Автокөлік несиесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 19:18, доклад

Краткое описание

Автонесиелеуді үш топқа бөлуге болады: жедел несиелер,
классикалық және мамандандырылған. Жедел несиелеу барысында заем беру туралы шешім бірнеше сағат ішінде, заем
алушы туралы аз ақпаратқа сүйене отырып, тікелей автосалонда қабылданады. Бұл ең қарапайым, бірақ әдетте несиелеудің
ең бір қымбат түрі болып табылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Автокөлік несиесі.doc

— 84.00 Кб (Скачать документ)

Автокөлік несиесі

Автонесиелеу көмегімен машина ала отырып, есте ұстау 

қажет ең басты нәрсе  – шешім  қабылдауда асығудың қажеті

жоқ. Банктердің ұсынысына салмақты түрде қарау керек.

Автонесиелеуді үш топқа  бөлуге болады: жедел несиелер,

классикалық және мамандандырылған. Жедел несиелеу ба-

рысында заем беру туралы шешім бірнеше  сағат ішінде, заем

алушы туралы аз ақпаратқа сүйене отырып, тікелей автосалон-

да қабылданады. Бұл ең қарапайым, бірақ әдетте несиелеудің 

ең бір қымбат түрі болып табылады.

 

22 жасқа толғанда мен өз бетіммен ересектердің ермегі

– автокөлік сатып алу туралы шешім қабылдадым. Талай 

түсіме кіріп, тынышымды алған  қып-қызыл Toyota Corolla

үйдің жанындағы салонда әдейі  сатылып тұрғандай.

Келіп, аз құжат көрсеттім де, бірден бәрін рәсімдеп ал-

дым. Машинаның құны 19 мың доллар, ал мендегі ақша

– екі мың. Бастапқы жарнаны төлегенге  жететін сома.

Менің барлық қажетті есептерімді  банк қызметкері

жасап, несиені бес жылға алу  қажет екенін айтты. Осы 

жылдар ішінде ай сайын төрт жүз  доллардан төлеу

туралы аса ойлана қойған жоқ  едім. Ата-анам ылғи

көмектесіп тұрады, машина алғанда  қолымды қақпас?-

деп ойладым мен. Бірақ, ата-анам мені қолдай алмады.

Олардың пікірінше, бұл жағдай маған  жақсы сабақ бола-

тын болды. Қаражат шығынына жауапкершілікпен қарау

керек, ірі нәрсені сатып алу  алдында өзіңнің қаржылық

мүмкіндіктеріңді мұқият бағалау  керек деген беттерінен

Қарызға өмір сүру

қайтпады. Ересектер бәрін бірнеше  жыл кейінгі өмірін

жоспарлай алар, ал мен ше?  

Машинамды банк бірнеше ай бұрын қарызының орнына

тартып алған. Мен барлық жинаған  ақшамнан, ең жама-

ны ата-анамның қолдауынан айырылып қалдым.

 

Классикалық автонесиелеуде заем алушының төлем

қабілеттілігін растайтын құжаттардың  толық жинағы мұқият

қарастырылады. Бұл іс ұзақ болғанымен, мұндай несиелер

бойынша тиімді пайыздық мөлшерлеме төменірек болады,

яғни артық төлеу мөлшері  де азырақ болуы тиіс. 

Төмендетілген пайыздық мөлшерлеме бойынша  машина-

ны белгілі бір автокөлік  маркасы бойынша жасалған арнайы

бағдарлама бойынша алуға болады. Сонымен қатар, сауданы

ұлғайтуға мүдделі автодилерлердің  өздері жеңілдіктер, бонус-

тар, сыйлықтар бір сөзбен айтқанда, үнемдеуге мүмкіндік бе-

ретін шаралар жасап отырады. Бірақ, мұндай бағдарламалар 

заем алушының ресми түрде расталған табысының болуын

талап етеді.  Сонымен қатар, мұндай ұсыныстар бойынша 

бастапқы жарна мөлшері автонесиелеудің  басқа түрлеріне 

қарағанда, айтарлықтай жоғары болады. 

Бастапқы жарнасыз несие жоғары пайыздық мөлшерлемені

білдіреді.  Бірақ, балама нұсқа  пайдалануға да болады. Кейбір

банктер заем алушының бір ескі автокөлігінің  құнын  бастапқы

жарна ретінде есептеуге дайын. Бұл trade-in бағдарламалары

болып табылады. Банк арқылы автокөлік  сату оны ылғи

анағұрлым тиімді шарттарда сатуға мүмкіндік бере бермейді.  

Заңнамаға сәйкес, банктер нөлдік пайыздық мөлшерлемесі

бар несие ұсына алмайды. Бірақ  талаптар құқығын қайтадан

беру ісі – факторинг бағдарламасы болады. Яғни, дүкен ше-

герімді рәсімдейді, ал банк автосалоннан борышты сатып 

алады. Факторинг барысында банк көрсеткен сақтандыру

компаниясында автокөлікті сақтандыру міндетті шарт бо-

лып табылады. Автокөліктің құнын  төлеудің мұндай тәсілін 

қолдана отырып, сақтандыру құнын  орташа нарықтық құнын 

да көтеріп алу мүмкін екендігін  де ескерген жөн. Сонымен

қатар, машинаның құнының 35-50% мөлшерінде бастапқы

жарна енгізуге тура келеді.

 

! Зарина Жұмаділова, түрлі өнімдерді  сату блогының 

менеджері, “БТӘ Банкі” АҚ-ның Автонесиелеу Бас-

қармасы:

 

“БТӘ Банкі” АҚ Қазақстандағы  автонесиелеу нарығында 

тарихи тұрғыдан да көшбасшы болып табылады, біздің

деректер бойынша, мысалы бастапқы нарық бойынша 

біз 50% иеленеміз.

Сонымен қатар, сіз 2008 жылы елдегі автокөлік  нарығы

былтырғы жылдың бірінші жартысында байқалған 

қарқынынан айрылғанын толық түсінеміз. Яғни, нарық

көлемі кеміген жағдайда барлық қазақстандық банктер-

дегі несиеге сату көлемі де азаяды.

 

! ҚҰЖАТТАР

Өтінішті алғашқы қарастыруға  жеткілікті құжат-

тар жинағы*:

• Жеке куәліктің түпнұсқасы**

• СТН түпнұсқасы**

• Сіздің еңбек шартыңыздың/контрактының

көшірмесі

• Үй кітабы

АВТОТОНЕСИЕ алу жолындағы Сіздің қадамыңыз:

1. Автокөлікті  таңдау.

2. Банкке  қажетті құжаттарды беру.

3. Банктің  несие беру туралы оң шешімін  алғаннан 

кейін сатушы автосалонға бастапқы жарнаны енгізіп (не-

сиелеу бағдарламасының шарттарына сәйкес), сатушыға

несие беру туралы мәлімдеме хатты  беру, банк комиссия-

сын төлеу керек.

4. Автөліктің өз атыңызға құқық  беретін құжат-

тарын рәсімдеу.

5. Банкке техникалық төлқұжаттың  нотариалды 

түрде расталған көшірмесін, сатушының бастапқы

жарнаны алуы туралы қолхат беру.

6. Кепіл шартына қол қою және  осы шартты Жол 

Полициясының басқармасында тіркеу.

7. Жол Полициясының басқармасы  кепілді тіркеу 

туралы Куәлікті бергеннен кейін  банкке кепіл шартын

қайтару, автокөлікті сақтандыру, банктік заем шарты-

на қол қою қажет.

8. Ақша алып, сатушымен есептесу, автокөлікті алу 

керек.

Қазақстан нарығында ұсталған автокөліктерді сату кең 

танымал. Бірақ қазіргі таңда  мұндай машинаны автоне-

 

*  Қажет болған жағдайда банк  қосымша құжаттарды да сұрата алады.

**  Егер Заем алушы некеде  тұрса неке туралы куәлік, жұбайының  жеке куәлігі мен СТН 

ұсынылады.

Сізге қолайлы болу үшін  Банк несиеңізді өтеу мақсатында Visa немесе MasterCard арнайы

төлем картасын бере алады.

 

 

 

 

 

Автомобиль (коммерциялық, сонымен қатар жеке пайдалану үшін) сатып алуға несие беру

 

Өміріңізге  өзгерістер енгізудің ең тиімді жолы – жаңа автомобиль сатып алу, сонда  өміріңіздің түрлене түсері сөзсіз. ЦентрКредит Банкінің автонесие  бағдарламасымен автокөлік сатып алу бұрынғыдан да жеңілдеді! ЦентрКредит Банкінің автонесиесімен әлемге жаңаша көзқараспен қараңыз!  
 
Банк базардан, сондай-ақ Банктің серіктес автосалондарынан ерекше тиімді талаптармен автокөлік сатып алу үшін несие береді. 
 
Автонесие бағдарламасы әмбебап, ол табысы тұрақты адамдарға ғана емес, өз табысын растауға мүмкіндігі жоқ адамдарға да арналған. 


Қолайлылығы:

  • Сіз өзіңізге қажетті қаражатты бірден аласыз, ал төлемді біртіндеп жасайсыз

 

          - Біз несиені 10 жылға  дейінгі мерзімге бере аламыз.

  • Жеделдік

 

          - Сіздің өтініміңіз 3 жұмыс күні ішінде қарастырылады.

  • Қашықтан қызмет көрсету

 

          - Үйіңізден шықпай-ақ, электрондық өтінім жолдап, несие беру туралы өтінім жасай аласыз.

  • Өз бюджетіңізді жоспарлай аласыз

 

         - Аннуитеттік төлемдер  несие бойынша төлемдерді тең  бөлуге мүмкіндік береді.

  • Сіз қарызды мерзімінен бұрын өтей аласыз

 

        - Несиені қарыз мерзімінің  аяқталуын күтпей-ақ өтеу мүмкіндігі.

 

 

 

 

Несие беру талаптары

Қарыз валютасы

теңге, АҚШ доллары

Қарыз сомасы

Ең үлкен  қарыз сомасы кепіл сипаттамасына  байланысты кепілдің нарықтық құнының 60%-ынан 100%-ына дейінгі мөлшерден  аспайды.

Сыйақы  мөлшерлемесі

Қаржылық  талдаумен – 17%-дан бастап. Қаржылық талдаусыз – 19%-дан бастап.

Бастапқы  жарна

Автокөлік құнының 30%-ынан бастап.

Несие мерзімі

5 жылға  дейін

Табысты растаусыз

7 500 000 теңгеден  немесе 30 000 АҚШ долларынан аспайтын  сома бойынша автокөлікті сатып  алуға берілетін қарыздар (Қазақстанның өңірлеріне байланысты) келесі жағдайларда табысты растаусыз беріледі:

  • кепілге жылжымайтын мүлік берген кезде кепілдік қамсыздандырудың нарықтық құнының 50 %-ынан артық емес;
  • кепілге автокөлік берген кезде кепілдік қамсыздандырудың нарықтық құнының 50%-ынан артық емес (2 250 000 теңгеге немесе 15 000 АҚШ долларына дейін);

клиенттің бастапқы жарнасы міндетті түрде  оның ағымдағы есепшотына, автосалонның есеп айырысу шотына салынады.

Қамсыздандыру

Сатып алынатын автокөлік және/немесе жылжымайтын мүлік

Мерзімінен  бұрын өтеу

без штрафных санкций

Қосымша талаптар

Несие клиенттің төлем жасау қабілеттілігін талдау негізінде және талдамай-ақ беріледі.

Қосымша ақпарат

Сақтандыру  тарифі

Айдап кетуден және зиян келтіруден сақтандыру – жылына автокөліктің нарықтық құнының 3%-ынан бастап

Өтінімді  қарастыру үшін

5000 теңге

Несиені ресімдеу үшін

Қарыз сомасының 1% (ең кемі 5 000 теңге)

Қамсыздандыруды бағалау

Бағалаушы компанияның тарифтері бойынша


ҚАА әдістемесі бойынша тиімді мөлшерлеме 20,4%-дан бастап. 

Қажетті құжаттар тізімі

Жеңілдіктер

  • Оң несие тарихи бар клиенттерге, «Капитал» ЖЗҚ салымшыларына (клиент кемінде соңғы 6 ай ішінде осы Қордың салымшысы болу керек), «Банк Центр Кредит» АҚ арқылы жалақы алатын клиенттерге жеңілдіктер қарастырылған.

Информация о работе Автокөлік несиесі