілік дәрежесінің, әлуметтік мәртебенің, жұмыскердің, және оның отбасының аман-есендігінің бағасы, құны болып табылады. Сондықтан еңбек нарығы категориясын зерттеп талдағанда «адамгершілік» элементтер барын, олардың көлеңкесінде жанды жаны бар адамдар бар екенін естен шығармау қажет.
Еңбек нарығы-бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы бұлардың тепе-теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне етуімен белгіленеді. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарықтың агенттері,-еңбек нарығында өзара қатнаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта немесе болмыс болып табылады. Еңбек нарығы жұмыс беруші және жұмыскерлердің әрекетімен сәйкес қоғамдық қатынастардың жүйесін ұсынады. Еңбек нарығы түсінігіне әртүрлі анықтама беруге болады, яғни еңбек нарығы бұл:
1) еңбек нарығындағы жұмыс
2) әртүрлі экономикалық және
әлеуметтік қызығушылықтарының
және функциялары
3) оның қызметкерлерінің өзара байланыстары (кәсіпорын позицияларымен).
еңбек нарығының субъектілері: жұмыс беруші және жалданған жұмыс күші.
Еңбек нарығындағы қатынастардың жүйесі 3 негізгі компоненттерден құралады:
- жалданған жұмыскер және жұмыс беруші арасындағы қатынас;
- еңбек нарығының субъектілері және әртүрлі өкілділіктермен арасындағы қатынас (проф.союздер, жұмыс бастылығы қызметтері);
- еңбек нарығы және мемлекет субъектілері арасындағы қатынас.
Еңбек – бұл қоғамның мәдени және материалды құндылығын құру және іске асыруға бағытталған мақсатқа лайықты қызмет. Еңбек қызметі пайда болуының негізгі нысаны болып:
1) адами энергияларының
2) жұмыскерлердің бір бірімен
өндірістік өзара байланыс
Кәсіпорынның өндірістік күші өзімен жұмыс күшінің өзара әрекетін және өндіріс қаражатын ұсынады. Өз кезіндегі өндіріс қаражаты – бұл еңбек затының және еңбек қаражаттарының үйлестігі. Еңбек заттары бұл - еңбек қаражатын қолдану кезіндегі адам әрекеттерінің қорытындылары. Еңбек ресурстары – бұл еңбек әрекеттеріне интеллектуалды және физикалық әдістермен иеленетін халықтың еңбек икемділік бөлігі, икемді материалдық байланыстар немесе қызмет көрсетеді, яғни еңбек ресурстары өзімен еңбек ету әдісін қосады. Шынайы және потенциалдық жұмыскерлерден құралады.
Қазақстанда заңнамаларға сәйкес еңбек етуеге жарамды жас келесіде есептелінеді: 16-63 жастағы ер адамдар, 16-58 жастағы әйел адамдар.