Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2014 в 21:24, курсовая работа
Экономиканың дамуы барысындағы әр түрлі пікірталасты мәселелерді шешу макроэкономика ғылымы арқылы жүзеге асырылып отыратыны белгілі. Экономиканың жедел дамуы, өндірілетін өнімнің өсуі, инфляция мен жұмыссыздық кезіндегі төлемнің балансы, айырбас курсы сияқты мәселелердің бәрі осы макроэкономика ғылымындағы зерттелетін жағдайлар. Ал осы экономикалық циклдерді басқару макроэкономикалық саясат – бюджет-салық, қазыналық, ақша-несие, монетарлық саясаттың жүргізілуімен іске асырылып, осы арқылы мемлекет ішкі және сыртқы макроэкономикалық тұрақтылықты орнатып, оны ұстап тұруға жұмыстанады.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1 ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.........................................................................................5
1.1. Ақша-несие саясатының экономикалық мәні және негізгі құралдары..............................................................................................................5
1.2. Ақша нарығындағы операциялар.............................................................11
2. ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ ЖҮРГІЗЕТІН САЯСАТТАРЫ МЕН ҚОЛДАНАТЫН ШАРАЛАРЫ.........................................15
2.1. Ұлттық банктің ақша- несие саясатының экономиканы реттеудегі маңызы мен құралдары ......................................................................................15
2.2 Ұлттық банктің инфляцияны реттейтін ақша- несие саясатының маңызы, қызмет ету механизмі және динамикасы..........................................23
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................35
ҚОСЫМША..............................................................................................................36
Резервтік талаптар. Ақша нарығындағы тепе-теңдiктi қамтамасыз етуде, банктерге берiлетiн несие көлемiн реттеуде және олардың мiндеттемелерi бойынша төлемсiздiктi төмендетуде, сол сияқты банктiң салым иелерi мен акционерлерiнiң мүдделерiн қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгi резервтiк талаптар механизмiн қолданады.
Резервтiк талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктердi жанама ақшалай-несиелiк реттеудiң негiзгi құралдарының бiрiне жатады. Қазақстан банк жүйесiнiң бүгiнгi даму жағдайында резервтiк коммерциялық банктердiң депозиттерiн сақтандыру қызметiн, екiншi жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликация үрдiсiн реттеу қызметтерiн атқарады.
Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгiзiлген “ҚР коммерциялық, кооперативтiк және жеке банктердiң қызметiн реттеу туралы” нұсқауға сәйкес, мiндеттi резерв нормативi 18-20% мөлшерiнде бекiтiлген болатын. Қазiргi уақытта ол төмендеп, 10,5%-ды құрайды. Банктер резервтерiнiң артық болуы яғни Ұлттық банктегi корреспонденттiк шоттардағы қаражаттардың өсуiне байланысты резервтiк талаптар шамасын төмендетiп қана қоймай, сол сияқты резервтеудiң баламалы тәртiбiне өтуге, яғни бұл банктердiң нормативтерiн орындау барысында корреспонденттiк шотттағы қаражаттар сомасын ең төменгi резервтер мөлшерiнен төмен болмауын сақтап отыруға тиiстiгiн бiлдiредi.
Ұлттық банк екiншi деңгейдегi банктер үшiн, олардың нормативтердi орындауына байланысты ең төменгi резервтiк талаптарды орындау барысында банктерге келесiдей екi тәсiлдi қолданады:
Орталық банк неғұрлым мiндеттi резервтердiң нормасын жоғары тағайындаған сайын, коммерциялық банктердiң операцияларды жүзеге асыруға пайдаланатын қаражаты аз болады. Резерв нормасының өсуi ( rr ) банк және ақша экспансия мультипликаторын( MS=1/rr*D) төмендетiп, ақша жиынының азаюына алып келедi.(rrÞRe¯Þнесие беру¯ÞM¯ және rr¯ÞReÞнесие беруÞМ). Сонымен Орталық банк мiндеттi резервтер нормасын өзгерте отырып , ақша ұсынысының динамикасына әсер етедi. [8,145б.]
2009 жылғы 1-тоқсанда болған ең төменгі резервтік талаптар нормативтерінің төмендеуі банктердің артық резервтердің елеулі көлемін қалыптастыруына əкелді. 2009 жылғы сəуір-маусымда орташа есеппен резервтік активтер резервтеудің қажетті көлемінен 3,6 есе асып түсті. [9, 6б.]
9 сурет – Ең төменгі резервтік талаптар нормативінің орындалуы [16]
Ашық нарығындағы операциялар – Ұлттық банктiң айналыстағы ақша жиынының көлемiн реттеу мақсатында екiншi реттегi нарықта мемлекеттiң бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операцияларын бiлдiредi.
Бұл бiршама ақша жиынын, коммерциялық банктердiң өтiмдiлiгi және несиелiк жұмыстарды реттеудiң ыңғайлы әдiстерiнiң бiрi болып табылады. Оның негiзгi мәнi ақша эмиссиясын тоқтату арқылы банктердiң несиенi эмиссиялауын шектеудi бiлдiредi.
Ұлттық банк рыноктағы бағалы қағаздарды сату арқылы оны сатып алушылардың резервтiк шоттарынан тиiстi соманы ұстап қалады. Сөйтiп, банктерге несие берудi және ақша шығаруды ынталандыру мақсатында Ұлттық банк бағалы қағаздарды сатып алады да, тиiстi соманы банктердiң резервтiк шотына қайта аударады.[8,135б.]
Орталық банк ақша нарығы операцияларын мұқтаждық пайда болуына немесе ақша-несие эмиссиясы көлемiнiң кеңеюiне байланысты жүйесiз жүргiзедi.Ұлттық банк бұл құралды пайдалана отырып, ақша массасын реттей алады:Егер ол МҚО сатып алсаÞReÞCuÞMBÞM. График түрінде көрсетсек: [8,147б.]
P LRAS
SRAS
В
P ------------●
А AD2
P1 ---- ●
AD1
Y1 Y* Y
10 сурет – Ынталандырушы саясат [8,147б.]
Ұлттық банк МҚО сатсаÞRe¯ÞCu¯ÞMB¯ÞM¯:
P LRAS
В SRAS
P1----------------●
А
P2---------● AD1
AD2
Y* Y1 Y
11 сурет – Тежеуші саясаты [8, 148б.]
2009 жылғы 2-тоқсанда банктердің тарапынан Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарына сұраныс өсті. Алайда Ұлттық Банк бұл сұранысты толық көлемде қанағаттандырған жоқ. Бұл Ұлттық Банктің қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды Қаржы министрлігінің қазынашылық міндеттемелеріне қайта бағыттау бойынша бастамасымен байланысты. Осыған қарамастан, Қаржы министрлігі Ұлттық Банктің бастамасын қолдаған жоқ, осыған байланысты Қаржы министрлігінің орта- жəне ұзақ мерзімді облигациялары басым болып қалды. Нəтижесінде, 2009 жылғы сəуір-маусымда қысқа мерзімді ноталар 2009 жылғы 1-тоқсанмен салыстырғанда 350 млрд. теңге сомаға 14,9%-ға көп шығарылды, бұл мемлекеттік бағалы қағаздардың осы түрлеріне нарыққа қатысушылардың жалпы сұранысының 25,5%-ын құрады. Ноталар 28 күн айналу мерзімдерімен шығарылды. Орналастырылатын ноталар бойынша орташа алынған кірістілік 2009 жылғы 1-тоқсандағы 6,06%-дан 2009 жылғы 2-тоқсанда 5,24%-ға дейін төмендеді. Осы көрсеткіштерді график түрінде көрсетсем: [9 ,7б.]
12 сурет –Қысқа мерзімді ноталарды орналастыру көлемі және олар бойынша кірістілік [16]
2009 жылғы маусымның аяғында айналыстағы қысқа мерзімді ноталардың көлемі 145,0 млрд. теңгені құрады, бұл 2009 жылғы наурыздың аяғындағы көлемнен 24,2% -ға аз жəне 2008 жылғы маусымының аяғындағы көлемнен 55,1% аз болды, яғни диаграмма түрінде көрсетсек: [10,5б.]
13 сурет – Айналыстағы қысқа мерзімді ноталар [16]
Ұлттық банк – коммерциялық банктердi және басқа да қаржылық – несиелiк мекемелердi несиелеу қызметiн атқарады. Шетелде Орталық банктердi “сонғы сатыдағы несие берушi” деп атайды.Бұған байланысты ҰБ қаржылай тұрақты, бірақ уақытша қиындықтарға тап болған коммерциялық банктерге несие береді. Кейбір кезде федералды резервтік жүйе(ФРЖ) ұзақ мерзімді несиелеуді ерекше жағдайларда да жүзеге асырады. Мысалы, ұсақ банктердің ақша құралдарындағы маусымдық қажеттіліктеріне байланысты несиелер береді, сонымен қатар қаржы жағдайы күрделеніп кеткен, әрі өз теңдік балансын ретке келтіруді қажет ететін банктерге берілетін несиелер. Несие бере тұра, ФРЖ коммерциялық банктің резервтерін ұлғайтады және оны ұстап тұру үшін міндетті резервтер керек емес, яғни несие банктің артық резервтерін және оның несие беру қабілеттілігін арттырады. Егер ФРЖ есептік қойылымды төмендетсе, онда банктер ФРЖ-ден қарыз алу арқылы қосымша резервтерді құруға ынталанады. Бұл жағдайда ақша массасы ұлғаюы мүмкін. Керісінше, есептік қойылымның өсуі ақша-несиелік кәсіпорын басқарушыларының ақша ұсынысын шектеуге әкеледі. Бірақ ашық нарықтағы операциялар есептік қойылым саясатынан әлдеқайда тиімдірек болып келеді. [8, 378-379б.]
Инфляциялық таргеттеу
тұсындағы ақша-несие
Айналыстағы ақша массасына ықпал ету мақсатында ҚҰБ айналысқа өзінің қысқа мерзімді ноталарын шығарады. Қысқа мерзімді ноталарда орналастыру ҚҰБ-мен қысқа мерзімді ноталармен операциялар жасау туралы келісімшарт жасаған және нақты ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқық беретін бағалы қағаздар нарығында, брокерлік және дилерлік қызметті жүргізуге арналған лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының қатысушылары арқылы жүзеге асырылады. ҚҰБ-нің қысқа мерзімді ноталарын орналастыру әдістері 14 суретте берілген. [11,11-12б.]
14 сурет –ҚҰБ-нің қысқа мерзімді ноталарын орналастыру әдісі
Түсініктеме: [11, 11-12б.] мәліметтер бойынша автор құрастырған.
Ақша-несие саясаты салық-бюджет және сыртқы экономикалық саясатпен ылғи да байланыста болады. Егер де Ұлттық банк тұрақты айналым курсын ұстап тұруды көздесе, онда дербес, тәуелсiз iшкi ақша саясаты болуы мүмкiн емес, өйткенi айнымалы курсты ұстау мақсатындағы әрекеттер, валюталық резервтердiң көбеюi және азаюы экономикадағы ақша жиынының өзгеруiне әкеледi. ( Мысалы, валюта сатып алғанда экономикадағы ақша ұсынысы өседi ). Салық-бюджет және ақша саясаттарын бiр-бiрiне сәйкес келтiру белгiлi қиындықтарды тудырады. Егер мемлекет экономиканы мемлекеттiк шығындарды көбейту арқылы ынталандырса, онда мұндай iс-әрекеттердiң нәтижесi ақша саясатымен байланысты болады.[8, 352-353б.]
2.2 Ұлттық банктің инфляцияны
реттейтін ақша-несие
Неғұрлым экономикада инфляция деңгейiнiң анықталмағаны байқалса, соғұрлым кәсiпкерлердiң инвестиция тартуға және салуға ынтасы төмендейдi.Сондықтан мемлекет және елдiң қаржы секторы инфляцияға қарсы саясаттар жүргiзiп отырады. Елiмiз инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдану үстiнде. Инфляцияға қарсы саясаттар елiмiзде тiкелей және жанама реттеулер негiзiнде жүзеге асып отыр. Инфляцияны тiкелей реттеу табыстар саясаты шеңберiнде жүзеге асады. Ол елдегi жалақы мен бағалардың өсу нысаналарын белгiлеу негiзiнде көрiнiс тауып отыр. [12, 2-4б.]
Инфляция бойынша болжамдардың дәл болуын арттыруға, ақша- несие саясаты саласында қолданылатын шаралардың инфляцияға ықпалын бағалауға мүмкіндік беретін ақша-несие саясатының трансмиссиялық механизмінің үлгісі 15 суретте берілген. [8,249б.]
15 сурет – Трансмиссиялық механизмнің үлгісі [8, 249 б.]
Елiмiздегi iске асып отырған инфляцияны
реттеудiң жанама әдiстерiне монетарлық
және фискалдық саясаттың “
Ақырғы кезде инфляцияны төмендетудегі негізгі мақсат біртіндеп инфляциялық таргеттеу принципіне өту, яғни ақша базасы мен алтын-валюта резервтері бойынша мақсатты көрсеткіштерден инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге көшу. Осы аталған ақша-несие саясаты Ұлттық банктің инфляцияны төмендету мақсатындағы саясатына толық жауап береді және сонымен қатар жүргізілетін ақша-несие саясатына деген рыноктың қатысушыларының үлкен сенімін қамтамасыз етеді.
Осы аталған инфляцияны таргеттеудегі ақша-несие саясаты қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру, бағалы қағаздар нарығының толық және сенімді түрде дамуына, экономиканың нақты секторын банктердің несиелеуін әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік береді. [12, 60б.]
2009 жылғы 2-тоқсанда еңбек
нарығындағы жағдай