Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2013 в 18:11, реферат
Болон процесі - еуропалық жоғары кәсіби білімде біртүтас жалпы- еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған жаһандану үрдісінің көрінісі. Алғашқы еуропалық университеттің отаны - Болонья қаласының (Италия) қүрметіне аталған Болондық декларациямен (1999 ж.) бекітілген. 2004 жылға дейін Болондық процеске 40 ел мүше болды. Мүше-мемлекеттердің ағымдағы мәселелерін талқылау мақсатында мерзімдік кездесулерді үйымдастыруды көздейді. Болон процесі демократиялық жоғары технологиялық ақпараттық нарықтық қоғам талаптарына сай келетін және жеке бағыттылықты, тандау еркіндігін және өзіндік білім жолын игерумен, білім жинаудың ақпараттық-ізденімпаздық сипатын қалыптастыруды мақсат түтады. Болон процесінің басты мақсаттарының қүрамында еуропалық мәдени қүндылықтарды дамытудағы университеттердің негізгі басты орнын мойындау; жоғары білімді қоғам талаптарына сай бейімдеу қажеттігі; білім орталықтарына қол жеткізу мақсатындағы азаматтардың жүмылуы; түлектердің кәсібін айқындауда түсінуге жеңіл, салыстыруға боларлықтай дәрежелер мен мамандықтар қабылдау; әртүрлі мәдениеттерге, тілдерге, үлттық жүйелерге сыйқүрметпен қарау; университеттік автономияны және академиялық еркіндіктерді дамыту; үздіксіз білім беру; Болон процесі мүшелерінің арасында сенім философиясын орнату жатады. Ресмизаңдық түрғыда Болон процесі Батые Еуропа мен Қазақстанда қалыптасқан кәсіби білім деңгейін біркелкі "бакалавр-магистр" формуласымен теңестіріп, қазақстандық жоғары білім қүжаттарының Еуропада мойындалуына жол ашып, мүмкіндік береді. [1]